«Мұқағали – мәңгілік ғұмыр»
әдеби сазды кеші
/Зал безендірілген, баяу әуен ойнап
тұрады.
Қазақ тілі пәні мұғалімі
Абдрахманова Перизат «Поэзия!»
/Әуен ойнап тұрады. Ортаға жүргізушілер
шығады/
1-жүргізуші: Армысыздар, қадірлі ұстаздар
мен қымбатты оқушылар!
2-жүргізуші: Қазақтың қара өлеңін кие
тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шық-қан асыл жырларымен қалың
жұртшылықтың махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаевтың
шығармаларына арналған «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты әдеби сазды
кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
1-жүргізуші:
Кезінде ақиық ақын М. Мақатаев:
«Ақынмын деп қалай мен айта аламын,
Халқымның өз айтқанын қайталадым.
Күпі киген қазақтың қара өлеңін,
Шекпен жауып өзіне қайтарамын», - деп қарапайым қазақтың қара
өлеңінің жілігін шағып, майын ішті. Дегенмен, өзінің әділ бағасын
ала алмай кеткен ақынның әділ таразысы халық болды. Оны күллі халық
сүйіп оқыды. Мұқағали шын мәнінде, бір-туар екенін халыққа таныта
білді.
Көрініс. 7 «Ә» сыныбы.
«Бақыт деген...» (Ақынның балалық
шағынан)
1-жүргізуші:
Күй ойнайды қазағымның қанында,
Күй ойнайды қазағымның жанында,
Жүрегімнің, жүрегінің дүрсілі
Күмбірлеген домбырасы барында
2-жүргізуші:
Домбыра, жүрегіммен үндес едің,
Өзіңмен сырласымдай тілдесемін,
Бабамнан қалған мұра сен болмасаң,
Өмірдің не екенін білмес едім.
Иә, ұлы ақынның сезімінде,
туған еліне деген махаббатында шек бар ма?! Ендеше музыка пәні
мұғалімі Перизат апайдың орындауындағы Мұқағали Мақатаевтың сөзіне
жазылған Нұрғиса Тілендиевтің «Сарыжайлау» әніне кезек
берейік.
Ән:
Сарыжайлау
1-жүргізуші:
Көрер едің
Шаламын ба, отпын ба
Білер едің,
Ақынмын ба, жоқпын ба?
Кектендірген хан Жәңгір де жоқ мұнда,
Көктенетін Махамбет те жоқ мұнда.
2-жүргізуші:
Сырым да осы,
Жырым да осы,
Алдыңда.
Байқашы бір,
Бықсыдым ба, жандым ба?
Махаңдар жоқ,
Махаңдардың сарқыты –
Мұқағали Мақатаев бар мұнда , - деп бір күндік сәуледей ағып өткен
қазақ жыры-ның шоқжұлдызы Мұқағали Мақатаевтың бүгін туған
күні.
1-жүргізуші: М. Мақатаев 1931 жылы 9
ақпанда Алматы облысының Нарын-қол ауданындағы Қарасаз ауылында
дүниеге келді. Әкесі Сүлеймен осы өңірде кол-хоз ұйымдастырушы
болды. 1941 жылы майданға аттанып, содан оралмады. Ше-шесі Нағиман
қарапайым шаруа адамы еді. Болашақ ақын ер мінезді әжесі Тиын-ның
тәрбиесін көріп, аңыз-ертегілермен сусындап өседі. Ол өзінің анасы
Нағиман-ды жеңгесі сияқты қабылдап, Нақа деп атап кеткен.
Мұқағалидің азат ойлы, ашық пікірлі болуына әжесінің тәрбиесі ықпал
етті.
2-жүргізуші: Балалық шағынан–ақ ақын ерте
есейді, еңбекке ерте араласты. Орта мектепті бітірген соң ауылдың
хатшасы, қызыл отаудың меңгерушісі, комсо-мол қызметінде болды.
1954-1962 жылдар арасында қазақ радиосында диктор бол-ды, 1962-1972
жылдар аралығында «Социалистик Қазақстан», «Қазақ әдебиеті»
газетінде, «Мәдениет және тұрмыс», «Жұлдыз» журналдарында білім
меңгерушісі, 1972-1973 жылы Қазақстан Жазушылар одағында әдеби
кеңесші болып жұмыс істеді.
1-жүргізуші: Мұқағалидің тұңғыш өлеңі 1948
жылы Нарынқол аудандық «Советтік шекара» газетінде
басылды.
Мұқағали поэзиясы – таңғы
шықтай мөлдір поэзия. Ақынның «Дариға жүрек», «Аққулар
ұйықтағанда», «Өмір - дастан», «Атамекен», «Райымбек» т.б кітаптары
жарық көрді.
2-жүргізуші: Ақынның «Аманат» жыр жинағы
2000 жылы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды. Бүгінде Мұқағали ақынның
13 кітабы бойынша 1834 өлең, 19 поэмасы бар екені анықталып
отыр. Мұқаңның 35 мың жолға жуық өлеңі поэзия сүйер қауымның
іздеп жүріп оқитын жырына жырына айналды. Ақын өлеңдеріне 100-ден
астам әндер жазылды.
1-жүргізуші: Ақынның көзі тірі кезіндегі өз
даусын тыңдайық.
1-жүргізуші: Мұқағали – біздің замандағы
ғажайып ақындардың бірі. Ақын-ның өзі «Егер сіздер шынымен менің
өмірбаянымды, шығармашылығымды зерт-темек болсаңдар, онды мен не
жазам, соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпағай-сыздар. Мені өз
өлеңдерімнен бөліп қарамауларыңызды өтінем» деген
екен.
2-жүргізуші: Ендеше қашан да ақиқаттың ақ
туын көтеріп, әділет пен адал-дақты тең ұстаған ақынның ғажайып
сырлы өлеңдеріне кезек берейік.
Оқушылар өлеңдер
оқиды.
Көрініс 7 «ә»
сыныбы «Фариза, Фаризажан...»
(Ақынның жастық шағынан)
9 «б» сынып оқушысы
Илькибаева Аружан «Домбыра»
биімен.
1-жүргізуші: Мұқағали мұрасы, маржан поэзия
– мәңгілік, болашақ ұрпақтың еншісі, қастерлеп қадірлейтін
мұрасы. Халық көңілін сусындатқан, ақын өлеңдері-нің көпшілігі
өмір туралы, тіршілікке тірек боларлық өмір шырағын, өмір жұпарын
жыр етеді.
2-жүргізуші:
Қарсы алмаса,
Құрсын, қарсы алмағын,
Ән салып бер,
Әніңмен жан сап маған!
Жаңғырып жасыл тау жөнелсін бір,
Жатсын ұйып жапанда дел-сал далам.
1-жүргізуші:
Ән сал, жаным,
Әніңмен тербет мені
Бір сәтке тынсын тірлік жер көктегі.
Дала ұйысын,
Дамылдап таулар жатсын,
Таулар жатсын мәңгілік жөргектегі, – деп келесі кезекті әсем әнге
берейік.
7 «ә» сынып оқушысы Үсен
Фаризаның орындауында Ерген Айымбетовтың сөзіне жазылған
М.Мақатаевтың әні «Мен деп ойла...»
8 «а» сынып оқушысы
Сұлтанмұратов Темірлан ақынның өсиет сөзінен
монолог.
1 «ә» сынып оқушысы
Тұрсынабек Анель «Қамажай» биімен.
5 «Ә» сынып оқушыларының
көрсетілімдері. (Мұқағали өлеңдері жасырылған суретті ребус,
жартысын тап)
1-жүргізуші:
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артында сөз қалдырған.
1-жүргізуші: Табиғатында адамға жаманшылығы
жоқ, жаны жуас, жомарт, өзін басқаның бәрінен кіші санайтын ақын
көкірегінен буырқана ағылған жыр жа-нартаулары өлең құмар халыққа
таусылмайтын сый, мол қазына болып қала бер-мек. Ақынның сөзі
өлмесе, өзі де өлмегені.
2-жүргізуші: Жылдар тізіліп өткен сайын
Мұқағали ақынның бейнесі тұлға-лана, биіктей түседі. Оның рухани
қазынасын ұлт иелігіне асыратын XXI ғасырдың жастары –
сендерсіңдер! «Ғасыр ақыны» атанған Мұқағали жырлары жылдан-жыл-ға,
ғасырдан-ғасырға жалғаса бермек! Мұқағали-мәңгілік
өмір!
Осымен ақиық ақын Мұқағали
Мақатаев шығармашылығына арналған «Мұ-қағали – мәңгілік ғұмыр» атты
әдеби сазды кешімізді аяқтаймыз. Назарларыңызға көп рақмет! Қош,
сау болыңыздар!