Материалдар / «Мультфильмдердің баланың сөйлеу дағдысына әсері»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Мультфильмдердің баланың сөйлеу дағдысына әсері»

Материал туралы қысқаша түсінік
Осы ғылыми жұмыста ағылшын тіліндегі мультфильмдердің кішкентай баланың сөйлеу мәнеріне, дағдысына әсері, тілдің шұбарланып, өзгеруіне себеп болған факторлар туралы жазылған. Оқушы ғылыми жұмысты жазу барысында кеңінен дайындалғанын байқатты. Біздің өмірімізде барлығы: балалар да, ересектер де мультфильмдерді ұнатады. Балалар мультфильмдерді ерте жастан бастап, мағынасын түсінбесе де көре бастайды. Олар жақсылыққа, мейірімділікке, махаббатқа,өзара түсіністікке үйретеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қазан 2024
202
0 рет жүктелген
900 ₸
Бүгін алсаңыз
+45 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +45 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ САБЫР РАҚЫМОВ АТЫНДАҒЫ №53 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП









ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫС







Тақырыбы: «Мультфильмдердің баланың сөйлеу дағдысына әсері»










Орындаған:

шетел тіл пәні мұғалімі: Моминова Наргиза Эркиновна





Шымкент 2024 жыл

МАЗМҰНЫ I. Кіріспе І.І Мультфильмдердің бала өміріндегі рөлі және әсері ІІ. Негізгі бөлім. 2.1 Мультфильмдерінің тарихы және дамуы 2.2 Шетелдік мультфильмдердің сөйлеу мәнеріне әсері 2.3 мультфильмдерінің кәзіргі жағдайы ІІІ. Практикалық бөлім 3.1 Сүйікті мультфильмдердің рейтингі 3.2 Сауалнама  қорытындысы ІV. Қорытынды V. Қолданылған әдебиеттер тізімі



















Ғылыми жұмыстың өзектілігі:

Мультфильм балаға әлемді танытады, бірақ бүгінгі таңда мультфильмдер жақсылыққа тәрбиелегенімен жаман сөздері бар.

Ғылыми жобаның мақсаты:

шетелдік, ресейлік және отандық мультфильмдердің мектеп оқушыларының тәрбиесіне ықпалын зерттеп, дәлелдеу.

Міндеттер:

  • Зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттерді игеру

  • Нақты мәліметтерді жинау

  • Анкеталарды өңдеу мен талдау















Аңдатпа Осы ғылыми жұмыста ағылшын тіліндегі мультфильмдердің кішкентай баланың сөйлеу мәнеріне, дағдысына әсері, тілдің шұбарланып, өзгеруіне себеп болған факторлар туралы жазылған. Оқушы ғылыми жұмысты жазу барысында кеңінен дайындалғанын байқатты. Біздің өмірімізде барлығы: балалар да, ересектер де мультфильмдерді ұнатады. Балалар мультфильмдерді ерте жастан бастап, мағынасын түсінбесе де көре бастайды. Олар жақсылыққа, мейірімділікке, махаббатқа,өзара түсіністікке үйретеді.Бірақ бүгінде теледидар экранынан кейде стилистикалық бояуы төмендеген сөздер мен сөз тіркестерін естиміз. Бұл сөздерді мультфильм кейіпкерлері айтатыны таңқаларлық емес. Зерттеу жұмысында шетелдік мультфильмдердің сөйлеу мәнеріне оң және кері әсері, сүйікті мультфильмдердің рейтінгі және оқушылардың сөзін бақылап, сауалнама жұмыстары жүргізілді.

Аннотация В данной научной работе рассказывается о влиянии мультфильмов на манеру речи маленького ребенка, о факторах, обусловивших изменение  языка.Ученик заметил, что при написании научной работы он широко подготовился. В нашей жизни всем: и детям, и взрослым нравятся мультфильмы. Дети начинают смотреть мультфильмы с ранних лет, даже тогда, когда не понимают смысл.Мультипликационные фильмы имеют поучительный смысл. Они учат добру, милосердию, любви,взаимопониманию.Но сегодня с экрана телевизора мы порой слышим слова и выражения, которые имеют сниженную стилистическую окраску. Как не странно эти слова произносят герои мультфильмов. В исследовательской работе было проведено анкетирование с наблюдением за положительным и отрицательным влиянием зарубежных мультфильмов на речевую манеру, рейтингом любимых мультфильмов и анкетированием учащихся.

Annotation This scientific work describes the influence of cartoons on the manner of speech of a young child, about the factors that caused the change in language. The student noticed that when writing a scientific paper, he was widely prepared. In our life, everyone: both children and adults like cartoons. Children start watching cartoons from an early age, even when they don’t understand the meaning. Animated films have an instructive meaning. They teach kindness, charity, love, and mutual understanding. But today, from the TV screen, we sometimes hear words and expressions that have a reduced stylistic coloring. It is not strange that these words are pronounced by cartoon characters. In the research work, a survey was conducted with the observation of the positive and negative influence of foreign cartoons on the speech manner, the rating of favorite cartoons and the survey of students





І.Кіріспе

Қазіргі таңда теледидар мен ғаламторларда көрсетіліп жатқан  мультфильмдердің бала тәрбиесіне әсерін зерттеу. Мультфильмдердің бала өміріндегі орнын және сүйікті кейіпкерлерінің бала тәрбиесіне әсерін анықтау.

Мақсатқа жету үшін біз алдымызға төмендегідей міндеттерді қойдық. Материалдар жинақтау; сауалнамаларға сараптама жасау; зерттелетін шетелдік, ресейлік және қазақстандақы мультфильм кейіпкерлерінің жағымды және жағымсыз әрекеттеріне талдау жасау; балалар қандай кейіпкердің қылықтарын жиі қайталайтынын анықтау. Мультфильмдердің  бала өмірінде алатын орнын анықтау. Қазіргі заман талабы шет тілін үйрену, көп тілді меңгеру өзекті болып отыр, ғаламтор желісі дамығаннан кейін кішкентай балалардың көбісі шетелдік мультфильмдерді көруді,соларға еліктеп, шетел тілінде сөйлеуді қызық көргендіктен, осы тақырыптың дұрысы мен бұрысын ажыратып, зерттеген. Шығармашылық – ізденіс жұмысты жазу барысында оқушы  мектеп оқушылары арасында қазіргі таңда қызықты  мәселелердің бірі ағылшын  елінің тілін, мәдениетін, қазіргі таңда ағылшын тілін оқу керек пе, жоқ па, жалпы кішкентай балаларды мультфильмдер арқылы ағылшын тілін үйрету керек па, жоқ па деген сұрақтар қарастырылған. Зерттеу жұмысында тақырыпты жан-жақты зерттеп ашуға тырысқан. Оқушы бұл шығармашылық ізденіс жұмысты жазу барысында көп ізденгені байқалды. Оқушы  осы жобаны жазарда көп ізденді, сабақтан тыс уақытта жеке компьютерде отырып , біраз ақпарат қарап, ізденді.  Жұмыс кіріспе, зерттеу бөлімі, практикалық бөлім, қорытынды  және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады. Жұмыста баяндалған мәселелер әр тақырыпшаға сай іріктелген. Осы жұмыс бойынша оқушыға көптеген мысалдар келтіріп, оқу, тәжірибе алмасу жұмыстарын жүргіздім. Оқушылар арасында сауалнама өткізіп, балалардың ағылшын тіліне деген қызығушылықтарын анықтап, тілді үйренуде шетелдік мультфильмдердің септігі бар ма , жоқ па екендгін анықтадық. Болашақта шәкіртімнің жан-жақты, туған жерін, елін бағалап, қорғайтын, ағылшын тілін меңгерген  полиглот, басқа жасөспірімдерге үлгі болатындай  еліміздің біртуар, білімді ел басқарар азаматша болатынына сенім білдіремін. Жалпы алғанда жұмыс өз дәрежесінде жасалынған деуге болады.



ІІ.Негізгі бөлім.

Баланың санасы таза парақ сияқты, көргенінің барлығын бойына сіңіріп алады. Сол дүниелерге еліктеп, ұқсағысы келеді. Киімдерін, ойыншықтарын мультфильм кейіпкерлерінің бейнесімен сәйкестендіріп алады. Мұның барлығынан бала психологиясына анимацияның әсерін байқауға болады. Мультипликация кинематографтан бұрын дамыған. 19 ғасырда ғалымдар жарықтандыру фонында сызбалары бар айналмалы таспаны ойлап тапты.Тарихтағы алғашқы мультфильм 1906 жылы шыққан «Көңілді адамдардың күлкілі бет-пішіндері» жобасы болды. 1914 жылы Америка Құрама штаттарында «Динозавр Герти» атты алғашқы мультфильм жарық көрді. «Динозавр Герти» Дисней топтамасының атасы саналады. Бүгінгі таңда анимация әртүрлі техникалық шешімдермен, сюжеттермен және білім беру бағдарламаларымен таң қалдырады. Бүгінде анимацияның мүмкіндігі өте жоғары. Қызықты сюжеттермен, түрлі-түсті бейнелермен бала түгілі ересек адамдардың өзін таңқалдырады.

Бүгінде мультфильмдердің саны өте көп. Әрине, бұл бір шетінен жақсы болғанымен, сапалысын табу қиындық туғызады. Өйткені ақпарат кеңістігінде таңдау көп. Коммерциялық қоқыстың арасынан лайықты мультфильмдерді таңдау керек. Мультфильмдер – тәрбие беру жүйесінің бір ғана элементіне жатады. Яғни, олар балаға әсер етеді, бірақ басқа факторлармен қатар. Мысалы: қоршаған орта, оқу, ойын. Жаман мультфильмдер баланың психикасын міндетті түрде «бұзады» деу дұрыс емес. Өйткені бір мультфильмді екі бала екі түрлі қабылдайды. Баланы мейірімділікке және жақсылыққа тәрбиелейтін мультфильмдерді көрсету керек. Анимацияны көру арқылы олар жан-жануарлармен, өсімдіктермен, қоршаған ортадағы құбылыстармен, елдермен танысады. Сол арқылы ой-өрісін кеңейтеді. Олардың қасиеттерін қабылдауға тырысады. Олардың әрекетін қайталайды. Тіпті, кейде өзін кейіпкердің орнына қойып, солар сияқты өмір сүруге икемделеді. Солай бейімделе бастайды. Виртуалды әлемнің бала психикасына кері әсері екі себепке байланысты пайда болады: мультфильмдерді дұрыс таңдамау және тым ұзақ қарау.

Психологтар анимацияның төмендегідей кері әсерлерін атап өтті:

Жүйке жүйесі жұмысының бұзылуы. Кадрлары жылдам ауысатын мультфильмдерді ұзақ уақыт көру мидың қыртыстық бөліктерінің дамуын тежейді. Олар екі маңызды функцияға жауап береді: қарым-қатынас дағдылары және қозғалысты үйлестіру. Яғни, бала айналасында болып жатқан құбылыстарға бей-жай қарай бастайды.

Мінез-құлықтың деструктивті үлгілерін қалыптастыру. Бұл тәрбиелік функцияның кері тұсы. Егер мультфильмдер дұрыс таңдалмаса, бала кейіпкерлерінен жағымсыз қасиеттерді қабылдауы мүмкін. Мысалы: өзімшілдік, дөрекілік, азғындық, агрессия.

Психикалық тәуелділікті дамыту. Тәуелділік бала мультфильмдерді сағаттап көргенде және бос уақыт болмаған кезде қалыптасады. Бұл көбінесе ата-анасы үнемі жұмыс істейтін және баламен бірге ойнауға уақыт бөлмейтін отбасыларда байқалады.

Гиперактивтілік синдромының дамуы. Гиперактивтілік - бұл зейінке қатысты мәселе. Эмоцияның шамадан тыс болуы салдарынан бала оқуға, қарым-қатынасқа, ойындарға және басқа да конструктивті әрекеттерге зейін аудара алмайды. Ашу-ызасын басқара алмайды. Гиперактивтілік синдромы баланың қоғамға қалыпты бейімделуіне кедергі жасайды. Егер мұндай мәселе туындаса, ата-аналар бірден психологқа хабарласуы керек.

Ой-өрісін кеңейтеді. Бала мультфильм көру арқылы айналасын танып біледі.

Баланың бойында жағымды мінез қалыптастырады. Бала өзінің сүйікті кейіпкеріне еліктеп, сол сияқты шыншыл, батыр, әрі мейірімді болуға талпынады.

Эмоцияларды сезіндіреді. Кішкентай бала анимация кейіпкерлерінің көңіл-күйін өздеріне қабылдап, солармен бірге шаттанады. Ойын барысында да сол эмоцияларды шығарады.

Бала үшін мультфильм – әлемді ашатын терезе іспеттес. Олар белгілі бір мінез-құлық үлгілерін сіңіреді, мораль мен этика нормаларын қабылдайды. Мультфильм көру үшін экранның алдына отырған бала ондағы оқиғалардың ішіне еніп кетеді. Сөйтіп ол ойдан шығарылған дүниенің бір бөлігіне айналады. Өзін сюжет кейіпкері ретінде ұстап, соған сәйкес мінез-құлық көрсете бастайды. Көптеген мультфильмдер (әсіресе анимациялық сериялар) ересектер үшін емес, тек балалар аудиториясы үшін түсіріледі. Олардың мақсаты — баланы сыртқы әлеммен таныстыру, сондықтан біз олардан күрделі сөздер мен грамматиканы, жаргон тіркестерін және т.б. таба алмаймыз. Олар жас аудиторияға бағытталған. Кіші аудиторияға арналған анимациялық сериялардың кейіпкерлері, әдетте, тек тән ерекшеліктерге ғана емес, сонымен қатар сериядан серияда қайталанатын  тіркестерге ие. Қайталау-бұл ілімнің анасы, сондықтан мұндай өрнектер мен сөздер тез есте қалады. Мультфильмдердің көпшілігі ұзындығы 10-нан 30 минутқа дейін, ал анимациялық өнердің 2 минуттық туындылары бар. Олар жаңадан бастаушыларға қол жетімді. Жапон елін шулатқан «Пакемоны» мультсериалдарын көрген 688 жапон баласы эпилептикалық құлау симптомымен емханаға түскен. балалардың мұндай себебі кадрлардың өте жылдам ауысуының себебі болған. Бұл бағдарлаианы көрген баланың психикасына әсер бергендігі анықталып мультфильмды көрсетуге тыйым салынған.

Британдық мультсериалдарының бірі «Телепузики» бүкіл әлемге жағымсыз атпен танылған. Осы мультфильмді құрастырушы Сара Гремнің мәлімдемесінен соң болған, себебі бағдарлама галлюциногендер әсері кезінде жасалған. Бұл мультфильмді көрген баланың дамуы тежелетінін анықтаған.

ІІІ. ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ

Сүйікті мультфильмдердің рейтингі Сондай-ақ, мен оқушылардың қандай мультфильмдерді көргенді ұнататынын анықтадым:

шетел ресей отандық

«Спанч Боб»; 7

«Ну, погоди»; 9

«Алдар косе» 6

«Барби»; 4

«Лунтик»; 2

«Қошқар мен теке» 4

«Том и Джери»; 7

«Маша и Медведь»; 7

«Толағай»

«Шрек»; 5

«Фиксики»; 4


«Мадагаскар»; 8

«Три богатыря» 22


«Русалочка»; 7



«Золушка»; 10





Барлық шетелдік мультфильмдердің саны отандық мультфильмдерге бөлінген уақыттан екі есе көп екенін көрсетеді. Мен осы мультфильмдерді көрдім, ішінде осы мультфильмдерде тоқтап кеткім келді. Мультфильмдердің бәрі жақсы болғанымен мәдени, кейіпкер, адам мінез-құлқы ажрап турады екен. Бұл көп балалардың сүйікті туындысына айналған «Спанч Бобқа» көз тіктім. Мән-мағынасы, айтар ойы да беймәлім, оқиға сюжеті де қызығарлық емес. Тіпті кейіпкерлерінің кескін-келбеті де түсініксіз. Жалпы шығарма мазмұнында іліп-алар дүние жоқ деуге болады. Әйтеуір оспадар күлкі мен мағынасыз әңгімеге толған.

Мұнан кейін әйгілі «Шректі» тамашаладым. Рас, мультфильмнің оқиғалар желісі қызық. Тіпті өзің де соның ішіне қалай еніп кеткеніңді аңғармай қаласың. Бірақ біздің менталитетімізге сай келетін бірде-бір дүние жоқ. Басты кейіпкерлердің өзі – адам көріп-білмейтін жандар, яғни құбыжықтар.  Маша мен аю мультфильмі өте жақсы, бірақ Машаның мінез-құлқы, оның мінезі мен бағынбауы балаға қатты әсер етеді. Бұл мультфильмді көріп отырған бала оны жүрегімен қабылдап, ойына келгенін істей аламын деп шешеді.

IV.ҚОРЫТЫНДЫ

  • Сөйлеудің қалыптасуына әсер ететін факторларды анықтады;

  • Шетелдік мультфильмдер оқушылардың сөйлеуіндегі жағымсыз көріністерді қалыптастыруға әсер ету сипатын анықтадым;

  • Шетелдік мультфильмдер кейіпкерлерінің тілі қандай екенін білдім;

  • Оқушылар арасында мультфильм кейіпкерлерімен келген сөздерді қолдану себептерін анықтадым;

  • Оқушылар арасында зерттеу жүргізу үшін сауалнама әзірледім;

  • Оқушылар арасында дұрыс сөйлеу мәдениетін қалыптастыру бойынша ұсыныстар жасады.

V. Қолданылған әдебиеттер тізімі.

1. https://www.youtube.com/watch?v=iDgMzDR9iT

2. https://www.youtube.com/watch?v=m3kM9pMla

3.Мультфильм кейіпкерлері Алматы: «Аруна» баспасы – 32 бет. Сер.: «Балаларға арналған танымдық энциклопедия». ISBN 9965-26-452-X;

VI. Ұсыныс. Мультфильм – өсіп келе жатқан жас ұрпақ тәрбиесінде аса қажет құралдардың бірі. Қазақ халқы өзінің бет бейнесі мен болмысын, ұлттық салт-дәстүрін, ұлттығын, өзінің ғасырлар бойы арман еткен Тәуелсіздігін болашақ ұрпағы арқылы ғана қорғай алатын мультфильмдерді көп корсету керек. Сол себепті Қазақстан да мультфильм саласына мән бергені жөн. Сондықтан қазақтық тамырға балта шаппас үшін ұлттық нақыштағы, бүлдіршіндерімізге ұлттық рух пен ұлттық намыс дарытатын мультфильмдерді өмірге әкеліп, көгілдір экранымызды түзеуіміз керек деп ойлаймын.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!