Материалдар / Мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтенуіне психологиялық ықпал ету жолдары
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтенуіне психологиялық ықпал ету жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтенуіне психологиялық ықпал ету жолдары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қырқүйек 2020
505
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтенуіне психологиялық ықпал ету жолдары» тренинг

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласында 2020 жылдың, қыркүйек айының 14 жұлдызында «Өркениетті келешек» қоғамдық қорының «Періште» орталығында өткен ең бірінші тренинг «Мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуеттенуіне психологиялық ықпал ету жолдары» атты тақырыпта өтті. Бұл тренингті Нұр-Сұлтан қаласынан келген білікті психолог: Акгуль Бектибаевна өткізді. Тренинг барысында «Мүмкіндігі шектеулі балалармен қалай жұмыстану керек?» екендігі туралы тоқталып кетті. Әрине баламен жұмыстану үшін, ең алдымен ата-анасымен тығыз байланыста болып, ұйымшылдықта, ауызбіршілікте жұмыстану керек екендігі және сол кезде нәтиже шығатыны туралы өз тәжірибесімен бөлісті.

Мүмкіндігі шектеулі балалардың барлығы өздерінің қалыпты дамыған құрдастарымен қарым-қатынасты және әлеуметтік тәжірибенің кеңдігін қажет етеді, бірақ әр баланың дамуына интегративті білім берудің тиімді және пайдалы моделін таңдай, оның барлық жағдайларда арнайы психологиялық-педагогикалық көмегін сақтай білу керек.  Осы тапсырманы орындау үшін тәжірибеде біріктіріп білім беру моделінің базалық жиынтығы өңделді.

Е гер баланың психикалық даму деңгейі өз жасына сай келсе немесе жақын болса, педагогтардың ардында ол баланың әлеуметтік және білімдік сәйкестігінің масимальді қалыптасуына қол жеткізу тапсырмасы тұрады. Бұл тапсырманы шешу үшін баланың сау балалар ортасына ылғи және толық интеграциялау пайдалы, яғни біріктіріп оқытудың регламенттелмеген моделі, ол жекеше коррекциялық көмекті сақтау жолдарын қарастырады.

Егер балада қалыпты даму үстіндегі құрастарымен қарым-қатынасқа түсу, өзара әрекеттесу және білім алу мүмкіндіктері жоғарласа, онда болашақта оның әлеуметтік және білім алу әрекеттестігін ұлғайту тапсырмасы пайда болады. Оларға ылғидағы, маңызды, бірақ толық емес интеграция  пайдалы болады. Бұл форма біріккен қызметтің мазмұнын және мінезделуін регламенттейді.

Егер, баланың қарым-қатынасқа түсу және  әлеуметтік серіктестіктері, баладағы дамуының бұзылуымен байланысты қиындатыла түссе, онда бірен-сарандаған, бірақ ылғидағы интеграция пайдалы болуы мүмкін. Бұл форма біріккен қызметтің ылғидағы ұйымдастырылуын қарастырады.

Е гер балада қарым-қатынастың және қоршаған ортамен әлеуметтік өзара әрекеттестігінің минимальді мүмкіндігі болса, оған қарым-қатынасқа түсудің бастапқы тәжірибелік жағдайын жасау талап етіледі. Бұл балаларға да жалпы ағымға қосылу қажет, бірақ ол үшін бірен-сарандаған және уақыттық интеграция ғана пайдалы болуы мүмкін. Бұл модель балаларды нақты, бірақ ұзақ емес уақытқа біріктіруді қарастырады. Базалық модельдерді қарастыра отырып, біз интеграцияны ұйымдастыру әр баланың дамуына және кемістігінің деңгейіне байланысты сау балалармен бірітіріп оқытудың тиімді және пайдалы модельін таңдай алатындығымызды көре аламыз. Арнайы білім беретін мекемелерде дамуында ауытқушылығы бар балаларды тәрбиелеу және оларға білім беру педагогикалық дайындықты жүзеге асырады. Өмір қызметтілігінде барьерсыз ортамен қамтамасыз етіледі. Арнайы мектептерде балаларды оқыту және оларға білім берудің мақсаттарының бірі оларды әлеуметтік интеграциялау (қоғамға кіруге дайындау). Бірақ арнайы мектепке дейінгі мекемелерде және арнайы мектептерде бала әлеуметтік әрекеттестіктің нақты тәжірибесін жинауда шектеледі. Және мәселе мүмкіндігі шектеулі баланың қалыпты дамудағы құрдасымен серіктесуге дайындығында емес. Біздің көп жылдық экспериментальді тәжірибе бекітеді: қарым-қатынастың және әлеуметтік әрекеттестіктің тіпті минимальді деңгейінде балаға пайдалы біріктіріп білім беру нұсқасын таңдап алуға болады және осымен баланың бар мүмкіндігін ұлғайтуға болады. 

   Қазірдің өзінде арнайы білім беретін мекемелер мынаған қабілетті:

- мүмкіндігі шектеулі балаларға мамандандырылған консультативті көмек көрсету үшін аз уақыт аралығында оқылатын топтар мен сыныптар ашу;

- мектепке дейінгі мекемелерде толықтырушы түрдегі аралас топтарды ашу, бұл жерде бір уақытта қалыпты балалар және мектепке дейінгі жастаға нақты бір дамуында ауытқушылығы бар балалар тәрбиеленіп, білім алады;

- қалыпты дамудағы балалармен дамуында ауытқушылығы бар балалрды тәрбиелейтін және білім беретін арнайы мектепке дейінгі мекемелерді және мектептерді қайта құру.

    Жалпы білім беретін және арнайы білім беретін мекемелердің шекералары өткізгіш болуы керек, оқшаулану тосқауылын жеңе білу керек. Әрбір «ерекше» бала өзінің конституциялық құқығын қолдана алуы керек, яғни білім беру мекмесінің қай түрінде болмасын білім алу, соған қоса жалпы мектепке дейінгі білім беру мекемелері немесе мектептер.Арнайы білім беру мекемелері дамуында кемістігі бар, жалпы білім беру мекемесінде білім алуға қабілетті балаларға, сонымен қатар бұрын білім алуға қабілетсіз деген, күрделі кемістігі бар балаларға қажетті жекелей көмекті ұсынулары керек. Әрине, ұйымдастырушылық қиындықтар қалады, жаңа жағдайда әр түрлі балаларға көмек көрсетудің әдістемелік мәселелері шешілмеген, ата-аналармен бірлесіп жұмыс жасау сұрақтары өңделмеген. Топтың штаттық кестесіне коррекциялық білім беруді жүзеге асыру үшін дефектолог-мұғалімі кіргізіледі.  Аралас топтың толуы баланың жасына және біріншілік кемістігінің сипатына байланысты.

Аралас топтардың жұмысын ұйымдастыру барысында бір қатар спецификалық тапсырмалардың шешуін қарстыру керек:

-    дамуында ауытқушылығы бар оқушылардың толық әлеуметтік және білімдік интеграциясын жағдай жасай отырып қалыпты балаларға қосуды ерте жүзеге асыру;

-   дамуында кемістігі бар балалармен коррекциялық-педагогикалық, медико-психологиялық және әлеуметтік жұмыстар жүргізу;

-    жас нормасынан артта қалған, бірақ айқандалған біріншілік кемістігі жоқ балаларға қажетті коррекциялық-педагогикалық көмек көрсету;

-   ата-аналарға психологиялық көмек көрсету, оларды тәрбиелеудің әдіс-тәсілдеріне және білім беруге, өз баласымен қарым-қатынас жасауға педагогикалық технологияларға үйрету.

Ендеше, осы тренингтен алған әсеріп өте керемет! Осы орайды пайданалып, «Өркениетті келешек» қоғамдық қорының «Періште» орталығының басшысы: Карабалина Гулбаршын Аманкосовнаға және «Қазақстан әйелдері» ҚБ ұйымдастыруымен,  Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранттық қаржыландыру шеңберінде «Бала және денсаулық» жобасының  аясында ұйымдастырған ұжымдарға алғысым шексіз. Жұмыстарыңызға мол табыс тілеймін.

Кенжебек АЗАНОВ

«Ф. Оңғарсынова атындағы

29 жалпы білім беру орта

мектебі» КММ

Өзін – өзі тану пәнінің мұғалімі

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!