Материалдар / Мырзахан Ахмет. "Жуалы",өлеңі "Жуалы туралы жыр" Сабақ жоспары. 6-сынып ҚМЖ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Мырзахан Ахмет. "Жуалы",өлеңі "Жуалы туралы жыр" Сабақ жоспары. 6-сынып ҚМЖ

Материал туралы қысқаша түсінік
6.2.2.1 эпикалық, поэзиялық шығармалардағы автор бейнесін анықтау; 6.3.1.1 шығармадағы кейіпкерлерді өзара салыстыра отырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға беру;
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Наурыз 2024
184
4 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
250 тг 188 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқамерзімді жоспар

Бөлім:

Мен балаң жарық күнде сәуле қуған.

Педагогтің аты-жөні:

Көрпебаева А.

Күні:


Сыныбы:

6

Сабақтың тақырыбы:

Мырзахан Ахмет «Жуалы туралы жыр»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

6.2.2.1 эпикалық, поэзиялық шығармалардағы автор бейнесін анықтау;

6.3.1.1 шығармадағы кейіпкерлерді өзара салыстыра отырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға беру;

Сабақтың мақсаты

эпикалық, поэзиялық шығармалардағы автор бейнесін анықтау;

шығармадағы кейіпкерлерді өзара салыстыра отырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға беру;

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық ахуал

Қызығушылықты ояту


Үй тапсырмасын сұрау


Өткен сабақты пысықтау


Оқушылармен сәлемдесемін, сурет қиындысын құрастыру арқылы «Мозайка» әдісімен топтастырамын



«Тірек символдар» әдісі топ атауына алынған суреттер туралы ой бөліседі, әр топ өз суреттерінің өтілетін сабаққа қандай қатысы барын анықтайды

Ғ. Қайырбековтің «Жуалы».

Өлеңді қара сөзбен жазу немесе жаттау


  1. Ғ. Қайырбековтің «Жуалы» өлеңінің жанры қандай?

  2. Өлең кімге арналған

  3. Шығармада қандай ұлттық құндылық дәріптеледі?


Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады






«Мозайка» әдісі







Жаңа білім



1-тапсырма

Ойқозғау

Сынып













Өлең авторы туралы қсқаша мәлімет



2-тапсырма.

Өлеңді мәнерлеп оқу


Суреттер бойынша ойларыңды жеткізіңдер.

Өлең мазмұнын болжаңдар.


Әкесі дүние салғанда ­Мырзахан небәрі 11 жаста еді. Алғашқы өлеңі 6-сыныпта оқып жүрген кезінде республикалық «Қазақстан пионері» газетінде жарияланып, 13-14 жасынан «Тілші бала», «Ақын бала» атанды. ­Аудан орталығындағы «Мыңбұлақ» орта мектебін тәмамдаған соң Жуалы аудандық «Жаңа өмір» газетіне корректорлық қызметке шақырту алды. 1976 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналис­тика факультетіне сырттай оқуға түсті. 1983 жылы жас маман Мырзахан Ахметовты аудандық «Жаңа өмір» газеті редакторының орынбасары етіп тағайындады. Мырзахан Ахметов елімізге кең танылған журналист, жазушы-публицист, ақын және сазгер. Ол «Ізгілік иірімдері» (1997 ж.), «Жуалы» (1998 ж.), «Ақбидай - әнім» (1999 ж.), «Жұлдыз-ғұмыр» (2001 ж.), «Мәскеудегі қазақтар» (2002 ж.), «Өнеге өрісі» (2000 ж.), «Қоғам қасіреті» (2003 ж.), «Бәйтеректің бұтақтары» (2004 ж.), «Генерал Жұманбеков» (2005 ж.), «Алыптардың анасы» (2008 ж.), «Намыстың құлы, Алаштың» .атты жинақтары жарық көрді.



Жуалы туралы жыр

Төскейінде сайрандап сері құйын,

Асқақтайды Алатау өрі дүйім

Дидарыңа тамсанған Асанқайғы

Іздеп жүріп тынымсыз Жерұйығын.


Беу, беу, Жуалы!

Батырлардың мекені,

Ақындардың мекені,

Сағынтасың аңсатып, Ұзап шықсаң екі елі.


Құлпырған жер әсемі қайда осындай?

Саяңды көңіл гүлі жайласын бай,

Билікөл түстік жерлен жарқырайды

Сұлудың түсіп қалған айнасындай.


Беу, беу, Жуалы!

Жаратқандай шың-құздан,

Бауыржанды туғызған.

Өлең едің маған да

Өлең жолын қуғызған.


Ақындар оқығандай толып дастан,

Ақсайым ағып жатыр шоршып тастан,

Ұқсайды мейірбанды ата-анама,

Құлантау, Қаратаумен қолтықтасқан.


Беу, беу, Жуалы!

Тұла бойың келісім,

Тулап аққан Терісім,

Туа салған Шерхандар


Дескриптор :


- суреттер арқылы өлең мазсұнын болжайды;

-автор өмірімен танысады;

-өлеңді мәнерлеп оқиды

Презентация, суреттер, слайд, интеркативті тақта, бағалаушы стикерлер

Сергіту сәті

Дене жаттығулары

Көңілді әуенге дене жаттығуларын жасайды. Ортаға бір оқушы шығады. Дене шынықтыру жаттығуларын жасайды. Қалған балалар қайталайды.




Сабақтың ортасы

.


3-Тапсырма

«Блум түймедағы » әдісі

Топтық жұмыс


Блум түймедағының алты күлтесі – сұрақтар типінің алты түрі.
1. Қарапайым сұрақтар. Оларға жауап бере отырып, болған жайттар туралы

әңгімелеп беруге болады. Дәстүрлі бақылау жұмыстарында, терминологиялық диктанттарда, т.б. қолданылады.

2. Анықтаушы сұрақ. Әдетте, «Сонда сіз солай демекшісіз ғой ..?», «Менің

түсінуімше, сіз ...», «Менің қателесуім мүмкін, бірақ,меніңше, сіз былай айтқан сияқты болдыңыз...» деген сұрақтар болады. Бұл сұрақтар анықтау мақсатында жайдары  көңілмен берілуі керек.

3. Интерпретациялық (түсіндіруші) сұрақ. «Неліктен жапырақтар күз мезгілінде сарғаяды?» - деген сұрақтың жауабын оқушылар білетін болса, ол сұрақ жай сұраққа «айналады».

4. Шығармашылық сұрақтар: «егер», «болса», «қалай болар еді» деген сияқты сөздермен келеді.

5. Бағалау сұрақтары. «Неліктен бұл жақсы, басқасы жаман деген баға

алды?», «Бір нәрсе екінші нәрседен несімен ерекшеленеді?» - деген сұрақтар бағалау критерийлерін түсіндіруге бағытталған.

6
. Тәжірибелік сұрақтар. «Күнделікті өмірде қай жерде байқайсыз?», «Кейіпкердің орында болсаңыз, не істер едіңіз?» - деген сипаттағы сұрақтар теория мен  практиканы ұштастырады.

Балалар берілген үлгімен өлең мазмұны бойынша топпен сұрақтар құрастырады.

ҚБ: «Бір сөйлеммен түйіндеу» әдісі арқылы бағалау.

Дескриптор:

поэзиялық шығарма автор бейнесін анықтау мақсатында

«Блум түймедағы» әдісімен сұрақтар құрастырады.

Оқулық, жұмыс дәптерлері

Сабақтың соңы

Бекіту

4-тапсырма.

Жұптық жұмыс

Кестемен жұмыс

Өлең кейіпкерлерін салыстырады, оның тарихтағы құндылығына баға береді.


Кейіпкер

Ерекшеліктері

Ұқсастығы

Тарихтағы орны, құндылығы

Б.Момышұлы





Ш.Мұртаза






Дескриптор:

- шығармадағы кейіпкерлерді өзара салыстырады,

Олардың тарихтағы орны мен құндылығна баға береді



Үй тапсырмасы

«Жұлдызы биік Жуалым». Эссе жазу



Рефлексия

Рефлексия.

Рефлексияға қажетті сөйлемнің бастары:

  • Мен бұрын … ойлайтынмын, қазір мен …................... ойлаймын.

  • Егер мен … бастасам, қазір мен…

  • Мен … байқадым, ал қазір маған … қызықты.

  • болғанда жағдайды еш құтқара алмадым.

  • Мен … едім, бірақ

  • Келесі жолы мен ... есте сақтаймын.

  • Мен … түсіндім, енді ол … нәтижесі болды

  • болғаны мені қатты қуантты

  • Мен … жасамақшымын, себебі

  • Егер …, онда екен?

  • Мен енді … білемін, сондықтан мен ….

  • Мен … үйрендім.












Төскейінде сайрандап сері құйын,

Асқақтайды Алатау өрі дүйім

Дтдарыңа тамсанған Асанқайғы

Іздеп жүріп тынымсыз Жерұйығын


Беу, беу, Жуалы!

Батырлардың мекені,

Ақындардың мекені,

Сағынтасың аңсатып, Ұзап шықсаң екі елі.


Құлпырған жер әсемі қайда осы

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!