Материалдар / мың бір мақал, жүз бір жұмбақ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

мың бір мақал, жүз бір жұмбақ

Материал туралы қысқаша түсінік
қазақ тілі сабақтарында оқушылардың қызығушылығын туғызу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Қаңтар 2023
262
4 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Шығыс Қазақстан облысы

білім басқармасы

Өскемен қаласы бойынша

білім бөлімінің

«№27орта мектебі»КММ

қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің

мұғалімі Байсалбаева Ж.З


Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ


Мақсаты: оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық, танымдық қасиетін қалыптастыру, өз ойын тиянақты жеткізуін дамыту.


Кіріспе сөз.

А. Байтұрсынов – қазақ әдебиеттану ғылымының негізін салған, тұңғыш әдебиет теориясын жазған ғұлама ғалым, ұлы ойшыл.

А. Байтұрсыновтың ғалым-теоретик, эстетик-сыншы тұлғасын айқындап беретін күрделі, толымды, жаңашыл туындысы – Ташкентте 1926 ж. басылған «Әдебиет танытқыш» деген кітабы. Араға 2-3 жыл салып, авторы ұсталып кеткен соң, бұл еңбек көпшілік арасына мол тарап үлгермеді. Бірақ қазақтың ұлттық әдебиет тануының ғылыми негізі, методологиялық арналары, басты-басты терминдері мен категориялары түп-түгел осы кітапта қалыптастырылған. Мысалы, мақал туралы былай деп беріледі: Мақал да тақпаққа жақын, салт-санасына сәйкес айтылған пікірлер. Тақпақтан гөрі мақал маңызды, шын келеді.

Міне, бүгінгі біздің ойынымызға келген мақалшылармен таныс болыңыздар.

1.

2.

3.


Ойынымыздың бірінші кезеңі «Алғашқы айналым».

  1. Өздеріне ұнайтын мақалдарын айтқызу.

  2. «Мақалды жалғастыру».


  1. Алтау ала болса ауыздағы кетеді, ...

(Төртеу түгел болса төбедегі келеді).

  1. Өнер – ағып жатқан бұлақ,

(Ғылым – жанып тұрған шырақ).

  1. Қына тасқа бітеді,

(Білім басқа бітеді).

  1. Мал жұтайды, (өнер жұтамайды).

  2. Ақпейіл болсаң ас жерсің,

(Тәкаппар болсаң тас жерсің).

  1. Адал дос жаныңды сақтайды,

(Аяр дос малыңды жақтайды).

  1. Еріншек екі істер,

(Ақыры бармағын тістер).


Ұпайы аз мақалшыны ойыннан шығарамыз.

Екі мақалшы ойынды жалғастырады.

Біреуі мақал айтады, екіншісі соның ішіндегі сөзге мақал құрады. Осылай алма-кезек айтылады.


Мақалшылар жеңімпазын анықтау.


ІІ. Көрермендер көзайымы.

Айтылған сөздерге мақал құрау.


  1. Тіл. (Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады)

  2. Көз. (Көз – қорқақ, қол – батыр)

  3. Түйе. (Көрмес түйені де көрмес)

  4. Ана. (Ананың көңілі балада...)

  5. Дұшпан.

  6. Ұрлық.


ІІ айналым «Жұмбақшылар сайысы» (Ортаға жұмбақшыларды шақырамыз)

1.

2.

3.


Жұмбақтар шешеміз.

  1. Мүйізінен таралған.

Жанға шипа дәрі алған. (Марал)

  1. Өзіне шап-шақ, Киген қалпағы аппақ,

Балалар тұр қаптап. (Бақбақ)

  1. Қабы – сояу,

Діңі – бояу. (Қарындаш)

  1. Білім менен тәлім,

Парақты ашқанда

Беттерінен мәлім. (Күнделік)

  1. Жалқаумен бір жүретін,

Құдды қармақ ілетін.

Жоламайды зерекке,

Сабақтарын білетін. (Екілік)

  1. Жалғас жатқан қос шеңбер,

Бүйірінде қақпасы.

Көрсең де оны дос сендер,

Жақсы, жаман ортасы. (Үштік)


Ұпай саны аз жұмбақшы ойыннан шығады.

  1. Екі жұмбақшы бір-біріне жұмбақ жасырады.

  2. Көрермендер көзайымы.

Көрермендерге жұмбақ жасыру.

  1. Бунақты көсеу,

Тармағы бесеу (Қол мен Саусақ)

  1. Қос жиек, Ортасы ақ сүйек (Ерін)

  2. Дөңнің сыртқы қабаты –

Қарлығаштың қанаты (Қас)

  1. Қимылы оңдырмас,

Кішкене қоңырбас (Сіріңке)

  1. Қос басы жұмыр,

Жіңішке құбыр

Ішіне жиған, Дәмі де шымыр (Жілік майы)

  1. Бір үйге көзсіз боп кіресің,

Бұл үйден көреген боп шығасың (Мектеп)


ІІІ айналым «Мақалшы мен жұмбақшы жарысы»


  1. Жұмбақшыға жұмбақ жасырылады. Ал мақалшы шешуіне (жауапқа) мақал айтады.

  1. Тұз шелекте тұрымтай ойнақшиды (Көз)

  2. Бір түкті кілем,

Бір түксіз кілем (Жер, аспан)

  1. Көкте туып, жерде өлген (Жаңбыр)

  2. Сары атым аунаған жерге шөп шықпас (От)

  3. Мұрнында байлауы бар,

Адамның айдауы бар (Ине)

  1. Аяқсыз, бірақ жүгірер,

Бір күні болмас мүдірер (Өзен)

  1. Аяғы жоқ жүреді, сылқ-сылқ күледі (Су)


ІҮ соңғы айналым «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда»


Ақтық кезеңде ойын жеңімпазын анықтаймыз.

«Туған жер» сөзіне 5 мақал құрау.

  1. Туған жердей жер болмас.

Туған елдей ел болмас.

  1. Туған жердің түтіні де ыстық.

  2. Ит тойған жеріне,

Ер туған жеріне.

  1. Туған жердің күні де ыстық,

Түні де ыстық.

  1. Туған жер – алтын бесік.

  2. Ұлтарақтай болса да, ата қоныс жер қымбат.

  3. Туған жердің торғайы тұрымтайдай көрінер.

  4. Аққу көлін аңсайды, адам туған жерін аңсайды.

  5. Өзге жерде сұлтан болғанша,

Өз еліңде ұлтан бол.

Ү. Қорытынды. Мақал-мәтел- ата-бабамыздан қалған өшпес мұра, тәрбиелік мәні зор рухани байлық, парасатты тәрбиеші, әділ сыншы, адал ақылшы, епті елші. Сондықтан да мақал-мәтелдерді жаттап, айтып үйренейік.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!