Материалдар / Мүсіндеу "Сылдырмақ"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мүсіндеу "Сылдырмақ"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тех карта
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
3164
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

11Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы


Тәрбиеші: Тасқараева А.Т.

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі: Мүсіндеу.

Тақырыбы: «Сылдырмақ»

Мақсаты: сылдырмақ туралы түсінік беріп, оның дыбыс шығаруының сырын түсіндіру.

Білімділік: домалақ және сопақша пішіндерді жасауды, екі бөлікті біріктіре білуді;

Дамытушылық: ұнаған түстерін таңдай білуді дамыту.

Тәрбиелік: ұқыптылыққа және еңбектене білуге тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: балалардың санына қарай үлестірмелі материалдар, ермексаздан жасалған үлгі, сылдырмақ, тақтайша, ермексаз, сулық.

Сөздік жұмыс: сылдырлайды.

Қостілдік: сылдырмақ-погремушка.ермексаз-пластилин,балалар-дети.

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті


Мотивациялық-

қозғаушылық

Тәрбиеші балаларға сылдырмақ туралы өлең жолдарын тыңдауды ұсынады.

Сылдырмақ

Сылдырмақ сылдырлап,

Бесікте тұрады.

Бөпешім былдырлап,

Сылдырмақ ұрады.

Бас салып, қолға алып,

Ауызға салады.

Сол кезде сылдырмақ,

Сөйлемей қалады.

Ж. Смақов

(Сылдырмақты сылдырлатып көрсету).

Билингвальды компонент: сылдырмақ-погремушка.

Балалар өлең жолдарын тыңдайды, не туралы айтылғанын айтады.





Балалар сылдырмақтың не екенін түсінді.


«Сылдырмақ-погремушка» сөзін балалар қосылып қайталап айтады.

Ұйымдастырушылық-

Ізденістік

Тәрбиеші:

-Бұл сылдырмақтың сыры неде?

Бұл қалай дыбыс шығарады, зерттеп көрейік.

Сөздік жұмыс: сылдырлайды.

Пластмассадан жасалған ойыншықтың ішіне салынған моншақтарды ашып көрсету, қайта жауып, шайқап, сылдырлату. Осылай әртүрлі ұсақ заттар салу арқылы дыбыс шығарылатынын балаларға түсіндіру.

-Сылдырмақ не үшін керек?

-Кімнің үйінде сылдырмақ бар?

-Кімнің үйінде кішкентай іні-қарындастары бар?

Сол бөбектерге сылдырмақ жасап берсек қайтеді.

Тәрбиеші балаларға өзі дайындаған үлгіні көрсетеді.

Алдымен саусақ жаттығуларын жасап алайық.

Саусақ жаттығуы.

Қуырмаш (ойын-өлең)

Қуыр-қуыр, қуырмаш!

Тауықтарға бидай шаш!

Бас бармақ,

Балаң үйрек,

Ортан терек,

Шылдыр шүмек,

Кішкене бөбек.

Халық ауыз әдебиеті.

Жұмыстың орындалу тәсілін көрсетіп, түсіндіру:

-ермексаздан қалған түсті таңдап алып, жұмсартамыз, оны екі бөлікке бөліп, алақанға салып домалақтаймыз;

-екінші бөлікті алақан арасына салып, ширатып пішін жасаймыз;

-екі бөлікті біріктіріп, әшекейлейміз.

Сергіту сәті:

Қолымызда сылдырмақ,

Сылдыр-сылдыр етеді.

Аяғымыз тыпылдап,

Өзі билеп кетеді.

Тып,тып,тып,тып,

Тыпылдатып биге шық.

А. Меңжанова.

-Жасаған сылдырмақтың түсі қандай?

Сабын қандай түспен жасадың? Не үшін ол түсті таңдадың? Кімге арнап жасадың?-сұрақтарын қойып, жауап алу.

Балалар тәрбиеші әңгімесін тыңдайды, сылдырмақтың сырымен танысады. Сылдырлайды сөзін қайталайды.


Үйлерінде сылдырмақтың кішкентай іні-қарындастарының барын айтып, сұрақтарға жауап береді.

Оларды сылдырмақпен ойнататындарын айтады.



Балалар бірге қайталайды.


сылдырмақ-погремушка.




Балалар сұрақтарға толық жауап берді.


Сылдырмақтың жасалу жолдарымен танысады.










Ойынға барлық балалар жақсы қатысты.




Балалар өздерінің жасаған сылдырмақтары туралы әңгімелейді.

Рефлексиялық-түзетушілік

-Балалар, бұл жасаған сылдырмақтарыңды ата-аналарыңа көрсетемін. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін балаларды мақтап, мадақтау арқылы қортындылау.

Балалар жасаған сылдырмақтарымен ойнайды.

Өз текшелеріне қояды.

Күтілген нәтиже:

Жасайды: домалақ, сопақша пішіндерді біріктіріп, ойыншық бейнесін келтіреді;

Түсінеді: сылдырмақтың бөбектерге арналған ойыншық екендігін;

Қолданды: ермексазды домалақ, сопақша пішінге келтіру дағдысын.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!