Материалдар / Мұхтар Әуезов
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мұхтар Әуезов

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұхтар Әуезовтың өмір баяны
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Қаңтар 2019
825
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мұхтар Омарханұлы Әуезов


































Туғаны 1897




Қайтыс болғаны

1961

Мансабы

жазушы

Ұлты

қазақ

Елеулі шығармасы(лары)

«Абай жолы», «Қараш-Қараш», «Еңлік-Кебек»

Жұбай(лар)ы

Райхан, Кәмила, Валентина

Балалары

Мұғалима, Шоқан, Елдес (1927 ж.т.), Ләйлә(1929 ж.т.), Мұрат (1942 ж.т.)

Мұхтар Омарханұлы Әуезов (1897—1961) — қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, филология ғылымының тұңғыш докторы, профессор, Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген ғылым қайраткері.

Мазмұны

4.1 КСРО халықтарының және шетел тілдерінде шыққан шығармалары

 

1897 жылы 28 қыркүйекте Семей облысы Шыңғыс болысындағы Аяққараған мекенінде (Бөрлі қыстауының маңында) көшпелі қазақ Омархан Әуезовтың отбасында Мұхтар есімді ұл дүниеге келді. Мұхтардың бабасы Бердіқожа шешен және сауатты кісі еді, ол ата-бабаларының салт-дәстүрлерін сақтаған, қызыл тілдің хас шебері болған адам. Шежірешілер мен шежірелер Әуезовтар әулетінің Қожа Ахмед Йассауидің туған шөбересі Шейх Бақшайым қожамен туысқандық сабақтастығын растайды, ол ХІІІ ғасырда Таяу Шығыста тұрған.Балалық шағының алғашқы әсерлері Шыңғыстаудың далаларымен және тауларымен байланысты болды. Әжесі Дінәсіл өз немересін Абайдың киіз үйіне апарды деген айғақ сақталған, сонда атақты ақын әкелік мейіріммен бала Мұхтардың басынан сипап, ақ батасын береді. Атасы Әуез (1830-1917) Абай өлеңдерінің қолжазбалық кітабы бойынша алты жасар Мұхтар мен ағайын және құрдасы Ахметті араб әліпбиіне үйретеді. Ұстаз-молдаларға еліктеген атасы шәкірттерін таңертеңнен күн батқанға дейін ұстаған, содан кейін күні бойы оқығандарын (жаттағандарын) кешкі астың алдында атасы мен әкесіне жатқа айтып беруді талап еткен. Мұхтар Әуезов ата-анасынан ерте айырылды: әкесі Омархан 1909 жылы, анасы Нұржамал 1912 жылы дүние салды. Кішкентай Мұхтар немере ағасы Қасымбектің қолында тәрбиеленеді, медреседе бір жыл оқығаннан кейін 1907 жылы Қасымбек оны Семейдегі 5-кластық қалалық орыс училищесіне Шыңғыс болысының  земстволық станциясына оқуға орналастырады. Орыс мектептері аудармашы-тілмаштарды, әкімшілік аппараттың кішігірім қызметкерлерін даяр-лайтын еді. 1912-1913 оқу жылында Мұхтар оқытушылар семинариясының бірінші класын (сыныбын) наградамен аяқтайды да, ал оқуын Семей оқытушы-лар семинариясында 1919 жылы тәмамдайды (бітіреді).Семинарияның оқытушылары Әбікей Сәтпаев, И.В.Малахов, Николай және Виктор Белослюдовтар, Н.Е.Коншин, Нәзипа және Нұрғали Күлжановтар, В.И.Попов, Н.Сулима-Грузинский, В.М.Морозов қазақтың халық әдебиеті мен тіліне, орыс және әлем әдебиетінің классикасына баулып, негізгі салалар бойынша білімнің негізін қалады. Шәкірт Әуезов педагогтардың айтуынша мінсіз тәртібімен, айрықша дарындылығымен, тектілігімен, аса сыпайы мінез-құлқымен, сымбатты дене пішімімен және қайсыбір ақсүйектік маңғаздылы-ғымен өзгелерден дараланған. Тамаша спортшы қаладағы бірінші «Жарыс» футбол   командасында ойнаған. Болашақ жазушының айтуы бойынша, орыс мектебі «өзінің айқара ашылған ақжарқын құшағымен тартқан».

Шәкірт кезінде Мұхтар өзінің атасы, Абайдан бірнеше жас үлкен Әуездің Құнанбай туралы естеліктерін жалықпай тыңдайды. Бүкіл ғұмырында тағдыр Мұхтар Әуезовты болашақ бас кейіпкерімен біте қайнастырады: немересінің шілдеханасына байланысты Әуез жасаған әулет тойына тікелей қатысуы арқылы Абай құрмет көрсетті. Абайдың әкесі қарт Құнанбайдың көп әйелдерінің бірі Нұрғаным Әуездің қарындасы еді. Мұхтар кейіннен Абайдың ұлы Тұрағұлмен дос болады және ұлы ақынның немересі Мағауияқызы Кәмилаға үйленеді. Осы жәйттерді Әуезовтың өзі былай баяндайды: Ойға алған романды жазбас бұрын ақынның творчествосын және өмірбаянын зерттеумен шұғылдандым. Абай шығармаларының толық жинағына редактор болдым, оның өмірбаянын жаздым, ақын мен оның дәуіріне байланысты тарихи материалдарды жинадым; казақ халқы мәдениетінің тарихын аса жетік білетін орыс жазушысы, менің досым Леонид Соболевпен бірлесіп ақын өмірінің соңғы жылдарын бейнелейтін «Абай» трагедиясын жаздым.Абай жайында материалдар жинағанда тарихи романдар авторларының талайы-ақ біле бермейтін өзгеше бір жәйттерге тап болдым. Өйткені, Абайдың өмірі мен еңбегі, түр-түсі мен сипаты жайында қағазға түскен немесе жарияланған бірде-бір дерек, өзінін жеке архиві мен күнделігі, хаттары мен мемуарлары, тіпті замандастарының ақын жайында хатқа түскен естеліктері сақталмаған. Ақынның өміріне байланысты деректер мен романның бүкіл окиғаларын Абайды көзімен көрген, жақын білгсн жандардан ұзақ уақыт бойына ауызба ауыз сұрау, әңгімелесу арқылы жинауға тура келді. Олардың көбі кәрілік меңдеген шалдар еді. Сондықтан олар өткен күндердің белгісін де, адамдардың бейнесі мен сөйлеу мәнерін де, оқиғаларды да ұмытыңқырап калған. Абайдың шәкірті Көкбаймен де әңгімелестім. Ақынның ең жақын достарының ішінен біздің заманымызға дейін көзі тірі жеткен сол ғана болатын. Көкбай 1927 жылы қайтыс болды. Ол Абайдан аттай он алты жас кіші еді. Сондықтан акынның жастық шағы жайында ештеңе айта алмады.

Роман жазам деген ойда жоқ, шәкірт кезімде атам Әуездің әңгімелерін тапжылмай, ұзақ тыңдайтын едім. Ол Абайдан біраз жас үлкен еді. Құнанбай жайын да жақсы білетін. Абайдың алғашқы әйелі Ділданы да сол жылдары көрдім. Москал тартып қалған болатын. Абайдан соң он жылдан кейін барып дүние салған, оның айнымас азбас жары Әйгерім небір қымбат жәйттерді әңгімслеп берді.Материал жинай жүріп, мен Абайдың достарымен, сыйластарымен, бұрын қысастық жасаған жауларымен де әңгімелесіп көрдім. Олардың ішінде Абайдың тұрғыластары да, солардың ұрпақтары бар еді. Соншама ізденудің арқасында болашақ қаһарманым жайында аса көп материал жинағаным соншалық, Горькийдің: «Үндемей қалуға ықтиярың жоқ нәрсе жайында ғана жаз», - деген ұлы өсиетін іштей қайталап айта беруден танғаным жоқ. Тіпті қазір Абайдың балалық және жастық шағы жайындағы роман тәмам болған соң да сол кітапқа кірмей қалған материалым мейлінше көп екенін көрдім, Соған иек арта отырып қаһарманымның өмір жолының сол кезеңі жайында тағы бір кітап жазуға болар еді. Материалдың молдығы менің еңбсгімнің сәтті боп шығуына аса көп септігін тигізді. Бірақ материал жинауда талай-талай киындық та болды. Өзіммен әңгімелескен қарттардың көп нәрсені ұмытып қалған көкірегінсн өткен күннің сырларын ұғуға, оқуға тура келді. Абайдың әр алуан замандастарының айтқандарын салғастыра отырып, көп нәрсені өз ойыммен топшыладым. Әлдеқашан бел асып кеткен көштің жұртына кешігіп жеткен жолаушы жылтыраған бір қызғылт шоқ тауып ап, тұтатпақ боп үрлемей ме – жаңағы естеліктерді шашау шығармай сақтаған менің халім де сондай еді. Сөйтіп, мен карт адамдардың көмескі жадында ұмыт болған көп нәрселерді қайта ойлатып, айтқызып алдым. Алпыстағы Әйгерімнің әжімді бетін қарап, оның бір кезде Абайды ынтықтырган жас шырайлы сұлу жүзін көз алдыма елестетуім де солай еді. Бірте-бірте өз халқының көкірек көзі болған Абаймен бірге мен де сол халықтың жан-жүрегін ұғуға және соны бір абзал қалпында ашып беруге, жайып салуға тырыстым. Жас Абайдың жалын атқан сезімі, жігіт ағасы болған Абайдың толғаулы ойлары мен әрекеті, кәрілік меңдеген шақтағы халық қамқоры, халық ұстазы болған Абайдың тартысы мен тақсіреті – міне осының бәрі сол дәуірдегі халықтың да жаны мен жүрегін ұғуға бастайтын жол еді.

Халықтың көрер көзі, лүпіл кақкан жүрегі, дана ойы болған Абай менің ұғынуымда да халықтың кажырлы талабы мен асқақ ой-сезімінің, жан-жүрегінің, оның бойындағы ең абзал қасиеттің жиынтығы болып табылады.

Абай бейнесіне мен осындай ойлармен ден қойып ем.

1917 жылы Әйгерімнің киіз үйінде Абайдың немересі Ақышты ұзатуға байланысты сый ретінде Мұхтар Әезов жазған «Еңлік-Кебек» пьесасы қойылды. Абайдың немерелері мен пьеса авторының жақын туыстары алғашқы  әуесқой әртістер болды, әрі әйел рөлдерін ауыл жігіттері ойнады. Қазақ тіліндегі осы тұңғыш пьеса 90 жыл бойы сахнадан түспей келеді.1917 жылы жазда ескі салт және жақын туыстарының қалауы бойынша Мұхтар 15-жасар Райхан сұлуға үйленеді. 1918 жылы ерлі зайыптылардың отбасында Мұғалима есімді қыз дүниеге келеді, әкесі қызына өмір бойы қамқорлық көрсетіп өткен. Мұғалима-апаның өзінің айтуынша, ауылдағы шілдехана-тойға Сұлтанмахмұт Торайғыров, семинаристер Қаныш Сәтпаев пен Әлкей Марғұлан қатысқан. Содан бір жылдан кейін Шоқан атты ұлы туылып, сәби кезінде шетінеп кетеді. 1920 жылы Райхан 18 жасқа толғанда Мұхтар онымен ажырасады.1918 жылы Мұхтар Әуезов пен Жүсіпбек Аймауытов Семейде «Абай» журналын шығарады, 12 нөмірден кейін журналды идеологиялық себептер бойынша жауып тастайды. 1919 жылы 1 желтоқсаннан Семейде Кеңес өкіметі (билігі) түпкілікті орнайды. 1919 жылы Коммунистік партияның қатарына кірген Мұхтар Әуезов содан кейін партиялық бағыт бойынша Семей губерния-лық атқару комитетінің төрағасы және Орынбордағы ҚазОАК-нің хатшысы лауазымына дейін көтеріледі, осы қызметтерді атқарумен қатар ол драматургия мен журналистика саласында да күшін сынап көреді. 1919 жылы қазан айынан М.Әуезов Колчакқа қарсы астыртын ұйымға қатысады. Семей облревкомы бойынша бұйрықтар кітабынан алынған үзіндіге сәйкес М.Әуезов 1919 жылы 23 желтоқсанан облыстық ревком басқармасының бұратана халық қосалқы бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалады. Жиырмасыншы жылы шілдеде Әуезов қосалқы бөлімнің меңгерушісінен бөлім меңгерушісіне көтеріледі. Келесі жылдың мамыр айында «Қырғыз халқын жұмылдыруды іске асыруда шұғыл (қызу) шаралар қабылдамағаны үшін» шамалы уақыт тұтқынға алынғаннан кейін губкомның толық құқылы мүшесі, Семей губерниялық атқару комитетінің төрағасы, «Қазақ тілі» газетінің төрағасы болады. Ол барлық конференциялардың, соның ішінде ІХ Бүкілресейлік Кеңестер Съезінің делегаты, қазақ автономиясы ОАК-нің мүшесі. Семейде Мұхтар Әуезов өзінің пъесалары арқылы тұңғыш мәдени-ағарту «Ес аймақ» үйірмесінің қалыптасуы мен өсуіне баға жетпес көмек көрсетті. Шығанақтағы жұмысшылар үшін «Сібір бурлактары» клубында автордың «Ел ағасы» пъесасы қойылды, пьесаның қолжазбасы, кейіннен өкінішке қарай, жоғалып кетті. 1921 жылдың бас кезінде Мұхтар Әуезов «Бәйбіше-тоқал» төрт актілі драма жазып, оны өзінің тікелей басшылық етуімен 1921 жылы 23 наурызда Свердлов атындағы клубта сахнаға қояды. 1922 жылы 20-шы желтоқсанда Луначарский атындағы театрдың көрермендері қазақ драматургия-сының інжу-маржаны, дала Ромеосы мен Джульеттасы туралы «Еңлік-Кебек» пьесасын көреді. Қызылордадағы тұңғыш кәсіби театрдың шымылдығы 1926 жылы М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасымен ашылғаны кездейсоқ құбылыс емес. М.Әуезов ұзын ырғасы жиырмадан астам пьеса жазды, бірақ олардың әрқайсысының тағдыры әртүрлі болды.

Семейде «Еңлік-Кебектен» кейін іле-шала жазылған және гамлеттік оқиғаны бұлдыр елестететін М.Әуезовтің «Қарагөз» пьесасы көрермендердің ерекше ықыласына бөленді, пьеса 1926 жылы жарияланып, сол жылы Семейде қойылды. Репертуардан тез алынып тасталған осы туынды отыз жыл өткеннен соң, КПСС-тің ХХ съезінен кейін ғана сахнаға қайта оралды. Мұхтар Әуезов қазақ педтехникумы мен совпартшколында сабақ береді. М.Әуезов драматургиямен қатар өз қаламының күшін көркем прозада байқап көріп, әңгімелер мен очерктер жазады, аудармамен айналысады.   М.Әуезовтың алғашқы әңгімелеріне «Дауыл», «Қорғансыздың күні» (1921), «Оқыған азамат» (1922), «Қыр суреттері» (1922-23), «Қыр әңгімелері» (1923), «Үйлену» (1923), «Барымта» (1925), «Кінәмшіл бойжеткен» (1925), «Қаралы сұлу» (1925), «Жуандық» (1926) және т.б. туындылары жатады. Автордың әңгімелері «Шолпан», «Сана», «Таң», «Абай», «Қазақ тілі» газетінде жарияланады. «Қорғансыздың күні» – жазушының ең алғаш жарияланған дүниесі – бастапқыда «Қызыл Қазақстан» журналының 1921 жылғы наурыздағы нөмірінде жарық көрді, содан кейін ол «Еңлік-Кебек» сияқты 1922 жылы Орынборда жеке кітап болып шықты. Арғын псевдонимімен жазылған осы әңгіме М.Әуезовтың эпикалық дарынын айқын аша түседі, ал әңгіменің стилистикасы мен ауаны Джозеф Конрадтың стилистикасымен үндестік табады. Алғашқы жарияланымдардың көпшілігі Арғын, Жаяу сал, Қоңыр, Айғақ және т.б. псевдонимдермен жарық көрді. Семейде өткізген осы жылдарда Мұхтар Әуезов Л.Н.Толстойдың «Будда» шығармасын қазақшаға аударып, оны «Абай» журналының бірінші нөміріне 1918 жылы жариялайды. 1924 жылы Ташкентте профессор Ю.Вагнердің «Рассказы о происхождении земли» («Жердің пайда болуы туралы әңгімелер») туындысы М.Әуезовтің аудармасымен жеке кітап болып шығады.  Содан кейін аудармашының шығармашылық қанжығасында – У.Шекспирдің, Н.Гогольдің, И.Тургеневтің, Дж. Лондонның, Л.Толстойдың, Н.Погодиннің, К.Треневтің және т.б. шығармалары. Оның үстіне, М.Әуезов көркем аудармадағы ең беделді теоретиктердің біріне айналады, ол өз өмірінің басым бөлігінде жай аудармамен ғана шұғылданумен шектелген жоқ: Гоголь, Тургенев, Чехов болып сөйлеген жазушы, сонымен қатар оларға да ұлттық мәдениеттің рухын сіңіре білді (Н.Анастасьев).

Өзінің публистикалық мақалаларында жазушы-драматург ағарту, мәдениет және ғылым саласының, әлеуметтік құрылымның өзекті тақырыптарын қозғап, зауыттар мен фабрикалар салу, рудниктерді игеру және өндірісті техникалық жарақтандыру туралы жазады. Жаңа ұрпаққа білім беру мен оқытуға аса жауапкершілікпен қарайтын ел деп ол Жапонияны атайды («Абай», 1918 жылғы N 4).1922 жылы күзде М.Әуезов Орынбордағы ірі мемлекеттік лауазымды қызметін тастап, Орта Азиялық Түркістан университетіне (Ташкент қаласы) ерікті тыңдаушы болып кіреді де, «Шолпан» журналында қызмет істей бастайды. «Партиялық тәртіпті бұзғаны» және «ұлтшылдығы» үшін Әуезов үш жарым жыл мүшесі болған большевиктер партиясынан шығарылды. Ташкентте бірнеше әңгімесі басылады. Бірақ 1923 жылы 9 мамырда факультеттің құрамында өзі таңдаған мамандық – орыс әдебиетінің тарихы бөлімінің  болмауынан М.Әуезов Түркістан мемлекеттік университетінің қоғамдық ғылымдар факультетіндегі студенттер қатарынан шығарылады. Жиырма үшінші жылдың көктемінде Мұхтар Әуезов ірі этнограф, тарихшы және фольклорист, Орынбор кадет корпусының түлегі Әубәкір Диваевтың ұсынысы бойынша «Дрейнер, Льюис, Спенсер еңбектері аудармаларының сақталған қолжазбаларын жинау мен қабылдау» және Абайдың түпнұсқалық шығармалары – философиялық жазбалары мен өлеңдерін түгендеу үшін Қарқаралы уезінің Шыңғыс болысына ғылыми комиссияға қатысады. Халел Досмұхамедов пен Мағжан Жұмабаев Әуезовтің сапарлас серіктері болады.М.Әуезов 1923 жылы қазан айында Ленинград мемлекеттік университеті-нің филология бөлімшесіне оқуға түседі. Қоғамдық ғылымдар факультетінде, әдеби-лингистикалық бөлімшенің славян-орыс секциясында Мұхтар Әуезов өзінің болашақ зайыбы Валентина Николаевна Кузьминамен танысады. Бірінші курсты бітірген бойда, Қазақстан ағарту органдарының талап етуі бойынша Семейге оралған ол 1924-1925 жылдарда педтехникумда қазақ әдебиетінен, әдебиет теориясы мен тарихынан сабақ беріп, «Таң» журналында редакторлық қызмет атқарады. Орыс географиялық қоғамының Шығыс-Сібір бөлімшесінің мүшесі ретінде М.Әуезов Семей секциясы Кеңесінің құрамына кіреді. 1924 жылы жазда Семейде М.Әуезов «Абай» романының аудармашылары-ның бірі Н.Ановпен танысады. Университеттен оны шығарып жібереді, оқуын қайта жалғастыру үшін көп күш-жігерлер жұмсауға тура келеді. Семейден М.Әуезовты Мәскеу университеті студенттерінің қатарына қайта алуды қиыла өтінген хат түседі. Осы кезең аралығында жазушы «Ескілік көлеңкесінде», «Қаралы сұлу», «Қараш-қараш оқиғасы» әңгімелерін жазады. Орыс географиялық қоғамы Семей бөлімі төрағасының орынбасары болып сайланады, ол ГУБОНО әдістемелік кеңесінің мүшесі. Мерзімдік басылымдарда жиі жарияланып, мұғалімдерді қайта даярлау курстарында сабақ беріп, Абайдың өмірден озғанына 20 жыл толуына байланысты өткен әдеби кеште «Қырғыз әдебиетіндегі Абайдың орны» атлатын баяндама жасайды. 1925 жылы жаз айында Мұхтар Әуезов Жетісу ауылдарын аралайтын экспедицияға шығып, қазақ халқының ән-фольклор шығармашылығының үлгілерін жинайды. Осының алдында ғана ол атақты ақындар айтысы өткен тарихтағы ең соңғы Қарқаралы жәрмеңкесін көріп үлгереді. Осы саяхаттардан кейін М.Әуезов «Қазақтың халық шығармашылығы және оның поэзиялық ортасы» деген көлемді мақала жазады, онда мынадай өзекті түйін жасайды: «Қазақ халқының өмірінде бірде-бір айтулы факт атаусыз қалмайды, тіпті болмағанда ежелден қалыптасқан дәстүрлі нысанда өлең сөзбен паш етіледі. Қазақ халқының көне заманнан мирас етілген өлең сөздің шүбәсіз, тиянақты, салмақты мағынасы, орнықты дәстүр ретінде дала халқының басым көпшілігі үшін осы уақытқа дейін өзінің өзекті мәнін жоғалтқан жоқ». Мақала ақыры жарияланбады.

Ленинградтан Пішпекке және Жетісуға Қордай асуы арқылы арбамен жүрген осы сапарда ол 1938 жылы «Жапон тыңшысы» деген айыппен атылған. І.Жансүгіровпен танысады. Ақынның зайыбы «педагог пен ағартушылық рухы ғажайып сұлулығымен үйлесім тапқан» Фатиманы Алматыдан Семейге,  содан кейін Меркеге жер аударады. М.Әуезов «Халық жауының» зайыбымен көңіл қосады да 1943 жылы Мұрат есімді ұлы дүниеге келеді. 1925 жылы күзде Ленинградқа қайтып оралған ол университетті 1928 жылы бітіреді. Оқытушылардың арасынан академик В.Щерба, А.А.Шахматов, Пушкин мен Лермонтов шығармаларының Абай аудармаларына қатты қызығушылық танытқан профессор Сиповский, пушкинтанушы Н.Оксман, ол кезде әлі жас жігіттер С.П.Обнорский мен В.В.Виноградов және университеттін жуырдағы түлектері Б.Эйбенхаум мен В.Жирмунский  дараланады. Шығыс факультетінде Мұхтар Әуезов академик Бартольдтің, Самойловичтің және басқа да шығыстанушы ғалымдардың дәрістерін тыңдайды. М.О.Әуезов өміріндегі алаңсыз және бақытты кезі. М.Әуезов пәтер жалдаған Декабристер көшесі 14-ші үйден екі қадам жерде – Таврия саябағы. Әдебиетте жаңа бағыттар пайда болды: акмеизм, ОПОЛЗ – поэзиялық тілді оқып-үйрену жөніндегі қоғам, нақты өнер бірлестігі «Ағайынды Серапионовтар» және т.б. 1926 жылы үшінші курстың студенті М.Әуезов Қазақстанның халық ағарту комиссариатымен қазақ тілінде жазып бітірген «Қазақ әдебиетінің тарихын» басып шығаруға шарт жасасады, кітаптың таралымы шыққан бойда тез (пышақ кесті) өтіп кетеді. Толық Кеңес Энциклопедиясының редакциясы М.Әуезовке лұғаттық сөзтізбе жасауға және қазақ әдебиеті мен қырғыз әдебиетіндегі айтулы тұлғалар туралы мақалалар жазуға тапсырыс береді. 1921 жылы «Қилы заман» повесі жарыққа шығады.

Ленинград университетін бітіргеннен кейін жас ерлі-зайыптылар 1928 жылы Ташкентке көшеді. Мұхтар Әуезов Ташкент қаласындағы Орта Азия мемлекеттік университетінің шығыс факультетіндегі аспирантурада  оқуын әрі қарай жалғастырады. «Орта Азия түріктерінің» әдебиеті мен «Манас» эпосын зерттеп-зерделеген ол осы ескерткіштің ұзақ жасампаздығы мен сарқылмас поэзиялық күшінің құпиясын ашуға үңіледі. Осы еңбектің нәтижесі – «Манас» абызшылары мен тыңдаушы орта ғылыми зерттеу туындысы. Жас ғалым және қаламы шыңдала түскен М.Әуезов 20-шы жылдарда кәсіби фольклоршы-ғалымға айналады, осы салаға алғашқы қадамды ол Ташкент қаласында жасады. Тұңғыш перзенттері Елдестің шетінеуі, қыздары Ләйләнің дүниеге келуі. 1929 жылы Ташкентте «шағын әңгіме нұсқасындағы ең озық дүние» (Н.Анастасьев) «Көксерек» повесі жазылды. Қолға үйретілмеген қасқыр –кейіпкердің опатқа ұшыраған тарихында – суреткердің өзінің және тұтас дәуірдегі суреткерлердің жолы көрсетіледі. М.Әуезов терминологиялық комиссияның ғылыми хатшысы болып тағайындалады, Орта Азия университетінің аспирантурасына түскеннен кейін бір жыл өткен соң ғылыми қызметкер болады және ол орман техникумы мен Қазақ халық ағарту институтында қазақ әдебиетінің тарихынан сабақ береді. Қызылордада оқу құралдары, қазақ балаларына арналған орыс әліппесі, орыс тілінде оқуға арналған кітап шығады. Бірақ 1929 жылы 21 ақпанда қазақ ағарту институтының коммунистік фракциясының отырысында (жиналысында) М.Әуезов сабақ беруден шеттетіледі. Халық ағарту комиссиясының Алқасы оқытушы М.Әуезовты бұрынғы қызметіне қайта алуды ұсынады. 1930 жылы 1 қазанда «Алқа» ұйымына байланысты зиянкестік, парақорық, тамыр-таныстық бойынша айыпталып, тұтқындалады. 1931 жылы 28-ші қыркүйекте тергеу аяқталды.  Мұхтар Әуезовты концлагерге шартты түрде үш жылға отырғызу туралы үкім шығарылады. М.Әуезов 2,5 жыл қамауда болады. Баспасөзде «Мұхтар Әуезовтың мәлімдемесі» жарияланады, содан кейін ол «8.10.30 есептегенде үш жыл мерзімге к/л шартты түрде отыруға сотталған адам ретінде» қамаудан босатылады. М.Әуезов қазақ драма театрының әдеби бөліміне жұмысқа қабылданып, онда 1938 жылға дейін әдеби бөлімнің меңгерушісі болып жұмыс істейді, ол Алматы малдәрігерлік институтының қазақ және орыс әдебиеті кафедрасында доцент болады. Абай атындағы ҚазПИ-де педагогикалық қызметі 1932 жылы басталды да, 1949 жылға дейін М.Әуезов осы институттың профессоры болды. 1934 жылдан 1961 жылға дейін ол С.М.Киров атындағы ҚазМУ-де ұстаздық қызметін жалғастырды.

М.Әуезов 30-шы жылдарда «Октябрь үшін», «Айман-Шолпан» (1934), «Тартыс», «Тас түлек», «Алма бағында», «Түнгі сарын», «Ақ қайың», «Шекарада» аталатын бірегей пьесалар, «Хан кене» тарихи пьеса жазады. Шынтуайтына келгенде, тұңғыш абайтанушы М.Әуезов 1933 жылы Абай өлеңдерінің бірінші түпнұсқалық жинағы «Абай Құнанбайұлы. Толық жинақ» кітабын шығарады, кітапта ақын өмірі туралы очерк бар (Қызылорда, латын қарпі). 1936 жылы Абай шығармалырының бірінші ғылыми басылымын даярлауға басшылық етіп, әрбір жеке сөздерді, сөз орамдары мен тұтас өлең жолдарын қалпына келтіру арқылы орасан үлкен, мәні бойынша баға жетпес жұмыс жасайды. Драма театрынан 1934 жылдың бас кезінде бөлініп шыққан қазақ музыкалық театры М.Әуезовтің «Айман-Шолпан» музыкалық комедиясының қойылымын қоюдан өз жұмысын бастайды. 1937 жылы мамырда Қазақстан Жазушылар Одағының бірінші пленумы өтті, пленумда жанрдың айрықшалығы жөніндегі білімінің тереңдігімен тәнті еткен М.Әуезов драматургия туралы сөз сөйледі. 30-шы жылдардың орта шеніне қарай Мұхтар Әуезовтың Қазақстан әдебиетіндегі бас тұлға болғаны даусыз. Оның атағы бүкілодақтық дәрежеге ие болды. Ол республикадағы ең көп қойылатын драматург. 30-шы жылдардың орта шенінде Солтүстік Қазақстанның түлегі Вячеслав Иванов қара сөзбен жазылған «Мен, қазақ әнімін, соны шырқаймын» өлеңін орыс тіліне аударады. Бірақ 1937 жылы 27 қарашада театр бөлімінен М.Әуезовтың «Алма бағында» пьесасының 16 данасы және «В яблоневом саду» пьесасының 4 данасы тәркіленеді. Актіде жазылғандай осы әдебиет жойылып, өртелінген. Қазақ ССР ХКК жанындағы өнер істері жөніндегі басқармасының 1938 жылғы 29 қаңтар-дағы N 38 Бұйрығымен М.Әуезовтың «Шекарада» пьесасын қою туралы өтініш қабылданған жоқ. Сонымен қатар суретшілер кеңесінің 1934 жылғы 29 маусым-дағы Хаттамасымен  Абайдың ең озық бейнесі үшін конкурс өткізу ұсынылды, Жюридің құрамына М.Әуезов кірді. Қазақ мемлекеттік драма театрында «Ревизор» спектакліне сіңірген терең зерделі жұмысы үшін М.Әуезов жолдасқа ССР ХКК жанындағы өнер істері жөніндегі Басқарма алғыс жариялайды. 1937 жылы оны қызметтен босатады. 1933 жылы 11-ші қыркүйекте Қазақстандағы ОГПУ-дың өкілетті өкілдігінің құпия-саяси бөлімі республика компартиясының ОК хатшысы Мирзоянның атына жазылған баянжазбада буржуазиялық-ұлтшыл «Алаш партиясын» әшкерелей отырып, М.Әуезовты партия көсемдерінің бірі деп атайды. М.Әуезовтың өзі партияға кірмегенін, бірақ алашордалықтарға жақын басылым-дарға қатысқанын сан қайтара айтқан. 1939 жылы күзде Мәскеудің маңындағы Переделкинода Л.Соболевпен қосылып жазған «Абай» трегадиясы аяқталды. 1939 жылдың соңында – 1940 жылдың басында Мәскеудің «Литературный критик» журналы М.Әуезов пен Л.Соболевтің «Эпос и фольклор казахского народа» ғылыми-зерттеу еңбегін жариялайды. 1940 жылы Мәскеуде «Песни казахских степей» қазақ поэзиясы үлгілерінің жинағы шығады, кіріспе мақаланың авторлары – М.Әуезов пен Л.Соболев. 1940 жылы 18 қазанда қазақ реперткомы қазақ академиялық драма театрында «Абай» спектаклін қабылдау актісін шығарады. 1942 жылы «Абай» романының бірінші кітабы жарыққа шықты. М.Әуезов соғысқа дейін 1938 жылы А.Зильбердің «Беккет» операсына либретто жазады. А.Жұбанов пен Л.Хамиди «Абай» операсының партитурасын жасайды. 1944 жылдың бас кезінде Алматыдағы опера және балет театрында «Абай» операсының премьерасы  үлкен табыспен өтеді. М.Әуезов фильмнің сценариін  жазады, фильмді Г.Рошаль мен Е.Арон қоюға тиіс болатын. 1945 жылы 22 қыркүйекте Мәскеуде фильмнің қазақша және орысша нұсқаларын мамандар көреді. 1942 жылы М.Әуезов панфиловшылар дивизиясының жауынгерлік ерліктеріне арналған «Намыс гвардиясы» пьесасын (Ә.Әбішевпен қосылып) жазып бітіреді. Қаһарман жауынгер және жазушы Бауыржан Момышұлының пікірі төбеден жай түскендей естен тандырарлық болды. «...осы заманғы соғыс мушкетерлер мен пикинерлердің соғысы емес, және отан соғысының офицері – Сіздерге ХІV ғасырдың рыцары болып табылмайды...» Бірақ кейіннен М.Әуезов пен Б.Момышұлының арасында ең ыстық қарым-қатынас орнап, ұлы жазушының  аса қуатты дарынына табынған Бауыржан өзінің майдандағы жеке браунингін М.Әуезовке сыйға тартады. Ұлы Октябрь социалистік революциясының 25-жылдығына арналған «Намыс гвардиясы» пьесасы қазақ драматургиясындағы аса көрнекті шығарма болып танылды. Қазақ ССР ХКК жанындағы өнер істері жөніндегі Басқарма пьесаның авторлары – драматург-жазушылар Мұхтар Әуезов пен Әлжаппар Әбішевке алғыс жариялады. 1943 жыл – СССР Каз ФАН тіл, әдебиет және тарих Институтының аға ғылыми қызметкері. Абайдың туғанына 100 жыл толуына орай 1945 жылы М.Әуезов «Абай» операсына либретто, «Абай әндері» көркем кинофильмінің сценарийін, Абай өмірбаянының жаңа нұсқасы мен ақын туралы бірнеше мақала жазды. Мәскеуде «Абай» романының бірінші кітабы шықты. Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. 1947 жылы «Абай» романының қазақ тіліндегі екінші кітабы, 1948 жылы екі кітап та орыс тілінде басылды. 1949 жылы романға бірінші дәрежелі Сталиндік сыйлық берілді. 1946 жылы А.Бектің «Волоколомск тас жолы» романы бойынша киносце-нарий жазу ниеті пайда болады (Ғ.Мүсіреповпен тең авторлықта). 1947 жылы Қазақстан компартиясы ОК «Қазақ ССР ҒА тіл және әдебиет институтының жұмысындағы өрескел саяси қателіктері туралы» қаулысы шығады, онда «Қазақ әдебиеті тарихының» бірінші томының қолжазбасы аталады. (М.Әуезовтің жалпы редакциясымен). 1947 жылы  новелла жанрында өзінің соңғы дүниесі – «Асыл нәсілдер» жазылды.

1946 жыл. Филология ғылымдарының докторы ғылыми атағы беріліп, профессор болып бекітіледі, Қазақ ССР Ғылым Академиясының толық мүшесі болып сайланды. Қаз ССР ҒА тіл және әдебиет Институтының қазақ әдебиеті тарихы секторының меңгерушісі.


 


.Ол 1961 жылы 27 маусымда Мәскеу қаласындағы Кремль ауруханасында операция кезінде қайтыс болды.1961 жылы қайтыс болғаннан кейін Республика Үкіметі қаулы қабылдап, ұлы жазушының есімін мәңгі есте қалдыру мақсатымен Ғылым академиясының Әдебиет және өнер институты мен Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театрына Мұхтар Әуезовтың аты беріледі, әдеби мемориалдық мұражайы ашылып, бірқатар мектеп, көше және Алматының бір ауданы М.Әуезов атымен аталды.

Марапаттары

Сталиндік (1949), Лениндік (1959), Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты. Бірнеше ордендердің иегері.

Шығармалары

Жазушы өзінің шығармашылық жолында талай жанрға, тақырыпқа із салып, қыруар, очерк, әңгіме, пьесалар жазған, тамаша аудармалар жасаған, әдеби сынға, әдебиет тарихын зерттеу жұмысына белсене ат салысып, көптеген мағыналы мақалалар жариялаған, баяндамалар жасаған, оқулықтар құраған, жоғары оқу орындарында дәріс беріп, теориялық білімін жетілдіріп отырған.Сөйте жүре, үлкен дарын өзінің шығармашылық асқарына апаратын Абай тақырыбына қалам тартады. Үлкен жұмыстың алғашқы қарлығашы болып «Татьянаның қырдағы әні» келеді өмірге.Бұдан кейін жазушы Абай образын кең аумақта алып, бірнеше жанрда бейнелеуге кіріседі. Сөйтіп, «Абай» трагедиясы туады. Бұл ұлы ақынның образын сахнада тұңғыш бейнелеген шығарма болатын.Ұзақ зерттеп, кең тыныспен кіріскен «Абай жолы» романдарын Мұхтар он бес жылға жуық жазады. Жазушының өзі айтқандай, «Абай» және «Абай жолы» романдарын жазу жазушының шығармашылық өміріндегі сүйікті ісіне айналады. Абай жолы халық жолы, халық жолы Абай жолы. Осы бірлікті тарихи шындыққа сай асқан көркемдік шеберлікпен көрсету Мұхтар Әуезовтың шығармашылық жеңісі еді.

Шығармаларының әр жылдары шыққан басылымдары

  • Қорғансыздың күні, Орынбор, 1921;

  • Еңлік - Кебек, Орынбор, 1922;

  • Әдебиет тарихы, Қ-о., 1927;

  • Қилы заман, Қ-о., 1928;

  • Көк кашкыр (Көксерек), Фрунзе, 1928;

  • Абайдың толық шығармалар жинағы, құрастырушылар: М. Әуезов, І. Жансүгіров, А., 1933;

  • Тастүлек. Пьеса мен әңгімелер жинағы, А., 1935;

  • Ескілік көлеңкесінде. Әңгімелер жинағы, А., 1936;

  • Абай. Трагедия, М., 1941;

  • Абай. Тарихи роман, 1-кітап, А., 1942, 1948, 1953, 1955 (орыс тілінде: Абай. Роман, кн. 1, М., 1945, 1948, 1949, 1950, 1951, 1955, 1957, 1958);

  • Абай. Тарихи роман, 2-кітап, А., 1947, 1949, 1953, 1955, (орыс тілінде: Абай. Роман. кн. 2, М., А., 1948, 1949, 1950, 1955, 1957, 1958);

  • Ақын аға. Роман, А., 1950;

  • Абай жолы. Роман-эпопея, А., 1952, 1953, 1955, 1956, 1958, 1961, 1979, 1980 (орыс тілінде: Путь Абая. Роман-эпопея, М., А., 1952, 1955, 1957, 1958, 1960, 1965, 1971);

  • Әр жылдар ойлары, А., 1959;

  • Мысли разных лет, А., 1961;

  • Уақыт және әдебиет, А., 1962;

  • Өскен өркен, А., 1962;

  • Абай Құнанбаев, А., 1967;

  • Абайтанудан жарияланбаған материалдар, А., 1988;

  • Абайтану дәрістері, А., 1995;

  • Ескермедім, қабылдамадым, А., 1998.

  • Шығ. жин., 6 томдық, А., 1955 - 57;

  • Шығ. жин., 12 томдық, А., 1967-69;

  • Путь Абая, Библиотека Всемирной литературы, сер. 3, т. 7 (134)-8 (135), М., 1971;

  • Собр. соч. в 5 томах, 1-5-т., М., 1973-75;

  • Шығ. жин., 20 томдық, А., 1979-85;

  • Шығ. жин., 50 томдық, 1-50 т., 1997-2010, (1-2 т., А., 1997; 3 т., А., 1998);

Ғылыми еңбектері қараңыз: М.О. Әуезов творчествосы бойынша библиографиялық көрсеткіш, “Ғылым”, А., 1972; М.О. Әуезовтің қолжазба мұрасы, “Ғылым”, А., 1977.

КСРО халықтарының және шетел тілдерінде шыққан шығармалары

Ағылшын тілінде

  • Abaі. Book one, M., 1957;

  • Abaі. Book two, M., 1957;

Араб тілінде

  • Қорғансыздың күні, М., 1966;

  • Қараш-Қараш оқиғасы, М., 1967;

Армян тілінде

  • Абай. Роман, Ереван, 1952;

Әзербайжан тілінде

  • Абай. Роман, Бакы, 1954;

Башқұрт тілінде

  • Абай юлы. Роман-эпопея, Өфә, 1961;

Бенгал тілінде

  • Қараш-Қараш оқиғасы, М., 1966;

Болгар тілінде

  • Абай. Първа кн., София, 1950;

  • Пътят на Абай, София, 1964;

Вьетнам тілінде

  • Жас Абай, 1-2 т., Ханой, 1965;

Қырғыз тілінде

  • Тарыхый роман, Фрунзе, 1—2 кітап, 1957;

  • Абай жолу. Роман-эпопея, 1957-63;

Латыш тілінде

  • Abajs. Roman, І-ІІ, Rіga, 1948-49;

  • Abaja Cels, І-ІІ-ІІІ-ІV, Rіga, 1963;

  • Koksereks. “Druva”, ғ15, 1960;

Литва тілінде

  • Suvіs Kalnuose, Vіlnіus, 1963;

  • Abajus. Romanas І-ІІ, Vіlnіus, 1950;

  • Abajaus Kelіas, Vіlnіus, 1960;

  • Jaunojі karta [Өскен өркен], Vіlnіus, 1969;

Мадьяр тілінде

  • Egy Kolto utja [Ақын жолы], Budapest, 1956;

Молдова тілінде

  • Абай, І-ІІ, Кишинэу, 1959-62;

  • Вицэ тынэрэ [Өскен өркен], Кишинэу, 1969;

Моңғол тілінде

  • «Абай жолы». Роман-эпопея, 1 т., 1972; 2 т., 1978;

Неміс тілінде

  • Der grіmmіge Graue [Көксерек], Вerlіn, 1962-64-65;

  • Der Schuss auf dem Gebіrgspass [Қараш-Қараш оқиғасы], Вerlіn, 1964;

  • Abaі. Roman, І-ІІ b., M., 1953;

Өзбек тілінде

  • Бургутчи, Тош., 1960;

  • Уқимишли йигит”, Тош., 1960;

  • Қараш-Қараш вақеаси, Тош., 1962;

  • Кукел, Тош., 1964; Абай, І-ІІ к., Тош., 1951-52;

  • Абай йули, Тош., 1957, 1959, 1960;

Парсы тілінде

  • Қараш-Қараш оқиғасы, М., 1966;

Поляк тілінде

  • Okrutny szary [Көксерек], Warszawa, 1961;

  • Syn Kazachctana (Abaj), Powіesc, 1, Warszawa, 1950;

  • Syn Kazachctana (Abaj), Powіesc, 2, Warszawa, 1951;

  • Droga Abaja, Warszawa, 1954;

Румын тілінде

  • Abaj. Roman, Bucurestі, 1950;

  • Abaj. Roman-epopea, Bucurestі, 1961;

Cаха тілінде

  • Абай. Якутск, 1965;

Cловак тілінде

  • Abaj, Bratіslava, 1951;

  • Abajova cesta, Bratіslava, 1961;

Татар тілінде

  • Абай. Тарихи роман, 1-2 т., Казан, 1957-60;

Тәжік тілінде

  • Садои тирдар ағба [Қараш-Қараш оқиғасы], 1962;

  • Нозанини мотам гирифта [Қаралы сұлу], 1967;

  • Абай, Сталинабод, 1955-57;

Түрікмен тілінде

  • Абай. Роман, 1—2, Ашхабад, 1958;

  • Абайың елы, Ашхабад, 1961;

Тыва тілінде

  • Көк кааррак, Кызыл, 1964;

  • Чалыы салган, [Өскен өркен], Кызыл, 1969;

Украин тілінде

  • Сірий лютий, Киів, 1955;

Ұйғыр тілінде

  • Абай. Роман, 1-2 к., А., 1949, 1954;

  • Абай йоли, А., 1955, 1957, 1962;

Француз тілінде

  • Abaі, Parіs, 1960;

  • Le coup de feu, M., 1963;

Хинди тілінде

  • Қараш-Қараш оқиғасы, М., 1967;

Чех тілінде

  • Abaі. Roman, Praha, 1948;

Эстон тілінде

  • Abaі. Romaan, І-ІІ kn, Tallіn, 1950, 1951;

  • Abaі tee. Romaan-epopoa, Tallіn, 1960;
























Құрастырған кітапханашылар: Тусупова Г.М.

Узканова А.Қ.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!