Материалдар / Мұғалімнің ізденімпаздығы мен шеберлігі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мұғалімнің ізденімпаздығы мен шеберлігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мғалімнің ізденімпаздығы мен шеберлігі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
462
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

МҰҒАЛІМНІҢ ізденімпаздығы МЕН ШЕБЕРЛІГІ – ҚАЗІРГІ БІЛІМ ТАЛАБЫ

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаттары экономиканы орнықты дамуы үшін сапалы білімнің қолжетімділігінің қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту, білімнің бәсекеге қабілетілігін арттыру болып саналады. Соған орай жас жеткіншектерге бүгінгі күн талабына сай білім мен тәрбие беру ісі педагог-мамандарға үлкен жүк артады. «...Мал бағатыңдар мал бағуын, ел болатындар ел болуын, бала оқытатындар бала оқытуын жақсы білуі керек...Біз елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастауымыз керек».-деген А.Байтұрсыновтың көрегендікпен айтқан пікірі қазіргі уақытта да маңызын жойған жоқ. Яғни білім беру жүйесінде болып жатқан түбегейлі өзгерістер оқыту үрдісін озық технологиялармен қамтып жетілдіруді талап етеді. Осы тұрғыды оқутудың жаңа технологияларын жете менгеріп, оны оқушылардың психологиялық жас ерекшеліктеріне қарай орынды қолданудың мәні ерекше. «...Адамзат үшін ХХІ ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып,өмірге енгізу, игеру және жетілдіру –бүгінгі жас ұрпақ сіздердің еншілерініз...Ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында» - деп Елбасымыз Н.Назарбаев айтқандай білімді жеке тұлғаға бағыттау,оқушының өзін-өзі тану үшін еңбектену мұғалімдерге үлкен міндет жүктеп отыр. Бұл міндетті жүзеге асыру үшін кәсіби шеберлігін шындауға шашаршамайтын жаңалыққа жаны құмар мұғалім қажет.

Сонымен қатар,бүгінгі заман талабына сай мұғалім- ақпараттық-коммуникациялық технологияның барлық мүмкіндіктерін пайдалана алатын,шығармашылықпен айналыса жүріп,оқушыны жаңалыққа жетелей білетін жетекші. Ақпараттық–коммуникациялық технологияны дамыту білім берудің бір бөлігі.тСонғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер,электрондық оқулық,интерактивтік тақта қолдану және сол арқылы оқушының ғылымға деген қызығушылығын арттыру айтарлықтай нәтиже беруде.

Мұның бәрі тек білім беру арқылы іске асырылуда. Мұғалім компьютер желісі арқылы әрбір оқушымен тығыз байланыста болғандықтан, оқытуға тиянақты түрде көңіл бөліп, әрбір баланын жеке деңгейің анықтап, оларға жеке шаралар қолдануға мүмкіндік береді.

Педагогикалық ұжымның 70 % сабақтарда интербелсенді әдістерді қолданады. Бұл әдістің мақсаты:тұлғаның жеке омірлік тәжрибесіне сүйене отырып,оның бойындағы білім,дағды және құндылық жүйесін қалыптастыру, білімін жетілдіру.

Яғни оқушылардың шығармашылық қатынас, ойын арқылы ойлау,іскерлік дағдыларын қалыптастырады.

Оқушылардың қызығушылығын арттыру жақсы ұйымдастырылған сабаққа байланысты. Сайыс сабақ, аукцион сабақ, кіріктірілген сабақ, десант сабақ және де басқа сабақтың түрлерінде сабақ үш кезеңге бөліп жоспарланады. Бірінші кезең, диагностика кезеңі: жаңа тақырыпты түсіндірмес бұрын,қатысушы өзінің бұрыннан таныс білімдерін жалпы тақырып туралы не білетіндерін, өзіне таныс мәліметтерді ортаға салады, сонда қатысушының не білетіні, не білмейтіні анықталады. Екінші кезең, ізденіс тенденция кезеңі: тыңдаушылар жұппен немесе топпен жұмыс істей отырып, берілген тапсырмаларды кеңейтіп түсіндіру үшін, өз беттерінше оқулықпен немесе қосымша әдебиеттермен жұмыс істейді. Үшінші кезең, Презентация (тұсау кесер кезеңі): 10-15 минуттан кейін әр топ өз мәліметтерін қорғайды,осыдан кейін,мұғалім әлі де жеткіліксіз жағдайлар туралы қосымша ақпарат береді. Жаңа тақырып толық түсіндірілгенен кейін пікір сайыс,рөлдік ойын, ребус шешу,клоуз-тест орындаут.б.интерактивті әдістер арқылы жаңа тақырыпты бекітіп,пысықтайды.

Бұл жұмыстарды дұрыс ұйымдастырған жағдайда оқушы төмендегі жетістіктерге жетелейді:

1.Еркін ойлауға мүмкіндік береді.

2.Ақыл - ойын дамытады.

3.Шығармашылық белсенділігі артады.

4.Топпен жұмыс істеуге тәрбиелейді.

5.Тіл байлығын жетілдіреді.

6.Жан-жақты ізденушілігін аттырады.

7.Ғылымға ,зерттушілікке ұмтылады.

8.Тез,дәл шешім қабылдауға баулиды.

Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін.Біздің міндетіміз –оқушыға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерді аша білу.Оқушылардың белсенділігі мен танымды іс-әрекеттері арқылы шығармашылығын дамыту, кез-келген жағдайда айрықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны дайындау. Шығармашылық денгейде оқушы құбылысты өз бетінше талдай келіп,шағын ғылыми шығырмашылық тұрғыдан зерттеу жұмыстарын жүргізуге баулу.

Осы мақсатағы жұмыстарды жүзеге асыру барысында мектепте жылдан жылға ғылыми шығырмашылықпен жұмыс істейтін,Қазақ елінің мақтаныштары болатын,әлемді өзгертетін идеялары бар жеткіншектер көбейіп келеді.

Жаңа технологиялардың біз үшін пайдасы:

1.Түрлі әдістерді пайдалану арқылы сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі.

2.Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады.

3.Әр оқушының білім деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

4.Оқушыларды ізденіске баулып, өз бетінше жұмыс істеуге үйретеді.

5. Оқушылардың барлығын бағалауға мүмкіндік аламыз

6.Оқушыны нақты шешім қабылдауға баулимыз.

Осы тұрғыда мектептегі жаңашыл технологияны тарату мен насихаттау барысында арнайы ғылыми – әдістемелік жұмыстар жүйесі мына бағытта құрылды

Әдістемелік кеңес



Оқу – тәрбие үрдісінің нәтижесін талдау, диагностикалық зертеу



Қажетілікті анықтау





Қажетілікті қанағаттандыру

Әдістемелік көмек

Пәндік әдістемелік кеңес

Әдістемелік семинар

Дөнгелек стол

Біліктілікті көтеру

Курстардан өту

Педагогикалық оқу

Конференция

Өз бетінше білім алу

Интернеттерге шығу

Ашық сабақтарға кіру

Қосымша білім алу



Қазіргі қоғамымызғы білімді, тәрбиелі, саналы ұрпақты тәрбиелеп дайындауға әр ұстаз өз шеберлігін шындап, шығармашылықпен жұмыс істеуге тиіс.Шығармашылықпен жұмыс атқару педагог кәсібінің мәртебесін арттыра отырып, өз қызметінде жоғары жетістікке жетуіне мүмкіндік береді.

Қорыта айтқанда, біздің басты мақсатымыз бәсекеге қабілетті,заман ағымына қарай тез және дәл шешім қабылдай алатын, мектепте алған білімін өмірде еркін пайдаланып, өмірде өз орнын табатын білімді, тәрбиелі,өз мамандығын жетік білетін жеке тұлға дайындау болып табылады. Әрбір мемлекет рухы таза,санасы биік,білімді де білікті ұрпағынан қуат алады.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!