Материалдар / Мұқағали Мақатаев лирикасындағы концептілер көрінісі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мұқағали Мақатаев лирикасындағы концептілер көрінісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі қазақ тілінде тілтанымдық зерттеулер негізінде көркем шығарманың поэтикалық тілдік ерекшеліктерімен бірге дүниетанымдық ерекшеліктерін зерттеу де кең ауқымда. Бұл көркем шығарма авторының поэтикалық тілі мен дүниетанымдық ой-пікірін танып білуге әкеледі.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мұқағали Мақатаев лирикасындағы концептілер көрінісі

Когнитивті лингвистика – (лат cognito – білім, түсінік, көзқарас) тіл біліміндегі бағыт. Тілді игеру табиғи тіл механизмін түсіндіру үшін білім жинау, қолдану және оны түсіну моделін құру тұрғысынан зерттеледі[6]. Ол – ұлттық болмысқа негізделген ментальді білім жиынтығы.

Қазіргі қазақ тілінде тілтанымдық зерттеулер негізінде көркем шығарманың поэтикалық тілдік ерекшеліктерімен бірге дүниетанымдық ерекшеліктерін зерттеу де кең ауқымда. Бұл көркем шығарма авторының поэтикалық тілі мен дүниетанымдық ой-пікірін танып білуге әкеледі.

«Концепт» термині «ұғым» сөзімен мәндес тәрізді. Бірақ, берілген анықтамаларға, зерттеу еңбектері мен талдау жұмыстарына қарағанда «концепт» терминінің мағынасы «ұғымға» қарағанда кең. Себебі, «концептінің» құрылымы мен жүйелері де бар. Зерттеуші В.А.Маслова да «ұғым» мен «концептінің» айырмашылығын былайша көрсетеді. «Концепт» терминінің «ұғымнан» айырмашылығы, «ұғымда» энциклопедиялдық анықтама беріледі.

«Концепт – ол тілдік тұлғаның тілдік – когнитивтік деңгейлерінің негізгі бөлшегі, әлемнің шындық немесе көркемдік негізін көрсетуші ұжымдық сананың қозғалысын айқындаушы бірлік. Адам санасындағы дүние бейнесінің үзіктері концептердің көмегімен сөз арқылы таңбаланып көрініс табады, вербалданады».

Концепт пен ұғымды оның құрылымдары арқылы ажыратуға болады. Ұғым құрылымында тек мазмұндық элементттер болады, концептілік құрамында әр уақытта да эмоцианалды, экспрессивті қырлары көрінеді, концепт арқылы адамның дүние туралы көзқарасы, әр обьектіге берген жағымды, жағымсыз бағасы, әсері, ойы, эмоциясы, танымы, түсінігі көрінеді.

Концептілердің санада танылу деңгейіне қарай ақиқат дүниенің болмысы мен өзіндік еркшелігіне қарай метафизикалық, ұлттық-мәдени, эмоционалдық концептілер деп жіктеледі. Концептілік жүйе сатылы құрылымнан тұрады:

Когнитивтік модель (ассоциация, бейне, символ, эталон, стереотип);

Концепт типтері (фрейм, сценарий, скрипт, схема, ойсурет);

Дүниенің тілдік бейнесі (метафора, фразеологизм, сөз, сөйлем, поэтикалық мәтін) [4,11-19];

Мұқағали Мақатаев ақындық шеберлігін когнитивтік тұрғыдан зерттеу барысында оның поэтикалық тілі ешкімге ұқсамайтын даралығымен ерекшеленіп сөз құдіреті арқылы ақын көрікті, әсем, сұлу сөз бейнелер жасап, әрбір сөзді ойнатып беру қабілетінің жоғарылығын таныдық. Сөз бейнелердің көріктілігі, әсемдігі, сұлулығы, мағыналылығы, айқындылығы – ол қолданған айшықтау-көріктеу құралдарының негізінде жатыр.

«Бір өлеңі – бір елдің мұрасындай» ақын поэзиясы адамның ішкі жан тереңін, нәзік сезімдерін шынайы да әсем бейнелейді.

Мұқағали лирикасының тілін қарастырғанда назар аударатынымыз оның халық тілі байлығын, оның мүмкіншіліктерін қаншалықты пайдаланғанын, әдеби тіліміздің дамуына қосқан үлесін, өзіндік қолтаңбасы мен өрнегін саралаймыз.

Ақын өлеңдеріндегі «сұлулық» концептісінің көрініс табуы

Көркем туындыларда әйел бейнесін мүсіндеп, әйел сипатын бейнелегенде ұлттық салт-дәстүрдің, әдет-ғұрыптық ерекшеліктерімен бірге рухани дүниенің сырлары, эстетикалық сезімдері, ұлттық таным, болмыс, тәлім-тәрбие ерекше орын алатыны мәлім. Әйел болмысы, оның еркектен ерекшелігі, ең алдымен, әйелдің сұлулығынан көрінеді. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде «сұлулық» сөзінің екі анықтамасы берілген.

1. Келбеттілік, өңділік, ажарлылық.

2. Әсемдік, әдемілік [ҚТТС, 746б].

Сұлулық – тек әйел затының өлшемі. Сондықтан, әрбір әйелдің сұлулыққа ұмтылуы, ал ақындардың бүкіл адамзат баласы секілді сұлулыққа құмарлығы, ынтықтығы – заңдылық. Сондай сұлулықты шынайы суреттеу Мұқағали ақын өлеңдеріне де тән. Қазақ тілінде жалпы әйел көркін сипаттайтын, ғаламның тілдік бейнесін танытатын концептілер төмендегіше көрініс тапқан:

«Көз» тана көз, бота көз, бадана көз, айна көз, қарақаттай көз, жәудір көз, күлім көз, көген көз, қой көз, қоңырқай көз, тұнық, мөлдір көз, мойылдай көз, тұнжыр көз, нәркес көз, тостағандай жанары, елегізеген еліктің жанарындай, қос жұлдыздай қос жанары,т.б.

Аталған концептіге ақын өлеңдерінен мысал келтірер болсақ:

Қызым менің, күлкім менің, сауығым,

Базарым да, бауырым да, ауылым.

Қандай ғажап, қарақаттай көзіңнен

Қарап тұрған мен өзімді танимын (Біздің үйге көктем келді) – деген өлеңінде ақын көзді қарақатқа теңесе, келесі бір өлеңінде былайша суреттеген:

Сенің көзің түпсіз терең тұңғиықтан жаралған,

Сонда жатыр менде жүрген орындалмас бар арман (Сенің көзің) – деген өлең жолдарында түпсіз терең тұңғиық, тұнық, мөлдір көз ретінде сипаттайды.

Сондай – ақ:

Қап – қара көзді бір қыз бар,

Қашпаңдар қара бояудан (Қап – қара ғажап сиқырлы).

Немесе:

Ойнақтаған далада қара көзім,

Еске түсіп кетті ме бала кезің?(Жалаң аяқ қыз) – дейді.

Әйел сұлулығын тануда көзге қатысты эпитет, теңеулер әр жазушы, әр ақын танымында ұлттық дүние суретіне сай, алайда алуан түрлі сөз өрнегімен өріледі. Мысалы, М.Мақатаев өлеңдерінде көздің сұлулық үлгісі ретінде «қарақаттай көз», «қап – қара көз», «тұңғиық, түпсіз терең көз» сияқты эпитеттер мен теңеулер жақын.

«Қас, кірпік» - қалам қас, қиғаш қас, имек қас, айдай боп қиылған жіп-жіңішке қас, жаңа туған айдай иілген қас, шағаланың қанатындай қиылған қас, шолпандай алтын кірпігі, найзадай ірі кірпіг, қарлығаштың қанатындай т.б сияқты эпитеттер мен теңеулер арқылы көркем әдебиетте танылып жүр. Ал ақын өлеңдерінде қас, кірпік былайша көрінеді:

Қас – кірпігің қарлығаштың қанатындай қап – қара,

Үлбіреген жүзің сенің ақ жібек пе, мақта ма?!(Сенің көзің) – деп қарлығаштың қанатына теңеледі.

«Шашы» жібектей майда шаш, сүмбіледей қара шаш, қолаң жібек шаш, толқынды қою қара шаш, білектей-білектей қос бұрым, тізесіне төгілген білектей бұрым, жылтырап өрілген жуан бұрым, көмірдей шаш,т.б.

«Шаш – қыздың көркі» деген. Шынымен де, шаш кез келген әйел адамды сұлуландырып тұратыны сөзсіз. Ақын өз өлеңдерінде шашты былайша бейнелейді:

Сенің жүзің көкте күннен, жерде гүлден нәр алған,

Шашың сенің - жан баспаған жапандағы қара орман (Сенің көзің) – десе, келесі бір өлеңінде:

Ғашықпын.

Қайтіп оны жасыра алам,

Бір алтын оның әр тал шашы маған.

Сағынайын, таусыла сағынайын,

Сағынышқа жаралған ғашық адам (Ғашықпын) – деп, шашты қара орман немесе алтын деп бейнелейді.

Сондай – ақ:

Қос уыс бұрым арқада

Қос жылан болып жүреді.

Немесе:

Асылып тұр арқаңа қос бұрымың,

Құла бесті құлағын тіге қалды,

Қыз көрмеген мақұлық, осқырауын!

«Ерні, аузы» - қып-қызыл ерін, шиедей ерін, қаймақтай ерін, жұқалаң қызыл ерін, оймақтай ауыз, т.б. Ақын өлеңінде ерін былайша суреттеледі:

Әсем басың әп-әдемі мүсініңе шақ қана,

Шиедейін еріндерің қызарып тұр шоқтана(Сенің көзің), - деп, яғни ақын қыз баланың әдемі ернін қызарған шиеге теңейді.

«Беті, жүзі» - бүйрек бет, алма бет, аққұба, бидай өңді, қызыл шырайлы, торғылт, қара сұр, үлбіреген қызыл бет, бәйшешек бетті, толған айдай, піскен алмадай, ашаң да ашық жүзді, қауызын жарып келе жатқан гүлдей, жаз дидарлы, иман жүзді, бүр ашқан қызыл қызғалдақтай, наурыздың ақша қарындай, аршыған жұмыртқадай,аршыған жауқазындай, зерен жүзді,т.б

Сонымен бірге ақын өлеңдерінен «сұлулық» концептіне қатысты қыз баланың бет-жүзін суреттеуде төмендегідей мысалдарды кездестіруге болады:

Сенің жүзің көкте күннен, жерде гүлден нәр алған,

Шашың сенің – жан баспаған жапандағы қара орман (Сенің көзің).

Немесе:

Қас – кірпігің қарлығаштың қанатындай қап – қара,

Үлбіреген жүзің сенің ақ жібек пе, мақта ма?! (Сенің көзің)

Сондай – ақ:

Ат суара барғанда жылғаға мен,

Ашаң жүзің ашылып, бір қарап ең (Ат суара барғанда жылғаға мен), - деп ақын қыз баланың ашаң жүзін ақ жібекке, мақтаға теңейді. Сонымен қатар ақын келесі бір өлеңінде:

Қызғалдақ – қыздар қауызын ашқан көктемде,

Қырындай қарап, қыздарға жанап өткенде.

Талайда – талай бозарып алма беттер де,

Талайда - талай қызарған бозай беттер де (Келіншек – жастық, кереметсің – ау, керемет!), - деген өлең шумағында алма бет деген эпитет берілген.

«Сымбат, мүсіні, денесі» - талдырмаш, сұңғақ бойлы, кер маралдай керілген, сымға тартқан күмістей, өзеннің құба талындай, құмға шыққан құба тал, талшыбықтай майысқан, шынардай, теректей, Сырдың құба талындай, Жайықтың боз талындай, қамыстай тұлғасы,т.б. Ақын өлеңдеріндегі қыздың сымбаттылығы, мүсінінің сұлулығы ерекше суреттелген. Мысалы:

Зәмзәм суы сенен арзан, тата алмаған кәусарым,

Сенің әсем мүсініңді сөзбен қалай таусамын?!

Мың Мәжнүн мендей, сірә, тебіренбеген шығар – ау,

Аппақ құсым, қайдасың сен? Аңсадым-ау, аңсадым...

Немесе:

Толықсыған тұла бойың шыбық па екен, тал ма екен,

Бейнең сенің баяу атқан жазғы шұғыла таң ба екен?

Сондай – ақ:

Қимыл сайын майысып бос буының,

Асылып тұр арқаңа қос бұрымың, - десе, келесі бір өлеңінде:

Күнәсіз сәбилікпен ойламаған,

Жасырын махаббатпен қайнамаған.

Жаныштап жетілмеген екі алмаңды,

Астынан тамағыңнан аймалағам (Жарқ етіп найзағайдай сөне қалған), - деп бейнелейді.

«Мінезі»- ерке мінезді, сәби сезімді, уыздай таза, балға ашытқан қымыздай тәтті, жібектей сызылған, бұлтсыз күндей ашық, жаздай жайдары, нәзік жүректі, асқан парасатты, сөзге өткір, мінезге бай, жайдары, жарқын,т.б.

Мұқағали ақын өлеңдерінде мінез былай көрінеді:

Сен ақылды едің...

Ақылдысың!

Тал бойыңда талмаған ақыл күшің.

Ерке мінез, есен – сау жатырмысың,

Жатырмысың, жаныма жақын құсым?!

Жаратқан қолдан соққан асыл мүсін, - деген өлеңінде ақын қыздың мінезін ерке мінез десе, келесі өлеңінде:

Жақындатпай жаныңа үрікті кеп,

Тарпаң неме тулап тұр бүлік тілеп,

Жолбарыстай атылып тізгінді алып,

Отты, өжет қыз едің, жігіт жүрек, - деген өлең шумақтарында отты, өжет, жігіт жүрек нағыз қайсар қыз ретінде бейнелейді.

Сонымен қатар ақын өлеңдерінде «сұлулық» концептісі былайша көрініс табады:

Құла сайтан барады оқтай ағып,

Шыт көйлегің алаулап оттай жанып,

Әудем жерге жеткенде бұрылдың да,

Қол бұлғадың артыңа тоқтай қалып.

Немесе:

Шыт көйлегі жабысқан кеудесіне,

Қарамасқа, қоймайды көрмесіңе.

Не келді екен сайтанның зердесіне?!

Жалаң аяқ сиқырға қарап тұрып,

Жалаң аяқ жастығым келді есіме!


Сондай – ақ, келесі өлеңінде ақын:

Әйелдер – ай!

Әйәйлер – ай, қулар – ай,

Жанарларың жауын алып тұрғаны – ай!

Біле тұра бүйректерің бүлк етіп,

Кетесіңдер тыңдай тұра тыңдамай.

Әйелдер – ай!

Әйәйлер – ай, қулар – ай!


...Әйелдерді еркектерден көп дейді.

Ойбай,

Ойбай!...

Бола берсін көп, мейлі!

Әйел деген әдемі ғой, әдемі,

Әдемілік бізге көптік етпейді.(Әйелдер – ай!)

Сонымен қатар, ақын тек қана әйел адамның сұлулығын ғана жазып қоймай, сондай – ақ махаббаттың, сұлулықтың символы болған аққудың сұлулығы жайлы да ерекше жырлаған. Мысалы:

...Аққулар...

Аққу мойын, сүмбе қанат,

Алаңсыз тарануда күнге қарап.

Айдынның еркелері білмей тұрмын.

Етермін тағдырыңды кімге аманат?!

Жаны сұлу ақ еркем, ары сұлу!

Бір мамығы майысса ауырсынып,

Тарақ етіп тұмсығын тарайды кеп,

Құм тұрса да бір түйір ауырсынып,

Жаны сұлу ақ еркем, ары сұлу!(Аққулар ұйықтағанда). Ақын аққу құсын өте нәзік, өте ерке, жаны сұлу ақ құс ретінде бейнелейді.

Немесе:

...Ал аққулар,

Аққулар тарануда,

Сусып түсіп су моншақ арқасынан (Аққулар ұйықтағанда).


Ақ көлдің айдын төсін шимайлаған,

Сұлулар, жатыр сені қимай далам.

Аққу боп неге ғана жаралмадым,

Адам боп өзіме өзім сыймай барам (Аққулар, қош болыңдар), - деп тебіренеді.

Байқап отырғанымыздай, «сұлулық» концептін құрайтын сөздер, тұрақты сөз тіркестері, теңеулерге тірек сөз ретінде халқымыз үшін, оның күнделікті тұрмыс-тіршілігіне, кәсібіне, таным-талғамы мен пайым-парасатына қатысты, тілді тұтынушылар үшін түсінікті, ортақ мағыналар алынған. Ғасырлар бойы негізгі тіршілігінің өзегі мал шаруашылығы боп танылған ат-бабаларымыз төрт түлік малды ерекше қастерлеп алғашқы орынға қойған. Сонымен бірге аңшылық, саятшылық, құсбегілік өнерді қасиетті санаған. Табиғатпен астас өмір сүрген көшпенді ата-бабаларымыз сұлулық пен әсемдікке тән белгі-сипаттарды табиғаттың төл перзенттері мен оның таңғажайып туындыларын (өсімдіктер мен жануарлар әлемі, т.б.) ерекше сезімталдықпен көре білген. Өзге тіл, мәдениет өкілдері үшін күлкілі, миға сыймайтын, бастапқыда қисынсыз көрінетін «бота көз, тана көз, көген көз, қой көз,т.б.» тіркестері қазақ үшін етене жақын, аса ыстық, үйреншікті ассоциация тудырып, әрі сұлулық, әдемі-әсемдікті сипаттаудағы дәл, анық және баршаға түсінікті бейнелер болып табылады.


Ақын өлеңдеріндегі «соғыс» концептісінің берілуі

Біз ақынның өлеңдерін оқып отырып, тағы бір концептінің бар екендігін көре алдық. Ол «соғыс» концептісі. Мұқағали «соғыс» концептісін тажалға теңей отырып, оның қақаған қысын қытымыр шал деп суреттейді.


Shape1

«Соғыс» концептісі «Жеңіс» концептісіне қарама –қарсы ең басты концептінің бірі. Соғыс, қырғын, алапат, апат қан төгіс мәніндегі этномәдени менталдық ұғымды білдіреді. Соғыс – мемлекеттердің және бір – біріне қарама – қайшы таптардың арасындағы болатын қарулы күрес, ұрыс [ҚТТС, 732б].

Мақатаев өлеңдерінде «соғыс» концептісі былайша суреттеледі:

Соғыс деген немене өзі?

Тек қана апат, қырғын ба?

Арман – тілек, ақыл – ойды апаратын құрдымға?(Менен сұра) – деп,

соғыстың қаншалықты адам баласына қиын, ойлаған арман – тілегін құрдымға әкетер апат, қырғын ретінде суреттейді. Келесі бір өлеңінде ақын:

Боздақтарын аттандырған шақтарда,

Боздап еді – ау боркемік боп қарттарда (Неге жыламасын!) .

Немесе:

Сұстандырған суық лебі,

Соғыс жылы, қыстың кезі, - дей келе, соғыс тек адам баласына қайғы әкелетін қасірет, сонымен қатар қаншама боздақтың өмірін қиған тажал бейне ретінде суреттейді.

«Қырғын» концептілік өрісі – Қырғынға ұшырау деген түсініктен шыққан «қан төгіс, қиян кескі» деген этномәдени ментальдылықты білдіретін ұғым.


Қайрап едім зауалдың шарығына,

Қақтап едім қан майдан жалынына.[1;215б]

Бір дәуірден бір дәуірге неге үзілмей жалғасты,

Бүкіл адам тарихының бетін неге қан басты? [2;243б]

қан басу-автор бұл жерде соғыс кезіндегі қырғын-жойқын өлімді бейнелеп отыр



Ұлан – асыр ұлы күрес.Түбінде бір жеңерміз,

(Біз әзірге даурықпаға шетімізден шеберміз) [1;228]

ұлы күрес-соғысты осылай атап отыр


Қарға оларды, тау мен тас, қарға оларды, қара орман,

Ол ұлы ғасырды уландырған арам қан! [2;245б]

арам қан-зиянды қан, бұзылған қан


Әділетті, әділетсіз ... Аты – соғыс бәрібір,

Қан төгіссіз қара жердің кірмей қойды «сәні» бір. [2;243б]

Қан төгу- қырып жойды,қырғынға ұшыратты,өлтірді

қара жердің кіру-өлу, көму


Қайсы ел соғыс бастаса, ел емес, ол – ұрылар,

Қан майданда басы оның алдымен жұлынар. [2;243б]

Қан майдан-қиян-кескі ұрыс; қызу айқас, тартыс.

Басы жұлынар- ақын метафоралық тіркес арқылы шайқас кезінде адамдардың мерт болғандығын осылай суреттейді


Қару алып, қан майданда, Қас жауыма төнбедім,

Материалды жүктеу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!