Материалдар / «Музыка әлеміне саяхат»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Музыка әлеміне саяхат»

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: «Музыка әлеміне саяхат» Мақсаты: 1.Музыкалық шығарманы тыңдау, эмоциямен қабылдау және ажырата білуге үйрету. 2.Музыка әлемімен танысу арқылы ұлттық мәдение тімізбен, опера және балет жанрымен танысу. 3. Балаларды опера театрда қалай отыру керектігін, оның тәртібін сақтауға тәрбиелеу. Көрнекіліктер: микрафон,үнтаспа, бейне таспа,интерактивті тақта, опера әншілері мен бишілерінің суреттері. Сөздік жұмысы: театр, балет, опера, метро, интерактивті тақта, диапазон. Ұйымдастырушылық оқытушылық, қызықтырушылық: «Сарбаз болам мен ертең» Д. Ботбаевтың әні ойналып , балалар шеңбер бойымен жүріп келіп, бірнеше қатарға тұрып,түзу сызық бойымен жүріп келіп, жарты шеңберге тұра қалады. (Үш тілде амандасады)
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қараша 2018
1038
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білім басқармасы № 84 «Кәусар» балабақшасы











Ықпалдастырылған музыкалық ойын-сауық сценарий


«Музыка әлеміне саяхат»









Музыка жетекшісі: Жақыпбекова Г.Т.








Астана – 2018 жыл





Тақырыбы: «Музыка әлеміне саяхат»

Мақсаты: 1.Музыкалық шығарманы тыңдау, эмоциямен қабылдау және ажырата білуге үйрету. 2.Музыка әлемімен танысу арқылы ұлттық мәдение тімізбен, опера және балет жанрымен танысу. 3. Балаларды опера театрда қалай отыру керектігін, оның тәртібін сақтауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: микрафон,үнтаспа, бейне таспа,интерактивті тақта, опера әншілері мен бишілерінің суреттері.

Сөздік жұмысы: театр, балет, опера, метро, интерактивті тақта, диапазон.

Ұйымдастырушылық оқытушылық, қызықтырушылық: «Сарбаз болам мен ертең» Д. Ботбаевтың әні ойналып , балалар шеңбер бойымен жүріп келіп, бірнеше қатарға тұрып,түзу сызық бойымен жүріп келіп, жарты шеңберге тұра қалады.

(Үш тілде амандасады)

Қайырлы таң, ұстазым!

Қайырлы таң, достарым,

Шеңберге тұрайық!

Жылулық сыйлайық.

Добрый утро,учитель!

Добрый утро, друзья!

Посмотрите друг на друга,

Пожелайте добра!

Good morning,good morning,

Good morning too you,

Good morning,good morning,

We are glad to see you!

Музыка жетекшісі:

- Сәлеметсіңдер ме,балалар? (Музыка әуенмен)

Балалар : «Сәлеметсіз бе?» деп әуенмен амандасады.



Дауыс жаттығуы: До-ре-ми,до-ре-ми,

Фа-соль-ля,фа-соль-ля

Соль-ля-си,

До-до-до,

Деп әнге саламыз

- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Сендер көктем мезгілі туралы ән білесіңдер ме?

- Қанекей ,«Көктем келді » атты әнімізді орындаймыз.

Осы кезде әуен ойналып, Сыйқыршы келеді.

әлеметсіңдер ме, балалар?

Балалар: Сәлеметсіз бе? - Сендер мені таныдыңдар ма? Ия, сіз сыйқыршысыз. Балалар көздерін жұмып, сыйқыршының айтқанын орындайды. Сыйқыршының соңынан еріп, метроға мінеді.Мен қазір сендерді, сыйқырлы таяқшаммен, Алматы қаласындағы, Абай атындағы опера және балет театрына алып барамын. Балалар, музыка әлеміне саяхатқа «метро» көлігіне отырып барамыз. Балалар театрға келіп отыруға талпынады. Театр тәртібін сақтауға тырысады. Ұйымдастырушылық-ізденістік (Үнтаспадан дауыс шығады). Зал төрінде үлкен интерактивті тақта. - Балалар, Абай атындағы Опера және балет театрына қош келдіңіздер! – деп интерактивті тақтаны қосады. - Қойылымды мұқият тыңдап, көру үшін, ұялы телефондарыңызды өшіруле ріңізді сұраймын. Қойылым басталғанда, ән айтқанда, спектакль жүргізілген де шулауға, жүруге болмайды. Сіздер бүгін театрмен танысасыздар және балет «бишілері» мен «әншілерін» тыңдайсыздар. Келесі тыңдайтындарыңыз опера әншісі: Майра Мұхаметқызы ның орындауында «Гүлдерайым» халық әнін тыңдайды. Сыйқыршы: Балалар сендерге театр ұнады ма?Ал енді, менің сыйқырлы таяқшаммен балабақшаға ораламыз, деп сыйқырлы сөздермен алып келеді.Сыйқыршы шығып кетеді Музыка жетекшісі: -Балалар қараңдар, сыйқыршы өзінің қалпағын бізге қалдырып кетті. Ойын: «Сыйқыршының қалпағы» Бұл ойын балалардың денесін бақылауды дамыту үшін, кеңістікті аңғаруды, дыбыстар ды ажыратуды, есту зейінін дамтады.Жұппен орындалады. Бір баланың көзі байлаулы, екіншісінің басына қоңыраулары бар қалпақ кигізілген. Қалпақ киген бала сылдырлатып алмау үшін мейлінше сақтықпен жүреді.Бірінші бала құлақ салып, екінші баланы тауып алуға тиісті. Әуенмен залға көбелек келеді. - Сәлеметсіңдер ме, балалар? Балалар қазір көктем мезгілі, ал мен осы бала бақшадан жылулық іздеп келдім. Қане, менімен бірге би билейік.

Ырғақты қимыл-қозғалыс: «Көбелек» Балалар сендерге рахмет мен жылындым, сау болыңыздар? Аспапта ойнау: «Сәулем- ай» хал. әні. Кімде қандай аспап бар Тұяқтас пен қоңырау, Асатаяқ,тоқылдақ, Домбыра,сырнай тағы бар, Барлық аспап қосылса Оркестр деп аталар! – деп, ән әуеніне аспаптар да ойнайды. Балалар өздеріне ұнаған аспаптарды таңдап алып, оркестрде ойнауға дайындалады. Әуенге ілесе, әуен үндестігін сезіне көңілді ойнап, аспаптарды меңгереді. Рефлексиялық - түзету шілік: -Бізге кім келді? - Балалар, сендер қандай театрда болдыңдар? - Әнші қандай ән айтты? -Дауысы қандай? Жоғары диапазонда айтты ма,әлде төмен бе?

-Балалар бүгінгі оқу қызметі ұнады ма?

- Ендеше, біз мына тақтаға қызыл және көк смайлигтерді алып өз әсері мізді смайлигтер арқылы білдіреміз.

- Сендер өте жақсы тыңдадыңдар, жүріңдер бәріміз метроға мініп, үйге қайтайық.









































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!