Материалдар / Мұқағали Мақатаев 9д
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Мұқағали Мақатаев 9д

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал маған керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қазан 2020
259
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«МӘДЕНИ МҰРА»
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫН
ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ
ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ҚҰРАМЫ

Әшімбаев М.С., кеңес төрағасы
Асқаров Ә.А, жауапты хатшы
Абдрахманов С.
Атабаев Қ.М.
Аяған Б. Ғ.
Әбусейітова М.Қ.
Әжіғали С.Е.
Әлімбай Н.
Әуезов М.М.
Байпақов К.М.
Балықбаев Т.О.
Дүйсембаев Е.С.
Есім Ғ.
Жақып Б.Ө.
Жұмағалиев А.Қ.
Қозыбаев І.М.
Қасқабасов С.А.
Қойгелдиев М.Қ.
Құл-Мұхаммед М.А.
Құрманбайұлы Ш.
Мәжитов С.Ф.
Мұхамедиұлы А.
Мыңбай Д.Қ.
Нысанбаев Ә.Н.
Өскенбаев Қ.А.
Салғара Қ.
Самашев З.
Сариева Р.Х.
Сұлтанов Қ.С.
Тұяқбаев Қ.Қ.
Түймебаев Ж.Қ.

УДК 398
ББК 82.3 (5 Қаз)
Б 12

«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының
Фольклортану, әдебиеттану және өнертану секциясының мүшелері:

Қасқабасов С.A. (төраға), Қорабай С.C. (төрағаның орынбасары),
Жұмасейітова Г.Т. (жауапты хатшы), Әзібаева Б.У., Күзембаева С.А.,
Әлібеков Т., Қосан С., Мамыраев Б.Б.

Томды басуға М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының
Ғылыми кеңесі ұсынған

Томның редакция алқасы:
Қ. Алпысбаева, Т. Әлібеков (жауапты редактор), С. Қасқабасов
Томды құрастырып, баспаға дайындағандар:
Қ.Алпысбаева (жауапты шығарушы), Т.Әлібеков, С.Қосан

Б 12  Бабалар сөзі: Жүзтомдық.—Астана: «Фолиант», 2010.
Т. 65: Қазақ мақал-мәтелдері.—488 бет.

ISBN 978-601-292-098-7

«Бабалар сөзі» сериясының 65-томына бұрын жарияланған мақалмәтелдермен бірге, ел аузынан жазылып алынған қолжазбалар мен көне
басылымдардан көшірілген халық туындылары енді.

4702250205

Б 00(05)—09

ISBN 978-601-292-098-7 (т. 65)
ISBN 9965-619-60-3

УДК 398
ББК 82.3 (5 Қаз)

© Әдебиет және өнер институты, 2010
© «Фолиант» баспасы, көркемдеу, 2010

Құрастырушылардан
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Мем­
лекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жария­ланып
отырған «Бабалар сөзі» сериясының жүз томдық ғылы­ми басылымын әзірлеуді одан әрі жалғастыруда.
Серияның бұған дейін баспаға ұсынылған алпыс төрт томы
ұлттық фольклорымыздың аса бір көркем де көлемді саласы болып саналатын эпостық шығармаларға, бір томы шағын
жанрлардың үлкен бір саласы жұмбақтарға арналды. Дәлірек
айтқанда, бүгінге дейін хикаялық дастандардың он үш томы,
діни дастандардың жеті томы, ғашықтық дастандардың он бір
томы, тарихи жырлардың он бір томы, батырлар жырының жиырма томы, сондай-ақ шежірелік дастандармен жұмбақтардың
жеке-жеке томдары баспаға әзірленіп, елу бес томы басылым көрді. Бұлардың он томы Қытайдағы қазақ фольклорына арналғаны мәлім. Қазақ халқының қымбат қазынасы—
фольклор жинақтарының жоғары деңгейде безендірілген
жа­ңа басылымын оқырман қауым үлкен ризашылықпен қар­сы
алды.
Осымен, әзірге қазақ фольклорының ең көлемді әрі маңызды
саласына жататын эпос жанрының ертегі, аңыз мифтерден өзге
түрлерін баспаға әзірлеу аяқталды.
Ал оқырман назарына ұсынылып отырған 65-том мақалмәтелдерге арналып отыр. Халық даналығының, ұлттың
рухани-әлеуметтік бай тәжірибесінің нәтижесінде мыңдаған
мақал-мәтелдер дүниеге келді. Олардың көпшілігі есте жоқ ескі
замандарда тапқыр, шешен, данагөй сөз зергерлерінің аузы­нан
айтылып, біртіндеп бүкіл халыққа ортақ өсиет, үлгі сөз ретінде
мақал-мәтел аталып кеткен. Мақал мен мәтелдің арасында айтарлықтай шекара болмағанмен өзіндік стильдік белгі-

6

қазақ мақал-мәтелдері

бедерлері бар екені мәлім. Мақалдар кейде ұзынды-қысқалы
болып, бірнеше тақырыптық мазмұнды қамтиды. Мысалы:
«Көп ойлаған табар, көп үрлеген жағар» деген сияқты мәтелдер
қысқа, нұсқа құрылымы мейлінше ықшам түрде жасалып,
бір ғана нақты ой-түсінікті меңзейді. Мәтелдер мақалдарға
қарағанда әбден тұрақтанған канондық мәтінге ие. Мысалы:
«Әлін білмеген әлек», «Әліпті таяқ деп білмейді», «Ойына
қарай бойы» т.б.
Мақал-мәтелдер ұлттың рухани байлығы мен сан ғасыр­
лық мәдениетінің көркем көрінісі ғана емес, сол халықтың
ой-санасы, зердесі мен даналық деңгейінің де жарқын шежіре­
сі. Халқымыздың сөз мәйегі саналатын бұл ғажайып мұра­
ның байып, жинақталып, ел игілігіне айналуына көптеген
қазақ жинаушылары да қызмет етті. М.С.Бабажанов­
тың, А.Құнанбаев­тың, Ы.Алтынсаринның, Ә.Диваевтың,
Б.Дауылбаевтың, М.Ешмұхамедовтің, М.Ысқақбаласының,
А.Баржақсыұлы­ның, Т.Ізтілеуұлының, Ө.Тұрманжанов­
тың, Б.Ақмұқанова­ның, Б.Момышұлының, М.Әлімбаевтың,
Б.Адамбаевтың т.б. ел зиялыларының бұл бағытта мол еңбек
сіңіргені белгілі.
Бұл томға ҚР БҒМ ҒК М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және
өнер институты қызметкерлерінің әр жылдары ғылыми, әдебифольклорлық және этнографиялық экспедициялар кезінде ел
арасынан жинаған материалдары, ҚР БҒМ ҒК ОҒК-ның Сирек кітаптар қорында және ӘӨИ Қолжазба қорында сақталған
мақал-мәтелдер жинақтары, сондай-ақ бұрын-соңды жарық
көрген әртүрлі кітаптардағы халық мұрасының көпшілігі
еніп отыр. Мақал-мәтелдер мәтінінің көлемі үш томға жос­
парланды. Екінші, үшінші томдарға Қытай Халық Респуб­
ликасы, Өзбекстан Республикасы, Монғолияны мекендеген
қазақтар арасында айтылып, сол жақта кітап болып басылған
материалдар, сондай-ақ кезінде Н.Н.Пантусов, А.Е.Алекторов,
П.М.Мелиоранский, В.В.Катаринский, Ә.Диваев, Я.Лютш,
Ә.Құрышжанов т.б. бастырған жинақтарға енген мақалмәтелдер үлгілері сараланып, салыстырылып әзірлену үстінде.
Мақал-мәтелдердің вариант-нұсқалары мен баламалары
көп ұшырасады. Кейде авторлық мақалдар мен халықтық
сөз мәйектері араласып, бір-бірінен ажыратылмайтындай болып кеткен. Осы тектес мәселелерде фольклор ғылымының

құрастырушылардан

7

көзқарастарына орай, мүмкін болғанша, дұрыс шешімін қа­
былдауға тырыстық.
Том соңында берілген ғылыми қосымшаларда жинаққа енген мақал-мәтелдерге жазылған түсініктемелер, мәтіндерде
кездесетін тарихи тұлғалар туралы түсініктер, жер-су атауларына сипаттамалар, шығармаларды жинаушылар мен жырлаушылар туралы мәліметтер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі,
басылым туралы орыс және ағылшын тілдеріндегі қысқаша
түйін қамтылған.
Томға енген мәтіндер М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және
өнер институтының және Орталық ғылыми кітапхананың сирек қорында сақталған түпнұсқалар негізінде дайындалды.
Томның көлемі—30,5 б.т.

8

ХАЛЫҚПЕН  ҒҰМЫРЛАС  РУХАНИ  МҰРА

Қазақтың халық әдебиеті туындыларының қатарына жататын елдік мұраның санатындағы барша жанрдың ішіндегі
тұрқы жағынан ең шағыны болып есептелетін мақалдар мен
мәтелдердің ұлтымыздың рухани өмірінен алар орны ерекше.
Ғасырлар қойнауынан ұрпақтан-ұрпаққа ұласа келіп барынша
сұрыпталған, мазмұны мен үндестік үйлесімі мейлінше түлеген,
келелі ой, кемел пікірді иеленетін бұл жанрға жататын әрбір
жеке туындының өз уақытында кейінгі заманның повесть, романы секілді сүйекті жанрларының фабуласының жүгін арқа­
ла­ғаны кім-кімді де ойландырады. Тұтастай алғанда, халықтық
философияның қайнар көзі болып саналатын мақалдар, ерекше
өрнектілігі арқасында айшықты тұрақты тіркеске айналған
мәтелдер—ұлтымыздың ойлау категориясының көрсеткіші
іспеттес. Осыны тереңнен пайымдайтын қаламгерлер әулеті қай
кезде де өздерінің көркем шығармаларында болсын, мақала,
очерк, суреттемелерінде болсын мақал, мәтелдерді кеңінен пайдаланып келген. Бүгінгі таңда елдік мұраны халық санасына,
әсіресе жас ұрпақтың санасына кеңінен орнықтыру мақсатында
тек баспасөз бен кітаптар арқылы ғана емес, радио мен телехабарлар тарату жүйелері арқылы да мақалдар мен мәтелдер
кеңінен насихатталу үстінде. Бұл—жаттап алып, ойға сақтауға
оңтайлы мақалдар мен мәтелдердің философиялық қуат-күшін,
тәрбиелік мәнін үлкен-кішіге бірдей дарытудың тиімді жолы
болып табылатындығының нақтылы көрінісі болса керек.
Кешегі Кеңес үкіметі кезінде де мақалдар мен мәтелдердің
ел арасынан жиналып, кітап болып жариялануына біраз
көңіл бөлінгені белгілі. Социалистік құрылысты, партияның
кемеңгерлігін насихаттау жолына айрықша мән беретін за-

халықпен ғұмырлас рухани мұра

9

манда «Партия—халықтың көзі, құлағы, партия—халықтың
ақыл-шырағы. Партия—айымыз, күніміз, партия—жеңісті
туымыз», «Партия айтса болғаны—жеңістің қолға қонғаны»
(Тұрманжанов Ө. Қазақтың мақалдары мен мәтелдері. Алматы, 1959, 20-бет) секілді мақал-нақылдар шығарылып, елге
таратылып отырды. Бірақ қоғамдық формация ауысқан заманда мұндай бір қайнауы ішіндегі дүмбілез туындылардың
өзінен-өзі қолданылыстан шығып қалатындығын уақыттың өзі
көрсетіп берді. Сонымен қатар сол замандарда да шын жүректен
шыққан Отанға, елге деген шынайы сезімді білдіретін еңбек
тақырыбына арналған, ел мүддесі үшін күресетін майдангер­лер
ісін көрсететін «Ердің атын еңбек шығарады», «Отан—оттан
да ыстық», «Отан—елдің анасы, ел—ердің анасы» сияқты
бірсыпыра өміршең мақалдар өмірге келген. Мұның өзі халық
атты кемеңгердің қай кезде ел мүддесіне қызмет етер өміршең
туындыларды өмірге әкелуге қабілет-күшінің жеткілікті
болғандығын көрсетеді. Өйткені ар мен намыс күніне сан рет
таразыға тартылып жатқан майдан даласында «Отан үшін
отқа түс—күймейсің, арың үшін алыссаң, өлмейсің» секілді
қаһарлы да, айбынды мақалы әрбір жауынгердің жүрегіне
тура жол тауып жатқан Бауыржан Момышұлы сынды қолбасы
перзенттері жүрді. Ал сол Баукең сияқты біртуар азаматтар­
дың қатарында жүргенмен, бүгінгілерге есімі беймәлім жауын­
герлер шығарған «Пулемет қонысын талғайды, Автомат адамын талғайды», «Зеңбірек зіркілдесе, жаяу солдат еркіндейді»
дейтін мақалдардағы «зеңбірек, автомат, пулемет» сөздері
бұрынғы қазақ мақал-мәтелдерінде кезікпейтін тың лексикалар болатын. Ал осы мақалдардың қай-қайсысы да бұрынғы
ежелгі қазақ мақал-мәтелдерінің түзілу үлгісімен жасалған.
Мұның өзі, түптеп келгенде, мақал-мәтел жанрының заманына қарай, мазмұн жағынан әртүрлі болғанымен, көркемдік
түзілісі жағынан ежелгі үлгіден күні бүгінге дейін пәлендей
айырмашылығының жоқтығын көрсетеді.
Жалпы мақал-мәтелдерде, солардың ішінде қазақ мақалмәтелдерінде де беріден алғанда, бүтін бір халықтың тұтас
ел болып өмір сүру жолына бағыт-бағдар беретін, әріден
алғанда күллі адам баласының жер бетінде ұжданды тірлік
иесі болып өмір кешуіне жол сілтейтін ғибраттылық қағида­сы
жинақталған. Олай болса әуелден ақырға дейін адам баласы­

10

қазақ мақал-мәтелдері

ның сындарлы, ұжданды-арлы болып өмір сүруін уағыздай­тын
барша дін атаулымен, адалдық жолда болғандарды әспеттеп,
одан безінгендерден жирендіретін, сүрінгендерді өз дәреже­
сінде жазалайтын мораль, заң атаулымен бұл мұраны түбір­
лес, рух­тас деп тануға болады.
Рухтас болатын себебі—ақыл-ойдың қазанында қайнап
шыққан, шыңдалуы қапысыз кез келген тұжырымды пікір,
бұл—кісілік жолында тебіренген жанның, сан тарапқа қармақ
салып, ақыры іздегенін ілгендей болған сананың қызметінің
нәтижесі. Ол—телегей-теңіз өмірдің тәжірибесінен туындайды. Ал тұжырымды пікір қандай формада өрнектеледі,
қандай жолдармен халыққа ұғындырылады, ол оның иесі
мен иеленетіндердің ұстанған бағытына, қоғамдағы орнына,
дайындық дәрежесіне, ең бастысы, олар өмір сүріп отырған
қоғамдық құрылыстың болмысына байланысты. Кезінде
М.О.Әуезовтің «Қазақ мақал-мәтелдерінің бір ерекшелігі—
оларда халықтың мал баққан тұрмысына байланысты образдар
мен сарындардың мол ұшырасатындығы» (Әуезов М. Жиырма
томдық шығармалар жинағы. Алматы: Жазушы, 1985. 17-том.
187-б.) дейтіні де осыдан.
Рас, мақал-мәтелдер белгілі бір қоғамда өмір сүргендердің
барлығынан бірдей бұлжытпай орыңдалуы қатаң талап етілетін
заңдар кодексінің немесе дін қағидаларының жинағы емес.
Бірақ сандаған ғасырлар бойы халықпен бірге өмір сүріп келе
жат­­қан осынау қарапайым қазына—сол халықтың бүкіл болмысын, өмір жолын паш ететін елдік ескерткіші болуымен
қастерлі.
Тәрбиелі қыз, арлы жігіт, ел қорғайтын азамат, халық қа­
мын қамдайтын ел ағасы, ұлыстың анасы болуға лайық кемең­
гер бәйбіше қандай болу керек, елдің қадірі, жердің қадірі, атаана мен ағайынның қадірі неде, осының барлығы—мақалдар
мен мәтелдерде қапысыз өрнек салған. Өйткені атамекеннің,
оның иесі халықтың елдік болмысы, елдікке жеткізетін
қоғам мүшелерінің кісілік келбеті— арлылығы мен әділдігі,
әдептілігі мен өнерлілігі, еңбекқорлығы мен кәсіби шеберлігі,
тек ағайын-жекжатпен ғана емес, күллі адам баласымен үлгілі
қарым-қатынасы, керек десеңіз дипломатиялық байланыс­
тары­ның жөн-жосығын осынау халық даналығының қастерлі
мұра­сы­нан қиналыссыз табуға болады.

халықпен ғұмырлас рухани мұра

11

Әрине, мақал-мәтел атаулының бәрінің стилі, калориттілігі
бірдей емес. Бірақ ел үшін қызмет ететін, кей ретте әрқилы
түсінуге болатын астарлы ойға қаныққан халықтық қазынадан
мін емес, ыңғайда ізгі мақсатқа жолықтырар мағына ізделеді.
Мәселен, «Ит тойған жеріне, ер туған жеріне», «Өзге елде
сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол», «Айырылған ел азады,
қосылған ел озады», «Әркімнің туған жері—Мысыр шаһары»
секілді мақалдардың қай-қайсысы да туған жер, туған елді
қастерлеуге үндейді. Бірақ айтылу интонациясы әртүрлі.
Алғашқы екі мақал тыңдарманына жекіріп тұрғандай әсер
қалдырады. Өйткені ол—төрт жағы төрт құбыла болып, шадыман тірлік кешіп отырған ел көсемінің емес, қайткенде
елдің іргесін бүтіндеймін деп, жарғақ құлағы жастыққа тимей
қамығып жүрген азаматтың көкірегінен шығып тұрған лебіз.
Демек, бұл—шырғалаңды көп көрген қазақ халқының қай тұс­
тағы болса да, әйтеуір бір жанын шүберекке түйіп, бүтін ел болу
үшін күресіп жүрген кезіндегі психоэмоционалдық қалпынан
хабардар ететін ұлттық мақал.
Мақалдар мен мәтелдерді мазмұнына қарап, шартты түрде
болса да, тақырыптарға бөлуге болады. Сондай-ақ ел өмірін
сипаттаған қалпына қарай, сөздік құрамына байланысты,
олардың біразының шамамен қай кезде дүниеге келгендігін де
мөлшерлеу қиын емес. Мысалы: «Жұтаған жұртын мақтайды»,
«Ел даусыз болмас, жер жаусыз болмас», «Ел үшін еркек кіндік
құрбандық», «Ел басқарар жігіттің етек-жеңі кең болар», «Бота
қотыр болса, енесін былғайды, енесі келесін былғайды», «Бірдің
кесірі мыңға, мыңның кесірі түменге», «Екі қоян қусаң, біреуін
де тұта алмассың», «Би асылдан асыл болмас, би асылмен жолдас болсаң, мұрадың, сірә да, хасыл болмас», «Көпке жаққан,
көкке жаққан», «Өсекке кірмесе, есепке кірмес», «Жарлының
ұлы болғанша, малдының құлы бол», «Атадан бата алмай үй
болмас, ордадан үлгі алмай би болмас», «Бардың баласы би болар, жоқтың баласы қамшы астында иі болар», «Баусыз оймақ
қолда тұрмас, байсыз қатын үйде тұрмас», «Кіші қатын—кісі
қатыны», «Жаман адаммен сөйлессең, ұрлығын айтар, жаман әйелмен сөйлессең, қарлығын айтар», «Бесік баласы бес
түлейді, ел жаманы кеш түлейді» секілді мақалдар—ең бері
дегеннің өзінде, қазақтың Қазан төңкерісіне дейінгі тірлігінің
мазмұнынан шыққан, сол заманда өмірге келген туынды-

12

қазақ мақал-мәтелдері

лар. Ал мынау: «Ұстамен дос болсаң—ісің бітер, молдамен дос
болсаң—басың кетер», «Кәрі қызбен келіскенше қырық күн
өтеді, қырық тонна көмірді өңдіруге бір күн жетеді», «Ақыры
байдың баласы аштан өлер», «Кедейдің келді заманы, құрыды
байдың амалы», «Хан жарлығынан қатын жарлығы күшті»,
«Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын», «Жаттығуда
қиналсаң, соғыста қиналмайсың» секілді мақалдар—сөз жоқ,
қазақтың Кеңес өкіметі заманында, басқа халықтардан естіген
нақыл сөздерінің, насихат әңгімелерінің әсерімен шығарған,
өздерінің бастарынан кешіп отырған жайларынан хабардар
ететін дүниелер.
Әрине, мақалдар мен мәтелдердің авторы да—халық, есінде
сақтаушысы да—халық. Бірақ сол әр қилы замаңда өмірге келген мақалдарды кейінгі заман адамының түсініп, қабылдауы
әртүрлі болуы мүмкін. Мәселен, осыдан әлденеше жүз жыл
бұрын өмірге келген «У жесең руыңмен», «Ханда қырық
кісінің ақылы бар» деген мақалдарды кешегі бір тұстарда талайлар рулық қоғамды, хандық дәуірді дәріптеудің көрінісі
деп түсініп жүрді. Ал, шындығында, осынау ілгергі мақалды
«не қиындық көрсең де, небір аласапыран алапатты кезге тап
болсаң да, еліңмен бірге бол» деген ойдан өрбімеген деп кім айта
алады. Екінші мақалдың ханның кеңесші-ақылшысы қырық
уәзірімен байланысты айтылғандығын кім теріске шығара алады. Егер хан төңірегінде жүрген пейілі түзу ақылмандардың
ой қорытындыларын белгілі жағдайда дұрыс пайдаланатын
құрыштай берік пікір иесі болса, оңдай адамды тек хан болғаны
үшін ақымақ деуге бола ма?! Ал, түптеп келгенде, осы мақалдың
астарында тек әлгіндей түзу шешімді билік иесін құрметтеу
ғана байқалып қоймайды, сонымен қатар өзгеден иығы жоғары
тұрған жанның өзінің де барлық пікірі өзінікі емес, халықтікі,
төңірегінде жүргендердікі екенін тұспалдап жеткізу бар. Осы
жағынан келіп қарағанда, бұл тіптен де ханды дәріптеу емес.
Хандық билікті қанша уақыт болса да басынан кешірген
халқымыз, сол елдің бас билеушісіне деген елдің көңіл-күйін
екінші бір мақал-мәтелінде «Хан сыртынан жұдырық» деген тұжырым арқылы берген. Мұның астары ілгергі мақалдан
да терең болуы мүмкін. Өйткені еліме адал қызмет көрсетіп,
барлығын тәртіппен ұстап жүрмін дейтін билеушіге бүкіл
халықтың бір кісідей риза болмауы немесе оны қолдамауы

халықпен ғұмырлас рухани мұра

13

әуелден ақырға дейін болатын жағдай. Тарихта хан сыртынан жұдырығын түйіп кіжінетін ғана емес, сол ханның басын
шауып алатын жағдайлар да талай рет болған. Жай адам болсын, ханзада болсын, оның өзін қандай лауазыммен атағанына
қарамастан, үлкен билік иесін халық хан деп атаған. Сөйтіп,
«Ханның басын хан алар, қардың басын қар алар» деген
тұжырым жасаған.
Халықтың сандаған ғасыр бойы өзімен бірге өмір кешіп
келе жатқан мақалдары мен мәтелдері кейде уақыт өте келе,
қоғамына, дәуіріне қарай сыртқы тонын өзгертіп, мазмұнын
жаңа заманның ыңғайына қарай біраз бейімдеуі мүмкін.
Мәселен, кешегі кеңестік дәуірдің саясат науқанының тұсында
«Араздықты ағайыннан, әділдікті орыстан табамыз» деген секілді мақалдар шықты. Бәлкім, бұл мақал бір кездегі
«Ағайын бар болсаң, көре алмайды, жоқ болсаң, бере алмайды», «Ағайының бар да дұшпаным жоқ деме, абысының бар
да күндесім жоқ деме» деген секілді күншіл, қызғаныш иесі
жанның көзіне көп түспейтін жаттан гөрі, жанында жақынына
кісәпірлік қылып, қадірлі қандасының қасиетін аяқасты
ететін мүсәпірлігін әшкерелейтін терең мағыналы мақалдар­
дың тонын өзгерткен түрі болуы мүмкін. Бірақ сәтті шықпаған.
Идеологияға қызмет етуші бұрынғы терең ойды күмән мен
күдікке оранған сөздер тіркесіне құрбандыққа берген. Ондай
жағдайлар кешегі, әсіресе саясатшыл уақыт тұсында аз болған
жоқ. Бірақ бір сүйсінерлік жайт—қарапайым халық өзінің атабабасы пайдаланып келген ежелгі мақал-мәтелдерден безінген
емес.
Соның арқасында көне ұғым, көнерген сөздерден құралатын
ежелгі мақалдардың өзі ұрпақтан-ұрпаққа берілу арқылы біздің
заманымызға жетті. Мұның айқын көрінісі—бұдан мың жылдай бұрын хатқа түскен «Кодекс куманикус», «Диуани лұғатат түрік» атты шығармаларда кездесетін, онан кейінгі замандарда өмірге келген сандаған мақал-мәтелдер қазіргі кезде де
молынан пайдаланылып келеді. Ал бұл, сөз жоқ, ұлттық сана,
ұлттық менталитеттің қалай болғанда да тез деформацияға
ұшырамайтындығын көрсетеді. Сондай-ақ бұл іргелі жұрт
болған қауымның мақалдары мен мәтелдерінің тек ауызша
шығарылған көркем шығарманың нұсқасы ғана емес, оның сол
елдің ұлттық болмысына куәлік ететіндігін де дәлелдейді.

14

қазақ мақал-мәтелдері

Мұхтар Омарханұлы: «Қазақ мақал-мәтелдерінің дені өлең
түрінде келеді. Және сондағы сөздердің өзара үндесіп, үйлесіп,
ассонанс, аллитерациялардың мол болғандығына қайран
қаласың»,—деп жазады (Әуезов М. Жиырма томдық шығарма­
лар жинағы. Алматы: Жазушы, 1985. 17-том. 187-б.). Өйткені
қалың елдің мұқтажын өтейтін мақал-мәтелдер салиқалы ой
иесі, ділмар шешен, адуын мінезді ақындардың араласуымен
жасалған. Өмірдің елеулі жайларынан қорытынды шығарған
ақын-жыраулардың біраз шығармаларының кейбіреулерінен
мақал-мәтел аралас сөздердің кездесуін де, иә болмаса пәлен
деген би, пәлен деген шешен осындай-осындай оқиғаның
тұсында былай деген екен, деп айтылатын кейінгіге жеткен
мақалдарды, міне, осы тұрғыда қабылдаған орынды. Мысалы,
Ыбырай Алтынсариннің «Жинақылық сараңдыққа жатпайды», «Ауырғаннан аяған күштірек» секілді сөздері мен Абай
Құнанбаевтың «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей»,
«Жақсы болсаң, жарықты кім көрмейді», «Егер ісім өнсін десең,
ретін тап», «Жол қуған қазынаға жолығар, дау қуған пәлеге
жолығар» сияқты ойлы тіркестерін бұл күнде, халық ежелден
елге етене мақалдар мен мәтелдер ретінде қабылдайды. Авторын халық деп есептейді. Ал, шындығында, бұл сөздер әлгіндей
жағдайлардың негізінде өмірге келген туынды екендігінде дау
жоқ.
Мақалдар мен мәтелдер негізінен халықтық мұра, ауыз
әдебиетінің туыңдысы ретінде ел санасынан орын алатын­
дықтан, көбінесе айтушылар оның авторының кім екендігін
тергеп-тексеріп жатпайды. Сол себептен де бергі кездің адамы айтқан өткір сөздер болмаса көбінің авторы ұмытылады.
Ұмыттырмау үшін сөз иесі үлкен даңқ пен беделдің иесі болудың
үстіне, оның мақал-мәтел ретінде ел қабылдаған сөздері өзінің
авторлығымен баспа бетінде жарыққа шығуы ләзім. Мәселен,
халқымыздың даңқты перзенті Бауыржан Момышұлының
Отан соғысы кезінде айтқан отты сөздері, белгілі халық
ақыны Қайып Айнабековтің мақалдары, ұзақ жылдар бойы
өзге халық­тар­дың бірнешелеген мақалдары мен мәтелдерін
қазақша сөй­лет­кен, осы тарапта бірнеше кітап шығарған,
өзінің төлтума ма­қал-мәтелдерімен де белгілі Халық жазу­
шысы Мұзафар Әлім­баев пен Халық жазушысы Қадыр Мырза-

халықпен ғұмырлас рухани мұра

15

Әлидің, сондай-ақ қарт қаламгер Саламат Хайдарұлының
мақалдар мен мә­тел­дер жинақтары соған дәлел.
Мақалдар мен мәтелдердің бір-біріне өте ұқсас әртүрлі
нұсқада, бірнеше вариантты болып келетін жағдайлары да жиі
кездеседі. Оның басты себебі—табиғатында ақындық қасиеті
бар ділмар кісілер кейде біле тұра, кейде өзінің ырқынан тыс
ұқсас жай, ұқсас оқиғаға байланысты мақал-мәтел сөздерін
басқаша формада береді. Ал ол кейде сәтті, кейде сәтсіз шығуы
мүмкін. Соған қарамастан, халық сол айтылған сөздер өздерінің
талғамына жауап берерліктей шамада болса, оны пайдаланудан
бас тартпайды. Бірақ сол сөздердің қай-қайсысы да халықтың
тезінен, сұрыптауынан өтіп отырады. Өйткені халықтың санасына хас зергердің қолынан шыққандай сыңғырлаған
сұлу, өткір ойлы, терең мағыналы мақал-мәтелдер ғана тез
орнығады. Сондықтан ел ауыздан-ауызға тарап айтылу барысында мақал-мәтелдердің жүдеген түрін емес, түлеген түрін
қабылдайды. Әйтсе де, халықтық мұраны жинақтау барысында асқан шебердің қолынан шыққандай небір кестелі көркем
мақал-мәтелдер де, орташа ғана қарапайым нақысты сөздер
де хатқа түсетіні мәлім. Ал хатқа түскен елдік мұраға мұрын
шүйіріп қарау кім-кімге де болса жат қылық болып саналады.
Бүгінде кітап болып шыққан жалпы қазақ мақал-мәтелдерінің
ұзын ырғасы бес томдай болады. Аманшылық болса, соның дені
осы «Бабалар сөзі» басылымы атауымен оқырманға жол тартатын шығар деп ойлаймыз.
Әлбетте, терең мағыналы сөз бен ойдың астарлы болуы
мақалдардың табиғатына тән. Бір қарағанда аңға, құсқа, малға,
ауа райына байланысты айтылған секілді көрінетін мақалмәтелдердің, түптеп келгеңде адамның іс-әрекетіне байла­ныс­
ты шығарылғанын аңғару қиын емес. Бұл ретте М.О.Әуезовтің
«Үй хайуанаттарының қылығын айту арқылы адам мінезіне
ишара, тұспал жасау соншалықты әсерлі де мәнді» деуі тегінентегін емес. (Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы.
Алматы: Жазушы, 1985. 17-том. 187-б.). Мәселен: «Ордалы
жыланмен ойнама», «Есек семірсе, иесін тебер», «Бұқаның
арамзасы бұзау арасында», «Қазаннан қақпақ кетсе, иттен
ұят кетеді», «Аспандағы тырнаны ұстаймын деп, қолыңдағы
шымшығыңнан айырылма», «Аспаңдағы сұңқардан қолдағы
тұрымтай артық», «Соқыр тауыққа бәрі бидай», «Құланның

16

қазақ мақал-мәтелдері

қасуына—мылтықтың басуы» секілді мақалдар тек жылан,
есек, ат, аң мен құсқа байланыс­ты ғана айтылған тұжырымдар
емес. Түптеп келгенде, мұның ар жағында адамның құлқы мен
қылығы жатыр. Сондықтан да мақалдар мен мәтелдер мейлі
аң мен құстың қылығын, ит пен малдың мінезін сипаттасын,
немесе еңбек адамдарының кәсібі мен өзара қатынастарын,
жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін, үлкен мен кішінің, еркек
пен әйелдің мінез-құлқын баяндасын, түптеп келгенде, оның
барлығы қоғамда өмір сүргендердің қоғамдасып тірлік кешуі
керектігіне, жақсы мен жаманды айы­рып, дұрыс бағалай
білуі қажеттігіне үңдеуден туған; ізгі жанды ізгі өмір іздеп
келетіндей сенімге илаңдырудан бастау алған; өмірдің тірегі—
атаны, тұрағы—ананы қадірлеудің, елді, Отанды қастерлеудің,
білімдарлыққа жетудің жолын меңзеген.
Қоғам өміріндегі жақсылық пен жамандыққа орай, жаңа заман, жаңа кәсіпке байланысты да (ата кәсіп, мал шаруашылығы,
егіншілік, балықшылық туралы мақал-мәтелдер, сірә, мол
ғой) мақал-мәтелдер аз шықпаған. Мысалы: «Әлі жетпеген
ақыретшіл», «Құл құнсыз, күң пұлсыз», «Алтын басты әйелден
бақыр басты еркек артық» деген мақалдардан өмірі теңдік көре
алмай кіжінумен келе жатқан жеке адамдардың, соның ішінде
құнын даулар артыңда қаумалаған қауымы жоқ құлдың,
қалыңын сұрар төркіні жоқ күңнің ғана басындағы трагедияны емес, әділетсіздіктің бел алып, асқынып тұрған сәттегі
қоғам­ның қалпына деген әлеуметтік ойдың қарсылық лебізін
сеземіз.
Ал «Тауына қарай аңы, заманына қарай заңы», «Ат жақсысы
арбада болар, жігіт жақсысы саудада болар», «Бұрынғының
баласы «іңгә» деп туса, ендігінің баласы «теңга» деп туады»,
«Әкең бермегенді базар береді» секілді мақалдардан бұрынғы
жайбарақат жатқан қазақ еліне заңы, дәстүрі бөлек елдердің
тірлігі араласқанын, сондықтан пысық жігіт атаулының көбі
саудаға, белді аттың бәрі кіре тартуға шыққанын, ал сол сауда дегеннің өзіне халықтың беріліп кеткендігі сондай—өмірге
келтірген балаларының өзі іңгәлап дыбыс шығарудың орнына «теңгалап» жылайды деп, сол жаңа дәуірдің құлқын бір
жағынан мысқылдаған, кекесінді аңғарамыз. Бірақ, қалай
болғанда да, сол саудамен айналысқан ел болсын, басқаша
тірлік кешкен қауым болсын, солардың барлығының тізе бүгіп,

халықпен ғұмырлас рухани мұра

17

мойын­дары білім, біліктілік дегенді «Білекті бірді жығады,
білімді мыңды жығады», «Ақыл—тозбас тон, білім—таусылмас
кен», сондықтан білім жолын қуу керек деген идеяны жалау
етіп желбіретіп, ту етіп көтереді.
Ал сол игерілетін білім үшін, ел болу үшін қажетті бар
нәрсенің бастауы—еңбек. Халық осыған қатты ден қойғанда:
«Ердің атын еңбек шығарады», «Еңбегі аздың өнбегі аз»,
«Жатқанға жан жуы­мас», «Жалқауға дәулет үшін ұйқы берер,
ақымаққа ақыл үшін күлкі берер» деген сияқты тура мағыналы,
сондай-ақ астарлы мағыналы көптеген мақалдар шығарған.
Енді осынау біліммен, болмаса басқаша еңбекпен айналыс­
қан жанның толып-толысатын, үлкен нәтижелерге жететінін
білетін сұңғыла қауым соларды асып-тасудан сақтандырып:
«Болған кісі болдым демес, болдым десе, болғаны емес» деген
ғибрат сөз айтады. Әрине, өмір болған соң ақылдының өзінің
аяғынан алдыратын жайлар да кездеседі. Халық ондай адам­
дарды да демеп, сүйейтіндей сөз тапқан. Мысалы: «Жаңылмас
жақ, сүрінбес тұяқ жоқ», «Жақсының артынан сөз ерер,
жаманның артынан шөп ерер» деген мақалдар соның дәлелі.
Әлбетте, ғасырдан ғасырға ұласып, халықтың өзімен бірге
жасасып келе жатқан елдік мұра—мақалдар мен мәтелдердің
көбі­сі, негізінен, үлкен тебіреністің нәтижесінде өмірге келген. Оның қастерлілігі де, қарымдылығы да осында. Әсіресе
елдің бүтіндігі, халықтың ынтымағы секілді жайларға байланысты айтылған мақалдар ұлттың жан дүниесінің көрінісі
сияқты. Мәселен: «Ырыс алды—ынтымақ», «Алтау ала болса,
ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді», «Бірлігі
жоқтың—тірлігі жоқ» дегендер—сол ынтымақ, бірліктің күші
қандай екендігін көрсететін нұсқалы сөздер. Ал сол ынтымақты
елдің де басына төнер қатері мен қаупі жеткілікті. Өйткені
«Жау қайда деме, жар астында, бөрі қайда деме, бөрік астында». Олай болса, оны қорғайтын азамат керек. Сондықтан да
халық: «Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді», «Батыр
бір өледі, қорқақ мың өледі», «Жігіттің құны—жүз жылқы,
ары—мың жылқы» деп, ел басына күн туса, жауға аттанатын
айбарлы ерге ерекше салмақ артады. Ондай жігіт майдан даласында немесе басқа бір жағдайда қолға түсіп қорлық көрсе де,
өзінің ардақтысы—Отаны үшін «Жауға жаныңды берсең де,

2-299*

18

қазақ мақал-мәтелдері

сырыңды берме» деген ұлы қағиданы ақырына дейін ұстануы
шарт деген ойға иландырады.
Қазақ халқы генетикалық негіздерге, тектілік мәселесіне
қатты мән берген. Сондықтан да кез келген ер мен әйел атаанасына, тұқым-зәузатына кір келтірмеуге тырысып баққан.
Сол үшін ол ең алдымен өн бойында міні жоқ адам болуға әрекет
жасаған. Мәселен: «Хас арғымақ белгісі—аз оттар да, көп жусар, хас жақсының белгісі—аз сөйлер де, көп тыңдар», «Тексіз
жігіт тезекпен тең», «Жақсыдан жаман туса, ем табылмас, жаманнан жақсы туса, тең табылмас», «Жақсыдан жаман туса—
жыннан пайда болғаны, жаманнан жақсы туса—нұрдан пайда
болғаны», «Жақсының басына іс түссе, ашынар да ашылар,
жаманның басына іс түссе, бір тулар да басылар» деп келетін
мақалдарда «жақсы болып жүргендердің барлығы арғы ататегінің дұрыстығынан» деген идея ұсынылады. Ал егер «жаманнан» туған біреу ойламаған жерден жүйрік шығып, елдің
азаматы болса, оған оның ата-тегін қомсынатындар қасына еріп,
ақылын алуға бармайды. Сондықтан әркім өзінің «теңімен» болуы керек, өйткені «Балта сабынан озбайды» дейді.
Бұл мақалдар, бір жағынан, тектілік үшін күреске, текті
жерден қыз алып, тектілермен жолдас болуды, сөйтіп, тұқым­
ды да, тәрбиені де ілгері бастыруға үндесе, екінші жағынан,
азаматтың мінезін тәрбиелеуге қызмет етеді. Текті жерден
шыққандығың рас болса, өз ортаңа жолбасшы, ақылшы болып
қызмет ет, әйтпесе: «Зорсынғанға Алла бар, сомсынғанға балға
бар» дегендей, еліңнің қадірін білмесең, сол қауым сені ілездеақ: «Аузы жаман ел былғайды, аяғы жаман көл былғайды» деген атқа қалдыра алады, сондықтан сол ортаның қалай болғанда
да мүддесін ойлап, үдесінен шыға біл дегенге меңзейді.
Қысқаша ғана тұжырымдалғанымен мақал-мәтел аталатын жанрдың тақырып аясы, философиялық құлашы кең.
Сондықтан да әр халықтың кемеңгер ойшылдары өз ұлтының,
қала берді өзге жұрттың мақал-мәтелдерін жинауға, оны жазған
шығармаларында, сөйлеген сөздерінде кеңінен пайдалануға
ерекше ден қойған.
Қазақ мақал-мәтелдерін алғаш рет шәкірттердің оқу
құралына енгізіп, жас жеткіншектердің бұрын құлағымен естіп
жүрген мағыналы сөздерін қасиетті кітаптардың әңгімесіндей
санасына сіңіруге алғашқы қадам жасаған кісі—1879 жылы

халықпен ғұмырлас рухани мұра

19

жарық көрген тұңғыш «Қазақ хрестоматиясының» авторы Ыбырай Алтынсарин. Кейін бұл талпыныс 1899 жылғы
В.В.Катаринскийдің «Қырғыз мақалдарының жинағы»,
Я.Лютштің «Қырғыз хрестоматиясы» (1883, Ташкент), Фон
Герннің «Қырғыз мақалдары» (Семей, 1898) секілді жеке
кітаптары мен А.Е.Алекторов, Ә.Диваев, П.М.Мелиоранский,
А.Васильев, Н.Н.Пантусов т.б. ғалымдардың Астрахань,
Торғай, Ташкент секілді қалалардан шыққан әртүрлі журналдар мен газеттерде жариялатқан жекелеген материалдары
арқылы жалғасын тапты.
Бұл шаруадан қазақ оқығандары да сырт қалған жоқ.
Мәселен, Бейбіт Дауылбаев деген азамат 1892, 1894 жылғы
«Дала уалаятының газеті» басылымының бірнеше санында,
М.Ешмұхамбетов деген кісі сол газеттің 1894 жылғы бірнеше
санында қазақтың көптеген мақалдары мен мәтелдерін жариялапты. Бұлардың барлығы XX ғасырға дейінгі осы тарапта
істелген шаруалар болатын.
XX ғасыр басында қазақ зиялылары халық мақалдарын
жинап, жариялауға ерекше ықылас танытты. 1914 жылы
Мейрам Ысқақ баласы, 1921 жылы Ахмет Баржақсы баласы,
1935  жылы Өтебай Тұрманжанов қазақ мақал-мәтелдерін
жеке кітап етіп жариялады. Отызыншы жылдардың
екінші жартысындағы саяси қуғын-сүргін кезінің лаңынан
творчестволық қызметтен біраз уақыт бойы қол үзіп қалған
белгілі ақын Ө.Тұрманжанов еркіндікке шыққаннан кейін
аталмыш еңбекті 1957 жылы толықтырып, бастыртты. Ал
1959, 1993 жылдары осы жинақ аздаған өзгерістермен қайта
жарияланды.
1940—1950 жылдар аралығында, әсіресе Ұлы Отан соғысы
кезінде халық мақал-мәтелдері мерзімді баспасөз бетінде жиі
жарық көрді. 1950 жылы Кеңес Одағының батыры, филология
ғылымының каңдидаты, келешек академик Мәлік Ғабдуллин
мен жазушы Сапарғали Бегалиннің редакциялық басқаруымен
әдебиет зерттеушісі Балым Ақмұқанова құрастырған жинақ
сол жылдардағы осы саладағы іргелі ізденістердің жемісі болып
табылады.
XX ғасырдың қырқыншы—тоқсаныншы жылдары ара­
лы­ғында халықтың мақалдары мен мәтелдері жеке жинақ болып жарық көрді, бұл тақырып ауыз әдебиетінің елеулі жанры

20

қазақ мақал-мәтелдері

ретінде ұдайы зерттеу нысанасына айналды. Осы ретте белгілі
ғалымдар Б.Шалабаевтың, М.Ғабдуллиннің, З.Ахметов пен
Б.Ақмұқанованың еңбектерін ерекше атаған жөн. Сондайақ біраз жылдар бойы қазақтың мақал-мәтелдерін жинас­
тыра, жариялай жүріп, мүмкіндігіне қарай, дүние жүзінің
ондаған халқының мақал-мәтелдерін қазақша сөйлеткен,
белгілі ақын М.Әлімбаевтың ерен еңбегін де атап өту ләзім.
Қысқасы, аталмыш жанр жан-жақты зерттеліну үстінде. Ал
мақалдар мен мәтелдерді зерттеушілердің қай-қайсысы да,
мүмкіндігіне қарай, осы жанрдың «ертеден келе жатқан халық
шығармаларының ескі түрі» (Ә.Марғұлан) екендігінен, оның
жиналу, зерттеліну жайларынан хабардар етеді.
Түптеп келгеңде, осының барлығы—ғасырлар бойы
ұланғайыр рухани мұраны, соның ішінде мақал-мәтелдерді
дүниеге келтірген, М.О.Әуезов тұжырымдағандай: «қазақ
халқының ... асқан ақындық дарынының, оның сарқылмас
даналығының айқын айғағы» (Әуезов М. Жиырма томдық
шығармалар жинағы. Алматы: Жазушы, 1985. 17-том. 188-б.)
екендігіне қапысыз иландырады.
Жұмат Тілепов,
филология ғылымдарының докторы, профессор

Атамекен. Ел. Халық.
1.

Абыройды ақ отау жапты.

2.

Алтын, күміс жауған жерден де
Туып-өскен ел артық.

3.

Аспандағы бұлтқа қарама,
Жердегі жұртқа қара.

4.

Айырылған ел азады,
Қосылған ел озады.

5.

Айырылған болсаң еліңнен,
Қуатың кетер беліңнен.

6.

Айырылсаң үйіріңнен,
Қолың кетпес бүйіріңнен.

7.

Адассаң, еліңмен адас.

8.

Айдабол,
Ac ішерде пайда бол!

9.

Арқадағы ноғайды
Қой бақтырған Құдай-ды.

10.

Аз болды деп күйінбе, мая болса, қайтесің,
Көп болды деп қуанба, зая болса, қайтесің.

24

қазақ мақал-мәтелдері

11.

Аздың атасы бір,
Көптің батасы бір.

12.

Аздың азаншысы болғанша,
Көптің қазаншысы бол.

13.

Айдап салдан аз өлді,
Көре келден көп өлді.

14.

Аздың ашпыз дегеніне нанба,
Көптің тоқпыз дегеніне нанба.

15.

Азды көпке қосқан сауап.

16.

Ағайын бар болсаң, көре алмайды,
Жоқ болсаң, бере алмайды.

17.

Ағайынның аты озғанша,
Ауылдастың тайы озсын.

18.

Айырылмас қоңсыға а
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!