Материалдар / Мысырдағы діни наным -сенімдер мен ғылыми білімдер
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мысырдағы діни наным -сенімдер мен ғылыми білімдер

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан тарихы бойынша оқушыларға түсінік беру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Желтоқсан 2018
2631
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

П

Тексерілді:

әні: дүние жүзі тарихы

Сыныбы : 5 а, ә, б.

Мерзімі: 19.11.2018ж

Тақырыбы

Мысырдағы діни наным – сенімдер мен ғылыми білімдер

Мақсаты

Ежелгі Мысырдың діни наным – сенімдері, жазудың шығуы мен дамуы математикалық білімдер мен аспан әлемі, мысырлық медицинаның дамуы мен мектеп және әдеби шығармалармен таныстыру.

Жалпы мақсат

Алғашқы мемлекет негіздерінің қалыптасу жолдары, оған табиғи жағдайдың, әлеуметтік қатынастардың ықпалын сыни тұрғыдан талдай отырып, оқушының өзіндік баға беруі қалыптасады. Игерген ақпаратын ой елегінен өткізіп, саралауға машықтанады, функционалдық сауаттылығы артады.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар алғашқы мемлекеттік бірлестіктердің қалыптасу жолдары, оған әсер ететін факторлармен жан – жақты танысады, өзіндік қорытынды жасап үйренеді, салыстырмалы талдауға, сипаттауға бейімделеді.

7 модульдің қолданылуы

«АКТ», «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқытуды басқару және көшбасшылық».

Қолданылатын әдіс – тәсілдер

«Білім картасы», «Тілектер тізбегі», «Дұрыс – дұрыс емес тұжырымдар», «Тілек ағашы».

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу. Түгендеу. Жақсы психологиялық ахуал қалыптастыру. «Тілек ағашын» толтыру. Оқушылар бүгінгі сабақтан күтетіндерін, жаңа сабаққа қатысты тілектерін жазып, ағашқы жабыстырады.

Сабақ кезеңдері

Тапсырма

Мұғалімнің іс – әрекеті

Оқушылардың іс – әрекеті

Қызығушылықтарын ояту

Пирамиданың суретін интербелсенді тақтадан көрсету; Енді қоңыр түске боялған пирамиданың суреті. Соңында шынайы пирамиданың суретін көрсету

Оқушылар, мына суретте не бейнеленген?


Ал, енді, неге ұқсайды?


Қалай ойлайсыңдар, неге мен пирамиданың суретін көрсетіп жатырмын? Мұндай алып пирамидалар қай елде кездеседі? Қай ел туралы өтеміз? Мысырдың тарихына қатысты қандай ақпаратты білгілерің келеді? Кез келген мемлекеттің тарихына терең үңілу үшін, балалар, оның географиялық орналасуы, яғни табиғат жағдайлары мен мемлекет ретінде қалыптасуына ерекше мән беруіміз қажет. Себебі, оның әлеуметтік, экономикалық, мәдени дамуы тікелей осы жағдайларға байланысты.

Оқушылар өз ойларын айтады.




Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Мағынаны ашу

«Білім картасы»

Негізгі мәтінді тірек сөздер мен суреттерді қолдана отырып түсіндіреміз. Мысырдың картасы, Нілдің суреті, құрма ағашы, папирус, малахит, гранит тастардың, түйенің суреттері; Тайпа көсемдері – әмірші патша (фараон) – «Ақ дуал» - Мемфис.

Оқушылар негізгі тірек сөздерді бірінің астына тізбектеп жазады. Кейін әрқайсысының қасына анықтама береді.

Сергіту сәті

Мақал – мәтелді жалғастыр

Мен бастаған мақал – мәтелді жалғастыр:

Отан – ...

Туған жер – ...

Білім – ...

Оқушылар берілген тұжырымдарды талдап, өз ұсыныстарын жазады.

Ойтолғаныс

«Дұрыс – дұрыс емес тұжырымдар»

Интербелсенді тақтадан немесе әр оқушының қолына тұжырымдар беріледі.

Оқушылар берілген тұжырымдарды талдап, өз ұсыныстарын жазады.

Бағалау

Бағалау парақшасы

Сабақ басталмас бұрын оқушыларға таныстырылады.

Бағалау кезінде өз пікірлерін білдіреді.

Рефлексия

«Тілек ағашы»

Балалар, сабақ басталмас бұрын «Тілек ағагына» жазғанымыз, бүгінгі сабақтан күткендерің қаншалықты орындалды?

Оқушылар сабақтың басында жазған тілектері орындалса, жазылған стикерге тиіспейді, егер орындалмаса, барып алады, пікірін жазып жабыстырады. Оқушылар алдында бүгінгі жазған тілектерін оқиды.

Үй тапсырмасы

Мысырдағы мемлекеттің пайда болуы.

Менталды карта

«Ніл» және «Мысыр» тірек сөздерін негізге ала отырып, менталды карта жасау.

Шарттары:

-А4 қағазын аламыз.

-Ортасына тақырыпты жазамыз, төңірегіне одан шығатын мәселелерді тармақтар арқылы жібереміз.

-Түрлі түсті қалам, қарындаш, маркер пайдаланамыз. Сөзден гөрі қызықты, күлкілі, анимациялық суреттер, сызбалар пайдаланамыз. Қиялымызға ерік береміз, сол картаға қарап, тақырыпты оңай әрі тез сипаттап бере алатындай болу керек.

Оқушылар негізгі сөзді қолдана отырып, менталды карта әзірлейді.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!