Материалдар / «Музыка - жүрек тілі» Сынып сағатының бағдарламасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Музыка - жүрек тілі» Сынып сағатының бағдарламасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Өнер мектебіндегі сынып сағаты Мақсаты: Екі дауыста ойнау дәстүрінің ерекшеліктерін, шертіп ойнау және перне басу әдістерін меңгеру жоғары дайындықты талап ететінін аспапта оқушыларға ойнатып отырып, ата – аналарға түсіндіру. білімділігі: Оқушы білімін жан – жақты ету. Музыкалық білімін тереңдетіп оқыту, жетілдіру. Сахна мәдениетін қалыптастыру. тәрбиелігі: Оқушының еліне, салт – дәстүріне, өнеріне деген сүйіспеншілігін ояту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Ақпан 2019
618
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Құлшар атындағы Бейнеу өнер мектебінің Домбыра сыныбының мұғалімі Маденова Ақерке Орынбасаровна Маңғыстау облысы ,Бейнеу ауданы

«Музыка - жүрек тілі»Сынып сағатының бағдарламасыМақсаты: Екі дауыста ойнау дәстүрінің ерекшеліктерін, шертіп ойнау және перне басу әдістерін меңгеру жоғары дайындықты талап ететінін аспапта оқушыларға ойнатып отырып, ата – аналарға түсіндіру. а)білімділігі: Оқушы білімін жан – жақты ету. Музыкалық білімін тереңдетіп оқыту, жетілдіру. Сахна мәдениетін қалыптастыру. ә)тәрбиелігі: Оқушының еліне, салт – дәстүріне, өнеріне деген сүйіспеншілігін ояту. б)дамытушылығы: Орындаушылық шеберлігін дамыту. Көрнекіліктер: Үнтаспа, сахнаны безендіру, слайд.

Кештің барысы:Сынып жетекші:Құрметті ата-аналар,ұстаздар,оқушылар,бүгінгі сынып сағатымызға қош келдіңіздер.Музыка – адам жанын жақындататын өнер. Сондықтан музыка адам баласына қатты әсер етеді. Бірақ ойналған әуенді сөзбен жеткізу мүмкін емес, оны тек музыканы жан — дүниесімен түсінетін адам ғана әуен ырғағымен ғана қабылдайды. Өйткені "Музыка — жүрек тілі", яғни сезім, қобалжу. Кейбір балалар музыканы жай ғана тыңдап, ешқандай әсер, сезіну, қобалжу, эмоциялық әсер ала алмаса, ол оқушы музыкадан басқа жалпы пәндерден білім көрсеткіші төмен болады. Музыканы дұрыс түсініп тыңдай білуге тәрбиелеу арқылы оқушылардың ой-өрісін, сезімін, санасын, киімін, талғамын жалпы өнерге деген сүйіспеншілігі мен мәдениеттілігін дамытамыз.Бүгінгі сынып сағатымызды шертпе күйлер мен шертіп ойнау тәсіліндегі шығармаларға арнағалы отырмыз. Домбыра аспабында қос ішектегі төкпе күй дәстүрі өте жақсы дамығын. Алайда шертпе күйдің құдіреті оқушылар, ата – аналар арасында кең танымалдыққа ие бола алмай келеді. Бүгінгі сағатымыз екі бөлімнен құралады.Бірінші бөлімін шертпе күйлеріне, екінші бөлімін осы домбыра аспабында ішектен - ішекке ауысу тәсілінде орындалатын , екі дауыста орындалатын шығармаларға арнаймыз. Шертпе  күй — аты айтып тұрғандай шертіліп тартылатын күй, шертпе — тарту техникасы көбінесе бір ішекті саумалай шерту  әдісіне құралған күйлер. Қазіргі уақытта шертпе дәстүрін дамытып, аймақтық күйшілік мектептердің салтын сақтап жүрген домбырашылардан – Боранқұл Қошмағамбетов (марқұм), Мұхаметжан Тілеуханов, Таласбек Әсемқұлов, Дәулетбек Садуақасов, Білал Ысқақов, Секен Тұрысбеков, Рымхан Әбілханов, Базарәлі Мүптекеев, Саян Ақмолда, Сәрсенғали Жүзбаев, Мұрат Әбуғазин, Қайрат Айтбаев, Арман Қадырбектердің есімдерін атауға болады.Ортаға биыл бітіруші оқушымыз Жаңабаев Дулатты шақырамыз. (Дулат ортаға шығып орындайтын күйді хабарлап, С.Тұрысбековтың «Ақжауын күйін» орындап береді.Слайдта оқушы суреті мен жетістіктері көрсетіледі.)Біздің 1 – сынып оқушыларымыз да шертпе күйдің алғашқы әдіс – тәсілдерін меңгеріп бастады. Ортаға болашақ домбырашыларымызды шақырайық. 1 – сынып оқушысы Асарбай Әділетті сахна төріне шақырамыз. ( Әділет ортаға шығып, халық күйі «Кербез қыз» күйін хабарлап, орындайды. Слайдта оқушы туралы мәлімет көрсетіледі.)Келесі оқушымыз Тіней Марлан.( Марлан халық күйі «Ертіс толқыны»күйін хабарлап, орындап береді. Слайдта оқушы туралы мәлімет көрсетіледі. )Келесі оқушымыз өнер мектебінде хореография бөлімінде оқиды. Қосымша домбыра аспабын менің сыныбымда бастады. Ортаға Қобыланова Ақботаны шақырамыз. (Ақбота халық күйі «Телі күрең»ді орындайды. Слайдта оқушы туралы мәлімет көрсетіледі.) Е.Үсеновтің «Қосбасар» атты күйінің фортепианоға өңделіп түсірілген нұсқасын 3 – сынып оқушысы Жолшы Диярбек орындап береді. (Диярбек ортаға шығып орындайтын шығарманы хабарлайды. Слайдта оқушы суреті мен жетістіктері көрсетіледі.)

Ілияс Жансүгіров атамыздың «Домбыра» атты керемет өлең жолдарын 1 – сынып оқушысы Жолшы Аянат оқып береді. Тарт күйіңді, домбыра!Төгіл, төгіл тәтті күй,Тау суындай сылдыра,Желпін, желпін жел соқтыр!Тауда тұман тұрмасын,Көкте бұлт ыдыра!Тыңдамаған қоймасын,Ойды – қырды қыдыра,Құлшына тарт, домбыра!Мектептегі оқушыларға берілетін тәрбие саласының бірі -эстетикалық тәрбие. Эстетикалық тәрбие өнер құралдары бойынша, яғни музыкада - дыбыс, суретте - бояу, әдебиетте - сөз арқылы жасалынған көркем бейнелер негізінде оқушының дуниетанымын арттырып, өмірдің шындығы мен әсемдікті сезіну қабілетін дамытуға жағдай жасайды. оқушыларды музыка өнеріне баулу олардың әсем сезімдерінің тәрбиеленуіне, көзқарастары мен сенімдерінің қалыптасуына себебін тигізеді.Музыкалық тәрбиені өмірмен байланыстыру, музыкалық өнерге деген қызығушылығын арттыру, оның тәрбиелудегі әсерін күшейту сияқты қажетті міндеттерді жүзеге асыруда мұғалімнен өз пәнін жақсы меңгеріп және әрдайым жеке тұлғалы оқушыға көңіл бөлуін талап етеді. Оқушы – ол тыңдаушы, орындаушы екендігін есте сақтауымыз керек.Ортаға 3 – сынып оқушысы Сәттіғұл Кеңесханды шақырамын. (Кеңесхан Ә.Желдібаевтің «Ерке, сылқым» күйін орындайды. Слайдта оқушы суреті мен жетістіктері көрсетіледі.)2 – сынып оқушысы Алуадин Бахтияр да өз кезегінде бір шертпе күй орындап берсін.( Бахтияр Тәттімбеттің «Қосбасар»1 – түрін орындайды. Слайдта оқушы суреті мен жетістіктері көрсетіледі.) Күйлер ел арасынан шыққан құйма – құлақ дарын иелері арқылы толыса дамып, ұлттық өмір тіршілігі мен тығыз байланысып, ел өмірінің рухани серігі болды. Шертпе күйі адам сезімін, жүрек түкпіріндегі ой – толғанысын қозғайтын құдіретке ие. Күйлер адамның ішкі сезім-дүниесін, оның жеке басының көңіл-күйін, қуанышымен қайғы күйін, аңсаған арманын, өмір сүрген қоғамын, тіршілік дүниесін, қоршаған табиғат анасын – өзен-суын, орман-тоғайын, асқар таулары мен байтақ даласын паш етіп жырлайтын шығармашылық жанрға айналды.  Келесі тоқталар әңгімеміз – домбыра ансамблі туралы болмақ. Домбыра ансамблі – көп дауысты күрделі формадағы оркестр дыбысының негізгі өзегі домбыра танудың бастауы сазгер қиялына бітетін шығармашылық болмыстың негізі. Ансамбль көп дауыстылығымен емес, көп әуенділігімен бағалы. Қос ішектің дыбыс диапазоны шектеулі болғанымен үндестік келісімінде шек жоқ. Сахнаға 2 – сынып оқушыларынан құралған ансамбльді шақырамын. (Ортаға Көшбаев Марғұлан, Рамазанов Парасат, Дәулетбаев Нұршапағат шығып, халық әні «Маусымжан» ды хабарлап, үшдауысты ансамбльде орындайды.слайдта оқушылар туралы мәлімет көрсетіледі.) Дәл осы «Маусымжан» әні домбыра мен фортепиано аспабымен ансамбльде орындаса қалай естілетінін тыңдап көрейік. Ортаға 1 – сынып оқушысы Сайлаубаева Айдананы шақырамыз. Айдананың орындауында халық әні «Маусымжан», фортепианода сүйемелдейтін Бақтығұлова Айжан апайымыз.(слайдта оқушы туралы мәлімет көрсетіледі.)Казақтың халық әңдері жоғары тәрбиелік мүмкіндіктерімен, азаматтық идеяларының өркениеттілігімен, болмастығы көзғарасты әсерлі бейнелеуімен, көркемдік айырмашылығымен оқушылар назарын өзіне аударады.Фортепиано сүйемелдеуімен тағы бір шығарманы тамашалайық. Биылғы келесі бітіруші оқушым Төлеп Қосайды ортаға шақырамыз. Фортепианода сүйемелдейтін Ақзон апайымыз. (Қосай ортаға шығып, шетел композиторы Люллидің «Жига» шығармасын орындайды. Слайдта оқушы туралы мәлімет, жетістіктері көрсетіледі.)Келесі 1 – сынып оқушылары Жексенов Алан мен Жолшы Аянат екі дауыста халық әнін орындап береді. (Алан мен Аянат ортаға шығып, халық әні «Дайдидауды» домбырамен екі дауыста орындайды)Окушылардың музыкалық-эстетикалық дамуын жетілдіруде ән тәрбиелік мүмкіндіктерін нәтежиелі пайдалану казақ әндерінің өзіндік бітім — тұлғасын, мазмұнын түп төркінін, көркемділік мәнерін жете білмейінше, ойдағыдай жүзеге асырылмайды.Келесі, ансамбльмен Нұрғиса Тілендиевтің «Әлқисса»сын 5 және 6 сынып оқушылары Төлеп Қосай мен Бисенов Мейіржан орындап береді.(екі дауыста «әлқисса» орындалады) Тағы бір домбыра туралы өлең жолына кезек берейік. Ортаға Қобыланова Ақботаны шақырамызШөмішбай Сариев «Домбыра туралы баллада»Күй ойнайды қазағымның қанында,Күй ойнайды қазағымның жанында.Жүрегінің, жүрегінің дүрсілі –Күмбірлеген домбырасы барында.Домбырадай шежіре жыр болмаған,Даламыздың тағдырларын толғаған.Армандарын, армандарын халқымның ,Аманат қып ұрпағына жолдаған.Бүгінгі сынып сағатымыздың қорытынды күйін 6 – сынып оқушысы Бисенов Мейіржаннан сұрайық.( Мейіржан ортаға шығып, Қ.Ахмедияровтың «Қуаныш»күйін орындайды).Күй орындалып жатқанда сынып сағатына қатысушы оқушылар сахнаға шығып, тізіліп тұрады. Күй аяқталған соң барлық оқушылар хормен «Екі ішектің бірін қатты,бірін сәл- пәл кем бұра.Нағыз қазақ - қазақ емес,Нағыз қазақ – Домбыра» -деген Қадыр Мырза Али ақынның өлең жолдарымен аяқтаймыз.Өздеріңіз көріп тамашалағандай оқушыларымыз аспапта қандай қиындықтағы шығарма – күй болса да, қабілетіне қарай меңгеріп алады. Ең бастысы осы музыканы түсіне білген, бойларына сіңіре білген болашақ ұрпағымыз аман болсын. Алтын уақыттарыңызды бөліп, оқушылардың өнерін келіп тамашалағандарыңызға алғыс айтамыз!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!