Сабақтың тақырыбы: Мүшел
жас.
Бауыржан
Момышұлы
Сабақтың
мақсаты:
тақырыптың балаға ой
салар идеясын баса ашуға жағдай
туғызу.
Күтілетін
нәтижелер:
Пәндік
нәтиже:
мәтін мазмұнын
түсініп, адам жасының ерекшеліктеріне мән бере отырып, айтылған
ойға, үлкеннің сөзін тыңдай білуге, өзгелердің пікірімен санаса
білуге
үйрету.
Жүйелі іс-әрекет
нәтижесі:
оқушылардың
өздігінен ойлануы мен іскерлігін, өз беттерінше қорытынды шығару
дағдыларын
жетілдіру.
Тұлғалық
нәтиже:
әдет-ғұрпымыз бен
салт-дәстүрімізді құрметтеуге, имандылыққа
тәрбиелеу.
Сабақтың
көрнекілігі:
мүшел жас кестесі,
үнтаспа.
Сабақтың
барысы:
Ұйымдастыру
кезеңі.
Үй жұмысының дұрыс
орындалғандығын қарап
шығу.
-
Қызығушылықты
ояту.
Үнтаспадан «Бесік жырын»
тыңдау.
- Бұл өлеңді қай
кезде
айтамыз?
Мұғалімнің «Туған
күнге» арналған құттықтау өлеңін жатқа
айтуы:
Құтты болсын туған
күн,
Кіндігіңді кесіп
ап,
Жібек жіппен буған
күн.
Шілдехана
суымен
Алғаш рет жуған
күн.
Орап алып
жөргекке,
Ақ сүтін асыл
ананың
Емірене емген
күн.
Әкең келіп
төбеңнен
Тебірене төнген
күн.
Қуанғаннан
ел-жұртың
Көрімдігін берген
күн.
«Кімге тартты екен?»
деп
Бетіңді ашып берген
күн.
Туған күнің жыл
сайын
Жүз жыл бойы
тойлансын.
-
Бұл өлең жолдары
кімге арналып айтылды деп
ойлайсыңдар?
-
Бүгінгі сабағымыздың
тақырыбы не туралы болатынын аңғардыңдар
ма?
-
Батыр атамыз
Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» әңгімесінен алынған үзінді «Мүшел
жас» мәтінін
оқимыз.
Оқушылардың Б.
Момышұлы туралы не білетіндері бойынша «топтастыру»
құру.
Керек
дерек.
Момышұлы Бауыржан
(1910-1982)
- екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты
жауынгері, Халық Қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы. Туған жері
- Жамбыл облы- сының Жуалы ауданындағы Көлбастау
мекені.
Бауыржан жеті жылдың мектепті
бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болған. Сонда жүргенде
кезекті әскери міндетін өтеуге шақырылып, онда бір жарым жыл жүріп,
запастағы командир атағын алады. Туған ауылына қайтып оралған соң,
ол біраз жыл қаржы мекемесінде қызмет істейді. Содан қайтадан әскер
қатарына шақырылып, түрлі әскери бөлімдерде взвод, рота командирі
болады.
1941 ж. ұлы Отан
соғысы басталысымен, Бауыржан даңқты генерал-майор И.В. Панфиловтың
басшылығымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316-атқыштар
дивизиясының құрамында майданға аттанады, батальон, полк командирі
қызметтерін атқарады. Соғыстың соңғы жылдарында гвардиялық
дивизияны
басқарады.
1941 жылғы күзгі,
қысқы кескілескен шайқастар кезінде өз батальонын 27 рет шабуылға
бастап шықты. 5 рет қоршауды бұзып, негізгі жауынгерлік құрамымен
аман- есен дивизиясына қосылды. Жауынгерлік іс-қимылдарға қатысты
ұрыстан шығу, шегініс жасау тәсілдерінің арнайы тарау болып әскери
жарғыға енуі, тактикада «ошақты» және «икемді қорғаныс» ұғымдарының
қалыптасуы - Бауыржан Момышұлының осындай тәжірибелерінің жиынтығы
болып табылады. Оның қолбасшы, терең ойлай білетін әскери маман
ретіндегі таланты соғыста полк, дивизия басқарған жылдары кеңінен
ашылды. Оның атақ-даңқы, батырлығы А. Бектің «Волоколамск тас жолы»
атты кітабында сурет- телді. Кітап неміс, чех, иврит, ағылшын,
француз, т.б. шетел тілдеріне
аударылды.
-
Мағынаны тану.
Мәтінді түсініп
оқу.
«Мүшел жас» кестесі
бойынша
толықтыру.
Қосымша
дерек.
Халық
даналығында
мүшел
жас
деген ұғым бар. Бұл
ұғым түркі тілдес халықтар мен Орта Азия халықтарының көпшілігінде
кездеседі. Әр мүшелден өткен сайын адам баласы есейіп, бүкіл бір
елді басқара алатындай шамада болғанда, оған келер қауіп те көбейсе
керек. Өйткені мүшел жастың да өз алдына қауіптері бар. Ендеше,
мүшел жасты былай жіктеуге
болады.
13 жас - ер жете
бастау;
25 жас - жігіттік
шақ;
37 жас - ақыл
тоқтатқан
кезең;
49 жас - орта
жас;
61 жас - немере
сүю;
73 жас - қарттықтың
басы;
85 жас -
кәрілік;
97 жас -
қалжырау;
109 жас - шөпшек
сүю;
121 жас - немене
сүю.
Астрономия ғылымының
деректері бойынша, әрбір 12 жылда Юпитер өзінің орбитасын бір рет
айналып шығады. Адамның мүшел жасы да әрбір 12 жыл сайын кіріп
отырады. Бір жылда 12 ай бар. Мұнда да бір байланыстың бары
анық.
- Отбасында туған
күн мерекесі қалай аталып өтіледі? Бұл мерекенің жақсы-жаман жағын
ажыратып
жазайық:
Сергіту
сәті:
Ал, балалар,
тұрайық,
Алақанды
ұрайық.
Бір отырып, бір
тұрып,
Біз демалып
алайық
Оңға, солға түзу
тұр
Солға, оңға түзу
тұр.
Алға қарай бір
адым,
Артқа қарай бір
адым.
Жоғары-төмен
қарайық,
Орнымызды
табайық.
-
Ойтолғау.
Дәптерде берілген
тапсырмаға көңіл бөліп, танысу. «Жоғалған» туған күн» мәтінін оқып,
Берентайға қуанышты хат
жаз.
Немесе:
Ойтолғау
жазу.
Оқушылардың жұмысын
тыңдау.
Сабақты «Туған күн»
өлеңімен
аяқтау.