Материалдар / «Мұхтар Әуезов біз үшін....»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Мұхтар Әуезов біз үшін....»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің өмірі мен шығармашылығымен таныстыру. Абай жолы роман – эпопеясымен таныстыру. Оқушыларды ұлылардың өмірінен үлгі алуға баулу, шығармашылық танымдарын толықтыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Желтоқсан 2017
1035
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Мұхтар Әуезов біз үшін....»

дөңгелек үстел

Мақсаты: Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің өмірі мен шығармашылығымен таныстыру. Абай жолы роман – эпопеясымен таныстыру. Оқушыларды ұлылардың өмірінен үлгі алуға баулу, шығармашылық танымдарын толықтыру.

Көрнекілігі: слайд, кітап көрмесі

Жоспары:

Ашылу салтанаты

Мұхтар Әуезовтың өмірі

«Абай жолы» эпопеясы

Еңбегі мен әңгімелері

Сұрақ – жауап бөлімі

1- жүргізуші- Армысыздар текті елімнің текті ұрпақтары!!!

2-жүргізуші – Армысыздар кешке жиналған қауым! Мұхтар Әуезовтың 120 жылдығына арналған кешімізді ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!!!

1-жүргізуші: бүгінгі кешіміз қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР ғылым академиясының академигі, филология ғылымының тұңғыш докторы, профессор, Қазақ КСР – ның еңбек сіңірген ғалым қайраткері Мұхтар Әуезовтің 120 жылдығына арналады.

2 –жүргізуші: Әдебиеттің асқары іспеттес тұлғаның өмірі де, өзі де дара, дана. М. Әуезов – жомарт табиғаттың жарық дүниеге тым сараң сыйлайтын бір туары. ХІХ ғасырдың асқар белі Абай болса, ХХ ғасырдың заңғар биігі – Мұхтар Әуезов.

1-жүргізуші: Осынша қазақ үшін дара тұлға туралы кемеңгерлердің, белгілі тұлғалардың өздері тебірене естелік айтыпты:

«Мұхтар Әуезов – біздің бүгінгі адамзатқа ортақ мәдениет шеруіне қатысуға жолдама алып берген елшіміз»

Н.Ә. Назарбаев

«Орыс мәдениеті үшін Пушкин қандай болса, шығыс халқының мәдениеті үшін Әуезов сондай»

Ш. Айтматов

« Қазақстан үшін Әуезов – екінші Абай»

Николай Погодин

Мұхтардың ғұмырнамасы

1-жүргізуші: Мұхтар Әуезов Семейдің Абайында, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Қасқабұлақ – Бөрілі аулында 1897 жылы туған Атасы Әуез, әкесі Омархан елге қадірлі сауатты, әдебиетпен өнерге құмар жандар болған. Атасы Әуез кішкене кезінен немересіне Абай өлеңдерін жаттатып отырған. Немере ағасы Қасымбекпен бірге Семейдегі орыс гимназиясында, оны бітірген соң, осындағы мұғалімдер семинариясында төрт жыл оқиды. 1922 жылы Ташкент Мемлекеттік университетіне түсіп, 1923 жылы Петербург университетіне ауысып, 1928 жылы бітіреді.

Орта Азия мемлекеттік университеті Шығыс факультетінің аспирантурасынан білім алады.

2-жүргізуші: Тұңғыш жарық көрген еңбегі (1917) «Адамдық негізі – әйел» деп аталады. Көсемсөзде әйелдің тең құқығы, бостандығына назар салып, қызмет бір ғана әйел үшін емес, қоғам үшін екенін айтады. Қазіргі нақыл сөзге айналған: «Ал, қазақ, мешел болып қалам демесең, тағылымыңды, бесігіңді түзе! Оны түзейін десең, әйелдің халін түзе!» - деген ойды айтқанда М. Әуезов не бары 20 жаста ғана болатын.

1 –жүргізуші: М. Әуезов шығырмашылығының үлкен арнасы – ұлы Абай жайындағы еңбектері. Бала кезінен данышпан ақынның өлеңдерін жаттап, ұлылығын құлағына сіңіріп өскен М. Әуезов бұл тақырыпқа әңгіме де (Татьянаның қырдағы әні), «Абай (Ибарагим) Құнанбайұлы» атты зерттеу, сценарии, «Абай» романын жазды.

М. Әуезовтің қазақ әдебиетінің ұлы шығармасы Абай жолы алғаш «Абай» деген атпен 1942 жылы бірінші, 1947 жылы екінші кітабы жарық көрген.

Абай жөніндегі романы - сол кезеңдекүллі дүние жүзіне көркем сөз құдіретімен, жазушы шеберлігімен қазақ елінің әдебиеті мен мәдениетін, әдеп – ғұрпын танытқан шығарма. Халықты, халықтың әдебиетін мойындатқан туынды.

2- жүргізуші Алғашқы көркем әңгімесі «Қорғансыздың күні» 1921 жылы жарияланды. М. Әуезов 1922 жылы Орынборда Қазақ Орталық атқару Комитетінде жауапты қызметте болды. Бұдан соң Ташкентке келіп, қызметке орналасады, әрі Орта Азия мемлекетінде оқиды. Мұхтар Әуезов бірталай әңгімелері 1922-1923 жылдары Ташкент қаласында шығып тұрған «Сана», «Шолпан» журналдарында басылған. («Кешкі дөң басында», «Түнгі ауыл», «Қысты күнгі дала», «Сыбанның моласында», «Сөніп жану» т.б),

1-жүргізуші: Адамдықтың негізі – әйел» (1917 жылы), «Мәдениетке қай кәсіп жуық», «Оқу әдісі», Ғылым тілі (1918 жылы) жарық көреді. Осы мақалаларында ол оқу- ағартудың, мәдениеттің маңызды мәселелерін көтереді. Мұхтардың 1923 жылы Орта Азия университетінде қырғыз эпосы «Манас» туралы жасаған баяндамасы ғылыми қауымның назарын аударады.

2- жүргізуші: 1924 жылдың қысында М. Әуезовтің басқаруымен Семейде Абайдың қайтыс болғанына жиырма жыл толуына арналған ғылыми жиналыс өткізеді. Оның көркем прозадағы бір топ туындысы да осы кезең жемісі («Жетім, «Барымта», «Ескілік көлеңкесінде», «Жуандық» т.б.). Драматургия, аударма, сыни – зерттеу еңбектері де қатарласа туып жатады. Бұған 1923 жылы жазылған «Бәйбіше – тоқал» драмасы мен «Қобланды батыр», «Қазақ әдебиетінің тарихы» атты зертеулері мысал бола алады.

1-жүргізуші: Оның ендігі шығармаларында ескі қазақ ауылындағы таптық қайшылықтар мен күрестер сырын көрсету өткірлене түседі. «Қарагөз» трагедиясында Мқхтар бұрынғы қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікті, жастар басындағы еріксіздікті тамаша суреттеді. «Қараш – Қараш оқиғасы -1927 ж, «Қилы заман -1928 ж. Повестерінде ел өміріндегі күрделі мәселелерді көтерді.

2-жүргізуші:Отызыншы жылдар – М. Әуезовтың түрлі жанрда еңбек еткен тұсы. Бұл кезде ол ғылыми – зерттеушілік жұмысын оқытушылықпен берік ұштастырады, орта және жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арнап оқулықтар жазуға, хрестоматиялар құрастыруға қатысты.

1-жүргізуші: Ауыз әдебиетін зерттеуді Мұхтар Әуезов шығармашылық мақсатта жүргізген. 1934 жылы жазылған «Айман – Шолпан», одан біраз кейінірек туған «Қарақыпшақ Қобланды», «Бекет» пьесалары – осындай игілікті ізденістердің нәтижесі.

2-жүргізуші: Абайдың әдеби мұрасын ұзақ тексеру «Абай» пьесасын жазуға әкелді. Мұның өзі жазушының әрқашан ғылыми көркем шығармашылықты қатар алып жүргенін,бұл күрделі шығарма жасаудың белгілі бір шартына айналғанын көрсетеді.

Сұрақ – жауап

1-сұрақ Қорғансыздың күні қай жылы жарық көрді, осы әңгімесінда не туралы айтылған?

( қорғансыздың күні 1921 жылы, жазушының алғашқы жарық көрген әңгімесі. Мүнда Ғазиза деген панасыз жетім қыздың адам айтқысыз озбырлық, қорлыққа шыдамай, боранға ұрынып, үсіп өлгені айтылған. Бұл шығармада Ақан сияқты қара ниет ауыл әкімінің тағылық қылықтары әшкерленеді).

2- сұрақ М. Әуезов 1923 жылы Ленинград университетіне филология факультетіне оқуға түскеннен, 1924 жылы елге оралады. Осы аталған оқу орынын аяқтай ма?

(1925 жылы М. Әуезов Ленинград университетіне қайта келіп оқуын жалғастырады, 1928 жылы бітіріп шығады)

3-сұрақ М. Әуезов қандай ұйымға мүше болған?

(1918 жылы М. Әуезов Семей қаласының өкілі ретінде Омбы қаласында өткен жалпы қазақ жастарының құрылтайына қатысып, атқару комитетінің мүшесі болып тағайындалады. Құрылтайда «Алашорда» үкіметі мен Алаш қозғалысының бағытын ұстанған «жас азамат» атты Бүкілқазақстандық жастар ұйымы құрылады. Осы ұйымның белсенді мүшесі болады.

4- сұрақ «Өз жайымнан мағұлмат» атты өмірбаянында жазушы қандай естеліктерді айтты.

( қазақ жазушыларынан, әрине Абайды сүйемін. Менің бала күнімнен ішкен асым, алғае нәрімнің барлығы да Абайдан. Таза әдебиет сарынына бой ұрған маған Абай деген сөз қазақ деген сқзбен теңбе – тең түскендей кездері бар сияқты. Абайды сүюім үнемі ақылдан туған, сыннан туған сүйіс емес, кейде туған орта, кір жуып, кіндік кескен жерді сүюмен барабар болатыны бар», - деп жазды.

5-сұрақ М. Әуезов қай жылы қайтыс болды?

(Бүкіл саналы өмірі мен дарын қуатын, жігерін туған халқына ұлы Отанына қалтқысыз қызмет етуге арнаған, аса көрнекті жазушы, ғалым қоғам қайраткері 1961 жылы 27 маусым күні Москва қаласында өмірден озған). Қорытынды:Заманымыздың заңғар жазушысы, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің ХХ ғасырдағы биік шыңы – ұлы Мқхтар Омарханұлы Әуезовтің артында қалған ұлаңғайыр мұрасын зерделеп, ой елегінен өткізу үшін де әр дәуірдің әр ұрпақтың өз айтар сөзі, таным – түсінігі болатыны сөзсіз. Егемен ел жағдайында ұлы жазушы мұрасына деген ілтипатымыз да осындай бір ұмтылыстың көрінісі болмақ. М. Әуезовтың көркем мұрасы біздің төл әдебиетіміздің ғана емес, бүкіл адамзат мәдениетінің де бағалы жетістігі екені тарихи шындық. Оның Абай туралы жазған эпопеясы мен асқан шеберлікпен жазылған шағын әңгімелері, повестері ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің және әлем әдебиетінің алтын қорына енді.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!