Мұхтар Мағауиннің «Бір атаның балалары» хикаяты

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мұхтар Мағауиннің «Бір атаның балалары» хикаяты

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар


Сынып 6

Күні

Сағат саны

Тексерілді

Мұғалім

Молдабекова Мақпал Шохановна

Пәні

Қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы

Мұхтар Мағауиннің «Бір атаның балалары» хикаяты.

Түрі

Қортындылау сабағы

Әдісі

1.Топпен жұмыс

2.Диалогті әдіс

3.Миға шабуыл

4.Рафт әдісі

5.Сатылай кешенді талдау

Мақсаты

Оқушылардың мәтінді толық оқып, меңгергендігін тексере отырып, хикаяттағы кейіпкерлер туралы өзіндік пікірлерін қалыптастыру, өзіндік ойлау, эстетикалық көзқарасы қалыптасқан оқырман дайындау.

Міндеті

Шығарма идеясын тануға үйрету,сөздік қорын молайту, түрлі тәсілдер арқылы балалардың байқағыштық, тапқырлық сөз астарын түсіну, өз ойын ауызша да, жазбаша да жүйелі қабілеттерін дамыту.

Шығарма идеясы негізінде оқушыларды адамгершілікке, мейірімділікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

Шығарманың идеясын түсінеді, өз ойын еркін жеткізе алады, шығарма құрлысына қарай екі нұсқада сатылай кешенді талдау жасайды, адамгершілік асыл қасиеттерді бойына сіңіре алады.

Ресурстар

Топқа бөлу парақшасы, кері байланыс парағы, оқулық, слайд, постер, стикер.

Сабақтың барысы

1.Ұйымдастыру Топқа бөлу 2 мин

2. Қызығушылықты ояту ( білу, түсіну ) 15 мин

3. Мағынаны ашу (қолдану, талдау) 15 мин

4. Ой толғаныс (жинақтау, талдау) 10 мин

5. Бағалау 3 мин

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Шығарма мәтіне байланысты жақсылық, мейірімділік, қайырымдылық деп үш топқа бөлу.

Оқушылар жақсылық, мейірімділік, қайырымдылық деп үш топқа бөлінеді.


Сергіту сәті. « От шашу»

Сергіту сәтіне от шашу жасайды.

Қызығушылығын ояту

Оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында, сабаққа бастама ретінде «Миға шабуыл» әдісі бойынша кейіпкерлерін тереңірек ұғыну үшін проблемалық бағыттаушы сұрақтар ұсынылады.

1-топ: Жақсылық

2-топ: Мейірімділік

3-топ: Қайырымдылық

1-топ: Жақсылық тобы мына сұрақтар негізінде ой толғайды.

Зекен әке үмітін ақтай ала ма?

Иә, Зекен Ахмет атаның туған ұлындай болып кетеді. Себебі,Зекен ақылды бала. Әкесі оны өгейсітпейді, жетімдік көрсетпеді. Сондықтан Зекен өсіп, өзінің кім екенін анық білгенде де Ахметұлы болып қала берді.Қарт әке шешесін асырайды.

2-топ: Мейірімділік тобы мына сұрақтар негізінде ой толғайды.

Зигфридтің Зекен болып қалыптасу себебі (толықтыр, пікір қос)

Зигфрит Вагнер деп айтуа тілі келмеген Ахмет шал қазақшалап Зекен деп атады. Бар баласын соғысқа аттандырып, қара қағаз алып, шаңырағым шайқалып, отым өшеді деп отырған Ахметтің Зекен үмітін жақты. Өзіндегі бар мейірімін, ұлттық қасиетін осы Зекен бойына сіңіруге тырысты. Сондықтан Зекен бірден өзінің туған үйіне тап келгендей сезінді. Бөтенсінбей,сіңіп кетті. Әке мен ананың ыстық құшағы, жұмсақ алақаны, махаббаты Зекенді қазақ ұлы етіп жіберді.

3-топ: Қайырымдылық тобы мына сұрақтар негізінде ой толғайды.

Нартай мен Ертай өліміне кім кінәлі?

Нартай мен Ертайдың тағдырына асырап алған әке- шешесін кінәлағандар да болды, соңында бәрі «Оған кінәлі соғыс» деген тоқтамға келді.

Мағынаны тану

1.Үш топқа «Соғыс», «Бейбітшілік», «Болашақ» деп жазылған кеспе қағаздарын беру. Бұл сөздер қандай ұғымдарды елестетіндерін жазуды тапсыру, топтастыру, постер қорғау.




















2.Жазушы өмірінен мәлімет, шығарманың құрлысына, әдеби теориялық ұғымдарға талдау.

1-топ: М. Мағауин шығармасы

2-топ: Шығарманың құрлысы

3-топ: Әдеби теориялық ұғым.

1.«Соғыс» «Бейбітшілік» «Болашақ» ұғымдары бойынша өз ойларын ортаға салады.

Топтастырады.


Соғыс Бейбітшілік

Өртенген қала Қуаныш

Өлім Той думан

Мүгедект Ашық аспан

Жетімдер Бақыт

Жылау сықтау Тыныш ұйқы

Қайғы Білім



Болашақ

Білім

Еңбек

Адамгершілік

Ана тілің

Отаның




2.Жазушы өмірінен мәлімет, шығарманың құрылысына, әдеби теориялық ұғымдарды талдайды.

1-топ: Мұхтар Мағауиннің шығармасына сатылай кешенді талдау.

1. Әңгіменің аты, авторы.

М.Мағауин «Бір атаның балалары»

2. Тақырыбы: Ұлы отан соғысы жылдары

қазақ аулының өмірі, жетім

балалар тағдыры, бауырмалдық

адамгершілк

3.Идеясы: Қазақ халқының бауырмалдық,

адамгершілік қасиеттерін

дәріптеу

4.Тәрбиелік мәні: Бауырмалдыққа,

қайырымдылыққа,

адамгершілікке,

Ынтымаққа тәрбиелейді

5. Жанры: проза, повест



2-топ: Шығарманың құрлысына сатылай кешенді талдау.


Әгіменің басталуы Соғыстан кейінгі

ауыл өмірі

Әңгіменің дамуы Балаларды бөліп

алуы

Әңг-нің байланысуы Зигфридке той

жасауы

Әңг-нің шиеленісуі Қазақ балаларымен

Зекеннің достасуы

Шарықтау шегі Ахметтің үстінен

арыз түсуі

Әңг-нің шешімі Ахмет ақталды


Қорытынды Ахмет Бегімбетов

Көрші колхозға

көшті



3-топ: Әдеби теориялық ұғым бойынша сатылай кешенді талдау.


  1. Кейіпкерлері:Дәуренбек-ақсақал

Берден-бригадир

Ахмет-ауыл ақсақалы

Нартай, Ертай-

ағайынды қазақ

балалары

Рашид-татар баласы

Яков-орыс баласы

Зигфрид-неміс баласы

Жақан-ауыл молдасы

Келімбет-Ахметтің

үлкен ұлы.

Портрет. Образ портретсіз болмайді. Ол адамнығ бет пішінін бейнелеуде, тұлғасын танытуда орын алады.

а) Ахмет-ширатылған ұзын бозғылт мұрт, шоқша сақалды, өңі желмен күнге тотыққан ақ сұр шал.

ә) Дүнген қыз-сығырайған, жалпақ бет, тақыр бас қара қыз бала.

б) Зигфрид-аяғын күс басқан қара сирақ, қараторы неміс баласы. Шашы ұстарамен алынған басы да қарақұйқа, Бірақ түр тұлғасы әлі де бөлек. Тұнық көкпеңбек көз, ақшыл сары кірпігі мен қасынан бөтен нәсіл екені айқын.


Теңеу. Заттың, құбылыстың, қасиет сапасын алу үшін,екінші бір затпен, құбылыспен салыстыра суреттеу.


Жұрттың дабыры пышақ кескендей тыйылды.

Осы ауылдан сайдың тасындай қырық үш азамат кетіп еді.


Синоним. Айтылуы, дыбысталуы басқа, мағыналары бір-біріне жақын сөздер.

Реніш-өкпе болмасын. Қайғы- мұң, өкпе- араз, әйел- қатын, қарқылдап- дабырлап.


Антоним. Мағыналары- қарама қарсы сөздер.

Ахмет күндіз мал қарап, түнде күш көлік баға мА? Жиынға жұрт үлкен- кіші, кәрі- жас демей тегіс жиналды.


Тұрақты тіркес. Келмей жатып кісі үйінде тұрған соң, тас бауыр болып кете ме деп күдіктенем. Жүзі жылыды -мейірленді. Тіл тигізді- ұрысты.


Дисфемизм. Әдеби тілге жатпайтын сыпайы, әдепті сөзді анайы сөзге айналдырып айту.

а) қақбас; ә) өлген; б) азған аттанның аузы.


Мақал мәтел. Айтқан сөз атылған оқ.

Жауды аяған жаралы.

Салт-дәстүрлер. Тілін кәлимаға келтіру

көкпар, сүндетке

отырғызу, күрес,

асық жілік ұстар

тойы

Ой толғаныс


«Рафт» әдісі бойынша арнау хаттарын жазу












Сөздікпен жұмыс жүргізу.




1-топ: Зигфридтің Ахметке алғыс арнауы


2-топ: Зигфридтің Дәуренбекке түсініспеушілік хаты


3-топ: Зигфридтің соғысқа қарсылық жолдауы






Сөздікпен жұмыс жүргізіледі.



Гимнастерка-- әскери сырт киім


Протез -- адамның жоқ мүшесінің орнына ыңғайлап жасалған жасанды мүше


Лобогрейка-- егін шабатын машина


Айыл-- ер тоқымды жылжымайтындай ұстап тұратын жалпақ қайыс тартпа.


Зәузатынан-- баласынан деген мағынада


Сұлбасы-- бейнесі


Раса-- нәсіл


Детдом-- жетім балаларды тәрбиелейтін үй



Үйге тапсырма. «Біз- бейбіт елдің ұлдарымыз» тақырыбы бойынша шағын шығарма жазып келу

«Біз- бейбіт елдің ұлдарымыз» тақырыбы бойынша шағын шығарма жазып келеді.

Кері байланыс парағымен жұмыс.

Білемін

Білдім

Білгім келеді


Бағалау парағы.



































Молдабекова Мақпал Шохановна

Астана қаласындағы № 25 О.М

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
12.10.2018
1737
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі