Мұғалімнің білім жетілдіру
жұмыс жүйесін қалыптастыру
Қойбақова Гүлбағым
Нұрқабылқызы
Атырау
облысы
Махамбет
ауданы
Қ.Ахмедияров атындағы орта
мектеп
Бастауыш сынып
мұғалімі
Қазақстан Республикасы
тәуелсіз мемлекеттер қатарына қосылғаннан қоғамды ақпараттандырудан
туындаған өзгерістер оның барлық салаларымен қатар мұғалімдік
кәсіби қызметке де өз ықпалын тигізуде. Білім беру үдерісін бүгінгі
күн талабына сай жаңаша ұйымдастыру ғалымдардан оның философиялық
негіздерін, теориясы мен тәжірибесін терең зерттеуді, заманауи
білім беру технологиялары мен әдістерін, дүниетанымның ұстанымдарын
қайта қарастыруды, рухани- адамгершілік құндылықтарға бетбұрыс
жасауды талап етеді.
Демек, жаңаша білім
беру- жаңа білім мен дағдыны
меңгерген, шығармашылық қабілеті жоғары, дербес ізденіс нәтижесінде
елеулі мәселелердің шешіміне қол жеткізетін, ойлау қабілетімен
ерекшеленетін тұлғаны қалыптастыруды
көздейді.
Білім – адам сапасының өзгеруін
басқаратын үрдіс болғандықтан, ол педагогикалық мамандықтың кәсіби
біліктілік қабілеттерін дамытуға бағытталады. Бүгінгі күн
мұғалімнің біліктілігін арттыруды жалпы қоғамдық мәселе ретінде
қарастыру қажеттігі туған кезең. Себебі білімді тереңдету, молайту,
жетілдіру, арттыру қазіргі қоғамға қажет әрекет деп қабылдауымыз
керек.
Еліміздің бүгіні мен ертеңі
өскелең ұрпақ еншісінде. Ал осы ұрпақты бүгінгі таңда жан- жақты,
терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары, өз бетімен ізденуге
қабілетті етіп қалыптастырудың бірден – бір жолы – оқушыны
шығармашылыққа жетелеу. Бұл мұғалімнен терең біліктілікті қажет
етеді. Себебі шығармашыл ұстаз ғана шығармашыл тұлғаны қалыптастыра
алады. Бүгінгі мектептерге қоғамның қарқынды дамуына ілесе алатын,
заман талабына сай ойлайтын, ғылыми- әдістемелік білімі жеткілікті,
педагогика мен психологияны терең меңгерген ізденімпаз мұғалім
қажет. Бұл мұғалімнің кәсіби шеберлігінен көрінеді. Басқаша
айтқанда, білім беру үдерісі мұғалімнің дайындық деңгейі мен
мамандық сапасына үлкен талап қояды. Ол мұғалімнің өзін- өзі
дамуына, өзіндік білім алуына және өздігінен шығармашылық түрде
қызметтерін іске асыруға мүмкіндік береді.
Мұғалім – бүгінгі
оқушы – ертеңгі қоғамның, елдің
тірегін өмірге дайындаушы. Мұғалім мамандығының құндылығы да осында
деп түсінгеніміз дұрыс. Мұғалімнің кәсіби біліктілігі оның іс –
әрекетінің тиімді болуының теориялық және әдіснамалық негізі болып
табылады. Мұғалімнің кәсіби білігі оның практикалық қызметінде іске
асырылады, сондықтан ол, оның жалпы педагогикалық, әдістемелік
біліктілігімен, дағдысымен тығыз
байланысты.
Біліктілікті арттыру курстары
арқылы мұғалімдерді оқытуда оқытушы жетекшілік, бағыт берушілік,
ұйымдастырушылық, түзетушілік әрекеттерді атқаруы керек. Оқытушының
осындай әрекетіне білім алушы мұғалімнің өзі де бойындағы бар
білімін көрсете байланыс жасағанда ғана сапалы нәтижеге жетуге
болады деп ойлаймын. Мұғалімднрдің өз білімдерін жүйелі көтеріп
отырулары – олардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ететін
негізгі фактор. Еліміздің білім беру саясатындағы көкейтесті
мәселелердің бірі де осы мұғалімдердің біліктіліктерін жүйелі
арттыру болып табылады. Кез- келген қызметкер біліктілігін ұдайы
жетілдіріп отыруы қажет.
Мұғалімдердің біліктілігін
жетілдіру мынадай екі бағытта
жүргізілсе:
-
Мұғалімнің кәсіптік жұмысының
мәнін үйлесімді өзгерту немесе күтілетін нәтижеге жету үшін оқу
үрдісін шығармашылықпен үйлестіру.
-
Білім беру барысында
мұғалімнің зерттеушілік бағыттағы қызметін күшейтуге байланысты
мұғалім кәсіптілігін кеңейту.
Осыған байланысты мектеп
жағдайында жаңа формацияда ұстазды қалай қалыптастыруға
болады.
Қазіргі білім беру жүйесінің
мақсаты- бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін
орта, оның жүрегі – мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің
шығармашылығындағы ерекше тұс- оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның
жүрегіне жол таба білуі. Жаңа формация мұғалімі кәсіби өсуі арқылы
қалыптасады, дамиды. Жаңа формациядағы ұстаз – ізденімпаз, өзіне
талап қоя білетін, кәсіби – құзырлылық және шеберлілік деңгейі
жоғары, рухы биік, даралық сапалары жетілген, шығар тауы биік
маман.
Осыған орай мұғалімдерді
оқу- тәрбие жұмысын жүргізуде мынадай топтарға бөліп
қарасақ:
Бірінші, бірқатар
мұғалімдердің бірер пәнді оқытуды жақсы меңгеріп, сабақта ұтымды
әдістер арқылы елеулі нәтижеге қолы жетіп жүр. Олар білгенін,
көргенін шығармашылықпен дамыта, оқушы білімінің деңгейіне қарай
жетілдіре қолданады.
Екінші, кейбір мұғалімдерде
баспасөзде жарияланып, баспалардан шығып жататын методикалық
еңбектерді саралап, қолдану белсенділігі
жетіспейді.
Үшіншіден, мұғалімдердің енді
бір тобы өздерінің жұмыстарына теориялық жағынан да, методикалық
жағынан да талдау жасай алмайды. Мұғалімнің өз ізденісі, толғанысы,
іштей ширығуы болмаған соң, тың пікір тумайды. Осы айтылғандарды
жинақтай келіп, біліктілігін жетілдіріп отыру мұғалімді рефлексияға
қабілетті, өз ісіне есеп бере алатын, білім берудің әлемдік жүйесін
игерген, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға ретінде
қалыптастырады. Мұғалімдер оқушылардың бойына өз бетімен білім алу,
өзін- өзі реттеу дағдыларын қалыптастыруға, түрлі адамдармен тиімді
диалог жүргізе алатын, қазіргі заманға табысты өмір сүруге дайын,
сандық технологияларда құзырлылық танытатын белсенді азамат,
болашақ маман ретінде қалыптасуға көмектесетін оқу үдерісін
ұйымдастыру үшін қажетті сапалы біліммен және практикалық
дайындықпен қамтамасыз етуі қажет. Осы бағатта жұмыс атқаратын
педагог кәсіби біліктілігін арттыруда өз-өзін дамытудың жаңа
сатысына көтерілуі тиіс.
Әлемнің оқыту технологиялары
жоғары дамыған елдерінің (Жапония, Германия, Голландия)
тәжірибесіне назар аударсақ, түпкі мақсаты – баланы жеке тұлға
ретінде қалыптастыру, яғни бірінші орында баланың білім, білігі мен
дағдысы емес, жеке тұлғаның білім алу арқылы дамуын қояды. Педагог
қызметкерлердің біліктілігін арттырудың деңгейлік бағдарламалары
ескірген әдістемелік жүйені жаңғыртуға, білім беру үдерісінің
сапалық және нәтижелік басымдылығын арттыруға, бағалау жүйесіне
өзгерістер енгізуге, ең бастысы оқушылардың оқу мен оқытудағы
сұраныстары мен қажеттіліктерін қанағаттандыру жолдарын жан- жақты
ойластыруға жол көрсетеді. Мектеп ұстаздарының өз сабақтарында жаңа
әдіс- тәсілдерді енгізе отырып, бағдарламаның тиімді идеяларын
қолдануы осының дәлелі. Оқушылардың сапалы білім алуы мұғалімнің
білімділігі мен кәсіби шеберлігін, өз ісіне жапуапкершылыкпен
қарауын қажет етеді. Мұғалімнің білімін көтеру ісі ең алдымен оның
өзіне қарай бағытталғанда ғана, ұстаздардың өз санасын дамытып,
атқарып отырған қызметінің мәнін терең ұғынуы, соған сәйкес өзін –
өзі жетілдіруі, шығармашылыққа ұмтылуы қалыптасатын болады. Бүгінгі
мұғалімнің еңбегі, тынымсыз ізденісті, үздіксіз кәсіби дамуды талап
етеді. Қоғамның сұранысына лайықты мұғалім болып, сіңірген білімін
болашақта қолдана алатын тұлғаны
қалыптастырайық!
Мұғалімдердің кәсіби
біліктілігін жетілдірудегі ұсынысым:
-
Ең үздік тәжірибе алмасуларды
ұйымдастыру;
-
Педагог кадрлардың
біліктілігін арттыруға озық қазақстандық және халықаралық
сарапшыларды тарту;
-
Мұғалімнің үздіксіз кәсіби
дамуы үшін жағдай жасау;
-
Қазақстандық жаңашыл-
педагогтардың үздік педагогикалық тәжірибесін жинақтау және
тарату;
-
Мектептердегі психологиялық –
педагогикалық қызмет ауқымын кеңейту;
-
Педагогтарды кәсіби қызметінде
электронды ақпараттық ресурстарды қолдануға даярлауға көмектесетін
оқыту бағдарламаларын қолдануға мұғалімдерді жаппай даярлауды
ұйымдастыру;
-
Біліктілікті арттыру
курстарының білім беру бағдарламаларында заманауи білім беру
технологияларын ақпараттық- коммуникациялық технологиялардың жаңа
жетістіктерімен таныстыруды ұйымдастыру