Материалдар / МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қаңтар 2021
378
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ


Қай елдің болсын өсіп өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім беру жүйесінің қалыптасуына, даму бағытына тікелей байланысты. Қазіргі кезде әр адамның болашағы оның алған білімінің сапасы мен көлеміне қарай сарапқа салынады. Мына бейбіт заманда, көзсіз ерліктің орнын білім басып отыр. Өмір ағымына тек білімі мен білігі жоғары адамдар ғана ілесе алады. Сондықтан біз сол мемлекеттік стандартқа сай, жан-жақты дамыған, шығармашыл, кәсіби құзыреттілігі дамыған бастауыш сынып мұғалімін қалыптастыруымыз керек. Оқыту мен оқу, үйрету мен үйрену үнемі бір-бірімен жұптасып отырады. Еліміздің әлемдік білім кеңістігіне енуге талпынысы, білім беру парадигмасының өзгеріп, жаңа ұлттық модельдің қалыптасуы болашақтың жаңаша ойлайтын, дүниеге көзқарас мәдениеті мен санасы дамыған ұрпағын оқытып, тәрбиелейтін педагогикалық кадрларды дайындаудың сапасын арттыруды талап етіп отыр.

Жаңартылған бағдарлама бойынша білім беру сапасын арттыруда жаңаша жолдар мен әдістер табуға дағдылану қажет. Білім беруді түрлендіруде, білім процесін реформалауда зерттеуші мұғалім мен көшбасшы мұғалім жаңа формация мұғалімі ретінде орталық тұлға болып табылады. Нәтижеге бағытталған білім беру жүйесіндегі педагогтің кәсіби құзыреттілігінің теориялық негізін айқындап алу үшін, терминнің дербес анықтамасына тоқталсақ. Психологиялық педагогикалық әдебиеттердегі ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда кәсіби шеберліктің қалыптасуы мен даму үдерісінде екі ұғым: құзыреттілік және құзырет ұғымдары пайдаланылып келеді. Біріншісі, С.Ожегов сөздігі бойынша, белгілі бір кәсіби қызметке байланысты, «қандай да болсын мәселеден хабардарлық, беделділік», ал екіншісі, қандай да бір істі жүргізетін жеке адамның, мекеменің мәселелерді шешуге, іс әрекет етуге, бір нәрсені істеуге құқықтылық шеңбері». Методикалық терминдер сөздігінде «Құзыреттілік қандай да бір оқу пәнін оқыту үдерісінде қалыптасатын білім, білік, дағдылар жиынтығы, сонымен қатар, қандай да бір қызметті орындай алу қабілеттілігі», – делінген. Мұғалім өз ісінің маманы болуымен қатар, оның бойында баланы жақсы көру, баланың көзқарасын мен пікірін сыйлау, тек өз пәнінің төңірегінде ғана қалып қоймай, қоғамда болып жатқан өзгерістерге құлағы түрік, көзі ашық, жан жақты талдау жасай білетін маман болуы шарт.Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының: «Бала оқытуды жақсы білейін деген адам әуелі балаларға үйрететін нәрселелерін өзі жақсы білуі керек» деген тұжырымында «Шығармашыл ұстаз шығармашыл шәкірт дайындайды» деген ой айқын аңғарылады. Мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін дамыту жолдары оқушының әр түрлі өмірлік жағдайларда мектепте алған білімін, білігі мен икем, дағдылары тиімді қолдана отырып, сәтімен шыға білуіне жағдай жасау, сабақ үрдісінде де, сабақтан тыс жүргізілетін жұмыстар арқылы да тиімді ұйымдастыра білу жауапкершілігін жүктейді. Мұғалім мақсаты бүгінгі заман талабы, білімді, білікті, өздігінен тығырықтан шығар жол таба білетін іскер адам тәрбиелеуді қажет етіп отырғандықтан, мектеп қабырғасында жеткіншектердің жеке тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасау. Ұстаз шәкіртіне материялдық жағдай жасамағанымен оның өміріне азық болар ең қымбат асыл қасиеттер адамзаттық құндылықтармен, біліммен қамтамасыз етіп қаруландырады. Алтын бесік - отбасы болса , алтын ұя - мектеп. Мұғалім - кәсіби дағды мен педагогикалық дарыны қалыптасқан, жаңалыққа құмар, рухани дүниесі бай, шығармашылықпен жұмыс істейтін жеке тұлға деп көрсетілген, яғни ол ізгілігі мол, әр іске жаңашылдықпен, үлкен ізденіспен зерттеуші ретінде қарайтын, ақпараттық технологияны толық меңгерген коммуникативті, бір сөзбен айтқанда толыққанды құзырлы адам. Білім өркениеттің алға басуымен сипатталатын болса,ал кәсіби құзыреттілік ол әр адамның, жеке тұлғаның шығармашылық деңгейімен анықталады. Көптеген зерттеушілер өркениеттің өзін әр адамдағы шығармашылықтың болуымен байланыстыруы осыдан. Өзіндік ойы бар, кез келген мәселені шешудің жолын таба білетін, заман талаптарына орай өзін саналы түрде өзгерте алатын шығармашыл адамдар қазіргі білімнің идеалы, мұраты. Мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін дамыту - үміттер мен күдіктер, жеңілістер мен жеңістер жолы. Осы жолдан өзіне сабақ алу, жетер биігін белгілей білу, өзінің жетістіктері мен кемшіліктерін талдай алу - мұғалімнің шығармашылығын дамытудағы стратегиялық бағыттары болып табылады.

Қорыта айтқанда, білім берудің жаңа мазмұны мен мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін дамыту жолдары маңызды мәселе. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идея мәнмәтініндегі оқу мен тәрбие идеяларын жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында педагогтердің кәсіби құзіреттілігін арттырып, тәжірибе бөліп, пікір алмасып отырғанымыз абзал!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!