Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Түсінікті
Материалдар / Мұхтар шахановтың "Отырар" дастаны желісімен сахналық қойылым
2024-2025 оқу жылына арналған
қысқа мерзімді сабақ жоспарларын
Жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Мұхтар шахановтың "Отырар" дастаны желісімен сахналық қойылым
Материал туралы қысқаша түсінік
М.Шахановтың "Отырар" дастаны оқиғасының желісімен Тәуелсіздік күніне арналған тарихи қойылым. Тәуелсіздік күніне байланысты студенттерге Қазақ тарихынан ерекше орын алатын "Отырар" оқиғасын "Өскемен көпсалалы технология колледжінің" ұстаздары сомдады.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып көруге болады
Қазақстан Республикасының Агарту
министрлігі
Өскемен көпсалалы технология
колледжі
М.Шахановтың
«Отырар»
(сахналық қойылымның
бағдарламасы)
Дайындаған: Қазақ тілі және әдебиеті
пәнінің оқытушысы Толеубекова
А.Т
окытушы Кекубаева Ш.К Тарих пан3н3н
окытушысы
Өскемен,
2018
Мақсаты:
Тәуелсіздікке күрес жолында қазақ ұлтының
ер ұлдары туған жерін жаудан қорғаған ел тарихындағы ерен
ерліктерімен таныстыру;
Елін, жерін сүйген алып тұлғалы
батырлардың адамгершілік, парасаттылық, адалдық т.б қасиеттерін
үлгі ете отырып
ұлтжандылыққа;
Ел тарихын, тарихтағы ұлы тұлғаларды
құрметтеуге, сахына мәдениетіне, актерлік шеберліктерін дамытуға
ықпал ету.
Қатысатындар:
І – Автор – Кекубаева
Ш.Қ.
ІІ – автор – Толеубекова
А.Т
Шыңғыс хан – Есілбаев
Д.С.
Шағатай - Өтегенов
Біржан
Қайыр хан – Избасаров
Е.М.
Қарашоқы – Раимбеков
А.Ж.
Қария – (Конакпаев Б.К) Сабетпаев
Е
Нөкерлері – Ултомбаев
А.Б.
Утеулинов
Р.С
Барысы:
Қазақ хандарының суреттері,Ұлт-азаттық қозғалыстар
суреттері
Отырар қаласының
суреттері
Үнтаспадан күңіренген әуен естіліп,
проектордан Отырардың қирап жатқан ежелгі суреттері көрсетіліп
жатады, т.б
І
автор: Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы аңсаған
тәуелсіздік үшін күресі қазақ тарихында ұзақ уақытты қамтиды.
Ұлт-азаттық қозғалыстар шежіресінде Жәнібек пен Керей, Қасым мен
Абылай, Тәуке мен Қайыр сынды хандардың есімдері ерекше орын алады.
Ендеше, тамыры тереңде жатқан қазақ даласының тарихында маңызды рөл
атқарған «Отырар» оқиғасына бір сәт көз
жіберсек...
ІІ
автор:ХІ-ХІІІ ғасырларда орталық Азияның ежелгі
қалаларының бірі - Отырар мәдениеті дамыған әсем қалалардың бірі
болды. Отырар шахарының билеушісі Қайырханның әмірімен Шыңғысханның
керуеніне шабуыл жасалынып, көпестері өлтірілді. Бұл оқиға Шыңғыс
ханның Орта Азияға жорық бастауына себеп
болды.
Әуен тоқтап, сахнада (сахна
безендірілген, тақ, Шыңғысхан қаһарланып отырады. Қасында нөкерлері
және басын төмен салып баласы Шағатай
тұр.
Автор. Ат тұяғы жетер жердің бәрін өзіне
қаратуды алға мақсат етіп
қойғанШыңғысханөз тағында отырып, ұзақ ойланып, ұлы
Шағатайды үрейленіп
шақырады...
Шыңғысхан:Әй, Шағатай! Даңқың қайда төске өрлеген?
Екі жүз мың әскермен кіп-кішкентай Отырар қаласын алты ай болды ала
алмағаныңа. Менің әскерім тек жеңуді ғана біледі, жеңіс туын ғана
желбіретеді. Ал сен менің намысыма сызат түсіріп, ұрпағыма таңба
қалтырғың келе ме?
Шағатай:Әке, осы өкініш мені де өртеп барады.
Отырардың бақытына қарай, халқы қамалды алдырмай тұр. Аянып
жүргенім жоқ! Дала болса қызыл қанға боялды, қаншама әскерім өлім
құшты. Отырардың халқы болса, рухы – мықты, батыл жүректі, қайсар
ел екен. Сіздің намысыңызға тиген бұл жеңіліс маған да оңай
болмады.
Шыңғысхан:Шалалаусың
(жымияды).
Ұлым, жауың мықты екенін білемін, жеңіске жету үшін күшіне сеніп
адасқандар аз емес, бірақ әр мықтының бір осал жері болмай ма? Сен
де жаумен жақын танысып, сырын терең үңіліп, жеңіске жетудің жолып
тап. Міне, менің бүкіл жеңісімнің құпиясы осында жатқаның ұмытпа!
Соны есінде
сақта!
Шағатай:Ұқтым,
әке!Жаудың осал жерін тауып, қамалды бұзып
кіретінімізге сеніңіз әке! Жеңіс жақындап қалды!
(басын иіп, шығып
кетеді)
проектордан Отырардың күйреуі көрсетіліп
жатады
1-автор:(Сахна
шетінен)
Алты ай бойы ерлік салтқа төрін берген
Отырар, Алты ай бойы алапатта жеңілмеген
Отырар, Алты - ақ күнде жермен жексен
қирады. Ақыл – ойын
жалындатқан, Өнер, ғылым шамын
жаққан Ұлы қала Азияның маңдайына
сыймады.
2
автор(Сахна
шетінен)
Безбүйрек жау сәбилерді, шал-шауқанды,
кемпірді
Тіпті жүкті әйелдің де ішін жарып
өлтірді.
Құзғын, қарға ғана тынбай шарлап мұңлы
аспанды
Отырардың аянышты, зарлы, өмірі
басталды.
1
автор: Үш күннен соң екі адамды нөкерлері
Шыңғысханның алдына алып келді
(пауза)
нөкерлерлері Қайыр хан мен сатқын Қарашоқыны
алып келеді;
Оның бірі – аты аңызға
айналған, Аман өткен сан алапат
майданнан, Әрі өзгеше ел басқару
мәнері Отырардың Қайыр атты ханы
еді.
2
автор: Екіншісі – қара мұртты, қара
түн, Қара түнде қаққан қара
қанатын. Шағатайға Отырардың
қақпасын Ашып берген Қарашоқы
болатын
1автор:
Екеуіне алма – кезек көз
тастап, Ұзаааақ, үнсіз ойға шомды
Шыңғысхан. (Шыңғысхан үнсіз, ойланып отырады да,
біраздан соң;)
Жеңілгеніңді мойындағың келмей тұр ма? Менің
әскерім сені қанша қорласа да, батырлықтан бағың жанған екен! Олар
сенің жаныңды жеңсе де, амал қанша, рухыңды жеңе алмапты. Шіркін,
менің сендей бес қолбасшым болса, бүкіл әлем менің аяғымның астында
болар еді.
Ха-ха-ха, ал алып Отырардың қақпасын, жауына
ұстап берген мынабірҚарашоқыатты сатқынды құдай саған қайдан ғана тап
қылды? (жолықтырды екен).
Осы кезде масаттанып тұрған Қарашоқы мына
сөзден кейін шошып
кетеді:
Қарашоқы:Хан ием!Сатқын дегеніңіз қалай болғаны? Біз бұлай
келіскен жоқпыз ғой? Маған көмектессең қасыңызға алып,
нөкерлеріңіздің бірі боласын деп едіңіз
ғой?
Шыңғысхан:(түнеріп орнынан
тұрады):
-Оған
дау жоқ, айтқаным рас! Бірақ
сатқындық жасаған адамды мен төрге шығарады
деп отырсың ба?, Сенен асқан тірі өлік жоқ шығар? Азған мына сен
бе, әлде мына заман ба?(Шыңғысханның сөзін бөліп Қарашоқы
сөйлейді»)
Қарашоқы:Ұлы ханым, өле өлгенше құлыңыз болып өтейін,
бұныңыз әділдік емес қой, мен қолұшын беріп көмектеспесем,
Отырардың қақпасын ашып бермесем, қаланы жаулап алар ма едіңіз? Бұл
жеңістің артында менің көмегім тұр емес
пе?
Шыңғысхан:Айтқаныңадауым жоқ! Менің өзім үйреткен нөкерлерім
зұлымдықты ерлік депбілетінбезбүйрек жауынгерлер, қаталдық пен аяушылық
сезімі олардың жүрегінде таласқа түспеген. Бірақ олар, жауына
қаншама иттік жасаса да, туған жерін
сатпайтынынасенемін.Бүгін еліңе опасыздық жасадың ба, ертең мені
де сатасың! О дүние сапарына әділдіктің барына сеніп, біліп аттан,
(нөкерлеріне
қарап:).......
Қане....қылыш
ұстатыңдар!Қайсар батыр Қайыр ханның
қолына
Сол
кезде
Қайыр
хан:(саңқ
еткен дауыспен)Тоқта, Шыңғыс! Бұл баланың әкесі елге сыйлы,
адал еді, әкесі үшін баласына сеніп едім,
мынатұрған тұяғы
Қарашоқысатқын болып шықты, оны ойласам жүрегім қан
боялады, сеніміме сызат түседі. Егер мақұл көрсең, бұл сатқынның
әкесін осы жерге алдырғанымыз жөн
болар.
Шыңғысхан:Алдырыңдар әкесін, мына
сатқынның!
(Нөкерлері шығып кетіп, сақалды қарт адамды
ертіп келеді)
Қайыр:Жыланнан жылан туса, құланнан құлан туса
таңданбаймыз, ал өзіңдей қыраннан мына жылан қалай
туды?
Қария:О, хан ием, менен сорлы ешкім жоқ
шығар. Менің қыран болғанымды заман бүгін өтірікке
шығарды.Мен әкелік борышыма немқұрайлы қарадым, орны
толмас үлкен қателік
жібердім.
Әрбір перзент өз жерінің қадірін білу үшін
туған өлкесінің ауасымен тыныс алуы қажет
екен.Ал, мен мына тұрған ұлым Қарашоқыны алыстағы
туысыма жібердім. Жат жерде жүріп өсті. Өзі туған елінде өссе,
бәлкім осылай жасар ма еді?
Мына сатқын
ұлымамені деқосақтап өлтіруге міндеттісің!
Ертеңгіұрпақүшін сабақ
болсын!
Шыңғысхан:Өкінгенмен пайда жоқ, Қайсар халқы болған
Отырарды мен бағындырдым. Бәрін қырып тастауға бұйрық бердім.
Отырарда ешкім тірі қалмасын, еркек кіндік
қалмасын!
Қария:Асықпа, Шыңғыс! Қателестің,
қалады!Мен жұма күні, қаланың шеткі қақпасынан
жүзінен жалын атқан, көзінен нұр шашқан бір кішкентай баланы
шығарып жібердім! Бәлкім одан бір мықты батыр
өсер.
Қайыр хан(көтеріңкі дауыспен,
қуанышты): Бәрекелді! Бұл еңбегің жарады, бірақ одан
ұрпақ тарап, одан ақын туғанша, ол ақын ата жолын қуғанша, ақпен
қараны танығанша, талай өзен тасып өтер, бәлкім талай ғасыр
өтер?..
Автор:деп, Қайырхан жасқа толы жанарын Отырардан
ұзақ алмады (деп үнсіз ойланып, тізерлеп отыра
кетеді)
Күңіренген әуен
ойнайды.
1
Автор: Ғасырлар тоғысын артта тастап, тарих
толқыны талай оқиғаларды өзіне
бағындырды.
Отқа
оранған
Отырардан қашып
шыққан
сол
баяғы баладан
бұл
күндерi санатты ұрпақ
тараған.
2
Автор: Батыр Қайыр ханның соңғы арман- тілегі
ақын Мұхтар Шахановтың, «Отырар» поэмасының жарық көруіне себеп
болды.
«Отырар» дастанының желісімен
өткізілген
театрландырылған қойылым бойынша шараның
өзіндік талдауы
Сахналық қойылым Шығыс Қазақстан облысы
техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі оқу орындарының
инженер-педагог қызметкерлері арасындағы Қазақстан Республикасының
Тұңғыш Президент күніне арналған «Елім менің, аңсаған» атты
облыстық шығармашылық байқауында қойылды. Шараға қатысқан
өндірістік оқыту шеберлері мен ұстаздар белсенділіктерімен, өз
рөлдерін образға еніп, дұрыс сомдап, ойнауларымен
ерекшеленеді.
Шараны өткізу барысын жоспарлағанда
төмендегідей мақсаттарды негізге
алдым:
1500 ₸ - Сатып алу
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)
Соңғы бір жылда:
45 000 000 ₸
Авторлар тапқан ақша
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материал іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз
Барлығы 663 959 материал жиналған
Жүктелуде...
Жүктелуде...
Жүктелуде...
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады