Мұғалім шеберлігі-ізденіс нәтижесі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мұғалім шеберлігі-ізденіс нәтижесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі білім беру жүйесіндегі негізгі талап-оқу сапасын артыру және инновациялық технологияларды қолдана отырып, оқушыларды өздігінен шығармашылықпен жұмыс істеуге жеткізу. Сондықтан да мұғалімге қойылатын талап- инновациялық технологияларды меңгеру. Мұғалімнің шеберлігі туралы дайын қағида жоқ. Мұғалім өзінің мамандығын, мектебін, оқушыларын және өз пәнін сүйетін адам. Мұғалім білім беру процесінің негізі, жаны мен жүрегі. Сондықтан жаңа ғасыр ұстазы қандай болу керек деген сұрақ туады. Қазіргі заман мұғалімдері білімді, зерттеуші, ізденуші, шығармашылықпен жұмыс жасайтын жаңашыл және жаңа педагогикалық технологиялардың барлық түрлерін меңгерген білікті маман болуы керек.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мұғалім шеберлігі-ізденіс нәтижесі

Молыбаева Саягул Сагиновна

химия пәнінің мұғалімі, Ақтобе қаласы

Басқаларды оқыта жүріп біз өзіміз үйренеміз.
Сенека.

Қазіргі білім беру жүйесіндегі негізгі талап-оқу сапасын артыру және инновациялық технологияларды қолдана отырып, оқушыларды өздігінен шығармашылықпен жұмыс істеуге жеткізу. Сондықтан да мұғалімге қойылатын талап- инновациялық технологияларды меңгеру. Мұғалімнің шеберлігі туралы дайын қағида жоқ. Мұғалім өзінің мамандығын, мектебін, оқушыларын және өз пәнін сүйетін адам. Мұғалім білім беру процесінің негізі, жаны мен жүрегі. Сондықтан жаңа ғасыр ұстазы қандай болу керек деген сұрақ туады. Қазіргі заман мұғалімдері білімді, зерттеуші, ізденуші, шығармашылықпен жұмыс жасайтын жаңашыл және жаңа педагогикалық технологиялардың барлық түрлерін меңгерген білікті маман болуы керек.

Сабақты қызықты өткізу үшін бір технологиямен ғана емес, әртүрлі технология элементтерін қолдану керек. Кез-келген сабақта оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра отырып қызықты өткізу жолын және жаңаға көшу жұмысын іздену қазіргі заман ұстазы үшін негізгі міндет. Ұстаз ізденуші болса, оқушы үшін сабақты қызықты өткізеді. Сабақ мұғалімнің көп ізденуі мен еңбектенуі нәтижесінде туатын шығарма. Сабақ барысында түрлі қиындықтар мен жағдайларға төтеп беру арқылы сабақты түрлендіріп өткізу шебер ұстаздың ісі. Ұстаз болу-жүректіңбатырлығы, Ұстаз болу-сезімнің ақындығы, Ұстаз болу-мінездің күн шуағы, Азбайтұғын адамның алтындығы,-деп ақындар да жырға қосты. Ұстаздың еңбегінің қиын да, жауапты екендігін мойындаймыз.

Ұстаздың шеберлігі мен кәсіби жетілуі өзіндік білімін жетілдірусіз мүмкін емес. Ал іс-тәжірибеге келетін болсам, қазіргі кезде инновациялық технологияны тиімді пайдалануға мүмкіндік беріп отырған бұл Кембридж бағдарламасы. Біліктілікті арттыру курстарының нәтижесінде жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы мақсатты түрде күткен нәтижеге жетуге болатындығына және тиімділігіне көз жеткізілді. Ал соның ішіндегі сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, әртүрлі әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды көздейді. Бұл технологияны қолдануда логикалық ойлаудың жүйелілігі, оқушы ойындағысын жүйелеп, нақтылап жеткізуге тырысуы, басқа оқушылардың пікірін басқаша қырынан қарап қорытынды шығаруы, әрбір ситуациялық жағдайларды жан-жақты қарастыруға белсенділік танытуынан көрінді.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану нәтижесінде жеке тұлғаның қабілеттері жандана түседі. Әсіресе топпен жұмыстанғанда жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану барысында оқушылардың өздеріне деген сенімділігі мен жауапкершілігі артқандығына көзім жетті. Менің ойымша оқушының шығармашылық деңгейге ұмтылысы мұғалім арқылы емес, өзінің іс-әрекеті арқылы жетті. Инновациялық әдіс-тәсілдердің тиімділігі да осында. Осындай жаңашыл технологияны пайдалану шығармашылық тұлға қалыптастыруға алып келеді. Іздену мен білім жетілдіру арқылы құрылган сабақтардың бұрынғы дәстүрлі сабактардан арттықшылығы да байқалды. Осындай жаңа технология элементтерін қолданып құрылған сабақтар әртүрлі семинарлар мен конференция, баспа беттеріне жарияланып ұстаздар арасында іс-тәжірибелерім таратылды. Менің өз тәжірибемде білім жетілдіру курстары арқылы алған тәжірибемнің сабақ барысында қолдануы нәтижеге жету кепілі екенін толық айта аламын. Сондықтан біліктілігін жетілдіру курстары мен тәжірибе алмасудың да мұғалім шеберлігін арттыруға зор әсері бар. Орыс педагогы К.Д.Ушинский айтқандай, Әр мұғалім өз білімін жетілдіріп, инновациялық технологияларды қолданса, сабақ тартымды және тиімді болары сөзсіз.

ХХІ ғасыр білімділер заманында бәсекеге қабілетті, білімді ұрпақ тәрбиелеуде өз пәнін және педагогикалық технологияларды толық меңгерген, озық тәжірибелерді шығармашылықпен қолданған мұғалім ғана нәтижеге жетеді. Жаңа технологиялардың қай түрінің болса да нәтижелігі мен тиімділігі мұғалім шеберлігіне байланысты. Сондықтан мұғалім әрқашан ізденуін, оқуын тоқтатпау керек, тоқтатқанда оның мұғалімдігі де жойылады деген К.Д.Ушинский. Қорыта келе, ХХІ ғасырдың ұстазы жан-жақты дамыған және білімді, жаңашыл адам болу керек.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
09.02.2018
1405
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі