М.Қабанбай “Бауыр” әңгімесі

Тақырып бойынша 31 материал табылды

М.Қабанбай “Бауыр” әңгімесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Пәні: қазақ әдебиеті

Күні:

Сыныбы:


Сабақ тақырыбы :

М.Қабанбай «Бауыр» әңгімесі. Үміт

Оқу мақсаты:

        1. Халықаралық Андерсен атындағы сыйлықтың иегері болған жазушы Марат Қабанбаевтың қазақ көсемсөзін жаңа бір кезеңге көтерген дарынды қаламгер екенін білу.

        1. Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау.

5.1.4.1. Әңгімеден үзінділер мәнереп оқу.

Сабақ мақсаты




Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Шығарманың мазмұнымен толық танысады;


Оқушылардың көпшілігі орындай алады: білу, түсіну тапсырмаларын толық орындай алады.


Кейбір оқушылар орындай алады: Шығарманың сюжеттік дамуын ретімен орналастырады.


Жетістік критерийлері

Марат Қабанбаевтың қазақ көсемсөзін жаңа бір кезеңге көтерген дарынды қаламгер екенін біледі. Шығармаларын танып-біледі. Әңгіменің мазмұны мен идеясын анықтады. Соғыс зардабынан жапа шеккен жетімдер тағдыры туралы біледі. Қали мен Манаптың тағдырлары арқылы мейірімділік пен ізгілікті ұғынады.

Тілдік құзіреттілік

Түсіндірме сөздікпен және орысша қазақша сөздікпен жұмыс

Пәнаралық байланыстар

Тарих, қазақ тілі, орыс тілі

Бастапқы білім


Сабақ барысы

Сабақтың

кезеңдері

Оқыту

формасы


Әдіс –тәсілдер

Сабақта жоспарланған іс -әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы Ұйымдастыру

Ұжымдық


Оқушылармен амандасу, оларды түгелдеу, сынып тазалығын қадағалау.


Үй тапсырмасы




Үйге «Менің атым - ....» әркім өз есімін жазу арқылы өздері жайлы қызықты әңгіме жазып келу тапсырылған болатын. Ең үздік жазылған шығарманы анықтау.

Қ.Б. Барлық әңгіме жазып келген оқушыларға 3 секундтық қошемет көрсету (қол соғу арқылы) ал ең үздік әңгіменің иесіне 10 секунд бойы қошемет көрсету.




Жаңа сабақ







Топтық















Ұжымдық

Эпиграф







Ассоциа-ция































Кесте толтыру



Мәнерлеп оқу

Сөздікпен жұмыс

Эпиграф:

Аманыңда елжіреп, мақтайтын да ағайын,

Алыстамай айналып, жақтайтын да ағайын.

Ауырыңды жеңіл қып, жоқтайтын да ағайын,

Еркелетіп бетіңнен, қақпайтын да ағайын. М.Ж.Көпеев.


1Shape4 Shape5 Shape3 Shape2 Shape1 -қатар: «Бауыр» сөзіне түсінік жазу



2-қатар: «Балалар үйі» деген сөзді естігенде ойларыңа не түседі?

3-қатар: Аға мен іні жайлы қандай мақалдар білесіңдер?

-Балалар, бүгінгі сабағымызда біз жоғарыда аталған ұғымдармен тереңірек таныстын боламыз.(Тақырып пен сабақ мақсаттын хабарлау).

Марат Қабанбай (1948 жылдың 22 наурызыЗайсан ауданыШығыс Қазақстан облысы - 2000 жылдың 26 сәуіріАлматы қаласы) - балалар жазушысы, публисцист.

ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген (1975). 1966—1968 жылдары аудандық «Достық» газетінде корректор, әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, 1987—1994 жылдары шығармашылық жұмыста, 1995 — 1997 жылдары «Ана тілі» газеті редакторының орынбасары, 1999 жылдан өмірінің соңына дейін «Солдат» газетінің бас редакторы болды.

Шығармаларының дені балалар мен жасөспірімдерге арналған. Негізгі тақырыбы: заман келбеті, жастардың өмір-тіршілігі; идеясы: адамды сүю. «Бақбақ басы толған күн» (1975), «Арыстан, мен, виоленчель және қасапхана» (1977), «Жиһанкез Тити» (1982), «Пысық болдым, мінеки» (1983), «Қала мен қыз бала» (1984), «Қазақ, қайда барасың?» (1995), «Сурет салғым келмейді» (1995) атты повестер мен әңгімелер топтамалары, «Көркем дәм» (1977), «Айшылық алыс жол» (1987) романдары жарық көрді. Шығармалары орыс тілінде «Арыстан, я, виоленчель» (1980, М., ), «Вот он я — бывалый» (1986, М.,), «Горький вкус» (1989), «Эхо» (1991) деген атпен басылып шықты. Жекелеген туындылары украин, молдован, латын, неміс тілдеріне аударылған.

1) Білу тапсырмасы: кесте толтыру (Оқушылар автордың шығармашылығы жалы оқыған мәліметтерін еске түсіре отырып кесте толтырады).

Әңгімелері

Повестері

Романы

Түсірілген фильм








2) Мәнерлеп оқу. Оқушыларға кезек пен кезек мәнерлеп оқыту арқылы шығарма мазмұнын ұындыру.

3) Сөздікпен жұмыс жүргізу.

Жасамыс – көпті көрген, ересек, бұйымтай – біреудің қалауы, сұрамақшы нәрсесі, дипломат – портфель орнына қолға ұстайтын төртбұрышты қол-сандықша, шер тарқату – мұңын шағу, бағзы – баяғы, Икар – Ежелгі грек аңыздарындағы кейіпкер, кібіртіктеу – баяу, сылбыр, қанбазар – жексенбі күнгі қызған базар, мысқал – шамалы, болар-болмас.



Қолдану











Жұптық

Кестемен жұмыс

2-тапсырма

Шығарманың сюжеттік дамуын ретімен қойып, жұбыңызға әңгімелеңіз.

Сюжет

Реті

Қалидың көп мақтанышынан кейінгі уақытты сұрап, жаттығуға асығуы


Аға тәрбиеші Эльжбетта Сергеевнаға берілген тапсырма


Қалидың асығып кетуі, Манаптың қаяу күйде «Волгаға» отырып, вокзалға аттануы


Манаптың Омбыдағы балалар үйіне келіп, інісін іздеуі, директормен жолығуы


Манап пен Қалидың арасындағы тосырқаулық, Қалидың ағасымен тіл табыса алмауы.




Дескриптор

  • Шығарманың сюжеттік дамуын ретімен анықтайды;

  • Мазмұнын жұбына әңгімелейді.





Сабақты бекіту


Ұжымдық

Сұрақ-жауап



  • Сонымен, балалар, бүгінгі танысқан әңгімемізде көтерілген тақырып не екен?Шығармада қандай өзекті мәселе көтерілген?

  • Автор қандай идеяны көздеді деп ойлайсыздар?

Оқушылар берген жауапты толықтырып өту: Тақырыбы - белгілі бір дәуірдегі қоғамдық шындық, автор ойының қазығы, шығарманың іргетасы. Бұл әңгіменің басты тақырыбы соғыс зардабынан жапа шеккен жетімдер тағдыры туралы.

Жанр түрі - әңгіме – көлемі шағын, әдемі дүние, оқушысын тез тапқыш, өткір икемді, шұғыл үн қосқыш жанр.

Идеясы - бұл тақырып арқылы шындық өмір көріністерін суреттегенде, оны өз көзқарасы өз дүниетанымы тұрғысынан бейнелейді. Өз мақсат - мүддесін, арманын білдіреді. Бұл шығармада жетім балалар тағдырына деген аяушылық сезімді оятады.



Үй тапсырмасы

Жекелей

Мәнерлеп оқу

Әңгімені толық оқып, жоспар жазу.



Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілетті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз ?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгерту деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Топтық баға және жеке оқушыны бағалау. Стикер түстері арқылы топты бағалау (жасыл- керемет жұмыс жасаған топ; сары- орта, қызыл – әлі шыңдалу қажет), ескертпе стикерлер, «Екі жұлдыз бір тілек».

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да ,оқу туралы да ойланыңыз) ?

1


2


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алды (оқыту туралы да ,оқу туралы да ойланыңыз)?

1


2


Тексерілді: ________________________________________



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.00.2024
314
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі