Материалдар / М.Шаханов лирикалары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

М.Шаханов лирикалары

Материал туралы қысқаша түсінік
Шукккууккккккккккррррммиотимииьлтиммтлиммтьлоимммтьлдллоооиииииитьььттимпаполдтрпаккпооллгнеитошшгрролщщшгппрро
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Мамыр 2022
336
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мұхтар Шаханов лирикалары

 Өлең - қасиетті де киелі сөз.Осы бір ауыз сөздің астарында қаншама – мағына жатыр десеңізші. Толғақты ой, терең тебіреніспен дүрия дүниенің төрт құбылысынан сыр тартып, тұтас бір дәуір бейнесін ашып қана қоймай таңғажайып келешектің тамашасын болжай алса, онан асқан керемет қане. Ал осының алтын кілті іспетті ақындықтың жүгі де ауыр. Оны белі қабыспай биікке тік көтеру тарықпас талабы бар тума талантқа ғана тән. Сол ғана халық аңсаған арманның, халық ойы мен халық қиялының барометрі бола алады. Сол ғана өз қоғамның өз дәстүрінің айнасы болуға лайық. Жер жүзіндегі сан алуан құбылыстарды сұлу сөзбен өрнектейтін, жырында сәби күлкісіндей сыңғыр бұлақтың назы бар, жүзінде ана мейіріміндей арайлы таңның ажары айшықтана көрінген поэзияның құдіреттілігі де, міне осы. Егер данышпан сыншы Белинскийдің сөзімен айтсақ ... Бүкіл әлем, гүл, бояулар, дыбыстар, бар жаратылыс, барлық өмір –поэзия дүниесі, осы құбылыстардағы құпия қуат, оларға тіршілік, ойнақы өмір беретін сырлар поэзияның тетігі мен жаны. Поэзия - әлемдік өмірдің қан тамырының соғуы, сол өмірдің қаны мен оты, жарығы мен оты.

Шетсіз де шексіз далада ашық аспан, тыңдаушысы толағай таулар мен жазира жайлау болған қазақ халқы әуелден-ақ өлең мен өнерді еншілеп өскені мәлім. Небәрі төкпе шайырлар мен суырып салма сұңғыла ақындар өнер құдіреті мен тамсантып өткен өз халқын. Апта емес, айлап толғаса да бітпейтін көркем шежірелер көмейден күмбірлетіп, тілден төгіліп жатқанда шалқар сахараның әр бұтасы мен түбірінің өз тылсымынан шым-шым ырғақ тартып, сыр шертпес пе еді ! Шөп үстінде жіпси жүйткіп, бауыры жазыла түскен бәйге атындай арқалы ақындай алқалы топта жыр маржанын төккенде бойында қаны қызып, қырандай шаңқ етіп сілкінбес дала перзенті болар ма еді ! Сол ақын халық, батыр халық болған елдің бүгінгі жас түлек ұрпағы бабалардың қасиетті өнерін қастерлеп, дәстүрінен нәр алып, оны уақыт елегімен елеп-екшеп, барған сайын жанғырта, құлпырта түсуде. Бұл шынайы шындық.

Халық өзінің өсуі жолында бұрынғы көркем мұраны біліп, игеруі арқылы жинақтаған өнерпаздық тәжірбиенің нәтежесінде творчествалық дәстүр қалыптасады. Дәстүр өнердің өсіп-өркендеуінің негізінде дамып жетіледі. Өйткені, өнердің көзі халықтың даналығы мен рухани  күш-қуатында жатыр. Ал жаңалық дейтініміз, сол дәстүрдің заңды дамуы нәтежесінде пайда болған жемісі.

Лирика жанрының сыр-сипаты, табиғаты жайында ойласақ, бұл жанрдың жанары сөніп көрген емес. Ол атам заманнан бері ынтықтығымен ынтықтырып келеді. Тым ары кетпей Аристотель заманынан бергіні қарап өтсек те, лирика әдебиеттің үш саласының бірі саналатынын білеміз. Содан бері лирика туралы айтылып келеді, бірақ әлі де айтуға болады.

Адамзат өзінің даму тарихында қандай сатылардан, қандай қоғамдық тарихи дәуірлерді бастан кешсе, солардың ынғайымен лирика да өзгеріп, үрленіп, жаңарып отырған.

Қалыптасқан ұғым бойынша, лирикада автордың дүниеге көзқарасы, қатысы, оның сезімін, ойын, көңіл-күйін, ынта-ықыласын суреттеу, бейнелеу арқылы көрсетеді. Бірақ кез келген түйсік пен әсер лирикалық шығарма тудыра алмайды.

Қай жанр болмасын-адамның мінез-құлқын, күйініш-сүйінішін суреттеп қана қоймайды, сол арқылы сол кездің шындығын суреттейтінін көреміз. Лирика-ақынның бір сәтте жалт еткен нұрлы ойы, жарқ етіп тұтас көрінген ішкі сырлы дүниесі. Мұхтар творчествосын бір жанр тұрғысында сыйғызып талдау, қаламгердің өзіндік қолтаңбасын айқындай алмайды. Оның ойлы лирикалық туындылары, шағын балладалары мен поэмалары кімді де болсын елеңдетпей қойған емес.

Дегенмен, жоба корғау жұмысымызда ақынның лирикалық өлендерін талқылап, талдау негізінде Мухтар ақындығының кейбір мәселелерін пайымдап, аздап болсын жүйелі ой айтуға талпындық.

Алдымен ақын жайлы жазылған ғылыми зерттеулер мен мақалаларға назар аударайық.

Мұхтар Шаханов жайлы пікірлер алғаш рет республикалық газет-журналдарда жарық көрді.″Жұлдыз″журналының 1974 жылғы №9 санында Д.Стамбековтың ″Жыр иірімі″ атты мақаласы шықты. Сыншы ақынның лирика жанрындағы жетістіктерімен бірге алғашқы өлеңдерінде кездескен кейбір кемшіліктеріне тоқталған. Мысалы: ″Жанды мұнға жібітіп″ ,″Вокзал мен вокзал арасында жүріп, алыстан адам күтуі″ және т.б. сөз тіркестері.

Е.Шаймерденов 1978 жылғы ″Ленин туы″ газетіндегі ″Адамгершілік тақырыбындағы өлендер″мақаласында М.Шахановтың осы мазмұндас өлеңдеріне шолу жасады. Ақынның тақырып таңдау қасиеті баса көрсетілді. 1983 жылы ″Қазақ әдебиеті газетінде К.Ахметованың мезгіл қоңыраулары″атты ауқымды мақаласы жарық көрді. Ақын Мұхтарға  жасанды қысым мен шарттылықтан, ерекшеліктен, жайдақтықтан, ауызекі әңгімеге лайық қара байырлықтан сақтану керектігін ескертеді.

Енді көлемді зерттеулерге тоқталайық. 1984 жылы  жалын баспасынан ″Сөзстанның″  бесінші кітабы оқырман қауымның қолына тиді. Жинаққа Ә.Нұршайықовтың ″Жол іздеймін әлі ешкім бастамаған″...деген мақаласы енген. Автор М.Шаханов жайлы білгісі келетін көп оқырманның бірі – Айгүлге жауап ретінде оқушыларды ақынның өмірбаяны және творчестволық өсу жолымен таныстырады. Мақалада қызғылықты жазылған өмірбаяндық деректермен қоса, кей өлеңдерінің шығу тарихы да баяндалған.

С. Сейітовтың “Өлең өлкесінде” деген кітабында да Мұхтар өлеңдеріне аз да болса мәнді шолулар жасалған. Сыншы-ғылым “осындай алуан-алуан жақсы ақындар көбейсін” деп ой қорытады.

Жалын” баспасынан 1984 жылы жарық көрген ғалым-сыншы Б.Кәрібаеваның “Талап деңгейі” атты әдеби сын мақалалар жинағында М.Шахановтың лирикалық өлендеріне бірқыдыру талдау жасалып, ақын шығармаларындағы дәстүр мен жаңашылдық мәселелері сөз болды.

Ақын жайлы пікір таусылмайды. Қорыта айтсақ, зерттеушілеріміз ақын талантына қуана қол соғып, болашағынан үлкен үміт күтеді.

Лирика жанрын өркендетуде М.Шаханов тыңғылықты еңбек сіңіріп жүр. Халық өмірінің терең шындығын айқын да әдемі бейнелеген талай-талай туындылары қалың жұртшылықтың рухани серігі болуымен қатар, ұлттық әдебиетіміздің алтын қорын үздіксіз молайтып отырады.

Лирика жанрын өркендетуде М.Шаханов тыңғылықты еңбек сіңіріп жүр. Халық өмірінің терең шындығын айқын да әдемі бейнелеген талай-талай туындылары қалың жұртшылықтың рухани серігі болуымен қатар, ұлттық әдебиетіміздің атын қорын үздіксіз молайтып отырады.

М.Шаханов лирика жанрының барлық түріне қалам тартып жүрген ақын. Гетенің: “Өзіне дейінгі айтылғанды айтылмағандай етіп қайталау” дегені сияқты, Мұхтардың да таңдағаны бұрыннан мәлім – махаббат, табиғат, адамгершілік, азаматтық мораль тақырыптары бола тұра, ақын аталған тақырыптарға жаңа мазмұн, тың өрнек енгізген.

         Ақын өлеңдерін оқып отырғанда ол көптеген тақырыпты аттап өтіп, өмірдің бүгінгі күнін келесі күнмен жалғау мүмкін еместей көрінеді. Сөз барысында сыншы С.Әшімбаевтың: “М.Шаханов поэзиясында адамгершілік, мораль мәселесі орынды қойылып жүр” – деген пікірін айта кеткен жөн болар. Осы тақырыптағы “Шапағат”, “Тоқшылық” атты туындылары совет адамына лайықты адамгершілікті меңзейді. Махаббат лирикалары абстракт ұғымнан емес, оқиғадан өрбиді. “Ғашықтық ғаламаты” өлеңі осы пікірдің дәлелі.

         Ақын өлеңдерінің бір қасиеті – көңіл күй, табиғат деп аталатын лирика түрлерінің жанды образбен жымдасып кетуі.

 


Ғ. Мұратбаев атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебі


6 сынып оқушысы Байраш Гүлназ


Сынып жетекшісі: Кадирова Гулбану



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!