Материалдар / «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Сөз мәйегі - мақал» дегендей, ата-бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке, ойын нақты, дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге үйрету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қырқүйек 2018
377
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



№11 жалпы білім беру орта мектебі











Сынып сағаты





Тақырыбы:

«Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ»













Өткізген: Джантлеуова А

Сабақтың тақырыбы: «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ»  Сабақтың мақсаты:          1. Оқушыларды «Сөз мәйегі - мақал» дегендей, ата-бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке, ойын нақты, дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге үйрету.          2. Сөз өнері арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейтуге тәрбиелеу.          Көрнекілігі: қанатты сөздер жазылған плакаттар, шарлар. Өтілу барысы:          «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» сайыс          Екі топ қатысады: 1. «Сұңқар» тобы. 2. «Барыс» тобы.                   Алдымен мақал-мәтел дегеніміз не? Қысқаша тоқталып өтсек:          Мақал-мәтел – ата бабамыздан қалған өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын болғанмен, уақыт өткен сайын мағынасы тереңдеп, құны артып, қымбат қазынаға айналып келеді. Мақал-мәтел – тәрбиелік мәні зор, рухани байлық. Осы тұста мен осы мақал мен мәтел айырмашылығын түсіндіріп өткім келіп отыр.          Мысалы: Мақалда қорытынды, тұжырымды түйін айтылады. Айтылар ой нақты толық жеткізіледі. Мысалы: «Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі» деген мақалда елді қорғау, жерді қорғау нағыз жігіттің ісі екендігі айтылып тұр.          Ал, мәтелде ой тікелей білдірілмей тұспалдап, жанамалап айтылады.          Мысалы: «Көппен көрген ұлы той». Мұнда не көрсең де халықпен бірге көр, өз басыңның ғана қамын ойлама деген сөз тұспалдап айтылып тұр.          Біздің мақсатымыз, оқушының білімге деген құштарлығын, ізденімпаздығын, оқу деңгейін және ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге салмақты ой айтуға үйрету болып табылады. Ендеше сайысымызды бастайық.          1-тур: «Кім көп біледі?»Қатысушы топтар мақал – мәтел айтудан жарысады.(1 минут уақыт беріледі, сол уақыттың ішінде топтар қанша мақал айтса, ұпай саны да соған қарап қойылады)          2-тур: Мақал – сөздің мәйегі (тақтада мақал-мәтелдің басы беріледі, қатысушы топтар мақалды жалғастырады) 1. Жақсы кісі байқап сөйлер, ...(жаман кісі шайқап сөйлер) 2. Ер еліне, ...(ит иесіне) 3. Балапан ұяда не көрсе ... (ұшқанда соны іледі) 4. Өнер - ағып жатқан бұлақ, ...(Білім – жанып тұрған шырақ) 5. Жақсының аты өлмейді ...(Ғалымның хаты өлмейді) 6. Көз жетпеген жерге, ...(сөз жетеді) 7. Отыз тістен шыққан сөз, ...(отыз рулы елге тарайды) 8. Дұшпаны көптер сақтана жүреді, ...(Досы көптер мақтана біледі) 9. Жалған достан ...(жау артық) 10. Өнерлінің қолы алтын, ...(өлеңшінің сөзі алтын) 11. Еңбек етсең ерінбей, ...(тояды қарның тіленбей) 12. Отан үшін күрес - ...(елге тиген үлес)          3 – тур: Кім тапқыр?          -Ал балалар, мен Сіздерге жұмбақ айтамын. Жұмбақ деген алақанды жұмудан, яғни қолдың ішінде бір нәрсені жасырып, жұмып тұрып, соны тап дегеннен шыққан. Жұмбақ жасырғанда айтылар нәрсені ойда бүгіп қалып, соған ұқсас нәрселерге теңеп, тұспалдап сипаттап айтады. Мысалы:          Тұрғанмен жырақ өзі,          Таусылмайтын шырақ көзі (Күн)          Шарты: Мұғалім жұмбақ жасырады, жауабын айту керек, сол жұмбақтың жауабын тауып айтқан соң, жауабына сәйкес мақал айту керек.



1.Жұмбақ: Шыңдары шырқау, Көшіп жүр бір тау. (Түйе) Мақал: Көрмес түйені де көрмес. 2. Жұмбақ: Жайған жастық сөгілді, Аппақ мамық төгілді. (Қар) Мақал: Қалауын тапса қар жанар. 3. Жұмбақ: Желден желігеді Судан шегінеді. (От) Мақал: Отан оттан да ыстық. 4. Жұмбақ: Жылт-жылт етеді Жылғадан өтеді. (су) Мақал: Судың да сұрауы бар. 5. Жұмбақ: Өзімнен өзгенің бәрін көремін. (Көз) Мақал: Көз қорқақ, қол батыр. 6. Жұмбақ: Сылдырдан қорқады, шошынып жортады. (Қоян) Мақал: Қоянды қамыс, ерді намыс өлтіреді. 4-тур: Даналық ойдан дән ізде Шарты: Топтар сандарды таңдау арқылы өздері мағынасын түсіндіретін мақал-мәтелді таңдап, талдайды. 1- ұяшық: Апама жездем сай. 20 2-ұяшық: Тасты жерде егін болмас, Текті бала тегін болмас. 30 3-ұяшық: Азға қанағат етпеген, көптен құр қалар.40 4-ұяшық: Жалған достан жау артық. 10 5-тур: Не деу керек мұндайда? (Сіздерге бір-бір жағдаяттан беріледі. Сіздер осындай жағдайда айтылатын мақалдарды жазып оқисыздар) 1-топ. Ертеде Одағай деген өтірікші болыпты. Ол баласын өтірікке баулыпты. Бұған әбден машықтанған баласы өтірік айтпаса отыра алмайды екен. Бір жиында әкесінің қасында отырған ол: - Аспанда ит қыңсылайды ғой, - депті. - Ит ұшатын ба еді? – депті біреу. - Бағана бір құс күшік көтеріп кетіп еді, әлі өлтірмеген екен ғой, - депті Одағай. Сонда бір қария: - Апыр-ай, - деп өкінішпен басын шайқаған екен. 2- топ. Сырым Бөкен биге сәлем беруге барса, қарт: - Қай баласың? – депті. -  Даттың баласымын, - депті Сырым. -  Қой баға алмайтын жаманнан да қолақпандай ұл туады екен-ау,-дейді Бөкен. 6-тур: «Біз білмейтін бір мақал»  (Топтар күнделікті өмірде қолданылмайтын мақал-мәтелдерді айтып жарнамалайды) 1. Қараңғыда тапқаныңды ханға берме, Жарықта тапқаныңды жанға берме. Мағынасы: еңбекпен тапқаныңды орынсыз шашпа.  2. Кісі болар баланың кісіменен ісі бар, Кісі болмас баланың болып келер іші тар. Мағынасы: болашақта жақсы азамат болатын бала кішкентайынан көпшіл, кеңпейіл болып келеді.
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!