Материалдар / Мұхиттану қолданбалы курс жобасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мұхиттану қолданбалы курс жобасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Сал Мұхит Мерәлінің өмірі мен шығармашылығына арналған қолданбалы курс жобасы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қаңтар 2024
254
0 рет жүктелген
2500 ₸
Бүгін алсаңыз
+125 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +125 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Мұхиттану»  курсының  оқу  бағдарламасы. Жалпы  білім  беретін  мектептердің  9-сыныбына  арналған.

Түсінік хат

Мұхит бабамыздың шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Мұхит бабамыздың әндері – қазақтың бойтұмары, Мұхитты тану, бағалау, насихаттау, оқыту – қоғамдық ой-санада тың серпілістер туғызып, мақсаткерлікке жұмылдырады. Заман, уақыт талабына сай жаңа қырынан тану, ғылыми тұрғыдан тың байламдар жасалуы – заңдылық.

Бағдарламада:

Мұхит мұрасының XІX ғасырдың екінші жартысындағы шығармаларының шығу тарихы мен зерттелу жайы қарастырылды;

Халық компазиторының өмір жолынан, туып-өскен ортасы мен әдеби мектебі, тәлім-тәрбиелік мәні зор өлеңдері, алға қойған биік мақсаттары, шығармаларындағы дүниетаным мақсаттары қарастырылады;

Талантты компазитордың есімін иеленген Мұхит атындағы білім ордасының тарихы, ұстаздары мен шәкірттері жөнінде оқушылар ақпарат алады;

Курсты оқытудың мақсаты:
Ұлы компазитор шығармаларын терең де, жан-жақты таныту арқылы елжанды, халқымыздың әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін, мәдениетін, тілін ұлттық құндылық ретінде бағалайтын, эстетикалық талғамы жоғары,білім, білік, дағдылармен қаруланған, түйген ойларын іс жүзінде өз кәдесіне жарата білетін, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, өркениетті қоғамда өмір сүруге лайықты, терең ойлайтын дара тұлға қалыптастыру.

Курсты оқытудың міндеттері:

1) Батыс ән мектебінің негізін салушы Мұхит Мерәлі бабамыздың тарихтағы орны болмысын тану. Композитор шығармаларымен таныса отырып,оқып, мол мұрасы – қазақ өмірінің тарихи факторы іспеттес екендігін ұғындыру.

2) Бабамыздың өнер туындыларын, ғылым, білім, өнер, тәрбие мәселелері туралы өсиеттерінің маңыздылығын түсіндіру арқылы оқушылардың ұлттық танымын қалыптастыру, шығармашылық қиялын дамыту, автордың ұстанымын түсінуге баулу, көркем туындының тілдік ерекшеліктерін, идеялық мәнін талдауға, пікір алмасуға үйрету, жастардың өмірден өз орнын табуға бағыттау;

3) Мұхит мектебінің негізін салушылар, зерттеушілер, ізін жалғастырушылар шығармаларын зерттеу, жинақтау, жариялау, насихаттау турасындағы жұмыстарынан хабардар ету;

 

Курс жүктемесінің көлемі:

8-9 сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;

 

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

9-сыныптың соңында оқушылар:

1) Бабамыздың шығармаларының қазіргі уақыттағы өзектілігін, рухани қажеттілігін түсінуі;

2) Мұхит бабамыздың ұрпақтары, өнерін жалғастырушылар жөнінде ақпарат алу;

3) Мұхиттану ғылымының негізін салушылар мен оның қалыптасу кезеңдерін және алғашқы зерттеушілердің еңбектері жайында білуі;

4) Әнші шығармаларының шығу тарихы мен оған ықпал еткен адамдар хақында білуі;

5) Ән өнері жайындағы толғанысын және эстетикалық талғамын білуі;

6) Мұхит бабамыздың шығармаларының көркем-образдылық қасиеттерін талдай білуі тиіс;

7)Мұхит мектебінің тарихы, ұстаздары мен шәкірттері жайында ақпарат ала білуі;

 

Мұхиттану курсы

9-сынып

(барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағаттан)

 

Тақырыптар

Сағ.

саны

Мерзімі

Ғасырлар үні – 1 сағат. 

1

Кіріспе.

1


Мұхит салған әуезді әндер”– 10 сағат

2

Ақын өмір сүрген заман.

1


3

Мұхит Мералыұлының рухани дүниетанымының өсу және қалыптасу кезеңдері

1


4

Мұхит Мералы ұлын шығармаларының шығу тарихы

1


5

Дүние ай”,”Айдай” әндерінің шығу тарихы

1


6

Зәуреш” ,”Алуаш” әндерінің шығу тарихы

1


7

Айнамкөз” ,”Көк айдай” әндерінің шығу тарихы

1


8

Паң көйлек” ,”Жайма қоңыр” әндерінің шығу тарихы

1


9

Қыпшақ”, “Кербез” әндерінің шығу тарихы

1


10

Үлкен Айдай”,”Кіші Айдай” әндерінің шығу тарихы

1


11

Жантелім”, “Ақ иіс”әндерінің шығу тарихы

1


2

Қорытынды сабақ. Музыка пәні мұғаліммен Мұхит бабамыздың шығармаларын орындау бойынша

1


«Сал Мұхит шығармаларын зерттеушілер» тарауын оқытуға – 9 сағат

12

Мұхит Мералыұлы мұрасын зерттеушілер.

2


13

Мұхит Мералыұлына қатысты зерттеу еңбектері.

2


14

Мұхиттану ғылымының қалыптасуы.

2


15

Ақын шығармаларының басылымдары.

2


16

Қорытынды сабақ. Мәдениет саласындағы тұлғалармен кездесу

1


 

«Мұхитты білмек парыз ойлы жасқа» – 10 сағат

 

17

Мұхит ЖОББМ тарихы

2


18

Мұхит ЖОББМ нің алғашқы басшылары

2


19

Мұхит ЖОББМ нің үздік оқушылары

2


20

Мұхит ЖОББМ нің түлеп ұшқан танымал түлектері

2


21

Туған жер-тұғырлы мекен (Саралжын ауылы)

1


22

Сал Мұхит салған сара жол

1


33

Сынақ сабақ. Жыл бойы алған білімдері бойынша баспасөз бетіне мақала жазу

2


34

Қорытынды сабақ.

1


 

Әдебиеттер тізімі:

 

1



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!