Материалдар / Мүсіндеу әдістемелік нұсқау
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мүсіндеу әдістемелік нұсқау

Материал туралы қысқаша түсінік
Мүсіндеу әдістемелік құрал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қараша 2020
461
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1

Н.В. Тарасова, Н.Г. Заметайло, А.Е. Григорова
МҮСІНДЕУ
Әдістемелік нұсқау
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы бойынша
мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрлігі ұсынған
Алматыкітап баспасы
2017


Page 2

© Тарасова Н.В., Заметайло Н.Г., Григорова А.Е., мәтіні, 2017
© «Алматыкітап баспасы» ЖШС, 2017
Тарасова Н.В., және т.б.
 Мүсіндеу. Әдістемелік нұсқау. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу
бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған.
/ Тарасова Н.В., Заметайло Н.Г., Григорова А.Е. – Алматы: Алматыкiтап баспасы, 2017.
– 104 б.
ISBN 978-601-01-3082-1
ӘОЖ 373.2
КБЖ 74.102
Т 21
Т 21
ӘОЖ 373.2
КБЖ 74.102
ISBN 978-601-01-3082-1


Page 3

3
АЛҒЫ СӨЗ
«Мүсіндеу» оқу-әдістемелік кешені төмендегі нормативтік құжаттарға сәйкес дайындалған.
1.  Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
(Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 ж. 15 мамырдағы № 292 қаулысымен бекітілген).
Аталған стандарт Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі және мектепалды даярлық білім
берудің жаңа методологиялық негізін анықтайды;
2.  1 жастан 6(7) жастағы балаларға арналған Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік
оқу бағдарламасы (Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2016 ж.
22 маусымдағы № 391 бұйрығымен бекітілген);
3.  Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (Қазақстан
Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2016 ж. 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен
бекітілген). Жаңартылған бағдарлама мектепке дейінгі білім берудің контекстегі 5 білім беру
саласына жаңа мазмұн ұсынып отыр.
ОӘК дайындаудың негізгі мақсаты – аталған нормативтік құжаттарда көрсетілген мектепалды
даярлық пен бастауыш мектеп арасындағы оқытудың бірізділігін сақтау.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы«Шығармашылық» білім
беру саласы бойынша дайындалған.
Бағдарламада оқыту мен тәрбиелеудің мынадай мақсаттары мен міндеттері белгіленген:
Мақсаты: мүсіндеудің көмегімен мектепке дейінгі жастағы балалардың шығармашылық
қабілетін дамыту, кеңістікті түйсіну қабілетін, ой-қиялын, сенсорлық және эстетикалық қабылдау
қабілетін, саусақ қимылдарын дамыту.
Міндеттері:
- балалардың бойында мүсіндеуге арналған түрлі материалдармен жұмыс істеу дағдыларын
қалыптастыру;
- мүсіндеуге қызығушылығын арттырып, шығармашылық ой-қиялын дамыту, есте сақтау
қабілетін, байқампаздық қасиетін жетілдіру;
- кеңістікті түйсіну қабілетін қалыптастыру;
- заттарды шынайы затқа қарап, көзге елестете отырып және ойдан құрастырып мүсіндеу
қабілетін дамыту;
- заттардың, мүсінделетін бұйымдардың пішіні мен өлшемі туралы кеңістіктік түсініктерін
қалыптастыру;
- заттарды шынайы бейнесіне қарап елестететін, ойдан шығарып мүсіндеу дағдыларын
дамыту;
- мүсіндеу барысында түрлі бейнелерді, олардың сипатының, пішінінің, про­ порцияларының,
фактураларының, зат қозғалыстарының ерекшеліктерін өздігінен бере білу дағдыларын
дамыту;
- көркем-эстетикалық талғамды қалыптастыру және бейнеленген образдарға жанашырлық
сезімдерін тәрбиелеу;
- қарапайым еңбек дағдыларына, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;
- мүсіндеудің түрлі техникасын (конструктивтік, мүсіндік, аралас), сондай-ақ мүсіндеуге
арналған материалдармен жұмыс істеу тәсілдерін меңгеру;
- мүсіндеу барысында әртүрлі образдарды, әсіресе оның мінез ерекшеліктерін, заттардың
пішінін, пропорциясын, фактурасын, қозғалысын өз бетінше бере білу қабілетін дамыту;
- заттардың пішініне, олардың кеңістіктегі орнына қарапайым талдау жасау қабілетін
дамыту;
- эстетикалық талғамын дамыту және өзі бейнелейтін образдарды жан-тәнімен түйсінуге
баулу;
- бала саусақтарының ұсақ қол моторикасын және сенсорлық қабылдау қабілетін дамыту;
- мүсіндеу барысында қазақ халқының ұлттық сәндік-қолданбалы өнерінің желісін
пайдалана отырып отансүйгіштікке баулу.
«Мүсіндеу» ҰОҚ мазмұны оқу бөлімдері бойынша ұйымдастырылған. Оқу бөлімдері
әрі қарай жинақталған білім, түсінік және дағдыларды қалыптастыру мақсаттарын көздейтін
бөлімшелерден тұрады. Әрбір бөлімше ішінде реттілікпен құрылған оқу мақсаттары педагогке
жұмысын жоспарлауға, балалардың жетістіктерін бағалауға және оларға оқудың келесі кезеңдері


Page 4

4
туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.
№ Бөлім Бөлімше
1Мүсіндеу бағыты 1.1. Заттық мүсіндеу.
1.2. Сюжеттік мүсіндеу.
1.3. Сәндік мүсіндеу.
2Еңбек гигиенасын, құралдармен жұмыс
кезінде қауіпсіздік ережесін сақтау.
2.1. Мүсіндеуге арналған материалдармен,
құралдармен жұмыс.
Аталған бөлімдердің мазмұны мынадай сегіз тақырып арқылы ашылады:
• «Мен кіммін және қандаймын?»
• «Мектепке не үшін барамыз?»
• «Менің айналамда кімдер бар?»
• «Менің айналамды не қоршап тұр?»
• «Жолдар бізді қайда бастайды?»
• «Салт-дәстүрді білу не үшін керек?»
• «Мен үшін не дәмді және пайдалы?»
• «Денсаулықты қалай күту керек?»
Әдістемелік нұсқауға ұзақмерзімді (күнтізбелік-тақырыптық жоспар) және қысқамерзімді
жоспарлау енгізілген. Қысқамерзімді жоспарлауда ресурстар, тілдік мақсаттар, ҰОҚ-нің
мақсаттары жазылған.
Әр ҰОҚ-де балаларға композицияларды таңдауға, түстерді немесе мүсіндеу тәсілдерін
іріктеуге еркіндік беріледі. Бұл балаларды дербестікке, бастама көтере білуге тәрбиелеп,
шығармашылық қабілеттерін арттыруға ықпал етеді. Жұмыс кезінде балалардың эстетикалық
талғамы ғана емес, ойлау қабілеті де дамиды. Өйткені берілген тапсырмаларды орындау
барысында олар талдау және жинақтау, салыстыру тәрізді ақыл-ой операцияларына жүгінеді.
Кейбір тапсырмалардың соңында орындалған жұмысты пысықтау тәсілі қолданылады. Олар
«Шығармашылық минуты», «Жас мультипликаторлар студиясы» және т.б. деген атаумен берілген.
ҰОҚ балаларды өз жұмысы туралы достарына әңгімелеп беруге, өзінің жасаған таңдауын негіз­
деуге қызықтыратындай етіп құрастырылған («Досыңа айтып бер...»).
Әр ҰОҚ-де қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде лексикалық түсініктер берілген.
Авторлар балалардың ҰОҚ-не деген қызығушылығын арттыру мақсатында Ермек атты
мүсінші кейіпкерді алған. Балалар Ермектің көмегімен өнер әлемімен: халық шеберлерінің
құпиясымен танысады. Мүсіндеудің: шиыршықтау, ию, қысу, қажетсізін алып тастау және созу
сынды тәсілдерін меңгереді, оның пішінін, кейпін жасап, пропорциясын, мінез-құлық ерекшеліктері
мен қимыл-қозғалысын беруді, заттарды ортақ сюжет арқылы біріктіріп, халықтық ойыншықтар
жасауды үйренеді.
Өзі атқарған жұмысқа ойын түрінде, өз бетінше баға беру арқылы балалар өзіне жүктелген
міндетті қалай атқарғанын түйсінуге үйренеді.
ҰОҚ құрастыру барысында авторлар бүлдіршіндердің шығармашылығын дамытуға, ой-
қиялын жетілдіруге, байқампаздық белсенділігін, берілген тапсырмаға мұқият зер салу қабілетін,
қолының икемін, пішінді түйсіну, көзбен өлшеу және түсті ажырату, сөздік қорын байытатын,
балалардың бойында ерік-жігер қалыптастыратын түрлі ойын тәсілдерін пайдалануға ден қойды.
«Мүсіндеу» ОӘК-і әдістемелік нұсқау мен әліппе-альбомнан тұрады.
Ұсынылып отырған материал арқылы педагогтер балалардың бойында жағымды эмоциялар
қалыптастырып қана қоймай, тәрбие берудегі маңызды мәселелерді шешуге, әр баланың жан-
жақты дамуына жағдай жасауға мүмкіндік алады.
Аталған оқу-әдістемелік кешен балалармен «Мүсіндеу» циклі бойынша жұмыс істеуді
ұйымдастыруға көмектеседі деп үміттенеміз. Еңбектеріңіз жемісті болсын!
Құрметпен авторлар


Page 5

5
МҮСІНДЕУ. Ұзақмерзімді жоспарлау
Күнтізбелік-тақырыптық жоспар (32 сағат)
ТақырыпБөлімБөлімшелерОқу мақсаттарыҰОҚ-нің тақырыбы
Сағат
саны
Мен кім -
мін және
қандаймын?
I. Мүсіндеу
бағыты
II. Еңбек
гигиенасы
талаптарын
және құрал­
дармен жұмыс
істеу барысында
қауіпсіздік ере -
желерін сақтау
1.1. Заттық мүсіндеу.
2.1. Мүсіндеуге арналған
материалдармен және
құралдармен жұмыс істеу.
0.1.1.1. Затқа қарап және елестету арқылы,
ермексаздың, сазбалшықтың және басқа да
материалдардың бүтін бөліктерін соза отырып,
таныс заттарды, түрлі пішіндегі, көлемдегі жеміс-
жидек, жануар, құстардың модельдерін қарапайым
геометриялық пішіндер негізінде мүсіндеу.
0.2.1.1. Мүсіндеуге арналған материалдарды үнемді
пайдалану.
1-ҰОҚ
Ермексаз әлемі
1
1.2. Сюжеттік мүсіндеу.
2.1. Мүсіндеуге арналған
материалдармен және
құралдармен жұмыс істеу.
0.1.2.1. Басқа балалармен топтасып немесе жекелей
біртекті заттардан образдар мен сюжеттік компо -
зициялар жасау (мысалы, ертегі, әңгіме, балаларға
арналған халық әндері, санамақ, мазақтамалар,
аңыздар желісімен).
0.2.1.2. Өткір және кескіш құралдармен жұмыс
барысында қауіпсіздік техникасын және еңбек
гигиенасын сақтау.
2-ҰОҚ.
Кірпілер жанұясы
күні бойы жеміс-
жидек жинайды
(кірпінің жанұясы)
1
1.3. Сәндік мүсіндеу.
2.1. Мүсіндеуге арналған
материалдармен және
құралдармен жұмыс істеу.
0.1.3.1. Пластикалық, конструктивтік және мүсіндеу
техникаларын қолданып, түрлі пішіндегі кескіштер -
ді пайдалана отырып, Қазақстанның және әлемнің
халық кәсіпшілігі негізінде ойыншықтар, ыдыс-аяқ
жасау.
0.2.1.3. Жұмыс барысында жұмыс орнын,
құралдарын ретке келтіру.
3-ҰОҚ.
Сазбалшықтан
мүсінделіп, бояулар -
мен сәнделген ғажап
ойыншықтар әлемі
(Филимонов
ойыншықтарының
үлгісі бойынша)
1
1.1. Заттық мүсіндеу.

2.1. Мүсіндеуге арналған
материалдармен және құ­
рал­дармен жұмыс істеу.
0.1.1.2. Дененің қарапайым пропорцияларын
есепке ала отырып, қозғалыстағы адамның не-
месе жануардың қарапайым фигурасын мүсіндеу,
фигураны тік немесе көлденең орналастыру, фи -
гура бөліктерін өзара қосып, олардың бір-біріне
қосылған жерін арнайы кескіш көмегімен тегістеп,
жымдастыру.
4-ҰОҚ.
Түйе
(қазақтың «Түйе су
ішкенде неге артына
бұрылып қарайды?»
ертегісінің желісімен)
1


Page 6

6
0.2.1.2. Өткір және кескіш құралдармен жұмыс
барысында қауіпсіздік техникасын және еңбек
гигиенасын сақтау.
Мектеп -
ке не үшін
барамыз?
I. Мүсіндеу
бағыты
II. Еңбек гигие­
насы талап­
тарын және
құралдармен
жұмыс істеу
барысында тех -
ника қауіпсіздігі
талаптарын
сақтау
1.1. Сюжеттік мүсіндеу.
2.1. Мүсіндеуге арналған
материалдармен және
құралдармен жұмыс істеу.
0.1.2.2. Бұйымды тұғырға орнату техникасын пайда -
лану, бір тұғырға бірнеше бұйымды орналастыру.
0.2.1.1. Мүсіндеуге арналған материалдарды үнемді
пайдалану.
5-ҰОҚ. Түлкі мен
ешкі
(қазақтың
«Түлкі мен еш­кі»
ертегісінің желісімен)
1
1.1. Сәндік мүсіндеу.
2.1. Мүсіндеуге арналған
материалдармен және
құралдармен жұмыс істеу.
0.1.3.2. Әлем халықтарының ұлттық ойыншықтары
мысалында затқа қарап, елестетіп және ойдан
құрастырып жапсырып мәнерленген образды сәндеу
әдістерін пайдалану (рельеф, илеу, кескішпен ойып
алу немесе қырып із салу).
0.2.1.3. Жұмыс барысында жұмыс орнын,
құралдарын ретке келтіру.
6-ҰОҚ. Қарасаң
көзің тоймайды,
Қыз Жібек қандай
тамаша!
(Дымков
ойыншықтарының
үлгісі бойынша)
1
1.1. Заттық мүсіндеу.
2.1. Мүсіндеуге арналған
материалдармен және
құралдармен жұмыс істеу.
0.1.1.3. Кейіпкерлерге тән бөліктерді (мұрын, ауыз,
көз, құлақ, аяқ, қанат) пропорцияны сақтай отырып,
қарапайым әдістерді (жұмырлау, жаю, жалпайту,
кескіш көмегімен ойып алу, т.б.) қолданып мүсіндеу,
жұмыстың конструктивті және пластикалық
техникаларын үйлестіріп, бөліктерді біріктіру.
0.2.1.1. Мүсіндеуге арналған материалдарды үнемді
пайдалану.
7-ҰОҚ.
Қарлығаштың
ұясы
(Қазақтың
«Қарлығаштың
құйрығы неге айыр»
ертегісінің желісі
бойынша мүсіндеу)
1
1.2. Сюжеттік мүсіндеу.
2.1. Мүсіндеуге арналған
материалдармен және
құралдармен жұмыс істеу.
0.1.2.1. Басқа балалармен топтасып немесе жекелей
біртекті заттардан образдар мен сюжеттік компо -
зициялар жасау (мысалы, ертегі, әңгіме, балаларға
арналған халық әндері, санамақ, мазақтамалар,
аңыздар желісімен).
0.2.1.3. Жұмыс барысында жұмыс орнын,
құралдарын ретке келтіру.
8-ҰОҚ.
Ермексаз
қойылымы
(Ы. Алтынсариннің
«Жануарлардың
айтысы» ертегісі
бойынша мүсіндеу)
1


Page 7

7
Менің айна -
ламда кімдер
бар?
I. Мүсіндеу
бағыты
II. Еңбек
гигиенасы
талаптарын
және құрал­
дармен жұмыс
істеу барысында
қауіпсіздік ере -
желерін сақтау.
1.3. Сәндік мүсіндеу.
2.1. Мүсіндеуге арналған
материалдармен және
құралдармен жұмыс істеу.
0.1.3.1. Пластикалық, конструктивтік және мүсіндеу
техникаларын қолданып, түрлі пішіндегі кескіштер -
ді пайдалана отырып, Қазақстанның және әлемнің
халық кәсіпшілігі негізінде ойыншықтар, ыдыс-аяқ
жасау.
0.2.1.2. Өткір және кескіш құралдармен жұмыс
барысында қауіпсіздік техникасын және еңбек
гигиенасын сақтау.
9-ҰОҚ.
Ақ дастарқан үстіне,
әдемі табақ сән бер -
ген
(ою өнері)
1
1.1. Заттық мүсіндеу.
2.1. Мүсіндеуге арналған
материалдармен және
құралдармен жұмыс істеу.
0.1.1.4. Қарапайым көркем образдарды жа-
сау, образды түрлі ұсақ бөліктермен, сәндік
элементтермен толықтыра отырып, көңіл-
күйін бере білу, олардың ұқсастықтары мен
айырмашылықтарын талдау.
0.2.1.1. Мүсіндеуге арналған материалдарды үнемді
пайдалану.
10-ҰОҚ.
Ермексаз -
дан жасалған
күлдіргі шарлар
(қамырпластика)
1
1.2. Сюжеттік мүсіндеу
2.1. Мүсіндеуге арналған
материалдармен және
құралдармен жұмыс істеу.
0.1.2.2. Бұйымды тұғырға орнату техникасын пай -
далану, бір тұғырға бірнеше бұйымды орналастыру.
0.2.1.3. Жұмыс барысында жұмыс орнын,
құралдарын ретке келтіру.
11-ҰОҚ.
Құлдыр-құлдыр,
құлыншақ
1
1.3. Сәндік мүсіндеу.
2.1. Мүсіндеуге арналған
материалдармен және
құралдармен жұмыс істеу.
0.1.3.2. Әлем халықтарының ұлттық ойыншықтары
мысалында затқа қарап, елестетіп және ойдан
құрастырып жапсырып мәнерленген образды сәндеу
әдістерін пайдалану (рельеф, илеу, кескішпен ойып
алу немесе қырып із салу).
0.2.1.2. Өткір және кескіш құралдармен жұмыс
барысында қауіпсіздік техникасын және еңбек
гигиенасын сақтау.
12-ҰОҚ.
Сәукеле
(модульді мозаика)
1
Менің
айналамды
не қоршап
тұр?
I. Мүсіндеу
бағыты
1.1. Заттық мүсіндеу.
2.1. Мүсіндеуге арналған
материалдармен және
құралдармен жұмыс істеу.
0.1.1.1. Затқа қарап және елестету арқылы,
ермексаздың, сазбалшықтың және басқа да
материалдардың бүтін бөліктерін соза отырып,
таныс заттарды, түрлі пішіндегі, көлемдегі жеміс-
жидек, жануар, құстардың модельдерін қарапайым
геометриялық пішіндер негізінде мүсіндеу.
0.2.1.2. Өткір және кескіш құралдармен жұмыс
барысында қауіпсіздік техникасын және еңбек
гигиенасын сақтау.
13-ҰОҚ.
Тон киген Айсұлу
1


Page 8

8
II. Еңбек гигие­
насы талап­
тарын және
құралдармен
жұмыс істеу
барысында тех -
ника қауіпсіздігі
талаптарын
сақтау
1.2. Сюжеттік мүсіндеу.
2.1. Мүсіндеуге арналған
материалдармен және
құралдармен жұмыс істеу.
0.1.2.1. Басқа балалармен топтасып немесе жекелей
біртекті заттардан образдар мен сюжеттік компо -
зициялар жасау (мысалы, ертегі, әңгіме, балаларға
арналған халық әндері, санамақ, мазақтамалар,
аңыздар желісімен).
0.2.1.3. Жұмыс барысында жұмыс орнын,
құралдарын ретке келтіру.
14-ҰОҚ.
Аққала және оның
достары
1
1.3. Сәндік мүсіндеу.
2.1. Мүсіндеуге арналған
материалдармен және
құралдармен жұмыс істеу.
0.1.3.1. Пластикалық, конструктивтік және мүсіндеу
техникаларын қолданып, түрлі пішіндегі кескіштер -
ді пайдалана отырып, Қазақстанның және әлемнің
халық кәсіпшілігі негізінде ойыншықтар, ыдыс-аяқ
жасау.
0.2.1.3. Жұмыс барысында жұмыс орнын,
құралдарын ретке келтіру.
15-ҰОҚ.
Не деген ғажап кесе!
1
1.1. Заттық мүсіндеу.
2.1. Мүсіндеуге арналған
материалдармен және
құралдармен жұмыс істеу.
0.1.1.2. Дененің қарапайым пропорцияларын
есепке ала отырып, қозғалыстағы адамның не-
месе жануардың қарапайым фигурасын мүсіндеу,
фигураны тік немесе көлденең орналастыру, фи -
гура бөліктерін өзара қосып, олардың бір-біріне
қосылған жерін арнайы кескіш көмегімен тегістеп,
жымдастыру.
0.2.1.1. Мүсіндеуге арналған материалдарды үнемді
пайдалану.
16-ҰОҚ.
Бұйра қошақан
1
Жолдар
бізді қайда
бастайды?
I. Мүсіндеу
бағыты
1.2. Сюжеттік мүсіндеу.
2.1. Мүсіндеуге арналған
материалдармен және
құралдармен жұмыс істеу.
0.1.2.2. Бұйымды тұғырға орнату техникасын пай -
далану, бір тұғырға бірнеше бұйымды орналастыру.
0.2.1.2. Өткір және кескіш құралдармен жұмыс
барысында қауіпсіздік техникасын және еңбек
гигиенасын сақтау.
17-ҰОҚ.
Аязата қонаққа
келді
1
1.3. Сәндік мүсіндеу.
2.1. Мүсіндеуге арналған
материалдармен және
құралдармен жұмыс істеу.
0.1.3.2. Әлем халықтарының ұлттық ойыншықтары
мысалында затқа қарап, елестетіп және ойдан
құрастырып жапсырып мәнерленген образды сәндеу
әдістерін пайдалану (рельеф, илеу, кескішпен ойып
алу немесе қырып із салу).
0.2.1.3. Жұмыс барысында жұмыс орнын,
құралдарын ретке келтіру.
18-ҰОҚ.
Сандықты аш,
білімнен шашу шаш.
Сандықты безендір
(ою өнері)
1


Page 9

9
II. Еңбек гигие­
насы талап­
тарын және
құралдармен
жұмыс істеу
барысында тех -
ника қауіпсіздігі
талаптарын
сақтау
1.1. Заттық мүсіндеу.
2.1. Мүсіндеуге арналған
материалдармен және
құралдармен жұмыс істеу.
0.1.1.3. Кейіпкерлерге тән бөліктерді (мұрын, ауыз,
көз, құлақ, аяқ, қанат) пропорцияны сақтай отырып,
қарапайым әдістерді (жұмырлау, жаю, жалпайту,
кескіш көмегімен ойып алу, т.б.) қолданып мүсіндеу,
жұмыстың конструктивті және пластикалық
техникаларын үйлестіріп, бөліктерді біріктіру.
0.2.1.2. Өткір және кескіш құралдармен жұмыс
барысында қауіпсіздік техникасын және еңбек
гигиенасын сақтау.
19-ҰОҚ.
Қыдырымпаз
мысық
(қазақтың «Адам
итпен және мысықпен
қалай достасты»
ертегісінің желісімен,
қамырмен жұмыс
істеу)
1
1.2. Сюжеттік мүсіндеу.
2.1. Мүсіндеуге арналған
материалдармен және
құралдармен жұмыс істеу.
0.1.2.1. Басқа балалармен топтасып немесе жекелей
біртекті заттардан образдар мен сюжеттік компо -
зициялар жасау (мысалы, ертегі, әңгіме, балаларға
арналған халық әндері, санамақ, мазақтамалар,
аңыздар желісімен).
0.2.1.3. Жұмыс барысында жұмыс орнын,
құралдарын ретке келтіру.
20-ҰОҚ.
Ауылым менің жай -
лауда
1
Салт-
дәстүрді білу
не үшін ке -
рек?
I. Мүсіндеу
бағыты
1.3. Сәндік мүсіндеу.
2.1. Мүсіндеуге арналған
материалдармен және
құралдармен жұмыс істеу.
0.1.3.1. Пластикалық, конструктивтік және мүсіндеу
техникаларын қолданып, түрлі пішіндегі кескіштер -
ді пайдалана отырып, Қазақстанның және әлемнің
халық кәсіпшілігі негізінде ойыншықтар, ыдыс-аяқ
жасау.
0.2.1.2. Өткір және кескіш құралдармен жұмыс
барысында қауіпсіздік техникасын және еңбек
гигиенасын сақтау.
21-ҰОҚ.
Торсық – қымыз
құятын ыдыс
(сазбалшықпен
жұмыс)
1
II. Еңбек
гигиенасы
талаптарын,
құралдармен
жұмыс істеу
барысында тех -
ника қауіпсіздігі
талаптарын
сақтау
1.1. Заттық мүсіндеу.
2.1. Мүсіндеуге арналған
материалдармен және
құралдармен жұмыс істеу.
0.1.1.4. Қарапайым көркем образдарды жа-
сау, образды түрлі ұсақ бөліктермен, сәндік
элементтермен толықтыра отырып, көңіл-
күйін бере білу, олардың ұқсастықтары мен
айырмашылықтарын талдау.
0.2.1.1. Мүсіндеуге арналған материалдарды үнемді
пайдалану.
22-ҰОҚ.
Домбыраның
күмбірі
1
1.2. Сюжеттік мүсіндеу.
2.1. Мүсіндеуге арналған
материалдармен және
құралдармен жұмыс істеу.
0.1.2.2. Бұйымды тұғырға орнату техникасын пай -
далану, бір тұғырға бірнеше бұйымды орналастыру.
0.2.1.3. Жұмыс барысында жұмыс орнын,
құралдарын ретке келтіру.
23-ҰОҚ.
Алдаркөсе – қазақ
ертегілеріндегі
басты кейіпкер
1


Page 10

10
1.3. Сәндік мүсіндеу.
2.1. Мүсіндеуге арналған
материалдармен және
құралдармен жұмыс істеу.
0.1.3.2. Әлем халықтарының ұлттық ойыншықтары
мысалында затқа қарап, елестетіп және ойдан
құрастырып жапсырып мәнерленген образды сәндеу
әдістерін пайдалану (рельеф, илеу, кескішпен ойып
алу немесе қырып із салу).
0.2.1.2. Өткір және кескіш құралдармен жұмыс
барысында қауіпсіздік техникасын және еңбек
гигиенасын сақтау.
24-ҰОҚ.
Сырмақ
(ермексаз немесе
қамырмен мүсіндеу,
есу әдісімен жұмыс)
1
Мен үшін не
дәмді және
пайдалы?
I. Мүсіндеу
бағыты
II. Еңбек
гигиенасы
талаптарын,
құралдармен
жұмыс істеу
барысында тех -
ника қауіпсіздігі
талаптарын
сақтау
1.1. Заттық мүсіндеу.
2.1. Мүсіндеуге арналған
материалдармен және
құралдармен жұмыс істеу.
0.1.1.1. Затқа қарап және елестету арқылы,
ермексаздың, сазбалшықтың және басқа да
материалдардың бүтін бөліктерін соза отырып,
таныс заттарды, түрлі пішіндегі, көлемдегі жеміс-
жидек, жануар, құстардың модельдерін қарапайым
геометриялық пішіндер негізінде мүсіндеу.
0.2.1.2. Өткір және кескіш құралдармен жұмыс
барысында қауіпсіздік техникасын және еңбек
гигиенасын сақтау.
25-ҰОҚ.
Анама қызғалдақ
сыйлаймын
1
1.2. Сюжеттік мүсіндеу.
2.1. Мүсіндеуге арналған
материалдармен және
құралдармен жұмыс істеу.
0.1.2.2. Бұйымды тұғырға орнату техникасын пайда-
лану, бір тұғырға бірнеше бұйымды орналастыру.
0.2.1.3. Жұмыс барысында жұмыс орнын,
құралдарын ретке келтіру.
26-ҰОҚ.
Зымырандар
самғайды
(ғарыш айлағы)
1
1.3. Сәндік мүсіндеу.
2.1. Мүсіндеуге арналған
материалдармен және
құралдармен жұмыс істеу.
0.1.3.1. Пластикалық, конструктивтік және мүсіндеу
техникаларын қолданып, түрлі пішіндегі кескіштер -
ді пайдалана отырып, Қазақстанның және әлемнің
халық кәсіпшілігі негізінде ойыншықтар, ыдыс-аяқ
жасау.
0.2.1.2. Өткір және кескіш құралдармен жұмыс
барысында қауіпсіздік техникасын және еңбек
гигиенасын сақтау.
27-ҰОҚ.
Ертеңмен суға
толтырам, қайда
менің құмырам?
1
1.1. Заттық мүсіндеу.
2.1. Мүсіндеуге арналған
материалдармен және
құралдармен жұмыс істеу.
0.1.1.2. Дененің қарапайым пропорцияларын
есепке ала отырып, қозғалыстағы адамның не-
месе жануардың қарапайым фигурасын мүсіндеу,
фигураны тік немесе көлденең орналастыру, фигура
бөліктерін өзара қосып, олардың бір-біріне
28-ҰОҚ.
Қалықтап ұшқан
бүркіт
1


Page 11

11
қосылған жерін арнайы кескіш көмегімен тегістеп,
жымдастыру.
0.2.1.1. Мүсіндеуге арналған материалдарды үнемді
пайдалану.
Денсау­
лықты қалай
күту керек?
I. Мүсіндеу
бағыты
II. Еңбек
гигиенасы
талаптарын,
құралдармен
жұмыс істеу
барысында тех -
ника қауіпсіздігі
талаптарын
сақтау
1.2. Сюжеттік мүсіндеу.
2.1. Мүсіндеуге арналған
материалдармен және
құралдармен жұмыс істеу.
0.1.2.1. Басқа балалармен топтасып немесе жекелей
біртекті заттардан образдар мен сюжеттік компо -
зициялар жасау (мысалы, ертегі, әңгіме, балаларға
арналған халық әндері, санамақ, мазақтамалар,
аңыздар желісімен).
0.2.1.3. Жұмыс барысында жұмыс орнын,
құралдарын ретке келтіру.
29-ҰОҚ.
Қызу еңбек
қайнаған, менің
жеміс бағымда
(Т. Молдағалиевтің
«Алма бағында» әдеби
шығармасының
желісімен)
1
1.3. Сәндік мүсіндеу.
2.1. Мүсіндеуге арналған
материалдармен және
құралдармен жұмыс істеу.
0.1.3.2. Әлем халықтарының ұлттық ойыншықтары
мысалында затқа қарап, елестетіп және ойдан
құрастырып жапсырып мәнерленген образды сәндеу
әдістерін пайдалану (рельеф, илеу, кескішпен ойып
алу немесе қырып із салу).
0.2.1.1. Мүсіндеуге арналған материалдарды үнемді
пайдалану.
30-ҰОҚ.
Достарын төрге
шығарған,
қонақжай менің
халқым бар
1
1.1. Заттық мүсіндеу.
2.1. Мүсіндеуге арналған
материалдармен және
құралдармен жұмыс істеу.
0.1.1.3. Кейіпкерлерге тән бөліктерді (мұрын, ауыз,
көз, құлақ, аяқ, қанат) пропорцияны сақтай отырып,
қарапайым әдістерді (жұмырлау, жаю, жалпайту,
кескіш көмегімен ойып алу, т.б.) қолданып мүсіндеу,
жұмыстың конструктивті және пластикалық
техникаларын үйлестіріп, бөліктерді біріктіру.
0.2.1.3. Жұмыс барысында жұмыс орнын,
құралдарын ретке келтіру.
31-ҰОҚ.
Жәндіктер
1
1.2 Сюжеттік мүсіндеу.
2.1. Мүсіндеуге арналған
материалдармен және
құралдармен жұмыс істеу.
0.1.2.1. Басқа балалармен топтасып немесе жекелей
біртекті заттардан образдар мен сюжеттік компо -
зициялар жасау (мысалы, ертегі, әңгіме, балаларға
арналған халық әндері, санамақ, мазақтамалар,
аңыздар желісімен).
0.2.1.2. Өткір және кескіш құралдармен жұмыс
барысында қауіпсіздік техникасын және еңбек
гигиенасын сақтау.
32-ҰОҚ.
Ермексаз алқабына
саяхат
1


Page 12

12

Қысқамерзімді жоспарлау
(32 сағат)
Қысқарған сөздер: Ұ (ұжымдық жұмыс), Т (топтық жұмыс),
Ж (жұптық жұмыс), Ө (өзіндік жұмыс).
№1 ҰОҚ. Ермексаз әлемі Мектеп / МҰ:
Күні: Педагогтің аты-жөні:
Мектепалды даярлық сыныбы / топ: Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
ҰОҚ-нің оқу мақсаттары0.1.1.1. Затқа қарап және елестету арқылы, ермексаздың,
сазбалшықтың және басқа да материалдардың бүтін бөліктерін соза
отырып, таныс заттарды, түрлі пішіндегі, көлемдегі жеміс-жидек,
жануар, құстардың модельдерін қарапайым геометриялық пішіндер
негізінде жасау.
0.2.1.1. Мүсіндеуге арналған материалдарды үнемді пайдалану.
Күтілетін нәтижелер Барлық тәрбиеленушілер:
• мүсіндеуге арналған материалдар мен құралдарды атап көрсете
алады;
• материалдармен және құралдармен жұмыс істеу тәсілдерін
түсіндіріп, іс жүзінде қолдана алады;
• мүсіндеудің түрлерін атап бере алады.
Көпшілік тәрбиеленушілер:
• ауызша нұсқау бойынша жұмыс істей алады;
• шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды орындай алады;
• ермексазды үнемдеп пайдалана алады.
Кейбір тәрбиеленушілер:
• мүсіндеудің негізгі тәсілдері мен орындау технологияларын атап
береді;
• тапсырма тақырыбына қатысты қосымша ақпаратты есте сақтайды;
• қарапайым геометриялық фигуралар негізінде заттар жасай алады.
Тілдік мақсаттар Дағдыларын дамыту:
• өзінің және өзгелердің жұмысын талқылап, баға беру;
• пікір алмасу;
• қорытынды сұрақтарға жауап беру және өзінің ҰОҚ-дегі жетістіктерін
бағалау.
Көптілділік: ермексаз – пластилин – plasticine.
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
Жұмыс орны, ермексаз, ермексаз кескіш, майлық, қауіпсіздік
техникасы, мұқияттылық, үнемшілдік, ою-өрнек.
ҰОҚ-де диалог/х ат жазу үшін қолданылатын тіл:
Талқыланатын сұрақтар:
– Сендер мүсіндеудің қандай түрлерін білесіңдер?
– Жұмыс істеу үшін қандай құралдар қажет?
– Ою-өрнек дегеніміз не?
Өткен ҰОҚ-нен алған
білім, білік
Ермексазбен жұмыс істеу дағдысы
Жоспар
Жоспарланған
уақыт
Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар


Page 13

13
I. Жұмыс істеуге
жағымды көңіл
күй қалыптастыру
0 – 1минут
(Ұ) Педагог жұмыс істеуге қолайлы жағдай
қалыптастырады. Балалармен бірге «Ермексаз
әлеміне» саяхаттайтын ертегі кейіпкері – мүсінші
Ермекпен танысуды ұсынады.
(Ө) Ойын түріндегі жаттығу: балалар өздерін
қызықтыратын дүниелер жайлы әңгімелейді,
«Ермексаз әлеміне» саяхатқа аттанып, онымен
жақынырақ танысуға қызығушылық танытады.
Музыкалық
сүйемелдеу.
II. Өмірлік
тәжірибені
белсендіру.
Мақсатты
тұжырымдау.
2 – 5 минут
(Ұ) Тақпақ тыңдау.
«Ермексаз әлемі» – тәрбиеленушілер кішкентай
мүсінші атанып, өз туындыларын жасауға талпыныс
білдіреді.
(Ұ, Ө, Т) «Миға шабуыл»: мүсінші Ермек
балалардың саяхатқа дайындығын анықтау үшін
тапсырма береді.
(Ө) Зерттеушілік қызмет: «Ермексазбен достас»
ойын жаттығуы.
(Т, Ө) Әліппе-альбомда орындалатын жұмыс:
мүсіндеуде пайдаланылатын құралдарды атап
көрсету және олардың қандай мақсаттарда
пайдаланылатынын түсіндіру; иллюстрацияларды
қарап, мүсіндеудің түрлері туралы айтып беру.
(Ұ) Тәрбиеленушілер ҰОҚ-нің не туралы болатынын
түсінеді. Зерттеудің тақырыбы мен мақсатын
анықтайды.

Әліппе-альбом.
ҰОҚ-нің ортасы
III. ҰОҚ-нің
тақырыбы
бойынша жұмыс
6 – 25 минут
(Ұ,Т) Мүсінші Ермек балаларды бұйымның
бастапқы пішіні – шармен танысуға шақырады.
(Т) Әліппе-альбоммен жұмыс. «Шарлар мен
жіптердің сиқырлы өзгерісі»: шар неге айнала
алады?
(Т, Ө) Ой-қорытынды: шарды түрлі заттарға
айналдыруға болады; одан жіп (жгутик) жасауға
болады, жіптен түрлі ою-өрнектер құрастырамыз.
(Ұ) Талқылау:
Ою-өрнек дегеніміз не?
Тәрбиеленушілер қазақ халқының ою-өрнектері
туралы білімдерін бекітеді. Оюлардың түрлерімен
танысады.
(Ұ) Әліппе-альбоммен жұмыс істеу. Үлгісін
көрсету.
Тәрбиеленушілер әліппе-альбомдағы сілтемені
негізге ала отырып, мүсіндеудің түрлерін және
қандай тәсіл қолданылғанын атап көрсетеді.
Әліппе-альбом.
Қазақтың
ою-өрнектері.
Әліппе-альбом.


Page 14

14
(Ұ) Түсіндіру және мүсіндеу алгоритмін көрсету.
1. Ермексазды есеміз.
2. Екі шетін теңестіріп, ортасын белгілейміз.
3. Қазақтың «Бітпес» деп аталатын өрнегін
жасаймыз.
Саусақтарға арналған «Кірпі» жаттығуы.
«Болады – болмайды» ойыны:
Ойын барысында балалар ермексазбен жұмыс істеу
тәртібін пысықтап, жадына түйеді:
1. Ермексазды пайдаланғанда мұқият болу, үстелді,
киімді бүлдірмеу, арнайы тақтайша үстінде мүсіндеу,
ермексазды ауызға салмау.
2. Ермексаз кескішпен жұмыс істегенде абай болу;
құралды ұстап тұрып қолыңды ары-бері сермеуге
болмайды – бұл жарақаттауы мүмкін.
3. Ермексазбен (сазбалшықпен) жұмыс істегеннен
кейін жұмыс орнын реттеу; тақтайшаны ермексаздан
(сазбалшықтан) тазартып, үстелді дымқыл
шүберекпен сүрту.
4. Жұмысты аяқтағаннан кейін қолды қағаз
майлықпен мұқият сүртіп, содан соң жылы сумен
сабындап жуу қажет. Артынша сүлгімен немесе
майлықпен құрғатып сүртеміз.
(Ө) Тәрбиеленушілерге арналған өзіндік жұмыс,
жеке көмек көрсету.
(Ө) Шығармашылық минуты: Қазақтың
ою-өрнектерін есіңе түсір және құрастыр.
Музыкалық
сүйемелдеу.
Түрлі түсті ермексаз,
алдын ала дайындалған
қатырғықағаз
қиындылары,
ермексазға арналған
пышақ, тақтайша,
қағаз майлық.

ҰОҚ-нің соңы
Рефлексия
26 – 30 минут
(Ұ) Балалар жұмыстарының көрмесі: «Шебер
қолдар» көрмесін жасау.
Педагог балаларды жасалған жұмыстарды
талқылауға шақырады.
Ермек тәрбиеленушілерге ҰОҚ-дегі өзі жасаған
жұмысқа баға беруді ұсынады:
1. Жұмысына көңілі толғандар қалпақты жасыл түске
бояйды.
2. Қиналғандар қызыл түске бояйды.
Балалардың
жұмыстарын қоятын
көрме. Әліппе-альбом,
қарындаштар.

№2 ҰОҚ. Кірпілер жанұясы күні
бойы жеміс-жидек жинайды (кірпінің
жанұясы)
Мектеп / МҰ:
Күні: Педагогтің аты-жөні:
Мектепалды даярлық сыныбы / топ: Қатысушылар саны: Қатыспағандар
саны:
ҰОҚ-нің оқу
мақсаттары
0.1.2.1. Басқа балалармен топтасып немесе жекелей біртекті заттардан
образдар мен сюжеттік композициялар жасау (мысалы, ертегі, әңгіме,
балаларға арналған халық әндері, санамақ, мазақтамалар, аңыздар
желісімен).
0.2.1.2. Өткір және кескіш құралдармен жұмыс барысында қауіпсіздік
техникасын және еңбек гигиенасын сақтау.


Page 15

15
Күтілетін нәтижелер Барлық тәрбиеленушілер:
• бұйымның сапасы мен әрлеуіне қойылатын талаптарды атап бере
алады;
• мүсіндеудің негізгі тәсілдерін, орындау технологиясын атап көрсетеді;
• қауіпсіздік теникасы талаптарын сақтайды.
Көпшілік тәрбиеленушілер:
• мүсіндеудің тегістеу, созу сынды тәсілдерін пайдалана алады;
• жекелеген элементтерден композиция құрастыра алады.
Кейбір тәрбиеленушілер:
• сюжеттік композиция жасағанда қиялын мейлінше пайдалана алады;
• түстерді үйлестіре пайдалана алады.
Тілдік мақсаттар Дағдыларын дамыту:
• ҰОҚ-де алған ақпаратты пайдалана отырып, толық әрі тыңғылықты
жауап бере алу.
Көптілділік: кірпі – ёж – hedgehog; кескіш – стек – stick.
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
ермексаз, кескіш, майлық, техника қауіпсіздігі, мұқияттылық, тегістеу,
созу.
ҰОҚ-де диалог/х ат жазу үшін қолданылатын тіл:
Талқыланатын сұрақтар:
– Мүсіндеудің қандай тәсілдерін пайдаланамыз?
– Затты жасау үшін қандай пішіндер қажет?
– Ермексаздан шарды қалай жасаймыз?
– Құралдармен жұмыс істеудің қандай ережелерін білеміз?
Өткен ҰОҚ-нен алған
білім, білік
Мүсіндеудің дәстүрлі тәсілдері.
Жоспар
Жоспарланған
уақыт
Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
I. Жұмыс істеуге
жағымды көңіл күй
қалыптастыру
0 – 1 минут
II. Өмірлік
тәжірибені
белсендіру.
Мақсатты
тұжырымдау.
2 – 5 минут
(Ұ) Педагог ҰОҚ жұмыс істеуге қолайлы көңіл күй
қалыптастырады.
(Ұ, Т) Талқылау: Сендер жануарлар туралы
қандай бағдарламаларды білесіңдер? Балалар
өздерін қызықтыратын дүниелер, жануарлар туралы
«Жануарлар әлемінде»-Жоспары» сынды т.б.
бағдарламаларды атайды.
(Ұ, Т, Ө) Қорытынды: Біз жануарларды жақсы
көреміз. Өйткені олардың жер бетіндегі тіршілік үшін
маңызы зор.
(Ұ) «Ғажайып қапшық» ойыны.
Мүсінші Ермек балаларға қаптың ішіндегіні табуды
ұсынады.
Балалар қапшықты зерттеп шығып, қорытынды
жасайды.
Музыкалық
сүйемелдеу.
Қапшық, ойыншық
кірпі.


Page 16

16
(Ұ) Ермектің атынан айтылатын сөз.
Кірпі туралы жұмбақ.
Санай алмай шаршадым,
Найзасы бар қанша мың.
Батыр емес бірақ та,
Қашып жүрер жырақта.
Балалар жұмбақтың шешуін табады, өз жауаптарын
түсіндіреді.
(Ұ) «Кірпілер туралы қызықты деректер» атты
фильмнен үзінді көрсету және талқылау:
– Кірпілер қайда тұрады екен?
– Кірпі үй жануары ма, әлде жабайы жануар ма?
– Кірпіге тікендері не үшін қажет?
Ермек кірпілер жанұясын жасау туралы ұсыныс
жасайды.
(Ұ) Тәрбиеленушілер ҰОҚ-де не туралы айтылатынын
болжап, зерттеудің тақырыбы мен мақсатын
айқындайды.
Интерактивті тақта.
ҰОҚ-нің ортасы
III. ҰОҚ-нің
тақырыбы
бойынша жұмыс
6 – 25 минут
(Ұ) Ойыншықты зерттеу – кірпі.
– Кірпі қандай бөліктерден тұрады?
– Кірпінің басында не бар?
– Кірпі арқасына не салып жүреді?
– Жұмыс барысында қандай материалдарды
пайдаланамыз?
(Ұ) Әліппе-альбоммен жұмыс.
Үлгіні көрсету.
Балалар үлгіні қарап шығып, мүсіннің түрі мен жұмыс
істеу тәсілін анықтайды.
(Ұ) Мүсіндеу алгоритмін түсіндіру және көрсету.
1. Алдымен ермексазды домалақтап алып, денесін
мүсіндейміз.
2. Домалақтаған ермексазды кескішпен екіге бөлеміз.
3. Содан соң саусақтарымызбен созып, тұмсығын
жасаймыз.
4. Моншақтан көздерін жасаймыз.
Саусақтарға арналған «Кірпі» ойыны.
«Болады – болмайды» ойыны: ойын барысында
балалар ермексазбен жұмыс істеу тәртібін пысықтайды.
1. Ермексазды пайдаланғанда мұқият болу, үстелді,
киімді бүлдірмеу, арнайы тақтайша үстінде мүсіндеу,
ермексазды ауызға салмау.
2. Пластмасса кескішпен жұмыс істегенде абай бол.
Құралды ұстап тұрып қолыңды ары-бері сермеуге
болмайды – бұл біреуді жарақаттауы мүмкін.
3. Ермексазбен (сазбалшықпен) жұмыс істегеннен
кейін жұмыс орнын реттеу; тақтайшаны ермексаздан
(сазбалшық) тазартып, үстелді дымқыл шүберекпен
сүрту.
4. Жұмысты аяқтағаннан кейін қолды қағаз майлықпен
мұқият сүртіп, содан соң жылы сумен сабындап жуу
қажет. Артынша сүлгімен немесе майлықпен құрғатып
сүртеміз.
Ойыншық кірпі.
Әліппе- альбом.
Музыкалық
сүйемелдеу.
Түрлі түсті
ермексаз, алдын
ала дайындалған
қатырғықағаз,
кескіш, тақтайша,
қағаз майлық,
тіс шұқығыштар,
шемішке.


Page 17

17
(Ө) Ойын түріндегі жаттығу: «Ермексазбен достас»
ермексазды жұмыс істеуге дайындау.
(Ө) Балалардың өз таңдауына берілетін тапсырма:
Мүсінші Ермек әліппе-альбомдағы суреттерді қарап
шығып, ине (тікен) ретінде пайдалануға болатын
материалды таңдауды ұсынады. Кірпінің пішінін
арқасына салып таситын заттармен толықтыру қажет.
(Ө) Балалардың өзіндік жұмысы, жеке сүйемелдеу.
(Т) Шығармашылық минуты: Балалар кірпілер
жанұясы туралы әңгіме құрастырып, көрсетеді.
Қолдан жасалған
бұйымдар.
ҰОҚ-нің соңы
Рефлексия
26 – 30 минут
Балалар жұмыстарының көрмесі: «Шебер қолдар»
көрмесін жасау.
Педагог балаларды жасалған жұмыстарды талқылауға
шақырады.
(Ө) «Мен қандай жақсы баламын» ойын-жаттығуы.
Балалар ненің оңай болғанын, ненің қиынға соққанын
айтып береді.
Ермек балаларға ҰОҚ-де өзі жасаған жұмысқа баға
беруді ұсынады:
1. Жұмысына көңілі толғандар қалпақты жасыл түспен
бояйды.
2. Қиналғандар – қызыл түспен бояйды.
Балалардың
жұмысына
арналған көрме.
Әліппе-альбом,
қарындаштар.

№3 ҰОҚ. Сазбалшықтан мүсінделіп,
бояулармен сәнделген ғажап
ойыншықтар әлемі (Филимонов
ойыншықтарының үлгісі бойынша)
Мектеп / МҰ:
Күні: Педагогтің аты-жөні:
Мектепалды даярлық сыныбы / топ:Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
ҰОҚ-нің оқу
мақсаттары
0.1.3.1. Пластикалық, конструктивтік және мүсіндеу техникаларын
қолданып, түрлі пішіндегі кескіштерді пайдалана отырып, Қазақстанның
және әлемнің халық кәсіпшілігі негізінде ойыншықтар, ыдыс-аяқ жасау.
0.2.1.3. Жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіру.
Күтілетін нәтижелерБарлық тәрбиеленушілер:
• халықтың қолөнер бұйымдарының желісі бойынша түрлі ойыншықтарды
өз бетімен жасап, ою-өрнекпен, көркем жазулармен безендіре алады;
• Филимонов қолтаңбасының ерекше белгілерін таба алады;
• жұмыс орнын, жұмыс барысында пайдаланылған құралдарды реттей
алады.
Көпшілік тәрбиеленушілер:
• кескіннің бейнесін өз бетінше таба алады;
• Филимонов қолтаңбасының орнына қолданылатын қазақи ою-
өрнектерді іріктеп, таңдай біледі.
Кейбір тәрбиеленушілер:
• скульптуралық мүсіндеу техникасын қолдана біледі;
• түстерді үйлесімді пайдалана біледі.


Page 18

18
Тілдік мақсаттар Дағдыларын дамыту:
• монолог және диалог жүргізу қабілеті;
• өз жұмысы туралы әңгімелеп беру;
• қойылған сұрақтарға жауап беру.
Көптілділік: ойыншық – игрушка – toy.
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
Филимонов ойыншығы, сазбалшық, қолтаңба, қазақтың ою-өрнегі.
ҰОҚ-де диалог/х ат жазу үшін пайдаланылатын тіл:
Талқыланатын сұрақтар:
– Филимонов ойыншығын безендіру ерекшеліктері қандай?
– Бұйымды әрлеу барысында қандай тәсіл қолданылады?
Өткен ҰОҚ-нен алған
білім, білік
Мүсіндеудің әртүрлі тәсілдерін пайдалану.
Жоспар
Жоспарланған
уақыт
Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
II. Жұмыс істеуге
жағымды көңіл
күй қалыптастыру
0 – 1 минут
II. Өмірлік
тәжірибені
белсендіру.
Мақсатты
тұжырымдау.
2 – 5 минут
(Ұ) Педагог ҰОҚ-де жұмыс істеуге қолайлы жағдай
жасайды.
(Ұ, Т, Ө) Талқылау: «Менің сүйікті ойыншығым».
Балалар өздерінің жақсы көретін ойыншықтары
жайлы әңгімелеп береді.
(Ө) Қорытынды: ойыншықтар бізді
айналамыздағыларға мейірімді, қамқор болуға,
оларға көңіл бөлуге үйретеді.
(Ұ) Тосын сый: Мүсінші-Ермек сәндік-қолданбалы
қолөнер мұражайына барып қайтуды ұсынады.
(Ө, МК) «Шымылдықтың ар жағында не қызық
бар екен?»
Бұл жай сандықша емес, оның ішінде көңілді
аңдар, ойыншықтар жасырынған.
(Т) Халық шеберлерінің бұйымдары
қойылған көрме – Филимонов ойыншықтары.
Тәрбиеленушілер бұйымдарды мұқият
қарап шығып, суреттейді және Филимонов
ойыншықтарының ерекшеліктерін атап көрсетеді.
Ермек он саусағынан өнер тамған шеберге айналып,
филимоновтың ысқырық ойыншығын жасауды
ұсынады.
(Ұ) Тәрбиеленушілер ҰОҚ-де не туралы
айтылатынын болжап, зерттеудің тақырыбы мен
мақсатын айқындайды.
Музыкалық сүйемелдеу.
Сандық, ойыншықтар,
сәндік-қолданбалы өнер.


Page 19

19
ҰОҚ-нің ортасы
III. ҰОҚ-нің
тақырыбы
бойынша жұмыс
6 – 25 минут
(Ұ) Филимонов ысқырық ойыншығын жасау
техникасымен таныстыру: балалар алған
әсерлерімен бөлісіп, қорытынды жасайды.
(Ұ) Әліппе-альбоммен жұмыс.
Балалар қазақи ою-өрнек үлгілері мен Филимонов
өрнектерінің үлгілерін қарап шығып, оларды
бір-бірімен салыстырады. Айырмашылықтарын
табады.
(Т) «Ғажайып шеберлер» ойын-жаттығуы.
Тәрбиеленушілер қазақтың ою-өрнектерінің
қағаз үлгілерін жинап, өздері қағаздан жасаған
Филимонов ойыншықтарын безендіреді.
(Ұ) Үлгілерді көрсету.
Тәрбиеленушілер әліппе-альбомдағы үлгіні көріп,
жұмыс барысында қолданылатын мүсіндеу түрі мен
тәсілін анықтайды.
Флиптчарт.
Әліппе-альбом.
Магнитті тақта, ою-
өрнекті картиналар,
Филимонов
ойыншықтарының
картиналары салынған
бояу дәптерлер.
Ермектің тапсырмасы:
Өзбек, Филимонов, Дымков шеберлері жасаған
ысқырықты мұқият қарап шығу. Қазақи стильде
ысқырық жасап шығуға талпыныс жасап көру.
(Ұ) Әліппе-альбоммен жұмыс.
Ойыншықты жасау алгоритмін түсіндіру және
көрсету:
1. Сазбалшықтың үлкендігін жұдырықтай етіп
домалақтаймыз.
2. Әтештің мойнын созамыз. Басын аздап төмен
қарай иеміз. Тұмсығын сүйірлеп, сақалы мен
айдарын саусақпен қысып жасаймыз.
3. Төменгі бөлігін саусақтарымызбен қысып,
тартамыз. Сөйтіп, әтеш тұратын тұғыр жасаймыз.
4. Содан соң фигураның арт жағын созып,
құйрығын шығарамыз. Құйрығынан қарындашпен
аздап бұрай отырып, ысқыратын тесік жасаймыз.
5. Қанаттарын ақырындап ермексазға арналған
пышақпен тырнап жасаймыз.
Әліппе-альбом
Саусақтарға арналған жаттығу. «Әтеш».
(Ө, Т) Ойын түріндегі жаттығу: «Не жақсы, не
жаман?»
Ойын барысында тәрбиеленушілер ермексазбен,
арнайы кескішпен жұмыс істеу ережелерін
пысықтайды:
1. Ермексазды пайдаланғанда мұқият болу, үстелді,
киімді бүлдірмеу, арнайы тақтайша үстінде
мүсіндеу, ермексазды ауызға салмау.
Музыкалық сүйемелдеу


Page 20

20
2. Пластмасса кескішпен жұмыс істегенде абай
болу; құралды ұстап тұрып қолыңды ары-бері
сермеуге болмайды – бұл басқа біреуді жарақаттауы
мүмкін.
3. Ермексазбен (сазбалшықпен) жұмыс істегеннен
кейін жұмыс орнын реттеу; тақтайшаны
ермексаздан (сазбалшықтан) тазартып, үстелді
дымқыл шүберекпен сүрту.
4. Жұмысты аяқтағаннан кейін қолды қағаз
майлықпен мұқият сүртіп, содан соң жылы сумен
сабындап жуу қажет. Артынша сүлгімен немесе
майлықпен құрғатып сүртеміз.
(Ө) Ойын түріндегі жаттығу: «Ермексазбен
достас».
Ермексазды жұмысқа дайындау.
(Ө) Балалардың өзіндік жұмысы, жеке көмек
көрсету.
(Ө) Шығармашылық минуты: Ойыншықты
қазақы ою-өрнектермен безендір!
Түрлі түсті ермексаз,
қатырғықағаз, кескіш,
тақтайша, қағаз майлық.
ҰОҚ-нің соңы
Рефлексия
26 – 30 минут
Балалар жұмыстарының көрмесі.
Кішкентай шеберлер жасаған жұмыстар көрмесін
ұйымдастыру.
Педагог балаларды жұмыстарды талқылап,
бұйымдарға баға беруге шақырады.
Ермек балаларға ҰОҚ-де өзі жасаған жұмысқа баға
беруді ұсынады:
1. Жұмысына көңілі толғандар қалпақты жасыл
түспен бояйды.
2. Қиналғандар қызыл түспен бояйды.
Балалар жұмысының
көрмесі.
Әліппе-альбом,
қарындаштар.

№4 ҰОҚ. Түйе (қазақтың «Түйе су ішкенде неге
артына бұрылып қарайды?» ертегісінің желісімен)
Мектеп / МҰ:
Күні: Педагогтің аты-жөні:
Мектепалды даярлық сыныбы / топ: Қатысушылар саны: Қатыспағандар
саны:
ҰОҚ-нің оқу мақсаттары0.1.1.2. Дененің қарапайым пропорцияларын есепке ала отырып,
қозғалыстағы адамның немесе жануардың қарапайым фигурасын
мүсіндеу, фигураны тік немесе көлденең орналастыру, фигура
бөліктерін өзара қосып, олардың бір-біріне қосылған жерін арнайы
кескіш көмегімен тегістеп, жымдастыру.
0.2.1.2. Өткір және кескіш құралдармен жұмыс барысында қауіпсіздік
техникасын және еңбек гигиенасын сақтау.


Page 21

21
Күтілетін нәтижелер Барлық тәрбиеленушілер:
• түйенің фигурасын жасай алады;
• фигуралардың бөліктерін бір-бірімен құрастыра алады.
Көпшілік тәрбиеленушілер:
• бөліктердің пішінін келтіріп, бір-бірімен мықтап байланыстыра
алады;
• жасаған образын ашып көрсете алады.
Кейбір тәрбиеленушілер:
• барынша айшықты, мінез-құлық белгілерін айқындап, бейнелей
алады.
Тілдік мақсаттар Дағдыларын дамыту:
• ауызша сөйлеу қабілеті; сұрақтарға жауап беру;
• өзі жасаған бұйым туралы әңгімелеп беру;
• алған әсерлерімен бөлісу.
Көптілділік: түйе – верблюд – a camel.
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
• ермексаз, пышақ, майлық, ұқыптылық, тегістеу, созу, қауіпсіздік
техникасы.
ҰОҚ-де диалог/х ат жазу үшін пайдаланылатын тіл:
Талқыланатын сұрақтар:
– Түйе қандай жануар?
– Оның денесі қандай бөліктерден тұрады?
– Сен мүсіндеудің қандай тәсілдерін білесің?
Өткен ҰОҚ-нен алған
білім, білік
Ермексазбен жұмыс істеудің қарапайым тәсілдері, бұйымды құрастыру
тәсілімен жасау.
Жоспар
Жоспарланған
уақыт
Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
І. Жұмыс істеуге
жағымды көңіл
күй қалыптастыру
0 – 1 минут
II. Өмірлік
тәжірибені
белсендіру.
Мақсатты
тұжырымдау.
2 – 5 минут
(Ұ) Педагог ҰОҚ-де жұмыс істеуге қолайлы жағдай
жасайды.
(Ұ, Ө) Ермек «Түйе су ішкенде неліктен артына
қарайды?» ертегісінің кейіпкерлерін естеріне
түсіруге шақырады.
(Ұ) Жұмбақ жасыру.
Балалар жұмбақ жасырады.
(Ұ) Қорытынды: тәрбиеленушілер ҰОҚ-де не туралы
айтылатынын болжап, зерттеудің тақырыбы мен
мақсатын айқындайды.
(Ұ) Ой түйін.
«Мен – болашақ оқушымын, мектепке барған кезде
қазақтың халық ертегілері, аңыз-әңгімелері мен
ырымдары туралы көп оқитын боламын».
Проектор «Түйе су
ішкенде неліктен
артына қарайды?»
слайдын көрсету.


Page 22

22
ҰОҚ-нің ортасы
III. ҰОҚ-нің
тақырыбы
бойынша жұмыс
6 – 25 минут
(Ұ, Ө) Ситуациялық жағдай: Мүсінші-Ермек
балаларға түйе туралы ертегі кейіпкерлерін мүсіндеуді
ұсынады.
(Т, Ө) Әліппе-альбоммен жұмыс.
Әліппе-альбомдағы иллюстрациялармен танысып
шығады.
(Ұ) Талқылау.
«Түйе» слайдын көрсету.
Ермек балаларды «Түйе» жануарымен таныстырады.
(Ұ) Әңгімелесу: Әдетте, түйені «шөл даланың кемесі»
деп те атайды. Себебі олар құмды шөл далада көп
жүреді. Бірнеше күндеп су ішпейтін өте төзімді
жануар. Түйе туралы иллюстрациялық материалды
мұқият қарап шығып, оның өзіне тән ерекшеліктерін
атап көрсетіңдер: қалың табандарын күс басқан,
тізелерінің терісі қалың әрі күсті, танауының тесігі
тар, кірпіктері қалың, арқасында өркештері бар.
Түйелердің табанының осынша жалпақ болуы тегін
емес, борпылдақ құммен жүру оңай емес, әрине. Бірақ
мынадай жалпақ табанның құмға батуы екіталай.
Табаны мен тізесіндегі күс ыстық құмға күймеуге
көмектеседі. Ал ұзын кірпіктері түйенің көздерін
құмнан қорғайды. Өркешінде май жиналады. Тамақ
пен сусыз қалған кезде оған дәл осы өркешіндегі май
күш береді.
(Ұ, Т, Ө) Жануардың өзіне тән ерекшеліктерін
қарастыру (денесі, басы, сирақтары).
(Т, Ө) Ойын-жаттығу: «Мұқият бол».
Балалар бұйымдарды жасау тәсілдерін, жұмысқа
қажетті материалдар мен құралдарды анықтайды.
(Ұ) Үлгілерді көрсету.
Ермек балаларға түйені мүсіндеуді ұсынады.
(Ұ) Ойын түріндегі жаттығу: «Сен білесің бе?»
Ермексазбен және кескішпен жұмыс істеу тәртібі
талқыланады, балалар ережелерді түсіндіреді.
1. Ермексазды пайдаланғанда мұқият болу, үстелді,
киімді бүлдірмеу, арнайы тақтайша үстінде мүсіндеу,
ермексазды ауызға салмау.
Әліппе-альбом.
Проектормен «Түйе»
слайдын көрсету.
Әліппе-альбом.
Әліппе-альбом.


Page 23

23
2. Пластмасса кескішпен жұмыс істегенде абай
болу; құралды ұстап тұрып қолды ары-бері сермеуге
болмайды – бұл біреуді жарақаттауы мүмкін.
3. Ермексазбен (сазбалшықпен) жұмыс істегеннен
кейін жұмыс орнын реттеу; тақтайшаны ермексаздан
(сазбалшық) тазартып, үстелді дымқыл шүберекпен
сүрту.
4. Жұмысты аяқтағаннан кейін қолды қағаз
майлықпен мұқият сүртіп, содан соң жылы сумен
сабындап жуу қажет. Артынша сүлгімен немесе
майлықпен құрғатып сүртеміз.
(Ұ, Ө) «Мүсіндеу алгоритмін түсіндіру және
көрсету».
Мүсінші-Ермек түйенің суретіне мұқият зер салып,
оның денесінің қандай бөліктерден тұратынына
көз жүгіртуді ұсынады (басы, денесі, сирақтары,
құйрығы).
(Ұ) Ой қорыту.
Дене бітімі пропорциялы емес, денесі үлкен,
сирақтары ұзын, арқасында өркеші бар.
Мүсіндеу алгоритмі.
Образ бір немесе көптеген бірдей модуль-
элементтерден жасалады (шар, баған т.б.)
– Денені қандай тәсілмен мүсіндейміз?
Денесін үлкен жұмыртқа тәріздес домалақ кесек
ермексаздан жасаймыз, өркешін ұшы жоқ конус
пішіндес етіп жасаймыз. Содан соң өркешті денеге
бекітеміз.
Мойнын конустан жасаймыз. Конустарды бір-біріне
жалғап, денеге бекітеміз.
(Т, Ө) Қорытынды.
Мүсіннің барлық бөліктері бірдей, тегіс болуы керек.
– Элементтерді бір-біріне қалай бекітеміз? (Жағу
арқылы).
Басын домалақ ермексаздан алдымен бір шетін алға
қарай созып, кішкене төмен қарай иеміз. Содан соң
оған көз, құлақ, айдар саламыз. Жуандап ширатып
сирағын жасаймыз. Түйенің тұяқтарын жасау үшін
ермексазды созып, кескішпен араларын тілеміз.
Ермексаздың қалғанынан құйрығын жасаймыз.
(Т) Саусақтарға арналған «Санамақ» ойыны.
(Т, Ө) Ойын-жаттығу: «Ермексазбен достас».
Ермексазды жұмыс істеуге дайындау.
(Ө) Өзіндік жұмыс.
Балаларға жеке көмек көрсету.
Түрлі түсті ермексаз,
кескіш, тақтайша,
қағаз майлық.
.


Page 24

24
ҰОҚ-нің соңы
Рефлексия
26 – 30 минут
(Ұ, Ө) Балалар жұмыстарының көрмесі.
Педагог балаларды жұмыстарды талқылап,
бұйымдарға баға беруге шақырады.
Ермек балаларға өздері жасаған жұмысқа баға беруді
ұсынады:
1. Жұмысына көңілі толғандар қалпақты жасыл
түспен бояйды.
2. Қиналғандар қызыл түспен бояйды.
(Ұ, Ө) Шығармашылық минуты.
Қазақ халқының «Түйе су ішкенде неліктен артына
қарайды?» ертегісін ойын түрінде көрсету.
Балалардың
жұмыстарына
арналған көрме.
Әліппе-альбом,
қарындаштар,
ойыншықтар, ойын
көрсетуге арналған
аңдар.

№5 ҰОҚ. Түлкі мен ешкі (қазақтың «Түлкі
мен ешкі» ертегісінің желісімен)
Мектеп / МҰ:
Күні: Педагогтің аты-жөні:
Мектепалды даярлық сыныбы / топ: Қатысушылар саны: Қатыспағандардың
саны:
ҰОҚ-нің оқу
мақсаттары
0.1.2.2. Бұйымды тұғырға орнату техникасын пайдалану, бір тұғырға
бірнеше бұйымды орналастыру.
0.2.1.1. Мүсіндеуге арналған материалдарды үнемді пайдалану.
Күтілетін нәтижелер Барлық тәрбиеленушілер:
• қарапайым пропорцияларды сақтай отырып, жануарлардың
қарапайым фигураларын мүсіндейді;
• мүсіндеудің негізгі тәсілдерін, орындау технологияларын пайдалана
біледі.
Көпшілік тәрбиеленушілер:
• бөліктердің пішінін қатесіз жасап, бір-біріне мықтап бекіте алады;
• мүсінделетін бейнені аша біледі.
Кейбір тәрбиеленушілер:
• мүсіннің ашық, өзіне тән белгілерін ашып көрсете алады.
Тілдік мақсаттар Дағдыларын дамыту:
• ауызша сөйлеу қабілеті, сұрақтарға жауап беру;
• талдау, талқылау, қорытынды жасау;
• өзінің жасаған бұйымы туралы әңгімелеп беру.
Көптілділік: лиса – түлкі – a fox; коза – ешкі – goat.
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
• ермексаз, пышақ, майлық, ұқыптылық, тегістеу, созу, қауіпсіздік
техникасы.
ҰОҚ-де диалог/х ат жазу үшін пайдаланылатын тіл:
Талқыланатын сұрақтар:
– Мүсіндеудің қандай тәсілдерін пайдаланамыз?
– Бұйымды жасау үшін қандай пішін керек?
– Ермексаздан конусты қалай жасаймыз?
– Құралдармен жұмыс істеудің қандай тәсілдерін білесіңдер?


Page 25

25
Өткен ҰОҚ-нен алған
білім, білік
Ермексазбен жұмыс жасаудың қарапайым тәсілдері, бұйымды құрастыру
тәсілімен жасау.
Жоспар
Жоспарланған
уақыт
Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
І. Жұмыс істеуге
жағымды көңіл
күй қалыптастыру
0 – 1 минут
II. Өмірлік
тәжірибені
белсендіру.
Мақсатты
тұжырымдау.
2 – 5 минут
(Ұ) Педагог ҰОҚ-де жұмыс істеуге қолайлы жағдай
жасайды.
(Ұ, Ө) Мүсінші-Ермек:
Балаларға ертегі желісі бойынша саяхатқа аттану
туралы ұсыныс жасайды. Оның қандай ертегі екенін
өздерің табуларың керек.
(Ұ) Пікір: Ертегіні балалардың бәрі жақсы көреді.
Сендер мектепте әлем халықтарының көптеген
ертегілерімен танысасыңдар.
(Ұ) Жұмбақ жасыру.
Балалар жұмбақ жасырады.
(Ұ, Ө) Ой қорыту:
Тәрбиеленушілер ҰОҚ-де не туралы әңгіме
болатынын болжайды.
Түлкі туралы
слайдтарды көрсету.
ҰОҚ-нің ортасы
III. ҰОҚ-нің
тақырыбы
бойынша жұмыс
6 – 25 минут
(Т) «Суретті құрастыр» ойыны.
Балалар пазлдан «Түлкі», «Ешкі» картиналарын
құрастырады.
(Т, Ө) Ойын түріндегі жаттығу: «Миға шабуыл».
1. Мына сурет қай ертегіден алынған? («Түлкі мен
ешкі»).
2. Ертегіні кім жазған? Авторы кім? (Қазақтың
халық ертегісі).
3. Ертегінің негізгі кейіпкерлері кімдер? Ертегі не
жайлы?
4. Ертегіде түлкі қандай кейіпте бейнеленген?
6. Түлкі неге ешкіні алдап соқты деп ойлайсыңдар?
7. Қалай ойлайсыңдар, ешкі шұңқырдан өз күшімен
шыға ала ма?
8. Оған кім көмектеседі? Сендер ешкіге көмектесер
ме едіңдер?
9. Бір-біріңді алдауға немесе ренжітуге бола ма?
(Т, Ө) Әліппе-альбоммен жұмыс.
Әліппе-альбомдағы үлгіні қарап шығу.
(Ұ, Т, Ө) Жануарлардың өзіне тән ерекшеліктерімен
танысу (денесі, басы, сирағы, құйрығы).
Мүсінші Ермек: Өздерің сомдайтын ертегі
кейіпкерін таңдап алыңдар. Есіңе түсіріп көрші,
ертегідегі кейіпкердің қандай қасиеттері бар?
Құрастыруға арналған
суретті пазлдар (түлкі,
ешкі).
Әліппе-альбом.


Page 26

26
(Ұ) Үлгілерді көрсету.
(Ұ) «Болады – болмайды» ойыны. Ермексазбен
және кескішпен жұмыс істеу тәртібін ортаға салу,
балалар ережелерді талқылайды және түсіндіреді.
1. Ермексазды пайдаланғанда мұқият болу, үстелді,
киімді бүлдірмеу, арнайы тақтайша үстінде
мүсіндеу, ермексазды ауызға салмау.
2. Пластмасса кескішпен жұмыс істегенде абай
болу; құралды ұстап тұрып қолыңды ары-бері
сермеуге болмайды – бұл басқа біреуді жарақаттауы
мүмкін.
3. Ермексазбен (сазбалшықпен) жұмыс істегеннен
кейін жұмыс орнын реттеу; тақтайшаны ермексаздан
(сазбалшықтан) тазартып, үстелді дымқыл
шүберекпен сүрту.
4. Жұмысты аяқтағаннан кейін қолды қағаз
майлықпен мұқият сүртіп, содан соң жылы сумен
сабындап жуу қажет. Артынша сүлгімен немесе
майлықпен құрғатып сүртеміз.
Әліппе-альбом.
Түрлі түсті ермексаз,
кескіш, тақтайша, қағаз
майлық.
(Ұ, Ө) «Мүсіндеу алгоритмін түсіндіру және
көрсету».
Мүсіндеуге дайындық жасаңдар.
1. Сарғылт түсті ермексаздан бір домалақ жасаңдар.
Одан мүсіннің басын жасайсыңдар. Содан соң
денесі мен құйрығына екі қысқа сопақша жасаңдар.
Алдыңғы сирақтарына арнап екі ұзын және жіңішке
сопақша, артқы аяқтарына арнап екі ұзын әрі
жуандау сопақша дайындаңдар.
2. Түлкінің дене мүшелерін жасаңдар. Алдымен
басынан бастаған жөн. Шарды алып, тұмсығының
тұсын бас бармақ пен сұқ саусақтың көмегімен алға
қарай созыңдар. Дәл осындай әдіспен құлақтарын
жасаңдар. Аяқтарының төменгі жағы жіңішкелеу
болғаны жөн. Денесіне арналған сопақшаның бір
шетін созып, түлкінің мойнын жасаңдар. Артқы
жағына құйрығын бекітіңдер.
(Ұ, Ө) Ой қорыту.
Жануардың дене мүшелері көлемі жағынан бір-
бірімен үйлесімді болғаны жөн.
– Бөлшектерді қандай тәсілмен бекітеміз? (Жағу
арқылы).
(Ұ) Саусақтарға арналған жаттығу:
«Саусақтарға қонаққа барғанда».
(Ө) Өзіндік жұмыс.
Балаларға жеке-жеке көмек көрсетіп отыру.
(Ұ, Ө) «Шығармашылық минуты».
«Түлкі және ешкі» ертегісін сахналау.
Сахналауға арналған
қондырғылар.
Музыкалық сүйемелдеу.


Page 27

27
ҰОҚ-нің соңы
Рефлексия
26-30 минут
(Ұ, Т) Балалар жұмыстарының көрмесі.
Педагог балаларды жұмыстарды талқылап,
бұйымдарға баға беруге шақырады.
Ермек балаларға ҰОҚ өздері жасаған жұмысқа баға
беруді ұсынады:
1. Жұмысына көңілі толғандар қалпақты жасыл
түспен бояйды.
2. Қиналғандар қызыл түспен бояйды.
Балалардың
жұмыстарына арналған
көрме.
Әліппе-альбом,
қарындаштар.

№6 ҰОҚ. Қарасаң көзің тоймайды, Қыз Жібек қандай тамаша! (Дымков ойыншықтарының үлгісі бойынша)
Мектеп / МҰ:
Күні: Педагогтің аты-жөні:
Мектепалды даярлық сыныбы / топ: Қатысушылар саны: Қатыспағандардың саны:
ҰОҚ-нің оқу мақсаттары
0.1.3.2. Әлем халықтарының ұлттық ойыншықтары мысалында затқа қарап, елестетіп және ойдан құрастырып жапсырып мәнерленген образды сәндеу әдістерін пайдалану (рельеф, илеу, кескішпен ойып алу немесе қырып із салу).
0.2.1.3. Жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіру.
Күтілетін нәтижелерБарлық тәрбиеленушілер:
• Қыз Жібектің мүсінін жасайды;
• алақанның көмегімен ермексазды айналдыра домалақтап, шар жасай
алады.
Көпшілік тәрбиеленушілер:
• бөліктердің пішінін келтіріп, бір-біріне мықтап бекітеді;
• саусағының көмегімен «өрнек» сала алады; бұйымдарды безендіреді;
• алған білімі мен мүсіндеу тәсілдерін пайдаланып, бейне жасай алады.
Кейбір тәрбиеленушілер:
• Дымков ойыншығының айшықтығын, көркемдігін атап көрсете алады.
Мәселен, түсі ашық, шебер әрленген, қолтаңбаның түрлі элементтерімен
толықтырылған.
Тілдік мақсаттар Дағдыларын дамыту:
• ауызша сөйлеу қабілеті,
• сұрақтарға жауап беру;
• талдау, талқылау, қорытынды жасау;
• өзінің жасаған бұйымы туралы әңгімелеп беру.
Көптілділік: бойжеткен – барышня – miss.
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
ермексаз, кескіш, майлық, ұқыптылық, тегістеу, созу, қауіпсіздік
техникасы, ою-өрнек.
ҰОҚ-де диалог/х ат жазу үшін пайдаланылатын тіл:
Талқыланатын сұрақтар:
– Ойыншықтар қандай материалдардан жасалады?
– Ұлттық ойыншықтардың қандай түрлерін білесіңдер?
– Ойыншықтардың қандай ерекшеліктері бар?
– Ойыншықтар қандай қызмет атқарады?


Page 28

28
Өткен ҰОҚ-нен алған
білім, білік
Мүсіндеудің «сюжеттік», «заттық», «безендіру» сынды бағыттары туралы
қарапайым түсініктер.
Жоспар
Жоспарланған
уақыт
Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
І. Жұмыс
істеуге жағымды
көңіл күй
қалыптастыру
0 – 1минут
II. Өмірлік
тәжірибені
белсендіру.
Мақсатты
тұжырымдау.
2 – 5 минут
(Ұ) Педагог ҰОҚ-де жұмыс істеуге қолайлы жағдай
жасайды.
(Ұ, Ө) Мүсінші-Ермек балаларды халық арасынан
шыққан шеберлермен танысу үшін ойыншықтар
көрмесіне аттануға шақырады.
(Ұ, Ө) Балалар ойыншықтармен танысады және
өздеріне таныс ойыншықтардың атауын атап көрсетеді.
(Ұ) Ой қорыту.
Ойыншықтар бір-біріне ұқсамайтын, әртүрлі
тәсілдермен жасалған.
(Ұ, Ө) Ситуациялық жағдай: Ермек балаларға он
саусағынан өнер тамған шеберге айналып, Дымков
ойыншықтарының негізінде Қыз Жібектің мүсінін жасау
туралы ұсыныс жасайды.
(Ұ) Пікір: Қолөнер шебері атану үшін, әлбетте, оқу
қажет. Ол үшін балаларды көне өнердің қыр-сырына
баулитын «Шығармашылық мектептері» бар.
Халықтық қолөнер
шеберлерінің
қолынан туған
ойыншықтар
көрмесі.
ҰОҚ-нің ортасы
III. ҰОҚ-нің
тақырыбы
бойынша жұмыс
6 – 25 минут
(Ұ) Талқылау.
«Дымков ойыншықтары» слайдымен танысу.
(Ұ) Мүсінші-Ермек тәрбиеленушілерді ойыншықтардың
шығу тарихымен таныстырады.
(Ұ, Ө) Әліппе-альбоммен жұмыс. Әліппе-альбомдағы
үлгімен танысу.
(Ұ) Пікір: Дымков ойыншықтары қайталанбас сән-
салтанатты бояуларымен ерекшеленеді. Аққа боялған
ойыншыққа жағылған көк, көгілдір, жасыл, сары-
сарғылт, қызғылт түсті бояулар өте әдемі көрінеді.
Ойыншықтардың бетіне салынатын ою-өрнектер өте
қарапайым болып келеді. Олар: тор, жолақ, шеңбер,
нүкте, ромб, түрлі қисық сызықтар, қарапайым
геометриялық пішіндер түрінде салынады. Сондай-ақ
олардың әрқайсысы белгілі бір дүниеден хабар береді.
Мәселен, көк түсті толқын тәріздес жолақ – судың
белгісі, бір-бірімен қиылысқан жолақтар – құдықтың
белгісі, ортасында жұлдызшасы бар шеңбер – Күннің
белгісі.
Проектор.
«Дымков
ойыншықтары»
слайдтары.
Әліппе-альбом.


Page 29

29
(Ұ, Т, Ө) Қыз Жібектің үстіндегі қазақы ою-өрнекпен
әшекейленіп тігілген көйлекпен мұқият танысып
шығамыз.
(Т, Ө) Ойын-жаттығу: «Айырмашылығын тап».
Балалар ою-өрнектердің ұқсастығы мен
айырмашылығын тауып, түстерге көңіл бөледі.
(Ұ) Үлгілерді көрсету: «Қыз Жібек».
Мүсінші суретке қарап, Қыз Жібектің мүсінін сомдаудың
және оны қазақы ою-өрнектермен безендіруді ұсынады
(ермексаздан).
(Ұ) «Мұқият бол» ойыны.
Балалар ережелерді талқылап, түсіндіреді.
1. Ермексазды пайдаланғанда мұқият болу, үстелді,
киімді бүлдірмеу, арнайы тақтайша үстінде мүсіндеу,
ермексазды ауызға салмау.
2. Пластмасса кескішпен жұмыс істегенде абай болу;
құралды ұстап тұрып қолыңды ары-бері сермеуге
болмайды – бұл басқа біреуді жарақаттауы мүмкін.
3. Ермексазбен (сазбалшықпен) жұмыс істегеннен кейін
жұмыс орнын реттеу; тақтайшаны ермексаз (сазбалшық)
қалдықтарынан тазартып, үстелді дымқыл шүберекпен
сүрту.
4. Жұмысты аяқтағаннан кейін қолды қағаз майлықпен
мұқият сүртіп, содан соң жылы сумен сабындап жуу
қажет. Артынша сүлгімен немесе майлықпен құрғатып
сүртеміз.
(Ұ, Ө) «Мүсіндеу алгоритмін түсіндіру және көрсету»
Ермек Қыз Жібектің мүсінін мұқият қарап шығып,
ойыншықтың қандай бөліктерден тұратынына көңіл
бөлуді ұсынады (бас, дене, қолдары, белдемше).
Қыз Жібек (сәукеле) пен бойжеткеннің (кокошник)
баскиімдерін салыстырыңдар.
(Ұ) Ой қорыту.
Сәукеле – қазақи ою-өрнектермен безендірілген әйелдер
бас киімі.
Мүсіндеу алгоритмі:
– ермексаздың бір бөлігін екіге бөлеміз: белдемшені
жасау үшін ермексазды домалақтап және оны бас
бармақтың көмегімен басып жалпақ пішінге келтіреміз.
Содан соң жиектерін тегістейміз.
– ермексаздың екінші бөлігін де екіге бөлеміз:
– денесін жасау үшін ермексазды сопақша етіп аламыз.
– оны белдемшеге жабыстырып, сыртын саусақ ұшымен
тегістейміз.
Әліппе-альбом.


Page 30

30
(Т, Ө) Ой қорыту.
Фигураның барлық бөліктері бір-біріне сәйкес, тегіс
болуы шарт.
– Бөлшектерді бір-біріне қандай тәсілмен бекітеміз?
(Жағу).
– Басын жасау үшін ермексазды теңдей екі бөлікке
бөлеміз. Бір бөлігін аламыз. Бастың пішіні қандай?
(Домалақ). Ендеше, ермексазды алақанымызбен
домалақтап шар жасаймыз.
Екінші домалақты созып мойнын денемен біріктіреміз.
– Қол неге ұқсайды? (Бағанға ұқсас).
– Ермексазды бірдей екі бөлікке бөлеміз. Оны есіп
сопақша жасап, денеге жабыстырамыз. Содан кейін
қолдың пішініне келтіреміз.
Сәукеле жасау үшін алдымен ермексаздан конус
дайындаймыз, сәукеле жасап, мүсіннің басына кигіземіз.
Ару қызымыздың көйлегі мен сәукелесіне көңіл
бөліңдер. Оларды қазақтың ұлттық ою-өрнектерімен
безендіреміз.
(Т) Саусақтарға арналған жаттығу:
«Бізде осындай ойыншықтар бар».
(Ө) Өзіндік жұмыс.
Балаларға жекелей көмек көрсету.
Мүсінші Ермек балаларға жұмыс барысында барынша
мұқият, зейінді болу қажеттігін, жұмыс орнында тазалық
пен тәртіп сақтау керектігін ескертеді.
Музыкалық
сүйемелдеу.
Әліппе-альбом.
Түрлі түсті ермексаз,
кескіш, тақтайша,
қағаз майлық.
ҰОҚ-нің соңы.
Рефлексия
26-30 минут
(Ұ) Көрме.
Шеберлер жасаған композициялар көрмесін
ұйымдастыру. Педагог балаларды жұмыстарды
талқылап, бұйымдарға баға беруге шақырады.
Ермек балаларға ҰОҚ-де өзі жасаған жұмысқа баға
беруді ұсынады:
1. Жұмысына көңілі толғандар қалпақты жасыл түспен
бояйды.
2. Қиналғандар қызыл түспен бояйды.
Балалардың
жұмысына арналған
көрме.
Әліппе- альбом,
қарындаштар.

№7 ҰОҚ. Қарлығаштың ұясы (қазақтың «Қарлығаштың құйрығы неге айыр» ертегісінің желісі бойынша мүсіндеу)
Мектеп / МҰ:
Күні: Педагогтің аты-жөні:
Мектепалды даярлық сыныбы / топ: Қатысқандардың
саны:
Қатыспағандардың саны:
ҰОҚ-нің оқу
мақсаттары
0.1.1.3. Кейіпкерлерге тән бөліктерді (мұрын, ауыз, көз, құлақ, аяқ, қанат)
пропорцияны сақтай отырып, қарапайым әдістерді (жұмырлау, жаю,
жалпайту, кескіш көмегімен ойып алу, т.б.) қолданып мүсіндеу, жұмыстың
конструктивті және пластикалық техникаларын үйлестіріп, бөліктерді
біріктіру.
0.2.1.1. Мүсіндеуге арналған материалдарды үнемді пайдалану.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!