Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Мұқағали-мәңгілік ғұмыр
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Ұйғыр ауданының білім бөлімінің «Сүмбе орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Бекітемін
Мектеп директоры К.М.Догалова
Мұқағали - мәңгілік ғұмыр
(Әдеби-сазды кеш)
Тексерілді
Директордың тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары М.Нусипбеков
Педагог-ұйымдастырушы А.Сванбекова
Кітапханашы А.Батырбаева
8 «Ә» сынып жетекшісі М.Құрманбекова
2017-2018 оқу жылы
Тақырыбы: « Мұқағали – мәңгілік ғұмыр»
Мақсаты:
а) білімділік: М.Мақатаев өмір жолымен,
шығармашылығымен оқушыларды таныстыру
ә) тәрбиелік: отанды туған жерді сүюге
тәрбиелеу, ақын жырларынан үлгі алу
б) дамытушылық: оқушының сөйлеу мәдениетін
дамыту
Көрнекілігі: ақынның портреті,
шығармалары, ақын туралы естеліктер, нақыл сөздер, буклет
1. Кіріспе бөлім
2. Мұқағали мәңгілік ғұмыр (видеоролик)
3. «Поэзия – жүрек тілі» (Ақынның өлеңдерінің мәнерлеп оқу әр
сыныптан 1 оқушы 5-8 сыныптар)
4. «Құлақтан кіріп бойды алар» (Әндерін орындау)
5. «Аққулар ұйықтағанда» (Көрініс)
6. «Жазылар естеліктер мен туралы» (мектеп оқушыларының Мұқағалиға
арнаулары)
Видеоролик
1-жүргізуші:
Бүгін менің туған күнім,
Ой бәлі-ай!
Мына адамдар неге жатыр тойламай?!
Банкет жасап берер едім өзім-ақ
Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай
Мына дүние неге жатыр үндемей,
Алаулатып тойдың шоғын үрлемей.
Құшақ-құшақ гүл шоқтарын лақтырып,
«Мынау шапан,
Мынау атың мін » демей.
Қайырлы күн қадірменді жыр сүйер қауым!
2-жүргізуші: Қазақтың қара өлеңін кие
тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың
жұртшылықтың махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаевтың
шығармаларына арналған «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты әдеби сазды
кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
1-жүргізуші:
Кезінде ақиық ақын М. Мақатаев:
«Ақынмын деп қалай мен айта аламын,
Халқымның өз айтқанын қайталадым.
Күпі киген қазақтың қара өлеңін,
Шекпен жауып өзіне қайтарамын», - деп қарапайым қазақтың қара
өлеңінің жілігін шағып, майын ішті. Дегенмен, өзінің әділ бағасын
ала алмай кеткен ақынның әділ таразысы халық болды. Оны күллі халық
сүйіп оқыды. Мұқағали шын мәнінде, бір туар екенін халыққа таныта
білді.
Ән: «Бақыт»
орындайтын: Санат Шұғыла
1-жүргізуші: Балалық шағынан–ақ ақын ерте
есейді, еңбекке ерте араласты. Орта мектепті бітірген соң ауылдың
хатшасы, қызыл отаудың меңгерушісі, комсомол қызметінде болды.
1954-1962 жылдар арасында қазақ радиосында диктор болды,
1962-1972жылдар аралығында «Социалистик Қазақстан», «Қазақ
әдебиеті» газетінде, «Мәдениет және тұрмыс», «Жұлдыз» журналдарында
білім меңгерушісі, 1972-1973 жылы Қазақстан Жазушылар одағында
әдеби кеңесші болып жұмыс істеді.
2-жүргізуші: Мұқағалидің тұңғыш өлеңі
1948 жылы Нарынқол аудандық «Советтік шекара» газетінде
басылды.
Мұқағали поэзиясы – таңғы шықтай мөлдір поэзия. Ақынның «Дариға
жүрек», «Аққулар ұйықтағанда», «Өмір - дастан», «Атамекен»,
«Райымбек» т.б кітаптары жарық көрді.
1-жүргізуші: Ақынның «Аманат» жыр жинағы
2000 жылы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды. Бүгінде Мұқағали ақынның
13 кітабы бойынша 1834 өлең, 19 поэмасы бар екені анықталып
отыр.
Мұқаңның 35 мың жолға жуық өлеңі поэзия сүйер қауымның іздеп жүріп
оқитын жырына жырына айналды. Ақын өлеңдеріне 100-ден астам әндер
жазылды.
Би:
«Ақкербез»
2-жүргізуші: Бүгінде ақынның ортамызда
болмағанына налимыз, ал медет тұтармыз – алып ақынның өзінің
көзіндей көрінетін өркеш-өркеш өлеңдері халқынан қалтқысыз бағасын
алып, келер ғасырға керуен көшін сенімді түрде ұзатып барады.
Азаматтық пен адамгершілікті асқақ мұраты санаған ақынның жүрек
сырлары шынайы болмысымен, ақиқаттың алдында аласармаумен қымбат та
құнды.
1-жүргізуші: Мұқағали – біздің замандағы
ғажайып ақындардың бірі. Ақынның өзі «Егер сіздер шынымен менің
өмірбаянымды, шығармашылыымды зерттемек болсаңдар, онды мен не
жазам, соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпағайсыздар. Мен өз
өлеңдерімнен бөліп қарамауларыңызды өтінем» деген
екен.
2-жүргізуші:
Жыраулардың жазбай кеткен
жырларын,
Арулардың ашпай кеткен сырларын
Қорқытыңның қорқынышты мұң – зарын,
Қобызыңның шанағынан тыңдадым.
Құлазыған сенің құла түздерің,
Не білмеген не көрмеген ізгі елім
Жазылмаған тарихымның жолдарын,
Ауызекі аңызыңнан іздедім
Мәнерлеп оқу 5-8
сыныптар
1-жүргізуші:
Мен білмеймін.
Басыңа әлде орнап бақ,
Шаһар салып, жасадың ба жаннат бақ.
...Әлдеқалай тасқа түскен таңбаны
Табынамын тарихымдай ардақтап.
2-жүргізуші:
Сыр ашпайды сенің құла түздерің,
Сыр ашпайды тау тастағы іздерің
Сенің бүкіл болмысыңның тағдырын,
Домбыраңның пернесінен іздедім.-деп келесі кезекті әнге
берсек
Ән: «Жас қайың»
орындайтын: Бақытбек Талшын
2-жүргізуші:
Абайға тән маған да тән сыбаға,
Келсін мейлі, келмесін тәржімаға.
Осы менің отырып оңаша да,
Оқитұғын намазым әр жұмада.
1-жүргізуші:
Ақынмын деп мен қалай айта аламын
Халқымның өзі айтқанын қайталадым.
Күпі киген қазақтың қара өлеңін
Шекпен жауып өзіне қайтарамын-деп Мұқағали шығармаларынан өлең оқу
үшін мектеп мұғалімдерін ортаға шақырсақ.
1-жүргізуші: Дос
Дос болам десең,
Досыңды сыйла, қымбаттым!
Досыңа сонда
Досыммен ғана қымбатпын.
Дос болам десең,
Мендегі доспен достасқын,
Сендегі доспен дос болып сонда тұрмақпын.
Достарың көп пе?
Апырау неткен жақсы едің!
Досым аз менің...
Досым –ау менің, тапшы емін?
2-жүргізуші:
Достарыңменен достастыр мені,
асылым,
Достастыр мені,
Болайын құлың нақ сенің!
Достыққа жүрмін құмартып!
Өлгелі жүрмін
Өзіме - өзім мін артып...
Жауыздың барып жанына уәзір болғанша
Достардың барып ауласына өлген мың артық
Ән: Тұрдыбай Ақеркенің орындауында
« Фариза қыз»
1-жүргізуші:
Ән сал, жаным,
Әніңмен тербет мені
Бір сәтке тынсын тірлік жер көктегі.
Дала ұйысын,
Дамылдап таулар жатсын,
Таулар жатсын мәңгілік жөргектегі.
2-жүргізуші:
Пай! пай! пай!
Киелі неткен жер!
Батырлар дүрілдеп өткен жер,
Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер,
Ғашықтар бір-бірін өпкен жер.
Дуэт: «Есіңе мені алғайсың»
орындайтын Бекжұмаұлы Орынтай мен Суярбекова
Алмагуль
1-жүргізуші:
Құтты мекенге қанатын көктен
жайған күн,
Осынау жерге кіндігіммен байландым
Байырғықазақ, бастарыңа кеп бақ қонғын.
Мерекелеріңнен, берекелеріңнен
айналдым!
2-жүргізуші:
Қарттарын сыйлап, жастарын баулвп түлеткен,
Қаласын сүйген, даласын сүйген жүрекпен.
Айналдым сенен, аяулы мекен, дарқан ел!
Туған елінің тасына дағы гул еккен
Ән: «Туған өлкем
» орындайтын Абиш
Ақниет
1-жүргізуші:
Көп адам дүниеге бой алдырған
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артында сөз қалдырған
«Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан
көрініс
2-жүргізуші:
Би: «Аққу биі» орындайтын Тұрдыбай
Бүлдіршін
1-жүргізуші:
Тіршілікте көрінеміз өлместей,
Тұра алмаймыз, ерегеспей белдеспей.
Өтейікші бірімізді біріміз,
Өшіктірмей, өкпелетпей, сен деспей
2-жүргізуші:
Құдайы қонақпын мен,
Қарсы ал құрбым!
Адасып, ауылын таппай, шаршап,
Шөлінде қалып мына сарсаң күннің.
Малтаны әжем берген қаусап жүрмін,
Құдайы қонақпын мен,
Қарсы ал құрбым!
Мұқағалиға арнау 5-8 сынып оқушылары
Хор: «Сәби болғым
келеді»
1-жүргізуші: Табиғатында адамға жаманшылығы
жоқ, жаны жуас, жомарт, өзін басқаның бәрінен кіші санайтын ақын
көкірегінен буырқана ағылған жыр жанартаулары өлең құмар халыққа
таусылмайтын сый, мол қазына болып қала
бермек.
Ақынның сөзі өлмесе, өзі де
өлмегені.
Ән: « Жалаң аяқ қыз» орындайтын
Тұрдыбай Ақерке
2-жүргізуші:
Осымен М. Мақатаев шығармашылығына арналған
«Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты әдеби сазды кешімізді
аяқтаймыз.