Материалдар / MS Excel электрондық кестесі туралы жалпы түсінік

MS Excel электрондық кестесі туралы жалпы түсінік

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың тақырыбы: MS Excel электрондық кестесі туралы жалпы түсінік Сабақтың мақсаты: білімділік: электрондық кестенің негізгі түсініктерімен, құрылымымен, Excel терезесімен, кітап парақтарының құрамымен (қатар, бағана, ұяшық) танысу. Оқушының ойлауын дамытуға, пәнді оқып үйренуге қажетті білім, білік және іскерлік дағдыларын меңгеруді бекітуге бағыттау.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Желтоқсан 2018
1227
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Күні:

20.11.2017, III пара

Пән оқытушысы:

Кошерова А.Е.

Пәні

Информатика

Мамандығы:

0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»

Біліктілігі:

010101 3 «Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі»

Курсы, тобы:

I курс, МДБ – 11 тобы



Сабақтың тақырыбы: MS Excel электрондық кестесі туралы жалпы түсінік

Сабақтың мақсаты:

білімділік: электрондық кестенің негізгі түсініктерімен, құрылымымен, Excel терезесімен, кітап парақтарының құрамымен (қатар, бағана, ұяшық) танысу.

Оқушының ойлауын дамытуға, пәнді оқып үйренуге қажетті білім, білік және іскерлік дағдыларын меңгеруді бекітуге бағыттау.

дамытушылық: оқушылардың логикалық ойлауын, салыстыра отырып, ажырату дағдыларын дамыту, ақпараттық дүниетанымын кеңейту.

тәрбиелік: оқушыларды шапшаңдыққа, өз ойын айта білуге, ұжымдық ауызбіршілікке баулып, дүниетаным шеңберін кеңейту. Оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру, шағын топта жұмыс істеуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың технологиясы: оқытудың компьютерлік технологиясы

Сабақта қолданылатын әдіс – тәсілдер: миға шабуыл, графикалық диктант

Пәнаралық байланыс: математика, ағылшын тілі, физика.

Сабақтың көрнекілігі: өрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, эл оқулық

Сабақтың жабдықталуы:

1. Мультимедиалық проектор.

2. Электрондық оқулықтар.

3. Тапсырмалар жазылған слайдтар.

4. Тәжірбиелік жұмыс 


Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру

Студенттерді түгелдеп, сыртқы көрінісіне, сабаққа дайындығына назар аударады.

2.Үй тапсырмасын сұрау

Миға шабуыл

Сабақтың барысына тоқталып, студенттердің үй тапсырмасы «Word мәтіндік редакторы» тақырыбы бойынша алған білімдерін тексеру кезеңіне қысқаша тоқталады.

Үй тапсырмасы деңгейлік тапсырма сұрақтары арқылы таңдаламыз. Әр студент таңдаған ұяшықтың астындағы сұраққа жауап береді.

Егер жауап толық болмаса, онда кез-келген студент оны толықтырады.

Сұрақ:1. Microsoft Word дегеніміз не? (мәтіндерді енгізуге, түзетуге, пішімдеуге және басып шығаруғамүмкіндік беретін мәтіндік процессор)

Сұрақ:2. Microsoft Word мәтіндік редакторын іске қосу жолы ? (Бастау-Бағдарламалар-Microsoft Office-Microsoft Word)

Сұрақ:3.Microsoft Word мәтіндік редакторын терезесінің негізгі элементтерін атаңыз?(Тақырып жолағы, мәзір жолағы, стандартты құралдар үстелі,пішімдеу құралдар үстелі, сызғыш, тапсырмалар аймағы, айналдыру жолақтары, күй жолағы)

Сұрақ:4. Стандартты құралдар үстелі қандай әмірлерді қамтиды?(Жаңа, Сақтау, Ашу, Басып шығару, Көшіру, Қою)

Сұрақ: 5.Пернетақтада қай пернелер тіркесімен жаңа құжат жасаймыз? (Ctrl+N)

Сұрақ:6. Қаріп сұхбат терезесінпернетақтада қай пернелер тіркесімен басуға болады? (Ctrl+D)


Үй тапсырмасын қорытындылау.

3.Жаңа сабақ түсіндіру.

Excel бағдарламасының терезесі

Excel бағдарламасы іске қосылғаннан кейін экранның көрінісі 1- суреттегідей болады:

1-сурет. Excel бағдарламасының терезесі

EXCEL – кестелік процессор. КЕСТЕЛІК ПРОЦЕССОР- бұл электронды кестелердіқұру үшін және кестелік мәліметтерді автоматты өңдеуге арналған қолданбалы программа.

MS Excel құжаты Жұмыс кітабы деп аталады. Жұмыс кітабы әрқайсысы бір электрондық кестеден тұратын Жұмыс беттерінен тұрады (255-кедейін жұмыс беттері болуы мүмкін).  Әрбір жұмыс бетінің атауы бар, ол бет жарлығында орналасады. Бет жарлықтарына тышқанмен түрту арқылы олардың бірінен – біріне көшуге болады. Беттің атауын өзгерту үшін жарлығына екі рет қатарынан түртіп, жаңа атау теру керек. Жұмысбеті жолдар мен бағандардан тұрады (256 бағанға, 1048576 жолға дейін болуы мүмкін), жолдар реттік сандармен, бағандар латынның бас әріптерімен нөмірленеді.

Ұяшық және оның адресі. 

Баған мен жолдың қиылысуынд орналасқан элементті ұяшық деп атайды, ұяшық – мәліметтерді кестеде сақтаудың ең кіші элементі. Әрбір ұяшық өзі қиылысуында орналасқан бағанмен жол атауларынан тұратын адресімен анықталады, мысалы– А1, DЕ234, F9. Әрбір мезетте белгілі бірұяшық активті болып табылады, ол қоюқоршауменерекшеленеді.

Ұяшықтар диапазондары. 

Диапазон – іргелес ұяшықтардаорналасқан, формулалардаоларғабіртұтасэлементсияқтықатынасатынмәліметтертобы. Жолдағынемесебағандағыдиапазондарғаолардыңалғашқыжәнесоңғыадрестерінкөрсетуарқылықатынасады, мысалы: А1:А15, А1:G1.

Тік төртбұрышты диапазонға жоғарғы сол төбемен төменгі оң төбенің адрестерін көрсету арқылы қатынайды, мысалы А1:С15.

Кестеге мәліметтер енгізу. Кестеге мәліметтердің әртүрлі түрлерін (мәтін, сан, дата, формула, функция, т.б)  енгізуге болады. Ол үшін қажетті ұяшықты активтендіріп не тікелей пернетақтадан ұяшыққа теру арқылы, не формула жолын активтендіріп теруге болады. Мәліметтерді енгізуді жеңілдету және жылдамдату үшін

-  бар мәліметтерді көшірмелеу арқылы;

-  автотолтыру (автотолтырумаркеріарқылы);

-  прогрессиялытолтыруды

қолданады.

Толтыру маркері- бұл белгіленген диапазонның бұрышындағы кішкентай қара квадрат. Тышқанның курсоры толтыру маркеріне түскен кезде қара крест түріне ие болады:Автотолтыру маркері – белгіл

Енген ұяшықтың оң жақ төменгі бұрышында орналасқан қара квадрат.

Автотолтыру– бұл мәліметтерді тезірек енгізуге көмектесетін функция. Маркерді жылжытқанда ұяшықтарда тек көшіру ғана жүргізілмейді. Мысалы: кез келген ұяшыққа 1, ал көрші ұяшыққа(оң жағына) 2 санын енгізіп, екі ұяшықты қатар белгілеп жол бойымен тартатын болсақ 1,2,3,4......қатары пайда болады.

  

Тәжірбиелік жұмыс:   тапсырма № 1.

Місrosoft excel  кестелік процессорында «менің сабақ кестем » атты кесте құру оны толтыру. Автотолтыру функциясын қолдана отырып.

 

Топтың апталық сабақ кестесі

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма

Сенбі

  1.    1    

 

 

 

 

 

 

  1.    2  

 

 

 

 

 

 

  1.    3

 

 

 

 

 

 

  1.    4

 

 

 

 

 

 

  1.    5

 

 

 

 

 

 

 

Ms excel-де есептеулер жүргізу. 

Есептеулер формулалар және функциялар аппараттарын қолданады. Формула – сандық тұрақтылар, ұяшықтарға сілтемелер, функциялардың математикалық операциялары арқылы байланысқан өрнектері. 

Формуланы құру (=) теңдік белгісін енгізуден басталады. Формуланы құру кезінде қиындықтар кездессе, онда функция шеберін қолдануғаболады.

Мұнда автоқосындылау  командасы да бар. Берілген  бағаналар немесе жол ұяшықтарын ерекшелеп (кезкелгенұяшық диапазонын) «автоқосындылау» батырмасын басу қажет.

 

Тәжірбиелік жұмыс:

Тапсырма № 2. Электрондық кесте Ms Excel - де есептеулер жүргізу. Автосумма функциясын қолдана отырып. Берілгені: апта күндеріне байланысты циркте барлық сатылған билеттер санын есептеп шығару.

 

Апта күндері

І қатардан сатылған орындар саны

 

ІІ қатардан сатылған орындар саны

 

ІІІ қатардан сатылған орындар саны

 

Барлық сатлыған орындар саны

Дүйсенбі

26

34

58

?

Сәрсенбі

33

48

67

?

Сейсенбі

96

76

83

?

Бейсенбі

38

99

64

?

Жұма

75

62

16

?

Сенбі

97

85

36

?

Барлығы:

?

?

?

?

Тапсырма № 2.1.

Берілгені:дүкендегі тауарлардың құнын есептеп шығару. MS EXCEL бағдарламасынын қолдана отырып.

 

Тауар атаулары

Бағасы

 

Саны

 

Құны

Қалам

55

365

?

Дәптер

25

782

?

Сызғыш

20

649

?

Карандаш

95

342

?

Өшіргіш

45

156

?

Күнделік

350

565

?

Барлығы:

?

?

?

 4.Электрондық оқулықпен жұмыс.

5.Сабақты қорытындылау:

6.Графикалық диктант

1.Қатарлар мен бағандарда реттелген ақпараттар ...

2.Көлденең біріккен ұяшықтар...

3.Тігінен біріккен ұяшықтар...

4.Ұяшықтарында деректер жазылған қарапайым кестенің компьютерлік түрі...

5. “А” бағанасымен “5” жолының қиылысуындағы ұяшықтар...

7.Венн диаграммасы

Оқушының біреуі Word мәтіндік редакторы мен Excel электрондық кестесінің ұқсастықтарын, екіншісі айырмашылықтарын табады.

Сабақ соңында оқытушы оқушылардың білімін бағалайды.

8.Бекіту сұрақтары:

1. MS Excel деген не?

2. Excel бағдарламасы қандай қызмет атқарады?

3. Excel электрондық кестесінің негізгі түсініктері қандай?

4. Excel бағдарламасын қалай іске қосуға болады?

5. Excel терезесінің негізгі элементтерін сипаттаңыз?

6. Электрондық кестедегі кітап деген не?

7. Стандартты және Пішімдеу құралдар үстелінің айырмашылықтары қандай?

8. Өрнек жолағының атқаратын қызметі қандай?

11.Оқушыларды бағалау.

12.Үйге тапсырма: Excel- де мәліметтермен жұмыс жасау. Ұяшықты адрестеудің түрлері.

Байжұманов М.Қ, Жапсарбаева Л.Қ. Информатика

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!