Материалдар / Мұхтар Әуезов "Абай жолы" роман -эпопеясындағы көтерілген мәселелер

Мұхтар Әуезов "Абай жолы" роман -эпопеясындағы көтерілген мәселелер

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың мақсаты бойынша тапсырмалар берілді. Дескрипторлары бар. Слайдты да қосымша жүктеп алыңыз.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Ақпан 2024
630
2 рет жүктелген
630 ₸ 700 ₸
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар


Бөлім:

Ғасырлық туынды

Педагогтің аты-жөні:

Мухсинова А.М.

Күні:

07.02.2024

Сынып: 11 «Ә»

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

М.Әуезов "Абай жолы" роман-эпопеясындағы көтерілген мәселелер.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары

11.1.2.1 әдеби шығармадағы көтерілген мәселелерді қазіргі

өмірмен байланыстырып, ұлттық мүдде тұрғысынан ашу

11.2.3.1 шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау

амалдарының қызметін талдай отырып, автор стилін анықтау

Сабақ мақсаты:

-Әдеби шығармадағы көтерілген мәселелерді өмірмен

байланыстырады

-Мәселенің маңыздылығын ұлттық мүдде тұрғысынан

түсіндіреді

-Шығармадағы көркемдегіш құралдардың қызметін талдайды, автордың стилін анықтайды

Бағалау критерийлері

-Көркем шығармалардан алған үзінділерді талдайды.

-Көркем шығармалардан алған үзінділерді ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстырады.

-Көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолданады.

Құндылықтарға баулу:

Ынтымақтастық: бір-бірін қолдау, өзгенің пікірін сыйлау

жұптық және топтық жұмыстар орындау барысында өзіне және айналадағы адамдарға деген құрмет;

өз пікірін білдіру барысындағы ашықтық;

Сабақтың барысы

Сабақ кезең-дері/уақыты

Педагогтің іс-әрекеттері

Оқушының іс-әрекеттері

Бағалау

Ресурс-тар

Сабақтың басы 3 минут Ұйымдастыру кезеңі:


Өткен тақырыптарға шолу

7 минут

Оқушылармен сәлемдесу рәсімі. Ынтымақтастық атмосферасын орнату.

Кезекшінің мәліметі.




1-тапсырма ЖЖ

Өрде (1) бөлімі бойынша сұрақтар топтамасы:

-Ұлжан Алшынбайдың ауылына не мақсатпен келді?

-Ұлжан бастаған отыз шақты адамның арасында кімдер бар?

-Жас балаға, келін мен күйеуге үкіні не үшін тағады?

-Осы бөлімде қандай салт-дәстүрлер кездеседі?

-Қалың мал, киіт не мақсатта беріледі?

- «Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» дегенді қалай түсіндіресіздер?


Сабақтың тақырыбы, мақсаты айтылады.


Оқушылар хормен:

Мейірімді жүрекпен

Ақ пейілді тілекпен,

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық.



Ықтимал жауаптар.

Құда түсу мақсатында. Ұлжан құдасының аулына отыз шақты кісімен барады

үкі қасиетті құс саналған. Сондықтан халық үкі

қауырсындарын жас нәрестенің бас киіміне, бесігіне таққан. құс сәбиді жын-шайтаннан қорғайды, оның тыныш ұйықтауына септігін тигізеді деп сенген. Осыдан келіп, қыздар мен сері жігіттер бас киімдеріне,

жас келіндер екі бұрымына сәндікке Үкі тағуды дәстүрге айналдырған.







Оқушылар дәптерлеріне сабақтың тақырыбын жазады.

Жарайсыңдар (Ауызша мадақтау)





Оқушылардың жылдам жұмыс жасау дағдылары артады.


Дескрипторлар:

-берілген сұрақтарға дұрыс жауап береді








Слайд

2-4

Сабақтың ортасы

25 минут

2-тапсырма ЖЖ

«Абай жолының алтын өзегі не?» деген сұраққа Мұхтар Әуезов «Менің романымда айрықша көңіл бөлгенім – әке мен баланың арақатынасы еді» деген екен. Автордың осы ұстанымын негізге алып, шығармадағы әке мен бала арасындағы қайшылықтың басты себебіне ұлттық мүдде тұрғысынан талдау жасаңыз.

Оқушылар тапсырманы орындайды, кестені толтырады.

Дескриптор:

-көтерілген мәселенің себебіне талдау жасайды;

- шығармадан мысал келтіреді;

- ұлттық мүддені тарихи кезең тұрғысынан талдайды.


Слайд №7


3-тапсырма:

Үзіндіден көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын тауып, қолданысына талдау жасаңыз. Автор стилін анықтаңыз.


Оқушылар үзіндіні түсініп оқиды.

«…Қырын отырған әкесінің үлкен, кесек пішіні Абайға жартылай ғана көрінеді.Түсі суық. Қара сұр жүзіне бозғылданып түгі де шығып алыпты. Жалғыз өзі ұзақ сөйлеп отыр. Зор даусында ыза мен зіл бар. Кейде Абайға қызық көрінетін бір мақалдар, мәтелдер айтылып кетеді. Абай әкесінің сөз желісін, түп мәнісін түсінген жоқ. Кейбір мақалдарын ғана таңдана шешіп отыр. Осы бар үлкеннің мұндай жердегі салты бойынша әкесі де тұспалдып, орағытып, ұқтырмай сөйлейді. Бір сөзімен бір сөзін жалғастыруға Абай үлгермей, адасып қап отыр… Кейбір өзі білмейтін қиын, жаңа сөздерін ұстап қалады…

Әкесінің ат жақты келген, ұзын сопақ басының құлақтан жоғарғы жері қаз жұмыртқасындай көрінеді. Онсыз да ұзын, үлкен бетіне ұп-ұзын боп дөңгелей біткен сақалы қосылғанда, басы мен беті бір өңірдей. Сонда Құнанбайдың жалғыз сау көзі, оның көтеріңкі жал-тұмсығының сол иығына шығып алып, қалғымай, сақшыдай бағып, осы өңірді қалт етпей күзетіп тұрған сияқтанады. Қоя берсін, салғырттығы жоқ сергек, қатал күзетші» ( 1-кітап, 17,18-беттер).




Дескрипторлар:

- үзіндідегі кейіпкер портретін суреттеудегі көркемдегіш құралдардың түрлері мен айшықтау амалдарын анықтайды;

- олардың қызметіне талдау жасайды;

- кейіпкер портретін берудегі автордың стильдік ерекшеліктерін

көрсетеді.


Оқушы-ларға үзінділер беріледі.

Сергіту сәті

https://wordwall.net/resource/67920723

Сабақтың соңы 2 минут

Рефлексия.

Бүгінгі күннің сөйлемі

Мақсаты: оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Оқушылар сабақтағы алған әсерлерін бір сөйлеммен баяндайды

Оқушылар бүгінгі сабақтың тақырыбы, мақсаты бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.




Қосымша:

Бөжей Ералыұлы (1812-53) - Тобықтының Жігітек атасынан шыққан беделді кісі. Кеңгірбай бидің немересі. Ел басқару ісіне ерте араласқан. Әуелі Құнанбайдың қамқорлығында болған. Алайда, 1846 жылғы жер дауына байланысты екеуінің арасы ажыраған. Осы жанжалдың ақырында Құнанбай Бөжеймен татуласу үшін Айғыздан туған қызын Бөжейдің баурына салады және 3 ат, бума-бума мата, 3 қойтұяқ жамбы, бір күң қосып береді. Көп ұзамай Құнанбайдың Бөжейге берген қызы да, күңі де өліп, дау қайта өршиді. Құнанбайдың үстінен қылмысты іс қозғалады. Осы кезде Бөжей кенеттен қайтыс болып, іс тоқтап қалады. Бірақ Қаратай Сапақов, Кенжалы Әйтиевтер бастаған топ дауды қайта қаузап, болысты екіге бөлуді сұрайды. Бөжей балалары - Жабай, Нұрмолдалар әскери губернаторға - Г. А. Колпаковскийге арызданып, әкелерінен мұраға қалған Тоқпанбет қорығын қайтартып беруді өтінеді. Генерал-майор Колпаковский арыздағы жайлар рас болса, жерді мұрагерлерге қайтарып беру туралы Сергиополь округіне хат жазады. 1866 ж. Күшік-тобықты болысының басқарушысы Құнанбайұлы Құдайберді өліп, оның орнына (Ибраһим Абай Құнанбайұлы) болыстыққа сайланады. Атадан балаға жалғасып, 20 жыл бойы шешілмей келген дау Абайдың арқасында әділ шешімін табады




Ұрпақтар сабақтастығы, әсіресе, әке мен баланың арақатынасы мәңгілік мәселе. Студент жастармен бір кездесуінде «Абай жолының» алтын өзегі не деген сұраққа Мұхтар Әуезов: «Менің романымда айрықша көңіл бөлгенім – әке мен баланың арақатынасы еді» деген екен. Ел жадында сақталғаны – Құнанбайдың жас жігіт Абайға үлкен сенім арта отырып, «ата салтынан адаспа, балам» дегені. Сол сияқты Құнанбай ұлына не деп мін тақты? Әке сөзіне Абай қандай жауап берді екен?..
– Сенің басыңнан үш түрлі мін көремін. Соны тыңда!
Ең әуелі, арзан мен қымбаттың парқын айырмайсың. Өзіңдегі барыңды арзан ұстайсың. Бұлдай білмейсің. Көп күлкіге, болымсыз ермекке асылыңды шашасың. Жайдақсың! Жайдақ суды ит те, құс та жалайды.
Екінші, дос пен қасты сараптамайсың. Досқа досша, қасқа қасша қырың жоқ. Жұрт бастайтын адам ондай болмайды. Басына ел үйрілмейді.
Үшінші, орысшылсың. Солай қарай ден қойып барасың. Дін, мұсылман жат санайтынын ескермейсің! – деді.
– Осы үш айтқаныңыздың үшеуіне де дау айтам, әке. Өзімдікі дұрыс деп айтам.
Ең әуелі, жайдақ суға теңгердіңіз. Қолында құралы бар жалғыз-жарымға ғана пайдасы тиетін шыңыраудағы су болғанша, құралды, құралсыз, кәрі, жасқа түгел пайдасы тиетін жайдақ су болғанды артық санаймын.
Екінші, ел алатын тәсілді айттыңыз. Ел билейтіндердің мінезін айттыңыз. Менің білуімше, ел бір заманда қой сияқты болған. Бір қора қойды жалғыз қойшы «ай» десе өргізіп, «шайт» десе жусататын болған. Бертін келе, ел түйе сияқты болды. Алдына тас лақтырып «шөк» десең, аңырап барып қана бұрылады. Ал, қазіргі ел бұрынғы көрбалалықтан, нашар, момындықтан сейіліп, көзін ашып келеді. Ендігі ел жылқы сияқты болды. Аяз бен боранда, жауын-шашында топ не көрсе, соны көруге шыдаған, жанын аямаған, қар төсеніп, мұз жастанған, етегін төсек, жеңін жастық қылған бақташы ғана баға алады... Жанашыры бар, жақсылық пайдасы бар ғана кісі бағады...
Үшінші, орысты айттыңыз. Халық үшін де, өзім үшін де дүниенің ең асылы – білім-өнер.
Сол өнер орыста. Мен барлық тірліктен ала алмаған асылды содан алатын болсам, ондай жер жатым бола ма? Жатырқап, қашықтауым надандық болса болар, бірақ қасиет болмас...– деді.







Материал жариялап тегін
сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!