Мұғалімнің өзі өткізген сабағын талдау кестесі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мұғалімнің өзі өткізген сабағын талдау кестесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімнің өзі өткізген сабағын талдау кестесі үлгісі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мұғалімнің өзі өткізген сабағын талдау


Сабақ өткізуші: Адибаева Маржан Мухтаровна

Күні: 15.04.2024 ж. Сыныбы: 8 “Б” сынып Пәні: Биология

Сабақтың тақырыбы: Мүшелер жүйесінің дамуы-эмбриогенездің сатылары.

Сабақтың мақсаты: Білім алушылар эмбрионалдық даму кезеңдерін ажыратып, мүшелер мен ұлпалардың түзілуін меңгереді. Сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытады.


Ескертпелер

Мұғалім пікірі


1


Сабақты жоспарлағанда оқушылардың қандай ерекшеліктері ескерілді?


Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттері ескеріліп, сабақтың әр кезеңінде қызығушылығын ояту, сөздік қорын молайту, сыни тұрғыда ойлау дағдыларын дамыту көзделді.

2


Сабақта қандай мақсаттар алға қойылды?

А) сыни тұрғыда ойлауға, талдауға бейімдеу

Ә) дамытушылық бұлардың арасында байланыс болды ма?

А) Мутация, эмбриология туралы алған теориялық білімдерін бекітіп, ауызша талдау жұмыстары жүргізілді.

Ә)   Оқушылар сыни тұрғыдан ойлауға бағытталған топтық, жұптық, жеке жұмыстар орындады, ой қозғау сұрақтарына жауап берді. Топтық жұмыста өзіндік, жеке ойларын ортаға салып, өз алдына сұрақтар қойып, эмбриогенез, мутацияға байланысты өз пікірлерін айтып, оны жобалап дәлелдеді, сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастырды. Бұл алған мақсаттар байланысып бірін - бірі толықтырып тұрды.

3


Сабақ кезеңдерінің арасында байланыс

болды ма? Уақыт тиімді пайдаланылды ма?


Сабақтың әр кезеңдері, бір – бірімен байланысып, жүйелі қорытындыланды. Алайда топтық жұмыста оқушыларға талдау, өз пікірлерін делелдеу оқушыларға уақытты қажет еткендіктен бағалау жүйесіне уақыт тапшы болды.

4


Жаңа тақырыпты ашуда оқытудың әдіс – тәсілдерінде қандай үйлесім болды? Әдіс – тәсілдерді таңдау себептерін түсіндіру.

Инсерт”, “Кейс стади”, “Концептуалды кесте” әдістері арқылы сын тұрғысынан ойлау технологияларының элементтерін ізгілендіру педагогикасымен ұштастыра өткізіп, оқушылардың ойын, есте сақтау дағдысын қалыптастыру қарастырылды. “Инсерт” әдісі сабақ бойы жүргізіліп отырды, яғни бұрыннан білемін, жаңалық, білгім келеді бағандарынан тұрды. Бұл әдіс алған білімдерінің есте сақталуына көмектеседі. “Кейс стади”әдісі арқылы топтық жұмыс жүргізілді, бейнежазбаны көру арқылы жағдаятты талқылады, өз пікірталас жүргізілді, дәлелдер келтірді, бірнеше тұжырымдар айтылды.

Концептуалды кесте”әдісі арқылы жұптық жұмыс жүргізілді, кестеде тақырыпты ашуға байланысты сұрақтар берілді.

5

Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары байқалды ма? (себебін түсіндіру)

Сабақтың әрбір кезеңдерінен өткен сайын оқушылар тапсырмаларға тез, дұрыс жауап беруге тырысып ұйымшылдыққа тәрбиеленді, белсенділіктері, қызығушылықтары артты. Болат А., Сарбатова Д., Көбейқұл Н., Едіге Е.аталған оқушылар бүгінгі сабаққа белсене қатысты, өз ойларымен бөлісті, пікірталасқа қатысты. Алдыңғы сабақтарда аталған оқушылар сабаққа қатысуы төмен болатын.


6

Сынып бөлмесінде қандай оқу құрал - жабдықтары пайдаланылды? Неліктен?

Интербелсенді тақта презентация, бейнежазбаға қолданылды. Жаңа тақырыпты түсіну мақсатында және топтық жұмысқа көмекші құрал ретінде бейнежазба көрсетілді. Презентация тапсырмаларды тақтадан түсіндіру үшін қолданылды.

7

Бағалау жүйесі қалай жүргізілді?

Бағалау жүйесін топбасшылар әр тапсырмадан соң “Көршіңді тексер!” әдісі арқылы бағалап отырды. Топтық жұмыста топтар бағалау критерийлеріне сәйкес бағалады. Эктодерма және Энтодерма топтары 3 баллмен бағаланса, Мезодерма тобы 2 баллмен бағаланды, себебі сұрақтарға жауап бере алмады.


8



Мұғалім көздеген мақсатына жетті ме?


Сабақ бойы оқушылар берілген тапсырманы орындауда белсенділік көрсетті. “Инсерт”, “Кейс стади”, “Концептуалды кесте”әдістері арқылы тапсырмалар өз жауаптарын тапты. Жоспарлап келген жұмыс түрлері толығымен іске асты, ендеше мақсатыма жеттім деп ойлаймын.

9

Сыни тұрғыдан ойлау дағдыларына арналған тапсырмалар қандай көрсеткіш көрсетті?

Сыныпта 25 оқушы білім алады, сабаққа 17 оқушы қатысты.

Кейс стади”әдісінде (топтық жұмыс) дескриптор бойынша жалпы 3 балл:

- тапсырманы сипаттайды және түсіндіреді;

-сұрақтарға жауап береді,

3 баллмен – 6 оқушы

2 баллмен -7 оқушы

1 баллмен – 2 оқушы бағаланды. Қалған Қанатбек Д., Рысбаева А. аталған 2 оқушы топтық жұмыста қатыспады.

Яғни 13 оқушы, 72% топтық жұмыс бойынша белсенді қатысқан, 4 белсенділігі төмен екендігі анықталды.

Концептуалды кесте”әдісінде (жұптық жұмыс) дескриптор бойынша жалпы 3 балл:

- ұрық жапырақшаларындағы үдерістерді сипаттайды – 1 балл.

- ұрық жапырақшаларынан түзілетін мүшелерді атайды – 1 балл.

- ұрық жапырақшаларынан түзілетін мүшелердің қызметтерін анықтайды – 1 балл.

3 баллмен – 13 оқушы

2 баллмен – 4 оқушы бағаланды. Тапсырманы орындамаған оқушылар жоқ.

Жеке жұмыста дескриптор бойынша жалпы 2 балл:

-эмбриондық даму кезінде жүретін үдерістерді сипаттайды – 2 балл.

Әр баған 0,5 баллмен бағаланады.

2 баллмен – 10 оқушы

1 баллмен – 7 оқушы бағаланды. Тапсырманы орындамаған оқушылар жоқ Ой толғау кезеңінде дескриптор бойынша жалпы 1 балл:

-өз ойын ортаға салып, дәлелдейді – 1 балл.

1 баллмен – 9 оқушы бағаланды. Талқылауға 8 оқушы қатыспады.

Инсерт”әдісінде (жеке жұмыс)

Бұрыннан білемін – 16 оқушы

Мен үшін жаңалық -15 оқушы

Білгім келеді -14 оқушы кері байланыс берген.

Топтық бағалау жүйесі өз деңгейінде жүргізілмеген. Яғни тапсырмаларды орындамаған оқушыларға жоғары бағалау жүргізілген.

Қорытындылай келе сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын “Инсерт”, “Кейс стади”, “Концептуалды кесте” әдістері арқылы оқушылардың қызығушылықтарын, есте сақтау қабілеттерінің артуына септігін тигізгенін байқадым.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.04.2024
277
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі