Материалдар / "Мұқағали Мақатаевтың туылғанына 89 жыл" атты поезия кеші
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Мұқағали Мақатаевтың туылғанына 89 жыл" атты поезия кеші

Материал туралы қысқаша түсінік
бұл материал жас ұстаздарға ақиық ақын Мұқағали жайлы іс-шара өткізу үшін көмегі тиеді
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қазан 2020
565
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



«Мұқағали Мақатаевтың туылғанына 89 жыл» атты поэзия кеші.



Кештің мақсаты: Ғасыр ақыны атанған Мұқағали Мақатаевтың ақындық талантын оқырман жүрегіне ұялату ,оқырмандардың өнерге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.

Мұқағали шығармалары арқылы туған жерін сүюге, махаббатты, сүйіспеншілікті, достықты бағалауға, адалдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Кітап көрмесі, суреттері, бүктемелер, шарлар, гүлдер.

2 жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, ата –аналар және оқушылар ! Қазақтың ғасыр ақыны. « Мұқағали Мақатаевтың туылғанына 85 жыл» атты поэзия кешімізге қош келдіңіздер. Кешімізді Қазақстан Республикасының әнұранымен бастаймыз.

(Әнұран орындалады.)

Кешімізді бастамас бұрын оқырмандарды Биылғы 2020 жылғы тойланатын «Мерейтой иелері» атты кітап көрмесімен таныстыру.

1 жүргізуші: Қазақтың әйгілі ақыны Мұқағали Мақатаев 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысы, Нарынқол ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Шын есімі Мұқаметқали. Әкесі Сүлеймен іс шаруа адамы . Бастауыш сыныпты Қарасазда оқыды, орта мектепті Нарынқолда бітірді 14-15 жасынан өлең жаза бастады. 1948 жылы мектепті жақсы аяқтады. Ауылдағы мектепте мұғалім болып жұмыс жасайды.

2 жүргізуші: Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін сүйіп оқымайтын, тыңдамайтын адам жоқ. Ақын ағамыздың қалам тартпаған тақырыбы қалмаған. Ана мұңы, әке зары, жетім –жесір, қайғысын, ердің ерлігін, пәк махаббатты, достықты жырға қосқан. Сонымен бірге, өз халқының салтын-дәстүрін, әдет-ғұрпын қадірлей білген ұлтжанды ақын.

Сырым да осы, Жырым да осы,

Алдыңда, байқашы бір,

Бықсыдым ба, жандым ба?

Мұхаңдар жоқ, Мұхаңдардың сарқыты-

Мұқағали Мақатаев бар мұнда дей отырып .

( Мұқағали Мақатаевқа арналған слайд көрсетіледі.)

Жыл сайын Мұқағали тойланады,

Өлеңнің таралады бойға нәрі.

Жас ақындар талпынып шабытталып,



  1. жүргізуші Айналасын ақ жауындай нұрын сеуіп, тау суындай мөлдір, таза сыр ағытып, келер ұрпаққа ұлағатты еңбектерін ұсынды.

«Дариға- жүрек», «Аманат», «Армысыздар достар», «Өмір өзен», «Жылап қайттым өмірдің базарынан», «Аққудың қанатына жазылған жыр», «Мен ғашықпын», «Шындық» шығармаларымен жыр сүйер қауымды тамсандыра баурағаны баршамызға мәлім.

  1. Жүргізуші Мұқағали Мақатаев өлеңдері, жыр шумақтары ғасырдан –ғасырға жалғаса береді. Есімі жалпы қазақ баласына, жыр сүйер қауымға ыстық екені сөзсіз. Ақынның өзі айтқандай өзі өлсе де, оның өлең жырлары өлген жоқ.



  1. Жүргізуші Қуат алып Абайдың тіл күшінен.

Жыр жазамын Абайдың үлгісімен Абай болып табынсам бір кісіге,

Абай болып түңілем бір кісіден,- деп жырлап өткен ақиық ақын Мұқағали Мақатаев тірі болса биыл 85 жасқа толар еді. Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздай жарқырай, өркендей өсіп, айшықтала түседі. Абаймен үндес Мұқағалидай перзенті бар халық-шыныменен бақытты халық.


2-Жүргізуші Қазаққа тән қара өлеңге табындым,

Ата –баба дәстүрінен ап үлгІ

Ұшан теңіз ұлылықты паш еткен,

Мұқағали поэзия алыбы.

Ия, Мұқағали –ғажайып, ақиық сыршыл, гуманист ақын. Ол бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дыбыстарды бере алатын жұмбақ ақын.

Ендеше кешімізді «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» айдарымен Мұқағали Мақатаев өлеңдері оқылады.

1. «О, Поэзия»

2. «Мен ғашықпын»

3 «Мен таулықпын»

6 «Көшеде»



2- Жүргізуші Қандай ғана анадан туады адам,

Сәбилердің ұйқысын қуалаған?!

О, тыныштық қандай рахат!

Қандай рахат сәбилер жыламаған.

«Мұқағалидың әнге айналған жырлары» айдарымен

Мұқағали Мақатаев сөзіне жазылған «Бақыт деген» әнімен сахнада Аружан.

Көрініс « Саржайлау»



1- Жүргізуші Мұқағалиді еске алып келеді елім,

Қайталаған қазақтың қара өлеңін

Ұмытпайды ұрпағы ұлыларды,

Мұқағали ,Жұмекен, Төлегенін дей келе

«Жазылар естеліктер мен туралы» айдарымен Мұқағали өлеңдері

«Бүгін менің туған күнім»

«Үш бақытым»

«Соқ жүрек»



2-Жүргізуші Ақынмын деп мен қалай айта аламын,

Халқымның өз айтқанын қайталадым,

Күпі киген қазақтың қара өлеңін

Шекпен жауып өзіңе қайтарамын.



ән

1-Жүргізуші Ғашықтар үшін таң күліп,

Күре тамырларға қан жүріп

Махаббаттарымен мәңгілік

Жатады өмір жаңғырып, - ендігі кезек



Ән



2- Жүргізуші Жетер енді жатқаның көлеңкелеп

Өгейсінбей өзі болып қалу үшін,

Өнер керек ұрпаққа өлең керек.



Көрініс Мұқағали Мақатаев «Махаббат диологы» .



1 жүргізуші Қара саз, қара шалғын өлеңде өстім,

Жыр жазсам, оған жұртым елеңдестің.

Өлсе өлер, Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас , алайда өлеңді ешкім,- деп ақынның өзі жырлағандай өзі өлсе де М. Мақатаевтың өлеңдері, әндері, жыр шумақтары, поэмалары өлмейді. Өйткені біздер, яғни Мұқағали ұрпақтары ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа насихаттай жүреміз.

Демеңдер біз өнерді аяп қалды,

Уақытта біраз жерге таяп қалды.

Келесі кездескенше хош халайық

Осымен Мұқағалиға арналған поэзия кешіміз аяқталды.



Бүгінгі «Мұқағали Мақатаевтың туылғанына 89 жыл» атты поэзия кешімізге қатысқандарыңыз үшін көп-көп рахмет.

















Поэзия АМИНА

Поэзия! менімен егіз бе едің?
Сен мені сезесің бе, неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таулардан сені іздедім.
Сені іздедім кездескен адамдардан,
Бұлақтардан, бақтардан, алаңдардан.
Шырақтардан, оттардан, жалаулардан,
Сені іздедім жоғалған замандардан.
Сені іздедім досымнан, қасымнан да,
Ақша бұлттан іздедім, жасыннан да,
Сен бе дедім ақ нөсер ашылғанда,
Қызыл-жасыл шұғыла шашылғанда,
Көкжиек пен көкжиек қосылғанда.
Махаббаттан іздедім, сағыныштан,
Арманымнан іздедім алып ұшқан!
Сәттерімнен іздедім жаңылысқан,
Сені іздедім жадырау, жабығыстан.
Сені іздедім зеңбірек гүрсілінен,
Күннен, түннен, гүлдердің бүршігінен.
Қуаныштан, түршігу-күрсінуден,
Жүректердің іздедім дүрсілінен.
Сені іздедім сезімге у шараптан да,
Минуттерден іздедім, сағаттан да,
Сені іздедім.
Іздеймін тағат бар ма?
Сені маған егіз ғып жаратқан ба?!















Мен ғашықпын ЭЛЬНАРА



Сезбейсің ғой, сезбейсің ғой сен мені...
Көрмейсің ғой кереметті мендегі.
Түсінсеңші сарсаң болған пендені,
Түсінсеңші!
Ақыл-ойым кем бе еді?!


Hегe бұлай?
Heгe жүрміз көңілсіз?
Кетем бе деп қапаланып өмірсіз
Шын
ғашықпын, шын ғашықпын сол адамға
Мен болмасам, бола ма сол аман ба?


О, Тәңірім неткен жан едің
Жүрегің еттен бе әлде қоладан ба
Шын
ғашықпын несіне оны жасырамын
Алтын ғой оның әр бір тал шашы маған


Жаным, сені еш бір жаңға қимаймын
Сені көрсем бұл әлемге симаймын
Бір сен үшін осы әнді арнаймын
Сен үшін дала гүлін жинаймын


Қазір түн, көктем түні маужырап тұр
Отырмын
жазбай, сызбай қалжырап тұр
Тереземнің алдында кәрі қайың
Көктей алмай бұтағы салбырап тұр










Мен таулықпын! АФИНА

Tay дейтін алып жүрек Ана туған
Мен таулықпын!
Таудан мен жаратылғам.
Киіктің сүтін емін ержеткенмін


Қуат алып қыранның қанатынан
Мен таулықпын
Таудан мен жаратылғам.
Бұлт бүркеніп, жай отын ала туғам


Күн алғашқы сәулесін маған шашып
Маған келіп түнейді қара тұман.
Тау ұлымын
Тау - менің дәу бесігім


Мен оның әуресімін, сәулесімін.
Асқар шыңдар желпиді бесігімді
Бір орамын ағытып сәлдесінің.
Мен - таулықпын!


Таудан мен жаратылғам.
Тау деген Ана туған дара тұлғам
...Тауға барып
Көкке ұшып кетсем бе екен
Ұстап алып қыранның қанатынан













Көшеде ИНТИЗАР

Мен жолымды берейін, өт қарағым,
Несін күттің, несіне көп қарадың?
Анасының бергенін саған берген,
Аруағынан айналдым текті Ананың!


Жалған-ай!
Жарасымды-ау ізет деген!
Иілген біз өтпенен, сіз өтпенен.
Қасиетін халқының сыйламайды,


Атасының дәстүрін күзетпеген
Десек те, жаңа өмір, жаңа заман,
Жақсы ғой бірін-бірі бағалаған.
Түйсіксіз тайлақтардан сақта, құдай,
Тайраңдап алды-артына қарамаған.


Қарағым, ата-бабаң момын халық,
Өтіпті бір-бірінің жолын бағып.
Өсиетін бабаңның орындай сал,
Одан ешкім кетпейді тоныңды алып.


Мен жолымды берейін, өт, қарағым,
Несін күттің, несіне көп қарадың!?
Қор болмассың, құлыны текті Ананың,
Жолын алсаң, өзіңдей текті ағаның!...











Арыз жазып кетейін БИЛОРА

Бүгін менің туған күнім.
Ой, бәле-ай!
Мына адамдар неге жатыр тойламай?!
Банкет жасап берер едім өзім-ақ,
Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай.
Мына дүние неге жатыр үндемей?!
Алаулатып тойдың шоғын үрлемей.
Құшақ-құшақ гүл шоқтарын лақтырып,
«Мынау - шапан,
Мынау - атың, мін»,- демей.
Мына жұртқа жақпады ма әлденем?!
Бекер өмір сүргенмін бе, әлде мен?
Халқым,
Сенің қасиетіңді білем деп,
Босқа өмірім өтті ме екен әуремен?!
Айтамын деп қуанышың, мұңынды,
Басқа арнаға бұрдым ба әлде жырымды?!
Мен, бәрібір, өзіңменен бір болам,
Өзегіне тепсең-дағы ұлыңды.
...Тойланбаса тойланбасын,
He етейін.
Той көрмей-ақ, сый көрмей-ақ өтейін.
Қаламымды берші маған, бәйбіше,
Болашаққа арыз жазып кетейін...



















Үш бақытым ГУЛЯТАР

Ең бірінші бақытым – Халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

Ал екінші бақытым – Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей – кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші – Отан деген,
Құдай деген кім десе, Отан дер ем!
...
Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен.

Түтін түтет,
Өс, өрбі, көгере бер,
Немерелер көбейсін, шөберелер.
Жадыңда ұста :
Жақсылық күтпегейсің!
От емес, оқ сұрасаң менен егер!

Үш бірдей бақытым бар алақанда,
(Мені мұндай бақытты жаратар ма?!)
Үш күн нұрын төгеді аспанымнан,
Атырау, Алтай, Арқа, Алатауға!!!





















Соқ жүрек НУРАЛИ

Қалай-қалай соғады, қан-жүрегім?!
Соғасың, әлі өмірің бар білемін.
Дем ала «әй, байғұсым, дем ала ғой.
Бұл тірлікте құм арым қанды менің.
Мазалама кеудемді, ойнақ салып,
Хал жоқ менде көнетін қайраттанып.
Қаншама рет суындың қайнап барып,
Қаншама рет тірілдің жайрап барып
Мен сені әлсіретіп алдым білем,
Болмашы нәрселерге айдап салып...
Өртенбей қалып едін, от-жалыннан.
Көзден атқан кімдердің оқтарынан.
Қорқамын, дорқам сенің, қан-жүрегім,
Қалжырап ойпы тойпы соққаныңнан.
Түсінем сенің қажып тұрғаныңды,
Соқ, жүрек!
Бұзбай соққын ырғағыңды
Сыңғырлаған сиқырлы үн естиін,
Бұрап қой босап қалған сымдарыңды.
Қалай-қалай соғасың, қан-жүрегім?!
Білмеймін, қанша өмірім қалды менің.
Торға түскен торғайдай боп барасың,
Қаршығадай самғаған алғыр едің...

















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!