Материалдар / Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай ұйымдамтырылған еске алу кеші
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай ұйымдамтырылған еске алу кеші

Материал туралы қысқаша түсінік
Ақынның шығармашылығына қызығушылық танытқан әрбір жан үшін маңызды. Мектеп мұғалімдеріне кез келген ұжымға арналған шара
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Ақпан 2021
571
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

      Мұқағали Мақатаевқа арналған  «Сағындырған сол бір кез...» атты бенефис - шоу

Мақсаты:

            Ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау. М.Мақатаевтың өлеңдері мен әндері арқылы оқушыларды әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелей отырып, поэзия әлемінің сырын ашу.

Кештің көрнекілігі:

 М.Мақатаевтың суреті, ақынның шығармасы мен өміріне арналған көрме. Видео сюжеттер.Сазды музыка.

Жүргізуші: Мекен жайың?

  • Мекен жайым – жер менің.

Жерде жүрген «ақын» деген пендемін.

Қалам – қағаз, уақыт бер тек аздаған,

Мен өмірді жырлау үшін келгенмін!

Неміс тіліне оқуға түсіп, орыс тілінен сабақ береді. «Советтік шекара» газетіне алғаш өлеңін жариялап, кейін сол газетте бөлім бастығы болып қызмет атқарады. Радиодан журналға дейін жұмыс істеп, екі рет Мәскеуде білім жетілдіріп қайтады. 650 – дей өлең жазып, халқына мол мұра қалдырады. 9 – шы ақпан осынау ақиық ақынның дүниеге келген күні болатын. Ақын өзі «Жазылыр естеліктер мен жайында» деп еді. Расымен, ол жайында бүгінде естеліктер көп – ақ... отты ақын, ғажап ақын, рухты ақын, мұзбалақ ақынға арналған «Бенефис - шоуға» қош келдіңіздер қадірменді қонақтар!

Жүргізуші: Аламан бәйгеде оза шауып, өлең-жырда шашасына шаң жұқтырмаған ерен жүйрік, талантты тұлға Мұқағали ақынның өмір жолы әр алуан. Оны біріміз білсек, біріміз білмейміз. Олай болса, қыран тағдырлы ақын Мұқағали Мақатаевтің өмір жолынан деректерге назар аударайық.

/ 1 Интерактивті тақтадан Мұқағали Мақатаев туралы бейнеролик жүреді (Видео 1)/

Жүргізуші: бейне жазбадан көргеніміздей ақынның балалық шағы өте бір қиын қыстау жылдарымен тұспа – тұс келді. Осы орайда тоқтала өтсек бала Мұқағали қандай болған? Әрине біз ақын өмір сүрген ортада болғанымыз жоқ, десекте естігеніміз, оқығанымыз бар дегендей.. бүгін бізде қонақта қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, тіл жанашыры, әдебиет жанашыры десек болады Ш. Қанбаева апайымыз келіп отыр. Осы сұрақтың жауабын сізден білсек.

Сұрақ:– Шолпан апай, сіздің көзқарасыңыз бойынша «Ақын» Мұқағалиға дейінгі «бала» Мұқағали қандай болған?
Сұрақ: Ақын өлеңдерін біз білеміз, лирикаға, керемет бір нәзік сезімдерге толы... ал осындай туындыларды дүниеге әкелу үшін ақын шабытты қайдан алды?

Жүргізуші: Ақын жүрегі сезімтал ғой. Ол өз замандастары мен кейінгі ұрпағының өзін өлеңдерімен бірге есіне алып жүрерін алдын ала сезгендей.  Оған ақынның «Жазылар естеліктер мен жайында» немесе «Есіңе мені алғасың» атты өлеңдері дәлел. Осы орайда ақынның ұлы Жұлдыз Мұқағалиұлының әкесі жайында айтқан естелігіне үңілсек.
- Барлық жағынан өте ұқыпты болатын. Жазу столы әрқашанда ұқыпты тұратын. Әкем бірде менен - Балам, сенен кейін әкең қандай адам болған деп сұраса, сен не деп жауап бересің?-деп сұрады. Мен ол кезде жаспын не деп жауап берерімді білмей күмілжіп, тұрып қалдым. Сонда әкем маған: “Менің әкем өте сәби жанды адам еді”- деп айт деді. Түсінген адам түсінеді, түсінбегені өздері білсін, - деді.

Сұрақ: Шығармашыл адамдардың жан дүниесі нәзік келетінін біз білеміз. Десекте осы сәби жүректі ақынның ішкі болмысынна біз қаншалықты үңіле алдық?

Жүргізуші: Жары Лашын Әзімжанова:

Мені балаларымен қоса ұйықтатып тастап барып өлең жазуға кірісетін. Осылайша таңды атыратын кездері де бар. Жұмекеңнің: «Мұқаңның шамы таң атқанша сөнбейді» деп әзілдейтіні де содан. Бір жазғанда өндіріп тастайтын. Ал үлкен дүниелерге әбден әзірленіп болған соң барып отыратын. «Ильич», «Райымбек, Райымбек», «Аққулар ұйықтағанда» поэмалары осылай туған. Мұндайда ұйқыны да, тамақты да ұмытатын. Бізге беймәлім бір құдіреттің әсері ме, көзінде нұр жайнап, жүзінде қан ойнап алабұртып отыратын. Ертесіне жазған өлеңін шабыттанып, мақтанып, шай үстінде ең әуелі маған оқып беретін. Сонсоң үйде отыра алмай қанаттанып, Одақ жағына асығатын. Қайсыбіреулердің осы күнгі айтып жүрген «Мұқаң қызып алып, бұрқыратып өлең жазады» дегені өтірік. Ішіп алып өлең жазушы ма еді адам?! Тұнық сезім, тұма сезім ащыны жұтқан сайын лайланып, былғанбай ма. Өз басым өмірімде Мұқаңның мұндай күйде өлең жазғанын көрген жоқпын.

Сұрақ: ақынның жары Лашын апамыз, қарапайым, ұстаз болғанын білеміз. Қарапайым қара қыз, алып ақынның жүрегін қалай жаулап алды екен?

Мұқағалидің аты аталса, Фариза ақынның да аты қоса аталады. Ол туралы сан түрлі әңгімелер де бар. Бірі екеуі ғашық болған десе енді бірі, ағалы қарындастай сыйласқан деп жатады. Мен өзім соңғы пікірді дұрыс көремін. Ал сіздер ше құрметті қонақтар? Фариза әпкеміз өзі – мен Мұқанды үш – ақ рет көрдім дейді. Бұл қалай сонда? Ұш рет көрген жандардың арасында сондай махаббат болуы мүмкін бе?

Жүргізуші: “Жазылар естеліктер мен туралы...” атты естеліктер жазып, жарыққа шығарған ақынның нағашысы Әбіжан Құтпанбаев мырза ақын жайлы ойын былайша сабақтады. 

- Мұқағали қайтыс болғаннан кейін, ол жайлы естелік жазғыштар көбейіп кетті. Ол естелік жазушы адамдар біреуі Мұқағалиды көрген, енді біреулері көрмеген, кейбіреулері оның өлеңдеріне сүйеніп жазады....

Сұрақ:осы тұста көңілге қаяу салатыны ақын атын жамылған жалған Мұқағалилар да көрінген ғой?біз осыған қаншалықты тосқауыл бола алдық?

Жүргізуші:   ақын жайында мәлімет жинақтау барысында интернет желісінен мына мақалаға көзім түсті. Мені бей – жай қалдырмады. Бұл қалай? Қаншалықты рас деген сұрақтар туындай бастады. Ары қарай іздеуді жөн көріп сайттарды ақтара бастадым. таптым... көңілім түсті. Сенгім келмеді... сіздер не дейсіздер бұған? Мұхтар Шахановтың мәлімдемесінен туған ой

Құрметті Мұха!

Әлеуметтік желіде Мұқағалиға кінә артқан өлең жарияланды. Өлеңнің авторы ақиық ақынды жағымсыз кейіпкерге айналдырған. Азан шақырып қойған есімін өзгертіп, «Жұқағали Бұқатаев» депті.

Қарадық та тіксіндік. Иесі кім десек, аяғы домаланып бос тұр. Алайда сарыны таныс. «Жұқағали» дегені әлденені еске түсіреді. Кенет шошып кеттім. «Қой, олай ойлама! Бұл мүмкін емес. Мұқағалидың «Ақынды ақын сүйемесе болмайды, Ақынды ақын күйелесе, ол – қайғы» немесе «Көзімізді ашып қарайық алғы таңдарға, Күндестік құрысын! Күндестік құрысын жалғанда!» деген тіркестерін ол кісі білмей ме?! Әрине, біледі. Ендеше, сабырға жүгінейік дедім іштей.

Ұзамай мәлімдеме жасадыңыз. Әлгі өлеңнің авторы сіз екенсіз.

Бұл қандай өлең дейсіздер ғой ? міне...

жазушылар одағында,

Оянсын деп жастардан дара тұлға

Бір топ жарқын жас өскіннің жырын талдап жатқанда,

Мұқағали кіріп келді, ұқсап бақыт тапқанға,

Осындағы әрқайсысың бір бір сомнан бересің,

ал, әйтпесе,кім болсаң да көресіні көресің!

Деді дағы жиындағы жұртты түгел санады.

Алпыс бес жан... алпыс бес сом ұсынсаңдар болады!

Сол сәтте мен: көріңдіңіз бүгін жаңа белестен.

Енді сізді Мұқағали Мақатаев деместен

Жан аярлық жұқалық мінез көрсеткеніңіз үшін,

Ақша сұрап, бұқалық мінез көрсеткеніңіз үшін

Жұқағали Бұқатаев деп атағым келеді!

Дедім күліп, тек ол сөзім әзіл еді өрелі.

Сұрақ:Бұған не айтасыздар? Інілік қалжын дейік пе? Әлде...

Жүргізуші Әбіжан Құтпанбаев мырза Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығың насихатталуы жайлы былай деді.

- Мұқағалиды халқы өзі бағалады, өзі насихаттады. Былтыр үш томдығы жарық көрген кезде Оразақын Асқар: “Біз әлі Мұқағалиды зерттеп болған жоқпыз, Мұқағали халықтың жүрегінен жол тапқан адам”, - деген болатын Мен сол түсінікке қосыламын. Мектептің бағдарламасына біз талап қойып отырмыз. Оның бірлі-жарым өлеңін ғана емес, оның шығармашылығын, өмірбаянын басынан аяғына дейін түгел қамту керек деп. Сонда ғана кейінгі ұрпақ Мұқағалиды танитын болады.


Жүргізуші: Күнделігінде Мұқаң: «Ей, безгелдектер, сендер емессіңдер маған бата беретін. Жылдар өтеді, жаңа ұрпақ келеді, біздің әрқайсымызды солар өз орнына қояды. Мен өз жайымда мынаны айтамын: мен – ХХІ ғасыр ұрпақтарының құрдасымын, бәлкім, одан әрідегі ұрпақтың туысымын да» деп жазыпты. Осы орайда 21 ғасырдың ұрпақтары, ақынның өз сөзімен айтатын болсақ, Мұқағалидің құрдастарының ақын туралы айтқан үніне құлақ түрелік. (бейнежазба)

Жүргізуші: 

Бүкіл саналы өмірінде елінің болашағын жырлап өткен халқына деген махаббатын поэзия да ғана емес өмірде де, күресте де, үлкен азаматтықпен қорғай білген М. Мақатаев мұралары ешқашан өлмек емеc және оны жаттап өту біздің парызымыз.

«Ғасыр ақыны» атанған Мұқағали жырлары жылдан -жылға, ғасырдан- ғасырға жалғаса бермек! Мұқағали-мәңгілік өмір!

















«Сағындырған сол бір кез...»

М. Мақатаевқа арналған «Бенефис - шоу»



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!