Материалдар / Мүмкіндігі шектеулі оқушылардың мінез-құлқын түзетудің алдын алу жұмыстары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мүмкіндігі шектеулі оқушылардың мінез-құлқын түзетудің алдын алу жұмыстары

Материал туралы қысқаша түсінік
мүмкіндігі шектеулі балалардың мінез-құлқындағы ерекшеліктерін зерттеу жіне өзіміздің ортаға тарта отырып олармен қарым-қатынасымызды дұрыс ұйымдастыру және жетістікке жету жолдарын анықтау.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Мүмкіндігі шектеулі оқушылардың мінез-құлқын түзетудің алдын алу жұмыстары


Кейінгі кездері мүмкіндігі шектеулі балалар ерекшеліктері өзін-өзі бағалауы, қарым – қатынас жасауы, мінез-құлқы туралы мәселелер назардан тыс қалмауда. Сол себепті де мен қазір мүмкіндігі шектеулі оқушылардың мінез құлқын түзетудің алдын алу жұмыстары туралы айтпақпын.

Мақсатым – меткептегі мүмкіндігі шектеулі балалардың мінез-құлқындағы ерекшеліктерін зерттеу және өзіміздің ортамызға тарта отырып, олармен қарым – қатынасымызды дұрыс ұйымдастыру және жетістікке жету жолдарын анықтау.

Міндетім:

мүмкіндігі шектеулі балалар мәселесі бойынша теориялық материалдарды талдау.

өз бетімен өмір сүруіне бағыт бағдар беру, мінезіндегі ауытқушылық мәселелеріне практикалық талдау жасау, сараптау , бақылау.

мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық көмек көрсету жүйесін орнату.

Қазіргі кезде балалармен толық қарым – қатынасқа түспейтін, мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар жасөспірімдер саны күннен күнге ұлғаюда. Себебі, толық емес отбасы жағдайына, заман талабына сай, әр түрлі зиянды заттарды пайдаланудың нәтижесіде ешқандай кінәсіз жасөспірімдер көбеюде.

Мен, 2 жылдай қазіргі «Ақсуат ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» КММ-де ритмикадан (музыкалық ырғақтан) мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасап көрдім. Басшысы - Жакиянова Асель Муратқызы, әдіскері - Қырықбаева Назым Мейрамғалиқызы, Дефектолог -Кумганбаева Айгерим Отанқызы, Логопед - Маулет Жанерке Ерболатқызымен әріптес болып жұмыс жасаған едім. Ол жерге алғаш сабаққа кірген кезім әлі есімде. Маған, өте ауыр болды. Мүмкіндігі шектеулі балаларды көрген де, мен бір айға дейін өз-өзімен келе алмай, өте ауыр сезімде болдым. Ол жердегі балаларды көріп, өз балаларымды ойлап, он екі мүшесі сау балаларыма Аллаға сансыз шүкір еттім. Әріпсестерімнің көмігімен біртіндеп балаларға үйрене бастадым. Психолог - Бауыржан Назым Мейрамғазықызы мен тәрбиеші – Жұмабекова Балнұр Советқызы және әдіскер әрі психолог маман - Қырықбаева Назым әріптестерімнің көмегіне ерекше жүгіндім. Баланың психологиясына және жаңадан кірген ұстаздың психологиясымен бірдей жұмыс жасап, бала мен ұстазды бір-біріне тіл табысуына үлкен үлес қосты. Міне, нағыз маман иелірінің арқасында - ол жердегі балаларғада ең қызықты сабақ музыкалық ырғақ болды. Бәрі асыға күтіп, ритмикаға (музыкалық ырғаққа) қуана сабаққа келетін еді.

Пәндік материалдарды меңгерту үшін түзету - дамыту сабақтарын өткіземін. Оқу материалын алдын – ала меңгерулерін қадағалап отыратынмын. Баланы егжей-тегжейлі сабақ үстінде бақылап, жеке-жеке әңгімеге тартып, олардың тілдерінде сөздерін түсініп сөйлесуге тырысатынмын. Мінез құлқын саралап, психологпен бірге диагностика жасаймын. Егер, дамудағы ауытқулар анықталса, даму кемшіліктерін барынша толықтыруға және қалпына келтіруге бағытталған жұмыс ұйымдастырамын.

Оқушыларды бақылауға алдым және төмендегі әдіс – тәсілдерді қолдандым. Олар:

1. Әдіскер мен психологтардың көмегі арқылы, ата – аналармен мүмкіндігі шектеулі балалардың көңіл – күйі, денсаулығы жайлы алдын ала әңгіме жүргіздім. Ата - аналармен қарым – қатынас жасай отырып, бірге жұмыс жасауыма келісім алдым.

2.Түзете оқыту сыныбының оқушыларымен қарым – қатынасты ұйымдастыру үшін және олардың бойындағы қиындықтарды түзету мақсатында мектеп психологымен, педагогтармен бірлесе отырып арнайы бағдарлама құрдым.

Мүмкіндігі шектеулі балалармен түзете оқыту сабағын жүргіздім. Сабақта оқушылардың бойынан мынадай қиындықтарды анықтадым. Оқушылардың арасында «Менің өмірім» тренингін жүргіздім. Тренингке барлығы 5 оқушы қатысты.

Мақсатым: Жеке тұлғаны өзінің күшті және әлсіз жақтары туралы айта білуге, жағымды және жағымсыз қасиеттері мен жеке ерекшеліктері туралы айта білуге үйрету.

Нәтижесі: Оқушылар ортаға шығып, айналасындағы құрдастарының сұрақтарына жауап берді. Сұрақтар оның өмірі туралы, жағымды және жағымсыз қасиеттері туралы және т.б. мәселелерді қамтыды. Оқушылар сұрақтарға шын ниетпен жауап беріп, өз мінез-құлықтарына өздері талдау жасады, өздерінің әлсіз жақтарын анықтады. Мынадай сұрақтар бойынша әңгіме қозғалды: «Сенің қандай жағымсыз және жағымды қасиеттерің бар?», «Сен не үшін ашуланасың?», «Қандай мәселелер сені толғандырады?» т.б.

Жүргізетін түзету – дамыту жұмыстарым:

1.Баланың даму мүмкіндігі мен қажеттілгін ескеріп, дамыту бағдараламасын жасау;

2.Оқушымен түзету – дамыту сабақ өткізу жұмыс кестесін құру;

3.Өзара сабақтарға қатысу;

Жалпы білім беретін мектептердегі пән мұғалімдеріне мынадай кеңес беремін.

Егер сыныпта мүмкіндігі штеулі немесе инклюзивті бала болса, ол баламен қарапайым түсінікті тілде сөйлесу;

-Сабақты қызықты түрде ұйымдастыру;

-Әр орындаған тапсыпмасын мадақтап отыру;

-Балалардың шаршауын болдырмау үшін сергіту сәттерін орындату;

Балалардың дүниетанымын дамыту үшін, оларға көмектесуде қолданатын түрлі әдістер мен тәсілдерді ата – аналарымен кездесіп, түсіндіріп айтамын. Ата – аналарымен әрдайым тығыз байланыста боламын.

Мұғалім оқу жылы басында балалардағы бар ауытқуларды диагностикалауы керек. Сонымен қатар проблемасы бар баланың дамуына бір сабақ курсын өткізуге қабілетті болуы керек. Оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттеріде жағымды және жағымсыз жақтары болатыны баршаңызға белгілі. Оқушы бойындағы мінез құлық бір күні байқалмағанмен екінші күні байқалатыны анық. Сондықтан оқушыларды бақылау күнделігін жүргізу керек деп ойлаймын. Онда мүмкіндігі шектеулі оқушылардың мінез құлқын түзету үшін жыл бойы әр бала туралы мәлімет жазып отыран дұрыс. Оны әрі қысқа нақты жазу керек. Оқушының мінез – құлқын қиыншылықтарды анықтап, түзету үшін сынып жетекшілері мен ата – аналар, мектеп психологы тығыз байланыста жұмыс жасаған дұрыс. П.Шуманның «Баланың психикалық немес дене дамуы неғұрлым төмен болса, ұстаздық білімділігі мен біліктілігі соғұрлым жоғары болу қажет», деп айтқан атақты неміс-педагог. Иә, бұл айтқан сөзінің жаны бар, қазіргі уақытта мектептерде мүмкіншілігі шектеулі немесе ерекше білім беруді қажет ететін балалар көбейіп келеді. Ол балаларды қамқорлыққа алып, олардың қалыптасуына мүмкіндік жасап, өз бетімен өмір сүруіне бағдар беруде дефетолог маманының рөлі зор. Инклюзив - сөзі латын тілінен аударғанда «өзімді қосқанда» ал, ағылшын тілінен аударғанда «араластырамын» деген мағынаны білдіреді. Яғни, жалпы білім беретін мектептерінде мүмкіндігі шектеулі оқушылардың ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту үрдісін сипаттау үшін пайдаланылатын термин сөз. Инклюзивті білім берудегі балалар барлық адамдар сияқты бір – бірлерімен тең қарым-қатынас жасайды, бірақ ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалар үшін оқытуда ерекше жағдай жасалады. Дегенмен пән сабақтарында мұғалім бұл балаларға жеңілдетілген жұмыс түрлері беріледі. Алдымен дефектолог деген кім? сол сұраққа жауап беріп өтейін. Ол медицина мен педагогиканы біріктіретін мамандықтың атауы. Мен бұл мамандықты дефектология саласындағы мұғалім мен ерекше балалар және олардың ата-аналары үшін ең жақын дос және кеңесші деп айтар едім. Себебі, дефектолог - ақыл-ой дамуында артта қалған балаларды оқытуға мамандандырылған педагог. Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім деңгейін көтеру, өмірге қажетті білім-білік дағдысын қалыптастыру, тәртібін, әлеуметтік ортаға бейімделуін қалыптастыруға байланысты әртүрлі жұмыс түрлерін жүргізу керек. Осы кезде әсіресе педагог- дефектолог маманы балалармен тығыз қарым – қатынаста жұмыс жасап, өз шеберлігін көрсеткені дұрыс. Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуда жалпы білім беретін мектептегі дефектологтың көмегі өте маңызды болып табылады.

Сөзімді қорытындылай келсем, егер мүмкіндігі шектеулі балаларды қоғамдық өмірге тартып, қарым – қатынасымызды үзбесек, онда олар қоғамда өздерін тең құқылы азамат ретінде сезіне алар еді. Бұрын дамуында мүмкіндігі шектеулі балаларға аз қамқорлық көрсетілсе, қазіргі кезде мұндай балаларға ерекше қамқорлық көрсетіліп жүр. Мұндай балаларға көңіл бөліп, сый- құрмет көрсетіліп жүргені белгілі. Ауданымыздағы мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасап отырған барлық ұстаздарымызға алғыс білдіремін. Соның ішінде, мені өздерімен бірге жұмыс жасауға ұсыныс жасап - өмірде осындай мүмкіндігі шектеулі балалар бар екенін, олармен бетпе-бет келудің өзі қаншалықты тәжірибенің қажет ететінін түсіндіре білген «Ақсуат ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» КММ Басшысы - Жакиянова Асель Муратқызына және әдіскері - Қырықбаева Назым Мейрамғалиқызына және барша бірге қызметтес болған әріптестеріме алғысым шексіз. Менің де міндетім өзім осындай ерекше жандарға қамқорлық көрсетіп, өз үлесімізді қоссам деймін. Біз, адам баласын қиын өмір жолынан құтқарып, дұрыс жол көрсетуіміз керек деп білемін.




Абай облысы, Ақсуат ауданы "А.Байқыдыров атындағы саз мектебі" КММ Шертер сыныбының оқытушысы Калелова Анар Калымбековна



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!