Материалдар / "Мұқалмаған Мүтән атам" тақырыбына жазылған мақала
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Мұқалмаған Мүтән атам" тақырыбына жазылған мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына байланысты Ешкімде ешқашан ұмытылмайды тақырыбы аясында өзімнің атама арнап "Мұқалмаған Мүтән атам "тақырыбына өзімнің қызыма жетекшілік ете отырып мақала жазғыздым. Келешек ұрпақтың ата - бабамыздың қиын күндерінің арқасында бақытты өмір сүріп жүргендерін бағалап өссін деп тәрбиелеу мақсатында жазылды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қазан 2018
289
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мұқалмаған Мүтан атам.










Олардың көпшілігі қан майданнан қайтпады. Тіпті хабар-ошарсыз кетіп, кейінгі тағдырлары беймәлім күйде қалғандары да аз емес. Болашақ үшін, мына біз сияқты кейінгі ұрпақтың бейбіт өмірі үшін қасық қаны қалғанша күресіп, жандарын пида еткен сол ер жүрек батырларымыз азаматтық мұратты ту етіп көтеріп, өз істерінің ақ та адал екендеріне имандай сеніп кетті. Қанды қырғынның лаңы талай қазақтың отбасын шарпыды.Соғыс қасіретінің әлі күнге дейін жазылмаған жарасы жүректерді сыздатады. Төрткүл дүниені дүр сілкіндірген Ұлы Отан соғысының жаңғырығы әлі де ел есінен өше койған жоқ. Қар жамылып, мұз жастанған жауынгелер Отан үшін от кешіп, ел мен жер үшін жаумен қиянкесті шайқасты. Бұл соғыста бір миллионнан астам қазақстандықтар майдан даласында жауға қарсы ұрыс жүргізсе, олардың ішінде сырбойылық сарбаздардың саны он бес мыңнан асқан. Сұрапыл соғыс жылдарында дұшпанның қалың қолымен шайқасып, Отанға деген сүйспеншіліктің, ерліктің үлгісін көрсете білген Қызылордалықтардың арасында Сырдария азаматтары да жан алысып, жан берісті. Солардың қатарында сұм соғыстың сынағын басынан кешкен, сонау 1941 жылы 23 маусымда соғыс басталған сәттен қан майданға қайсарлықпен аттанып, жігері мұқалмай, жеңістің туын желбірете 1946 маусым айында оралған, еліміздің мақтанышы, өңіріміздің беделді азаматы, әулетіміздің пірі десем де болар, менің атам- Оспанов Мүтан жайында сөз қозғағым келеді.
Ол 1914 жылы Қоғалыкөл ауылында(бұрынғы Октябрь колхозында) туылған. Колхозшы. Өмірінің ең бір қызған шағы 27 жасында Сырдария ауданының аудандық военкоматының шақыртуымен сұрапыл соғысқа аттанды. Бара салысымен 1258 атқыштар полкіне қабылданып, атқыш атағы берілген. Ленинград үшін соғыс - Ұлы Отан соғысы тарихындағы ең қайғылы беттердің бірі. 900 күнге созылған соғыстың сұмдығы талай ленинградтықты есеңгіретті. Ұлы Отан соғысы кезіндегі Ленинградтың қайғылы қоршауда қалу тарихы 1941 жылы 10 шілдеде басталған болатын. Фашистер қаланы бомбаның астына алды.Осыдан кейін-ақ жау авиациясының жиі шабуылдары басталып кетті де, Ленинград қоршауда қалды. Бұл шайқаста қақтығысқан ең ірі шабуыл 1941 жылы 19 қыркүйекте болды. 276 фашист самолёті қатысқан осы шабуыл кезінде Ленинградқа 6 рет бомба қарша жауды. Сол кезде қоршауда қалған Ленинградқа фашистер 107 мыңнан астам бомба, 150 мыңға жуық снаряд түсірді. Қоршауда барлығы 2 миллион 887 мың адам болған. Адамзат баласының басына естен кетпес қайғы-қасірет әкелген Ленинград құрсаудан 1944 жылы 27 қаңтарда Кеңес әскерлерінің жойқын шабуылы арқасында толықтай азат етілді.







жарақатынан толық жазылған соң, ұрыс алаңына қайта оралған. Соғыс соңына дейін қан майданды қажырлығымен өткерген атамыз, жеңістің туын желбіретіп, Отанына аман-есен оралған.
Сол жылдың 5 шілдесіне дейін емделіп,жарақатынан толық жазылған соң, ұрыс алаңына қайта аттанған. жылдарындағы басынан өткерген ауыр күндерін атам Осынау сұрапыл соғыс былай деп еске алған екен:
Сол жылдың 5 шілдесіне дейін емделіп,жарақатынан толық жазылған соң, ұрыс алаңына қайта аттанған. жылдарындағы басынан өткерген ауыр күндерін атам Осынау сұрапыл соғыс былай деп еске алған екен:
- Соғыста ұрыс кезінде немістерді 400 метр қашықтықтан көздеп ататын едік
- Ұрыс арасында орман ішінде тамақтанатын едік,сонда бір-бір алеумен крөжкемен ыстық шай,қатқан нанды балтамен бөліп беретін.Сонда әлгі нанды ыстық шайға салып жібергенде,шайымыз демде мұздап кететін.
- Соғыс кезінде дем алуға мүмкіндік болса ,қардың үстіне жата кететін едік.Ол кезде басымызға жастық,астымызға көрпеше дегенді ұмытқанбыз.
Алайда Совет Үкіметі фашистік Германияны күл талқан етіп қиратқанымен, дүние жүзінде бейбітшілік орнаған жоқ. Қиыр Шығыс пен Тынық мұхитта Жапония антифашистік коалицияға қарсы соғысты әрі қарай жүргізе берді. 26 шілде күні АҚШ, Ұлыбритания, Қытай үкіметтері Жапонияның толық тізе бүгуін талап еткен Подстам декларациясын жариялады. Оған Жапониямен бейтараптық жөніндегі келісімшартты бұзған КСРО да қосылды. Бірақ Жапон үкіметі декларация талаптарын қабылдамай тастады. Жапониямен соғысты 1941 ж. желтоқсанда бастағанпен1945 жылдың ортасына қарай Жапония Қарулы Күштерін үлкен шығынға ұшыратты. Алайда Жапонияның құрлықтағы әскерлері әлі де күшті болатын. Қиыр Шығыстағы өз ықпалын күшейту үшін Кеңес үкіметі 1945 ж. 8 тамызда Жапонияға соғыс жариялады.




Жапон соғысында ерлікпен шайқасып, 1946 жылы тамыз айында елге оралған.
Қос соғысты қатар көрген атамның орны ерекше, ол мен үшін үлкен мақтаныш, Ер есімі-ел есінде деген рас қой, соғыс жылдары көсеткен ерлігі мен еңбегі ескерусіз қалған жоқ.
1945 жылдың 6 маусымында КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығы бойынша 1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысында Ерен және жанқиярлық еңбегі үшін медальімен марапатталды.
1965 жылдың 7 мамырында КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығы бойынша 1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысына 20 жыл толуына орай Мерекелік медальмен марапатталды.
1975 жылдың 25 сәуірінде КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығы бойынша 1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысына 30 жыл толуына орай мерекелік медальмен марапатталды.
1985 жылдың 11 наурызында КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығы бойынша 1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысында фашистік басқыншыларға қарсы күресте көрсетілген батылдығы, табандылығы мен ерлігі үшін ІІІ-дәрежелі орденімен марапатталды.
1985 жылдың 12 сәуірінде КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығы бойынша 1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысына 40 жыл толуына орай мерекелік медальмен марапатталды.
1988 жылдың 28 қаңтарында КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығы бойынша КСРО қарулы күштерінің 70 жылдығы мерекелік медалімен марапатталды.
1995 жылдың 21 наурызында Қазақстан Республикасы Президентінің № 2142 Жарлығы бойынша 1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысына 50 жыл толуына орай мерекелік медальмен марапатталды.
1995 жылдың 26 мамырында Қазақстан Республикасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Басшылары кеңесінің шешіміне сәйкес Кеңес Одағының Маршалы Г.К. Жуков медалімен марапатталады.
Атам соғыстан оралмас бұрын,ауылда киіз үйде Күләмза (атамның туған анасы) әжем отбасымен шай ішіп отырса,Кеңескүл апа(көріпкелдігі болса керек) киіз үйдің сыртқы белдеуінен саусақтарының ұшымен сыза сипап,Осы үйде құдай қаласа той болады деп айтқан екен.Содан көп ұзамай Кеңескүл апамның айтқаны тура келіп атам соғыстан аман-есен оралып той болыпты.
Талай кара көз қазақты жалмаған сұм соғыстың ажалы менің атамды айналып өтіп, алланың қалауымен аман қалып 1947 жылы 8 қаңтарда әжем Сардарбаева Дамешпен некесін қияды. Соғыстан кейінгі жылдарда қиыншылығы мен қуанышы қатар жүрген кеңестік қарапайым от басында сегіз бала дүниеге келді. Олардың алтауы ер бала, екеуі қызбала. Аллаға шүкіршілік атамыз бір жасында әкесінен ерте айырылып, қалса да, шаңырағы шайқалмай, түтіні бүгінде түтіндеп келеді. Сегіз баладан жиырма тоғыз немере, жиырма бес шөбере өрбіп келеміз.
Өмірдің заңдылығы, оған қарсы келер ешкім жоқ, біз қимасақта 1998 жылдың 19 қыркүйегінде, 84 жасында атамыз дүниеден озды. Артында қалдырған ізі, өшпес сара жолы да аз емес.
Атам жайында қолымнан келгенше,оның балаларынан, ата-анамның айтуынан естігенімді жеткізуге тырысып отырған мына мен Жауқазын, атамның сүт кенжесінің, яғни шаңырақтағы ізбасарының қызы, атамның жиырма алтыншы немересі болам.
Атамның айта берсем елі үшін жасаған еңбегі мен ерлігі өте көп, соғыстан кейінгі жылдарда өзінінің туған жері Октябрь колхозында еңбекке араласып, күрішші, звеновод болып қызмет атқарған. Ауылдың алқалы ақсақалы, ел сыйлаған майдангердің абыройы қай уақыттада асқақ еді. Ауыл ішінде атамның атына Мүтан шлөз деп суармалы канал аты берілген.
Былтыр, яғни 2014 жылы атамның Жүз жылдық мерей тойы болып өтті, атамыздан өрбіген барлық ұрпақтар бас қосып, құран бағыштап, атамыздың өткен өмірін еске алып, жүріп өткен саралы жолын біріміз мақтан етіп, біріміз мәртебе тұтсақ, мен өзім іштей үлгі етемін. Ұлы Отан соғысының 70 жылдық мерей тойында атамды тілге тиек етіп, ұлан асыр өмірін, қысқаша суреттеп жазуды ұйғардым.
Ұлы Отан соғысының 70 жылдығын мерекелеуге аз ғана уақыт қалған осы бір даңқты күн тарихымызға тереңдей еніп, алыстаған сайын оның ұлылығы мен мән мағынасы дараланып, маңызы арта береді. Ажалмен арпалысып жүріп, ғажайып ерлік жасаған аға ұрпаққа деген құрмет сезіміміз еселене түседі. Малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы деген өмірлік қағидаларға адалдық танытқан майдангерлердің үлгілері баршамыз үшін – зор өнеге. Олардың қанымен, жанымен жасалған ұлы ерлікті ешқашанда кір шалмайды, ол мәңгілік болып қала береді.
Сұм майданда қан кешкен талай қазақ баласы,
Жалмап жатты жандарды, Ұлы соғыс даласы.
Айырды ғой қан соғыс, жақын-жуық арасын
Жер қойнына тапсырды, қаншама ана баласын.
Сол сұрапыл жылдарда, ұрыс көрген майдангер,
Мүтан атам айбыным, қатардағы жауынгер.
Ерлігін оның ел білген, атына тіпті жер берген,
Мүтан атам арысым, Мүтан атам кемеңгер – деп аяқтағым келеді.

























Қолданылған әдебиеттер:
Шырағың сөнбесінанықтамалық суретті кітап. 1995 жыл Тасбөгет. Автор Жақсылық Рахматулла.
Ұлы Жеңіске 50 жыл 1995 жыл Қызылорда. Автор Ә.Байшуақов, Ы.Қалиев.
Атамның жеке деректерінен.






Ел басына күн туып, етігімен қан кешкен, ат басына күн туып, ауыздығымен су ішкен ауыр сын кезде біздің жерлестеріміз, Қызылордалықтар, кешегі ортақ Отанымыздың бостандығы мен азаттығы, жер бетінде бейбіт өмір орнауы жолында кеуделерін от пен оққа тосты. Сол бір қанды соғыстың өрті шарпыған жылдарда сыр бойынан аттанған ер-азаматтар қас дұшпанмен қаһармандықпен шайқасты.

Осы Ленинград қаласын жау құрсауынан азат ету үшін менің де атам аянбай соғысқан.Тіпті 1943 жылы 19 наурызда сол жақ иығынан ауыр жарақаттанып, Эвакуациялық госпитальге түседі. Сол жылдың 5-ші шілдесіне дейін емделіп,





Бұл жағдай кеңестік жауынгерлерге жақсы жаңалық болмады, жуырда ғана 5 жылдық қан майданды бастан кешкен жауынгерлер қайта сап түзеуге тура келді. Солардың қатарына менің де атам аттанды.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!