Материалдар / "Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ" сайысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ" сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақал-мәтел, жұмбақтар айту арқылы көркем, ұтымды сөйлеуге, қиыннан қиыстыра білуге үйрету; ата-бабаларымыздың өсиетін қадір тұтуға, мақал-мәтел, жұмбақ, шешендік өнер арқылы өз елінің тарихи шежіресін білуге, әдет-ғұрып, салт-дәстүрді сыйлауға баулу
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«1001 мақал, 101 жұмбақ» сайысы

Мақсаты: Мақал-мәтел, жұмбақтар айту арқылы көркем, ұтымды сөйлеуге, қиыннан қиыстыра білуге үйрету; ата-бабаларымыздың өсиетін қадір тұтуға, мақал-мәтел, жұмбақ, шешендік өнер арқылы өз елінің тарихи шежіресін білуге, әдет-ғұрып, салт-дәстүрді сыйлауға баулу.

Барысы

1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті оқушылар! «1001 мақал, 101 жұмбақ» атты сайысымызға қош келдіңіздер! Осы сайысқа қатысып отырған қазылармен таныстырып өтейік...

2-жүргізуші: Мақал-мәтел дегеніміз не? Қысқаша тоқтап өтсек. Мақал-мәтел - ата-бабамыздың қалған өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын болғанымен, уақыт өткен сайын мағынасы тереңдеп, құны артып, қымбат қазынаға айналып кеткен. Мақал-мәтел – тәрбиелік мәні зор, рухани байлық. Осы тұста мен осы мақал мен мәтел айырмашылығын түсіндіріп өткім келіп отыр.

Мақалда тұжырымды түйін айтылады. Айтылар ой нақты, толық жеткізіледі. Мысалы: «Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі» деген мақалда елді қорғау, жерді қорғау нағыз жігіттің ісі екендігі айтылып тұр. Ал мәтелде ой тікелей білдірілмей, тұспалдап, жанамалап айтылады. Мысалы, «Көппен көрген ұлы той». Мұнда «Не көрсең де халықпен бірге көр, өз басыңның ғана қамын ойлама» деген сөз тұспалдап айтылып тұр.

1-жүргізуші: Қазақ ауыз әдебиетінен орын алған және заманнан бастап бүгінгі күнге дейін даму, өсу үстінде келе жатқан жанрдың бірі – жұмбақтар. Жұмбақтар заттың өзін айтпай, оның түр, түсін, сыртқы белгілерін, жұмбақ болып отырған затқа ұқсас жақтарын сипаттайды, ал заттың өз атын жасырып ұстайды. Сондықтан да нәрсенің өзін айтпай, оның сырт белгілерін қысқаша сипаттау, солар арқылы жұмбақ етілген затты табу – жұмбақ. Халық жұмбақтарының тақырыбы өте көп. Жаратылыс дүниесі, табиғат жайлы, еңбек кәсіп құралдары, хайуанаттар мен өсімдіктер, адам және оның өмірі, өнер-білім, техника т.б. жұмбақтардың басты тақырыбы болуымен қатар мазмұны да болады. Бұл тақырыптардың бәрі жұмбақ көлеміне енгенде әрқайсысы жалпылама түрде алынбай , бөлшектене, жекелене алынады.

2-жүргізуші: Енді «1001 мақал, 101 жұмбақ» сайысымызды бастаймыз. Осы сайысымызға қатысатын екі топ: «Тапқырлар» және «Алғырлар» тобы. Осы екі топқа сәттілік тілейміз.

Сайысымызды бастамас бұрын оның шарттарымен сіздерді таныстырып өтейін.

Әр сұрақ 3 пен 10 ұпай аралығында бағаланады.

І кезең. «Білгенге маржан». Мақал-мәтелдің жалғасын табу.

ІІ кезең. «тапқыр болсаң тауып көр». Жұмбақ шешу.

ІІІ кезең. «Кім жүйрік?» Екі топ бір-біріне жұмбақ жасырып, қаншалықты тапқыр екендерін көрсетсін. Сіздерге арналған қара жәшікте жасырылған танымал тұлғалардың, әр түрлі заттардың фотосуреттерін топ басшылар алып, өз топтарына қимылмен түсіндіру қажет.

1-жүргізуші: Сайысымызды «Тапқырлар» тобынан бастаймыз.

І кезең. «Білгенге маржан». Мақал-мәтелдің жалғасын табу.

  1. Білген кісі тауып айтады, /білмеген кісі қауып айтады/

  2. Жаңбыр бір жауса, /терек екі жауады/

  3. Өнерлінің қолы алтын, /өлеңшінің сөзі алтын/

  4. Атаңның баласы болма, /адамның баласы бол/

  5. Көп жасаған білмейді, /көпті көрген біледі/

  6. Болат қайнауда шынығады, /батыр майданда шынығады/

  7. Құтты қонақ келсе, /қой егіз табады/

  8. Досы көпті жау алмайды, /ақылы көпті дау алмайды/

  9. Жауға жаныңды берсең де, /сырыңды берме/

  10. Өз білмегеніңді кісіден сұра, /кісі болмаса кішіден сұра/

2-жүргізуші:

«Алғырлар» тобына

  1. Ер жігіт елі үшін туады, /ел үшін өледі/

  2. Әдепті бала – арлы бала, /әдепсіз бала сорлы бала/

  3. Білекті бірді жығады, /білімді мыңды жығады/

  4. Еңбек етсең ерінбей, /тояды қарның тіленбей/

  5. Отан – қуат, /отбасы - шуақ/

  6. Ұланы бар елдің, /ұраны бар/

  7. Жақсыдан үйрен, /жаманнан жирен/

  8. Саналы адам сағыңды сындырмас, /жаман адам жағыңды тындырмас/

  9. Бейнетің қатты болса, /татқаның тәтті болады/

  10. Еңбек етпесең елге өкпелеме, /егін екпесең жерге өкпелеме/

1-жүргізуші:

ІІ кезең. «Тапқыр болсаң тауып көр». Жұмбақ шешу

Жұмбақ шешкіш кім екен?

  1. Сыртқа шықсам түн екен.

Моншақтарын шашып ап,

Бір сары қыз тұр екен.

(Ай, жұлдыз)

  1. Қабат-қабат қаптама,

Ақылың болса аттама.

(Кітап)

  1. Жезге ұқсас сабағы,

Дәні – халық тағамы.

(Бидай)

  1. Білмнің дәнін тереді,

Балаға тәлім береді.

(Мұғалім)

  1. Отыз екі батыр,

Екіге бөлініп жатыр.

(Тіс)


  1. Келеді сапар тартып алуан жолдан,

Тамаша қызығы көп түспес қолдан.

Қызығын оқысаңыз тамашалап,

Қаласың хабар алып барлық жайдан.

(Газет)

2-жүпгізуші:

2-топқа

  1. Жерді көрдім қаласы бар,

Үйлері жоқ мекендейтін.

Көлді көрдім, өзен көрдім,

Сулары жоқ терең дейтін. (Карта)

  1. Бір мақұлық бар тілі жоқ,

Сөйлегенде міні жоқ. (Хат)

  1. Балалар суға салған жіп,

Тереңнен іліп алар жүк. (Қармақ)

  1. Шөміші жоқ, теңізді сапырады,

Кебісі жоқ, егінді жапырады. (Дауыл)

  1. Бұрап қойған сағаттай,

Айғайлайды таң атпай. (Әтеш)

  1. Екі аяқты, бір басты,

Жүгіреді тым қатты. (Велосипед)

1-жүргізуші: Бәріміз белсенді қатысудамыз, жарайсыңдар, қатысушылар! Енді ІІІ кезеңге кезек береміз.

«Кім жүйрік?» кезеңінде екі топ бір-бірлеріне жұмбақ жасырып, қаншалықты тапқыр екенін көрсетсін.

Қара жәшікте жасырылған танымал тұлғалардың, әртүрлі заттардың фотосуреттерін топ басшылары алып, өз топтарына қимылмен түсіндіруі қажет.

2-жүргізуші: Шарамыздың қорытындысы шыққанша сіздермен бірге флешмоб биін билесек, қане, бәріміз ортаға.

Қазылар алқасының қорытынды сөзі.

1-жүргізуші: Мақал-мәтел, жұмбақтар – ұрпақтан ұрпаққа көшетін, тарихи қалыптасқан әлеуметтік нормалар, қоғамдық әлеуметтік дүние, ол қоғамдық ұйымдар мен халықтың мінез-құлұы және іс-әрекеттің рухани негізі. Қазақтың өмір салты мен сыйластығы өте зор.

2-жүргізуші: Біз қазақтың тәрбиелі ұлдары мен қыздары болайық!

Құрметті қатысушылар, осымен бүгінгі өткен «1001 мақал, 101 жұмбақ» атты сайысымыз аяқталды.



Габдуллина Гаухар Маликовна

МТЖО-ның педагог-ұйымдастырушы

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!