Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
MSExcel бағдарламасы әдістемелік нұсқаулық
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
3
МАЗМҰНЫ
Кіріспе.........................................................................................................................4
1. Microsoft Excel шығу тарихы...............................................................................5
2. Excel терезесіне шолу...........................................................................................6
3. Кестенің құрылымы..............................................................................................7
4. Мәліметтерді енгізу...............................................................................................8
5. Кестені біртекті мәліметтермен қалай автоматты түрде толтыру керек.........9
6. Ұяшықтарды форматтау.....................................................................................10
7. Формулалар мен қарапайым есептеулерді пайдалану.....................................12
8. Автоқосынды.......................................................................................................14
9. Мәліметтерді сұрыптау.......................................................................................15
10. Диаграммаларды құру.........................................................................................15
11. MS Excel кестесін мәліметтер базасы ретінде пайдалану. Мәліметтерді
сүзгіден ӛткізу. Автосүзгі...................................................................................18
12. Тест сұрақтары.....................................................................................................21
13. Әдебиеттер және оқу құралдардың тізбесі.......................................................27
4
КІРІСПЕ
Ӛткен ғасырдың екінші жартысында информатика ғылымының пайда
болуына себепкер болған бірқатар маңызды оқиғалар: тұңғыш цифрлық ЭЕМ
құрастыру, Н.Винер, К.Шеннон, фон Нейман іргелі еңбектерінің жарық кӛруі
орын алды.
«Кибернетика» термині, кейіннен кӛп ұзамай компьютерлер мен
телекоммуникациялық жүйелер кӛмегімен ақпаратты ӛңдеу, сақтау және
жеткізу үрдістерін зерттейтін ғылыми және оқу пәнін атау үшін Америка
Құрама Штаттары, Канада және тағы басқа елдерде кең тараған ағылшын
тіліндегі «Computer Science» (компьютер ғылымы) термині, ғылыми
қолданысқа енді.
Бұл әдістемелік нұсқауда қолданбалы және жүйелі программалық
жасақтаманың жіктелуі мен суреттемесі берілген.
Сандық ақпаратпен жұмыс жасау технологиясының іргелі түсініктері
кӛрсетіліп, MS Excel қолданбалы программалар интерфейсінің негізгі
құрастырушы бӛлімдеріне сипаттама берілген. Тақрыптың соңында тестілік
бақылау сұрақтары қамтылған.
Мақсады: Microsoft Excel электрондық кесте қандай бағдарлама, оны іске қосу
жолдары мен терезесі туралы игерту және құралдар арқылы кесте құру мен
сақтауға дағдыландыру.
Әдістемелік нұсқауда 10 теориялық және практикалық жұмыс берілген.
5
5
1. Microsoft Excel шығу тарихы
Microsoft Еxcel -1979 жылы екі экономист студент Дэн Бриклин және Боб
Френкстон үй тапсырмасын тез орындауға кӛмектесетін және уақытты
үнемдейтін әдіс ойлап табуды шешті. олар тарихта бірінші рет электронды
кесте бағдарламасын жазып, оны Visible Calculator сӛзінен қысқартылған
VisiCalc (Кӛрсеткіш калькулятор) деп атады. сондықтан барлық электрондық
кестелер бағдарламасы, оның ішінде Excel программасы Дэн мен Бобтың
арқасында жүзеге асты. IBM және Macintosh компьютерлерінде жұмыс істейтін,
ең озық үлгілерді ала отырып, бүгінгі заман талабына сай
жасалған, электрондық кесте құрастыратын қолданбалы программа. MS Excel -
сандық кестелермен жұмыс істеуге арналған Microsoft Office –тің құрамына
кіретін программа. MS Excel-дегі ыңғайлцы аспаптардың кӛмегімен алынған
сандық мәндерді талдауға, сонымен қатар олардың нәтижесін кесте түрінде
беруге болады. Есептеу кезінде 400-ден аса математикалық, статистикалық,
қаржылық және басқа да арнаулы функцияларды, әр түрлі кестелердің ӛзара
байланыстарын қарастыруға болады.
MS Excel-дің қосылуы бірнеше әдістермен жүзеге асады. Excel-дің
объектілерімен ӛңделген xls кеңейтілуі түрінде берілген файл оның құжаты
болып табылады.
6
Excel терезесіне шолу
Microsoft Excel – электрондық кестелерді, диаграммаларды, тізімдерді
және тіпті Web – беттерді дайындау үшін пайдаланылатын толық қызметтік
кестелік процессор. Excel-дің файлдары Кітаптар деп аталады. Кітаптар
жолдарв, бағандары, ұяшықтары бар Парақтардан тұрады.
Excel экранының терезесі суретте кӛрсетілген.
сурет. Excel қосымша бағдарламаларының терезесі.
Excel терезесінің негізгі элементтері:
Меню жолы – Excel командаларына қатынас құруға мүмкіндік береді.
Тақырып жолы – құжат атауы мен терезені басқару батырмаларын
қамтиды.
Стандарттық тақта – Excel командаларының кӛпшілігіне арналған
батырмаларды қамтиды.
Формула жолы - ағымдағы ұяшықтардың ішіндегі барын, оның
адресін немесе сілтемесін бейнелейді.
Форматтау тақтасы – форматтау комндаларына арналған
батырмаларды қамтиды.
Тапсырмалар аймағы – ағымдағы тапсырмалар тізімін қамтиды.
Жолдар тақырыбы – бұл әрбір жолдың сол жақ бӛлігінде орналасқан
нӛмірленген ентаңба.
Бағандар тақырыбы – бұл алфавит бойынша реттелген әріптік
ентаңбалар, олар әрбір бағанның үстінде орналасқан.
Қалып-күйлер жолы – құжаттың ақпаратын қамтиды.
Шиыру жолақтары - құжаттың әр түрлі бӛліктерін қарауға мүмкіндік
береді.
7
7
Кестенің құрылымы
Электрондық кестелерде ақпарат ұяшықтарға енгізіледі.
Excel-де құрылған файл жұмыс кітабы болып табылады. Әр файл 1 ден 255
дейін жұмыс парағы деп аталатын электрондык кестеден тұрады. Әр парақ 65
536 қатардан және 256 бағаннан тұрады. Қатарлар бүтін сандармен
нӛмірленеді,ал бағандар латын алфавитінің А,В,С,...,АА,ВВ әріптерімен
белгіленеді. Баған мен жолдың қиылысында ұяшық – деп аталатын кестенің
негізгі элементі орналасады. Курсор тұрған екпінді үяшыққа сандар мен мәтін
енгізуге болады. Ұяшықтың адресі немесе координатасы бағанның аты мен
қатардың нӛмірі арқылы анықталады. Мысалы: А1, С20.
Жұмыс беттерінің таңбаларына «Лист1», «Лист2», және т.с.меншіктелген. Сол
парақтарға ат қою дұрыс. Ол үшін мына әрекеттерді орындаймыз.
1. Қандай да бір парақтың таңбасында маустың оң жағын шертіңдер.
2. Переименовать командасын таңдағанда сонда ол қара түспен ерекшеленеді.
Жаңа ат енгізу қажет.
Бағанның енін және жолдың биіктігін ӛзгерту.
Кестенің ұяшығына мәтін енгізгенде кӛбінесе мәтін ұяшық шекарасына сыймай
қалады. Бағанның енін маустың кӛмегімен ӛзгертуге болады немесе Формат-
Строка (Столбец)-Ширина командасын таңдау керек.
Жұмыс кестесінің беті бойы бойынша орын ауыстыру. Кестенің жұмыс
беттерінің ауыстырылуы. Кесте бетінің таңбасының атын ӛзгерту. Бағанның
енін және жолдың биіктігін ӛзгерту.
Сонымен, ұяшық В6 баған В мен 6-жолдың қиылысы болады. Ағымдағы
ұяшықтың ішіндегі бары мен адресі Формула жолында бейнеленеді ( сурет).
сурет. Формалалар жолында ағымдағы ұяшықтардың бейнеленуі
8
Мәліметтерді енгізу
Чтобы ввести информацию в ячейку необходимо сделать эту ячейку
выделенной. Для этого указателем мыши щелкните в ней . Excel
поддерживает три основных формата данных: текстовый, числовой и
формульный.
сурет. Мәліметтердің негізгі форматтары
Ұяшықтың мәліметтерін жою үшін оны ерекшелеп, Delete пернесін басу.
Кестеге бағандар мен жолдарды үстемелеу немесе жою үшін:
1. Оларды ерекшелеу (тақырып бойынша мауыспен шерту);
2. маустық оң жақ батырмасын шертіп жанама менюді шақыру;
3. Керекті команданы таңдау.
Ағымдағы ұяшықтың мәліметтерін түрлендіру үшін келесі әрекеттердің
бірін орындау керек:
1. Орнда маустың сол жақ батырмасын екі рет шерту;
2. Формула жолында ұяшықтың мәліметтерін редакциялау;
3. F2 пернесін басу.
Егерде сендер аталған тәсілдердің бірде-бірін таңдамасаңдар, ұяшыққа
әлде не енгізген болсаңдар, онда оның бұрынғы мәліметтері жаңа ақпаратпен
автоматты түрде алмастырылады.
9
Кестені біртекті мәліметтермен қалай
автоматты түрде толтыру керек
Қатар – бұл логикалық тізбелер құратын ұяшықтардың тізбегі.
Автотолтыру қызметінің кӛмегімен Excel-де сандар, күндер, даталар,
тоқсандар тізімін дайындауға болады.
Тоқсандар, айлар,апталар, күндер тізімін енгізу үшін:
1. Ұяшыққа қатардың бірінші элементін енгізіңдер де Enter-ді басыңдар
немесе формула жолындағы енгізу батырмасы бойынша шертіңдер.
2. Маустың кӛрсеткішін басқарушы элементке орналастырыңдар да оны
сол жақ тӛменгі бұрышынан сүйреп тасыңдар.
Тізімге кіретін барлық ұяшықтар сұрғылт жақтаумен қоршалған болады,
ауқымның соңғы ұяшығында қалып қойған мән сары тікбұрышта кӛрсетілетін
болады (сурет).
3. Маустың батырмасын босатып, тізімді дайындауды аяқтаңдар (сурет).
Басқарушы элементті ерекшелеу Тізім дайындауды аяқтау
Прогрессия командасымен қатарды дайындау:
1. Ұяшыққа бірінші элементті енгізіңдер;
2. Біріншіні камти отырып, қатардың бӛлігі болатын барлық ұяшықты
ерекшелеңдер;
3. Түзету→Толтыру→Прогрессия
(Правка→Заполнить→Прогрессия) менюін таңдаңдар;
4. Пайда болған Прогрессия сұқбаттық терезесінде (сурет)
Автотолтыруды таңдаңдар;
5. ОК-ді шертіп, қатарды дайындауды аяқтаңдар.
10
сурет. Прогрессия сұқбаттық терезесі
Ұяшықтарды форматтау
Ұяшықтарды форматтау – бұл олардың сыртқы безендірілуі, сонымен
қатар олардың ішіндегі бар мәліметтердің форматын түзету. Ұяшықтарды
форматтау үшін:
1. Керекті ұяшықты ерекшелеу;
2. Форматтау аспаптар тақтасының батырмаларын пайдалану немесе
Формат→Ұяшықтар (Формат → Ячейки) менюі командасын іске
қосу.
Екінші тәсілді қарастыралық. Бұл тәсіл келесі қазыналарды қамтитын
Ұяшықтар форматы (Формат ячеек) сұқбаттық терезесін шақырады:
1. Сан – ұяшықтардың мәліметтер форматын ӛзгертуге мүмкіндік береді
(сурет)
сурет. Сандар қазынасы
11
2. Туралау – ұяшықтағы мәліметтер қалай тураланатынын тағайындайды
(сурет)
сурет. Теңестіру қазынасы
3. Қаріп – қаріп параметрін тағайындайды (сурет)
сурет. Қаріп қазынасы
4. Шекара – ұяшықтар шекарасының параметрін тағайындайды (сурет)
сурет. Шекара қазынасы
15
12
5. Түр – ұяшықтарға құюды тағайынлайды (сурет)
сурет. Түр қазынасы
6. Қорғаныс-ұяшықтардың қорғанысын тағайындайды
сурет. Қорғаныс қазынасы
Формулалар мен қарапайым есептеулерді пайдалану
Формула – бұл кестеде есептеулер ӛткізілетін арифметикалық немесе
логикалық ӛрнек. Формулалар ұяшықтарға сілтемелерден, амалдар белгілерінен
және функциялардан тұрады
Excel пайдаланушы ұяшыққа енгізетін формулалар негізінде есептеулерді
орындайды. Формуланы енгізу аяқталғанда, ол ӛзі емес, формула бойынша
есептеу нәтижесі бейнеленеді. Барлық формулалалар «=» таңбасынан
басталады.
Ӛрнекті Excel-де есептеу кезінде опреаторлар келесі ретпен орындалады:
1. Жақшалардағы ӛрнектер
2. Терістеу (мысалы:-2)
3. Пайызды есептеу (% таңдасы)
4. Дәрежелеу (^ таңбасы, мысалы 3^2=9 )
5. Кӛбейту (* таңбасы) немесе бӛлу (/ таңбасы) (мысаыл: 10*2/5 = 4)
6. Қосу (+ таңбасы ) немесе азайту (- таңбасы)
13
Формулаларды пернетақтадан енгізу:
1. Формуланы енгізуге керекті ұяшықты белсенді етіңдер
2. «=» таңбасын қойыңдар да формуланы енгізіңдер (мысалы:
=В5*С5) (9.1 сурет). Енгізу шамасы бойынша ол екі жерде пайда болады:
ағымдағы ұяшықта және формулалар жолында
3. Мәліметтерді енгізгеннен кейін Enter-ді немесе формулалар
жолындағы Ввод батырмасын басыңдар
сурет. Формуланы енгізу
Маус кӛмегімен формуланы енгізу:
1. Формуланы енгізуге керекті ұяшықты белсенді етіңдер
2. «=» таңбасын қойыңдар
3. Ұяшыққа сілтемені енгізу үшін сол жіберілуге керек болатын ұяшық
бойынша шертіңдер. Ал тұрақтыны немесе операторды (+, -, *, / және
б.) енгізі үшін оларды пернетақтадан аласыңдар.
4. Формулалар жолына формула пайда болғанша қадам 3-ті қайталаңдар.
5. Мәліметтерді енгізгеннен кейін Enter-ді немесе формулалар
жолындағы Ввод батырмасын басыңдар
14
Автоқосынды
Қатар тұрған ұяшықтардың қосындысын есептеу үшін Автоқосынды
(Автосумма) командасын пайдалануға болады. Ол үшін керек:
1. Қосындысы табылатын ұяшықтарды ерекшелеу
2. Стандарттық тақтада Автоқосынды батырмасы бойынша
шертіңдер
3. Нәтиже осы қатарда немесе бағанда жақын бос ұяшықта жазылады
Автоқосынды батырмасы тек ұяшықтардың қосындысын есептеуге
ғана емес, сондай-ақ олардың арасындағы арифметикалық, ең кіші және ең
үлкен мәндерді және т.б. табуға мүмкіндік береді (сурет).
Автоқосынды командасы
Басқа операцияларды таңдау үшін:
1. Операция жүргізуге болатын барлық ұяшықты ерекшелеу
2. Стандарттық тақтада Автоқосынды батырмасының
таңбашасына шертіңдер
3. Керекті операцияны таңдаңдар
4. Нәтиже жақын арадағы бос ұяшыққа жазылады
15
Мәліметтерді сұрыптау
Excel-де мәліметтерді сұрыптаудың екі түрі бар: өсу бойынша сұрыптау
және кему бойынша сұрыптау. Тек сандық мәндерді ғана емес, алфавит
бойынша символдық және хронологиялық ретпен даталарды да сұрыптауға
болады.
Мәліметтерді сұрыптау үшін келесі әрекеттерді орындаңдар:
1. Мәліметтерін сұрыптауға керек болатын ұяшықтарды ерекшелеңдер
2. Егерде сұрыптау ӛсу бойынша жүргізілсе, онда Стандарттық тақтада
батырмасы бойынша, ал егерде кему бойынша жүргізілсе, онда
Стандарттық тақтада батырмасы бойынша шертіңдер
Диаграмманы құру
Диаграмма – бұл мәліметтердің графикалық түрде ұсынылуы.
Диаграмманы парақтарға кірістіруге немесе жеке параққа орналастыруға
болады.
Диаграмманы дайындау үшін Диаграмма шебері (Мастер диаграмм)
пайдаланылады. Пайдаланушы диаграмма шебе рінің әрбір қадамында
диаграмма қалай кӛрініс табатынын кӛреді. Кез келген кезеңде кері қайтуға
немесе таңдалған әрекеттерді ӛзгертуге болады. Процестің аяқталуы бойынша
экранда диаграмма пайда болады. Оның түрін кӛптеген батырмалардың және
форматтау командаларының кӛмегімен ӛзгертуге болады.
Диаграмма шеберін пайдалану:
1. Диаграммаға қажетті мәліметтерді ерекшелеңдар
2. Кірістіру→Диаграмма ( Вставка→Диаграмма) менюін
таңдайсыңдар немесе Стандарттық тақтадағы Диаграмма шебері
батырмасы бойынша шертіңдер.
3. Шебердің бірінші қадамында диаграмма типі мен оның түрін
таңдайсыңдар (сурет). Одан әрі-ні (Далее) шертесіңдер.
16
сурет. Диаграмма шебері – 1 қадам
4. Екінші қадамда мәліметтер кӛзінің ауқымын ӛзгертуге болады. (сурет)
сурет. Мәліметтер кӛзі
5. Мәліметтер жұмысының үшінші қадамында диаграмма параметрлерін
баптауға болады. (сурет)
сурет. Диаграмма параметрлерін баптау
17
6. Тӛртінші соңғы қадамда диаграмманы орналастыру орнын
таңдайсыңдар (сурет) да Дайын-ды (Готово) шертесіңдер (сурет)
сурет. Диаграмманы орналастару
сурет. Дайын диаграмманың мысалы
Диаграмма параметрлерін ӛзгерту үшін 9.7 сурет бейнеленген
Диаграммалар (Диаграммы) аспаптар тақтасы пайдаланылады.
18
MS Excel кестесін мәліметтер базасы ретінде пайдалану. Мәліметтерді
сүзгіден ӛткізу. Автосүзгі.
Microsoft Excel дегі мәліметтер базасы
Мәліметтер базасы – қолданбалы программаға тәуелсіз, белгілі бір ережелер
бойынша ұйымдастырылған мәліметтерді сақтау, сипаттау, олармен әр түрлі
әрекеттер жасау принциптері қарастырылған мәліметтер жинағы.
Мысалы, мәліметтер базасына кітапхана каталогін немесе қызметкерлері
жайында жинақталған кез келген мекеменің кадрлар бӛлімінде жатқан
бумаларды, оқушылардың журналын келтіруге болады.
Мәліметтерді реттеу кез келген кестенің негізгі амалы болып
табылады. EXCEL-де кез келген ӛзгерту және толықтырудан кейін қажет
болған жағдайда мәліметтерді реттеу әрекеті қарастырылған. EXCEL-де бір
немесе бірнеше ӛрістерді реттеуге болады. Мәліметтер базасындағы жазуларды
EXCEL –дің дұрыс реттестіруі үшін қай ӛрісте жаңа жазу болатынын кӛрсету
қажет. (Мұндай ӛрістерді реттеу кілті деп атайды).
Мәліметтерді реттеу кез келген кестенің негізгі амалы болып табылады.
EXCEL-де кез келген ӛзгерту және толықтырудан кейін қажет болған жағдайда
мәліметтерді реттеу әрекеті қарастырылған. EXCEL-де бір немесе бірнеше
ӛрістерді реттеуге болады. Мәліметтер базасындағы жазуларды EXCEL –дің
дұрыс реттестіруі үшін қай ӛрісте жаңа жазу болатынын кӛрсету қажет.
(Мұндай ӛрістерді ретеу кілті деп атайды).
Мәліметтерді реттеу үшін:
кестенің бір ұяшығын белгілеу;
Мәліметтер – Реттеу (Данные-Сортировка) командасын орындау;
Пайда болған диалогтік терезеде реттеудің шамаларын таңдау керек.
Реттеуі бойынша (Сортировать по) ӛрісінің тізімінен, мәліметтері реттелінетін
ӛріс және реттеудің типі таңдалынады:
По возрастанию – сандар ӛсуі бойынша, ал мәтін алфавит бойынша реттеледі;
По убыванию – кері реттеледі;
Затем по ӛрісінің тізімінде мәліметтері реттелетін және бірдей мәндері бар ӛріс
таңдалынады;
Қосымша реттеу Реттеу параметрі (Параметры сортировки) батырмасында
тышқанды шерту арқылы қойылады;
Регистрді ескеру (Учитывать регистр) жалаушасы бас әріп және кіші әріптерді
реттеу кезінде қолданылады.
19
Мәліметтерді сүзу
Кез келген мәліметтер базасымен негізгі жұмыс істеу дегеніміз – белгілі бір
ақпараттарды іздеу болып табылады. Мәліметтер базасы ұлғайған сайын іздеу
қиындайды. Excel осындай қиындықты мәліметтерді сүзу арқылы қарапайым
түрге келтіреді.
Сүзу (Фильтрация) – мәліметтерді тез тауып, олармен және тізім бойынша
жұмыс істеу әдісі.
Тізімді сүзе отырып, таңдау шарттарын қанағаттандыратын жолдарды ғана
белгілеуге болады.
Microsoft Excel-де сүзудің екі түрі бар: автосүзгі және кеңейтілген сүзгі.
Сүзудің қарапайым шарттары үшін кӛп жағдайда автосүзгі жабдықтары
жеткілікті болады.
Тізімді автосүзгі кӛмегімен сүзу. Тізімді автосүзгі кӛмегімен сүзу үшін:
сүзу тізіміндегі ұяшықты белгілеңіз;
мәліметтер менюіндегі Сүзгі (Фильтр) бӛлімін таңдап, Автосүзгі
(автофильтр) бұйрығын орындаңыз.
сүзуді қажет ететін мәліметтері бар қатардың батырмасын басыңыз;
20
қажет мәнді таңдаңыз: (Барлығы. Алғашқы 10...)
Тізімді екі немесе одан да кӛп мазмұн бойынша сүзу үшін Шарт (Условие...)
жолын таңдаңыз.
Автосүзгіні баптау. Тӛменде келтірілген әдісте тізімнің бір немесе екі шартқа
байланысты сүзуі орындалады. Автосүзгіні қолдану үшін тізім қатарының
тақырыбы болу шарт.
Бірінші шартты орындау үшін салыстыру операторын немесе салыстыру
мазмұнын таңдау қажет.
Екінші шартты орындау үшін ауыстырғышты «ЖӘНЕ» немесе «НЕМЕСЕ»
қалпына қойып, салыстыру операторы және салыстыру мазмұны таңдалады.
Автоӛшіру үшін Мәліметтер (Данные) менюінен Сүзгі–Автосүзгі (Фильтр-
Автофильтр) командасын таңдау керек. Сол кезде сүзу тоқтатылып, тізім
суретке дейінгі қалпына келеді.
Мәліметтерді реттеу үшін: кестенің бір ұяшығын белгілеу;
Мәліметтер – Реттеу (Данные-Сортировка) командасын орындау;
Пайда болған диалогтік терезеде реттеудің шамаларын таңдау керек.
Реттеуі бойынша (Сортировать по) ӛрісінің тізімінен, мәліметтері реттелінетін
ӛріс және реттеудің типі таңдалынады:
По возрастанию – сандар ӛсуі бойынша, ал мәтін алфавит бойынша реттеледі;
21
Тест сұрақтары
1. Microsoft Excel – бұл …
a) кесте түріндегі мәліметтерді ӛңдеуге арналған қолданбалы бағдарлама
b) кодтық кестені ӛңдеуге арналған қолданбалы бағдарлама
c) кесте түріндегі мәліметтерді ӛңдеу процесінде компьютердің қор кӛздерін
басқаратын оның құрылғысы
d) компьютердің қор кӛздерін басқаратын жүйелік бағдарлама
2. Электрондық кесте ... болып табылады.
a) нӛмірленген жолдар мен латын әліпбиі әріптерімен аталған бағандар
жиынтығы
b) латын әліпбиі әріптерімен аталған жолдар мен нӛмірленген бағандар
жиынтығы
c) нӛмірленген жолдар мен бағандар жиынтығы
d) пайдаланушы ӛз еркімен атау берген жолдар мен бағандар жиынтығы
3. Excel бағдарламасын қандай әмірлер кӛмегімен іске қосуға болады?
a) Бастау – Бағдарламалар – Microsoft Office – Microsoft Office Excel
b) Бастау – Бағдарламалар – Windows каталогы
c) Бастау – Бағдарламалар – Стандартты
d) Бағдарламалар – Microsoft Office – Microsoft Excel
4. Excel бағдарламасындағы ӛңдеу нысаны қалай аталады?
a) кітап
b) парақ
c) кесте
d) мәтін
5. Excel бағдарламасында жаңа кітап жасау үшін не істеу керек?
a) Файл мәзіріндегі Жаңа әмірін орындау
b) Құралдар үстелінде Қайтару батырмасын басу
c) Файл мәзіріндегі Ашу әмірін орындау
d) Құралдар үстелінде Ашу батырмасын басу
6. Excel бағдарламасы файлының кеңйтімі қандай болады?
A) .xls
b) .doc
c) .txt
d) .ppt
22
7. Excel бағдарламасындағы кестенің ең кіші элементі ... болып табылады.
a) ұяшық
b) ӛрнек
c) кітап
d) дұрыс жауабы жоқ
8. Excel бағдарламасындағы жұмыс парағы ұяшығының мекен жайы
неден құралатынын кӛрсетіңіз.
a) баған атауынан және жол нӛмірінен
b) баған атауынан
c) баған нӛмірінен
d) жол нӛмірінен
9. Excel бағдарламасы кестесіндегі белсенді ұяшық – бұл ... ұяшық.
a) әмірді жазуға арналған ұяшық
b) енгізу әмірі орындалатын ұяшықтың атауын қамтитын ӛрнегі бар
ұяшық
c) тәуелді ұяшық мәліметтеріне сілтеме бар ӛрнек
d) бӛлектелген ұяшық
10. Excel бағдарламасында іргелес емес ұяшықтарды қалай бӛлектеуге
болады?
a) бірінші ұяшықты шертіп, <Ctrl> пернесін басып тұрып, басқа
ұяшықтарды шерту арқылы
b) бірінші ұяшықты шертіп, <Shift> пернесін басып тұрып, басқа
ұяшықтарды шерту арқылы
c) бірінші ұяшықты шертіп, <Alt> пернесін басып тұрып, басқа
ұяшықтарды шерту арқылы
d) Өңдеу – Өту – Бөлектеу әрекеттерін орындау арқылы
11. Excel бағдарламасы кестесіндегі ұяшықтар ауқымын қалай бӛлектеуге
болады?
a) бірінші ұяшықты шертіп, <Shift> пернесін басып тұрып, басқа
ұяшықтарды шерту арқылы
b) бірінші ұяшықты шертіп, <Ctrl> пернесін басып тұрып, басқа
ұяшықтарды шерту арқылы
c) бірінші ұяшықты шертіп, <Alt> пернесін басып тұрып, басқа
ұяшықтарды шерту арқылы
d) Өңдеу – Өту – Бөлектеу әрекеттерін орындау арқылы
23
12. Excel бағдарламасында ұяшыққа мәліметтерді енгізу аяқталған кездегі
дұрыс әрекетті атап кӛрсетіңіз.
a) <Enter> пернесін басу
b) ӛрнектер үстелінің Болдырмау батырмасын шерту
c) <End> пернесін басу
d) <Space> пернесін басу
13. Microsoft Excel-де қай жетелік перненің кӛмегімен белсенді ұяшыққа
мәліметтерді енгізуге және оларды ӛңдеуге болады?
a) F2
b) F5
c) F7
d) F4
14. Excel бағдарламасында ұяшықтағы мәліметтерді қалай жоюға болады?
a) ұяшықты бӛлектеу және <Del>-ді басу арқылы
b) ұяшықты бӛлектеу және <Ctrl>+ <Del>-ді басу арқылы
c) ұяшықты бӛлектеу, тінтуірдің сол жақ батырмасын басу, пайда болған
сұхбат терезесінде Мазмұнды аластау әмірін таңдау арқылы
d) ұяшықты бӛлектеу және Көрініс – Кәдімгі әмірін орындау арқылы
15. Excel бағдарламасындағы кестеге ұяшықты қандай әмірлер кӛмегімен
үстеуге болады?
а) Пішім – Ұяшықтар...
b) Кірістіру – Үстеу – Ұяшықтар...
с) Кірістіру – Парақ
d) Кірістіру – Ұяшықтар...
16. Excel бағдарламасындағы ұяшыққа ақпаратты енгізбестен бұрын ...
қажет.
а) ұяшықты белсенді ету
b) жаңа ұяшықты әзірлеу
с) тінтуірдің оң жақ батырмасын шертіп, мәтінмәндік мәзірді шақыру
d) <Del> пернесін басу
17. Excel бағдарламасындағы жұмыс парағында жолдар атауы ...
белгіленеді.
a) еркін түрде пайдаланушы тарапынан
b) орыс әліпбиі әріптерімен
c) латын әліпбиі әріптерімен
d) сандармен нӛмірленіп
24
18. Excel бағдарламасындағы жұмыс парағында бағандар атауы ...
белгіленеді.
a) еркін түрде пайдаланушы тарапынан
b) орыс әліпбиі әріптерімен
c) латын әліпбиі әріптерімен
d) сандармен нӛмірленіп
19. Егер Excel бағдарламасындағы жолдың нӛмірінде шертсек, онда ...
a) жол бӛлектенеді
b) жолдың мәліметтері кӛрінеді
c) ӛрнекті енгізу күтіледі
d) жаңа жол кірістіріледі
20. Excel бағдарламасы кестесі деректерінің қайсысы негізгі деп аталады?
a) басқа ұяшықтар бойынша анықтауға болмайтын деректер*
b) басқа ұяшықтар бойынша анықтауға болатын деректер
с) туынды деректер
d) электрондық кестенің барлық деректері
21. Excel бағдарламасы кестесі деректерінің қайсысы туынды деп
аталады?
a) басқа ұяшықтар бойынша анықтауға болмайтын деректер
b) басқа ұяшықтар бойынша анықтауға болатын деректер
с) негізгі деректер
d) электрондық кестенің барлық деректері туынды болып табылады
22. Excel бағдарламасының жұмыс парағындағы бағанның дұрыс
белгіленуі ...
a) AB
b) A12
c) 21
d) FAS
23. Excel бағдарламасының жұмыс парағындағы жолдың дұрыс белгіленуі
...
a) A1
b) 18
c) 21A
d) DD
35
25
24. Excel бағдарламасындағы ұяшықтың дұрыс мекен жайын кӛрсетіңіз.
a) B1
b) "A10000
c) #A10
d) И99
25. Excel бағдарламасындағы кесте ауқымы – бұл ...
a) кестеде тікбұрыш пішімді аймақты құрайтын торлар жиынтығы
b) бір жолдың ұяшықтарының бәрі
c) бір бағанның барлық ұяшықтары
d) мүмкін болатын кӛптеген мәндер
26. Excel бағдарламасындағы кесте ауқымдарының дұрыс белгіленуін атап
кӛрсетіңіз.
a) A:A2
b) 23:4DE
c) 1A
d) A1:B2
27. Excel бағдарламасындағы ұяшыққа қандай деректерді енгізуге болады?
a) сан
b) мәтін
c) ӛрнек
d) аталғандардың бәрін
28. Excel ұяшықтарына қандай пішімдеуді қолдануға болады?
a) кӛмкеру мен бояу
b) мәтінді туралау және қаріп пішімі
c) деректер типі, ені және биіктігі
d) нұсқалардың бәрі дұрыс
29. Жеке ұяшықтағы деректер пішімін ... үстелінің кӛмегімен ӛзгертуге
болады.
a) Пішімдеу *
b) Өрнектер жолы
c) Стандартты
d) Мәзір жолағы
26
30. Белгілі бір ауқымдағы ұяшықтарды ... әмірлерінің кӛмегімен
пішімдеуге болады.
a) Пішім – Ұяшықтар
b) Құралдар – Ұяшықтар
c) Кесте – Ұяшықтар
d) Кірістіру – Ұяшықтар
31. Ұяшықтың ені мен биіктігін ... әмірлерінің кӛмегімен ӛзгертуге
болады.
a) Пішім – Жол; Пішім – Баған
b) Құралдар – Жол; Құралдар – Баған
c) Кірістіру – Жол; Кірістіру – Баған
d) Өңдеу – Жол; Өңдеу – Баған
32. Excel бағдарламасындағы кестенің толтырылған ұяшығын екі рет
шерткенде қандай режим белсенді болады?
a) ұяшық мазмұнын ӛңдеу режимі
b) егер деректер Мәтін болса, деректерді енгізу режимі
c) ұяшық мазмұнын кӛшіру режимі
d) егер деректер Өрнек болса, деректерді енгізу режимі
33. Excel бағдарламасы біртекті деректер бірізділігін ӛздігінен жалғастыра
ала ма?
a) иә
b) жоқ
c) тек натурал сандар бірізділігін ғана
d) тек күндер бірізділігін ғана
34. Excel бағдарламасының кестесінд Ӛзтолтыру жетесінің кӛмегімен ...
болады.
a) сандар, күндер, тоқсандар және т.б. қатарын әзірлеуге
b) қарапайым есептеулерді ӛздігінен орындауға
c) күрделі есептеулерді ӛздігінен орындауға
d) ұяшық мазмұнына ӛзгерістер енгізуге
35. Excel бағдарламасы кестесін ӛздігінен біртекті деректермен толтыру
үшін қандай әмірлерді орындау қажет?
a) Өңдеу – Толтыру – Прогрессия
b) Кӛрініс – Толтыру – Прогрессия
c) Пішім – Толтыру – Прогрессия
d) Құралдар – Ӛзтолтыру
27
Әдебиеттер және оқу құралдардың тізбесі
Негізгі әдебиеттер:
1.Информатика бойынша 30 сабақ. Жалпы білім беретін мектептердің жоғары
сыныптарына арналған экспериментальды оқулық. Балапанов.Е.К. Бӛрібаев.Б.
ДаулетқұловА.Б. – Алматы: 1999- 443.
1. Дербес компьютерде жұмыс істеу. Екі бӛлімді оқу құралы. Инчин А.С.
Алматы 2002 ж.
3.Windows 98 операциялық жүйелер. Зертханалық практикум. Орта
мектептерде жоғары сыныптарға арналған оқу құралы. Microsoft Excel 97 –
Зертханалық практикум. Орта мектептерде жоғары сыныптарға арналған оқу
құралы. Балапанов Е.К. Борібаев Б. Даулетқұлов А.Б
4. Windows Word. Зертханалық жұмыс. Оқу құралы- Алматы,Білім 2000
Қосымша әдебиеттер:
1. Симинович В.Б идр . Информатика . Базовый курс/ -СПб:Пит2001-640с:ил.
2. Стив Джонсон; с англ. М.А. Голубева- М.Microsoft Office 2007 /:НТ
Пресс,2009
3. Алексеев А.П. Информатика2002 г.-ИздательствоСолон,2002
4. Соловьева Л.Ф. Информатика в видиосюжетах+СD. Издательство БХВ-
Петербург, 2002.
5. Праффенберген Б Эффективная работа с Microsoft internet Exlorer 4.0. Санк-
Петербург, 1998,416 с.
6. Симинович В.Б идр . Информатика . Базовый курс/ -СПб:Пит2001-640с:ил.
7. Стив Джонсон; с англ. М.А. Голубева- М.Microsoft Office 2007 /:НТ
Пресс,2009
8. Алексеев А.П. Информатика2002 г.-Издательство Солон,2002
9. Соловьева Л.Ф. Информатика в видиосюжетах+СD. Издательство БХВ-
Петербург, 2002
10. Праффенберген Б Эффективная работа с Microsoft internet Exlorer4.0. Санк-
Петербург, 1998,416 с.