Материалдар / Мұңлық– Зарлық. Ұзын ата кесенелері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мұңлық– Зарлық. Ұзын ата кесенелері

Материал туралы қысқаша түсінік
әдістемелік көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Мамыр 2023
433
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Мұңлық– Зарлық. Ұзын ата кесенелері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік. Шардара өңірінде бүтіндей сақталып қалған орта ғасыр ескерткіштер  жайлы оқушыларға толық мағлумат беру, даму ерекшеліктеріне кеңінен тоқталу.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін жеткізу, есте сақтау қасиеттерін дамыту, тез шешім қабылдай білуге, өз білімін көрсете алу қасиеттерін ашуға үйрету

Тәрбиелік: Оқушыларға қазақ халқын құрметтеп, қорғауға , сыйлауға тәрбиелеу.


Сабақ барысы:

МҰҢЛЫҚ-ЗАРЛЫҚ. АҢЫЗ БЕН ШЫНДЫҚ Қазақ еліне «Мұңлық-Зарлық» дастаны болып жеткен жырдың кейіпкерлері Мұңлық пен Зарлықтың Оңтүстік Қазақстан облысындағы кесенелеріне келіп көрушілер саны көбейген Мұңлық моласы Арыс қаласы, Байырқұм ауыл әкімшілігіне қарасты Аққала елді мекенінен бір шақырымдай оңтүстік-шығысындағы ескі қорымда орналасқан болса, Зарлықтың қабірін Жиделі ауыл әкімшілігінен 4,5-5 шақырым жердегі көне моладан табуға болады. Ноғай мен қазақ деп бөліне қоймаған кезінде он сан ноғай ішінде Шаншар хан ел билеген. Оның алпыс әйелі болса да, балаға зар болыпты. Жасы алпысты алқымдап қалған хан, құдайдан бала тілеп жүргенде, сұлу қызға үйленсе, ұл мен қыз табатыны турасында түс көреді. Хан елдегі Жаудыр деген балықшы шалдың жалғыз Ханшайым есімді қызына үйленеді. Ханшайым егіз бала бір ұл, бір қыз табады. Бірақ, қалған әйелдері ханды алдап, Ханшайымды дарияның адам барса, шыға алмас аралына, екі баласын Шөгірлі тауына апарып тастайды. Мұңлық пен Зарлық қиыншылықтың бар тауқыметін бастарынан өткеріп, бірі бой жетіп, бірі ер жетеді. Қалмақтың ханы Күлместің елін іздеп тауып, оның қызына үйлену үшін адам баласы төзе алмайтын сынақтарынан өтіп, қызды көп жасауымен алып қайтады. Ақыр соңында анасы мен әкесіне қосылып, қырық күн тойын, отыз күн ойынын жасаған. Бұл оқиғада айтылған әрбір жер, су және оның атаулары осы күнге дейін сақталған. Мұңлық пен Зарлық жайында тың деректер көп. Мәселен, жергілікті қариялар аңыздағы егіздерге арналған мұнараны «Өте ескі дәуірде тұрғызылған» деп айтады. Бүгінде мұнараның күтімінің жоқтығынан құландысы ғана қалған, ол қам қыштан тұрғызылған. Халық оны «Мұңлық-Зарлық» дастанымен байланыстырады. Қазірге дейін адамдар мұнара орнына барып түнейді. Арыс қаласында Мұңлық-Зарлыққа арнап салынған символикалық ескерткіш бар. Тағы бір аңызға сәйкес, ертеде қылышынан қан тамған қаһарлы бір ханның жалғыз қызы бойжеткенде бір кедей жігітке ғашық болып, көңіл қосып жүреді екен. Мұны біліп қойған хан жігітті дарға астырады. Жігіт өлгеннен кейін қыз мезгіліне жетпей бір ұл, бір қыз табады. Көп көзінен, ел сөзінен сескенген хан жаман атқа қалмаудың амалын іздеп, қос бүлдіршіннің көзін жоюды астыртын мыстан кемпірге тапсырады. Мыстан кемпір өмірге жаңа келген сәбилерді көз көрмес, құлақ естімес жерге апарып, биік өскен жап-жасыл ағаштың басына қызды - шығысқа, ұлды - батысқа қаратып іліп кетеді. Нәрестелердің көз жасы тамған ағаш бұтақтары суалып, қуара бастайды. Қос жүрек соғуын тоқтатқанда, бәйтерек те өсуін тоқтатыпты. Ел ішіндегі өсек сөз, өтірік өкпеге шыдамаған патшаның қызы егізін іздеп жолға шығады. Бармаған жер, баспаған тауы қалмайды. Күлкісіз күндер, ұйқысыз түндер, арманмен айлар, жылаумен жылдар өтеді. Қатты шаршап, діңкесі құрыған қыз әбден қурап, қабығы түсіп, шіруге айналған биік ағаштың түбіне келіп қисаяды. Ұйықтап кеткен соң, оны бір сүйкімді саз, сиқырлы әуен оятады. Құлақ түріп, тың тыңдаса «ән салып тұрған» қасындағы биік ағаш екен. Қыз күндіз қос бүлдіршінін іздеп, түнде осы «әнші» ағаштың түбіне келіп, неше түрлі әуез естіп, көңіл жұбатып, тынығып жүреді. Бір күні айналаға көз салмақ болған қыз ағаштың басына шығамын деп оны құлатып алады. Бірақ көп ұзамай самал соғып, «әнші» ағаш қайта зарлай жөнеледі. Қыз оның құпиясын білмек болып тексереді. Ағаш жуан түбінен басына дейін қуыс екен. Жіңішке басының екі жағында бұтақтан бұтаққа керіліп қалған ішектерді көреді. Бұл қыздың екі баласынан қалған жұрнақ еді. Батыс жағындағы ішек бостау, ал шығыс жағындағы ішек қатты тартылыпты. Егізінің өлімінен хабары жоқ қыз енді ағаш неге ән салатынын түсінеді де, өзі де қуыс ағаш жасап алып, манағы ішекті соған тағады. Шертіп көрсе, үні жүрегіне жақын, жанына жайлы естіледі. Қыз байғұс бостау тартылған ішекке үні мұңды шығатындықтан, «Қызым - Мұңлық» деп, ал ащы, тым зарлы шығатындықтан, қатты тартылған ішекке «Ұлым - Зарлық» деп ат қойып, күндіз-түні қолынан тастамай, күй шығарып, ел кезіп, егізін іздеп кеткен екен. Ханның қызы Ханшайым мен Зарлықтың жер болып, тегістеліп кеткен қабірін алғаш тапқан адам Асылхан молда деген кісі. Ол көміліп қалған жерінен жарыққа шығып, ең кемі үш-төрт ғасырлық уақытты басынан өткерген сынатастағы Ханшайым ана мен Зарлық есімдері жазылған жазуды оқып, елге түсіндірген екен. Дүниеде сирек кездесетін, «Қызыл кітапқа» жазылған қасиетті тораңғы ағашы қалың өскен дарияның бұл тұсы елдің есінде аңыз-жыр түрінде сақталған тарихи деректерге бай. Мысалы, екі күшікпен аралға апарылып тасталған Ханшайымның тұрған жері әлі күнге дария суының ортасында - «Ханшайым аралы» деп аталады. Дастанда айтылатын «Шөгірлі» тоғай әлі күнгі осы атауға ие. Ал, кесене ішінде бес адамның моласы бар. Есіктен кіргендегі сол қапталдың төрінде екі адамның қабірі бар. Қабір орны тегістеліп, білінер-білінбес төбешікке айналған. Осы қабірге іргелес және екі қабір бар. Қарама-қарсы тұрған екі қабірді 0,75-0,80 метр биіктікте қышпен өріп, сыртын сылаған. Екі аралықтағы 2 метрлік ашық жерде жатқан қара мәрмәрға «Мұңлық-Зарлық анасы Ханшайым, әкесі Шаншархан патша. Дүниеден өткеніне 440 жыл 1996 жылы қойылды» деп жазылған. Қарама-қарсы қышпен өрілген қоршаудың солтүстік жақтағысы анасы Қаншайымның, оңтүстік жақтағысы Зарлықтың қабірі.

Енді «Ұзын ата» тарихта кім болды, қай кезеңде, кімдермен тұстас өмір сүрді деген сұраққа шама-шарқымызша жауап іздестіріп көрейік. Ежелден келе жатқан аңызға ден қойсақ, Ұзын атаның шын аты – Асан ата екен. Атат қонысы – Ұзын ата – Тайпақ болыпты. Көзінің тірісінде әлемді тітіренткен теңдесі жоқ қолбасшы, ақыл мен айласы,қатыгездігі мен ізгілігі астасқан данағой әмірші Ақсақ Темірдің бас кеңесшілерінің бірі ретінде қасына еріп жүрген. Сыр бойы халықтарының ықыласына бөленіп, ел абызы, әлеумет қамқоршысы, әулие кісі атанған. Зеңгі бабадан бата алыпты – мыс деген сөз де бар. Әлқисса, Ақсақ Темір Сырдың арғы-бергі жағын, Түркістан алқабын қылыштың жүзі, найзаның күшімен бас көтерместей етіп бағындыруға аттанбақ болып, әскери кеңес құрғанда, Ұзын Ата:

Сонымен қатар, өлкемізде Мұңлық-Зарлық кесенесіде сонау орта ғасырлардан сақталып қалған тарихи ескерткіштердің бірі. Ол Байырқұм ауылынан Байырқұм қаласы 40 км жерде, жергілікті көнекөз қариялар Мұңлық-Зарлыққа арналған мұнараны «Өте ескі дәуірде тұрғызылған» дейді. Мұнараның күтімінің жоқтығанан құұландасы қалған ол қам қыштан салынған. Халық мұнараны «Мұңлық Зарлық» дастанымен байланыстырады. Қазірге дейін адамдар мұнара орнына барып түнейді. Дастан Москва, Ленинград, Ата Қазан архивтеріне сақталған. Арыс қаласында Мұңлық-Зарлыққа арнап салынған символикалық ескерткіш бар.

Сабақты қорытындылау


















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!