Материалдар / "Музыка және мінез" Баяндама
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Музыка және мінез" Баяндама

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал жалпы адам өмірінде, музыканың адам мінезіне әсері туралы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Наурыз 2021
311
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қ.Кемеңгеров атындағы жалпы орта білім беру мектебі



Shape1

Shape2

Shape3

Дайындаған:

Музыка пән мұғалімі:

Зинагүл Канапияновна Абжанова









Тақырыбы: Музыка және мінез.

Идеясы: Музыка арқылы адамның барлық проблемалық жолдарын шешу және емдеуді насихаттау.

Мақсаты: Музыканың адамның қабілеттері мен дамуына әсерін жан-жақты көрсету.

Ерекшелігі: Музыка түрлері арқылы мінезді анықтау.

Шешу жолдары: 1)Жұмыс істеу барысында музыканың әсерін білу.

2) Музыка адамның мінезі және ақылына әсерін

қарастыру.

3) Логикалық ойлауға музыканың әсері қандай

екеннің анықтау.

4) Музыканың барлық дертке ем екеннің дәлелдеу.

Аудиториясы: педагогтар, оқушылар, ата-аналар

Уақыты: Адам өмірінде, мектеп шегінде





























«Құлақтан кіріп бойды алар

Әсем ән мен тәтті күй

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең менше сүй»

Абай

Даныпшан Абайдың бұл сөздерінде үлкен мән, терең мағына жатқаны ешқандай дау тудырмайды. Құлақтан кірген әсем әннің шын мәнінде бойыңды баурап алатыны, содан адамды жоғары сезімдерге жеткізетіні өнер саласында да, ғылым саласында да сан мәрте дәлелденген жайт. Және бұл мәселе қаншама уақыттардан бері айтылып, жазылып келгеніне қарамастан, әлі де айтылып, әлі де жазылып келеді. Тоқтамайды.  Және оның әрі қарай да айтыла, жазыла беретіні ешқандай күмәнсіз. Өйткені, бұл ақиқат.  Ақиқат  уақыт өзгергерісіне бағынбайды: сол күйінде тұрақтап, сол күйінде адамдарға қызмет ете береді.

...Поэзия мен музыканың табиғатында саны, шегі жоқ шексіз дүниенің қойнауындағы әсем сөздер мен әдемі құбылыстардың іріктеліп алынған синтезі, жоғары құдіреттің лебі жатады.  Адам баласының табиғаты осынау жоғары құдіреттен нәр алатын болғандықтан оған жақындаған сайын ол аса керемет, ауызбен айтып болмайтын жоғарғы ахуалға, рухани күшке ене береді. Шарықтай береді. Осы күш адам жаратылысын Жер бетіндегі қызметінің сапалы болуын қамтамасыз етеді. Жеке адамның өмірінде де, қоғамның тіршілігінде де ол табысты, ұтымды, рационалды қадамдармен тұтастандырады. «Өлшемі жоқ ұлы ұлылықтың алдында адам баласының бас июі – оның болмыстық заңының негізі болып табылады. Егер адамдардан осы ұлылықты тартып алатын болса, олардың өмірі мәнсізденіп, құсалықпен бітеді.

Музыканың адам өміріндегі мәні ерекше. ”Ән жоқ жерде адам тірлігі де жоқ” деп Ю. Фучек өте тауып айтқан. Музыка адамды шаттыққа бөлеп, мұң - зарын сейілткен. Музыканың әсер - ықпалының күштілігі соншалық, ол адамдардың мінез - құлқы мен салт - дәстүрін де өзгерте алады екен. Сөзіміз дәлелді болу үшін қытайлық музыка зерттеушісі Сыма Цяньның мына пікірін еске алайық: ”Дүниеге келген адам баласы өміршең рухты, жүрек пен сананы еншілей туады. Ал, қайғы мен шаттық, ашу мен қуаныш болса, туа бітетін қасиеттер емес, мұның бәрі де сыртқы әсерге деген адам сезімінің өзгеруі ғана, әрі - беріден соң сезімді қалыптастыратын да сол сыртқы әсерлер. Музыка дегеніміз — сырлы да сиқырлы дыбыс. Ал, дыбыс – табиғат. Табиғатсыз тіршілік жоқ болса, дыбыссыз музыка жоқ. Әуен көптеген сансыз дыбыстан құралады. Табиғаттан пайда болған жаңбыр, дауыл, жел үні, су сылдыры, құстардың әні, аңдардың үні мен қимылы, жан - жануарлардың боздауы, кісінеуі т. б. дыбыстарға еліктеуден әуен құралады. Мысалы, талантты сазгер Нұрғиса Тілендиевтің ”Құстар қайтып барады” әнінің ырғағына бір сәт құлақ түріп, зейін қоя тыңдаңызшы. Құлаққа құстардың қиқуы келіп, ол үн жүрегіңді баурап, көңілді мұң шалмай ма?!
Жақсы ән мен сазды музыка – жан азығы. Әсем ырғақты, жан тербетер ән, сазды музыка тыңдаған адамның жүрегі жай тауып, рахат сезімге, ерекше қуанышты күйге бөленеді. Солардың арқасында қан айналу, зат алмасу процесі жақсарады. Музыка көңілді көтереді, қайғыны жеңілдетеді, бойды сергітеді, жанға жайлы эмоция тудырады.

Ғалымдар бізді таң қалдырудан шаршамайды. Ендігі жаңалықтары: сүйіп тыңдайтын музыка түрі интеллектің дәрежесі мен адам мінезіне тікелей әсер етеді екен. 

Нәтижелер бойынша хип-хоп пен r’n’b стилін сүйіп тыңдайтын адамдардың ой-өріс дәрежесі ең төмен болып шықты. Тест ретінде дәстүрлі IQ-мен қатар, мектептік бағдарлама бойынша сұрақтар болды. Жоғары көрсеткішке классикалық музыкаға құмар жандар ие болды. Көпшілік ата-аналардың өкінішіне орай, ауыр рок тыңдайтындар да алдыңғы қатарда.

36 мың адаммен болған сұхбат нәтижесінде алынған көрсеткіштер мынадай жаңалықтарды көрсетті. Классикалық музыкаға құмар жандар ұялшақ, ал ауыр рок ұнататындар мейірімді болады екен. Бір қарағанда ылғи мұңайып жүретін рок сүйгіш жандар зерттеу нәтижесінде ең мейірімді мен ақылды адамдар қатарында болды.

Блюз - өзіне сенімді, өнер сүйгіш, жұмсақ, сабырлы, көңілді адамдар тыңдайды.

Джаз -  музыкасын сенімді, шығармашылыққа құмар, батыл, достары көп, байсалды адамдар, интровертер тыңдайды.

Классикалық - музыканы жоғары талғамды, өзіне сенімді, өнер сүйгіш, тыныш, кейде тұйық адамдар, интровертер тыңдайды.

Рэп - қарым-қатынасқа оңай түсе алатын, көңілді адамның сүйікті музыка түрі.

Опера - жоғары талғамды, жұмсақ, шығармашыл адамдардың көңілінен шығады. 

Кантри және вестерн - музыка түрін еңбексүйгіш, көңілді жандар ұнатады.

Би - музыкасын сүйіп тыңдап, арасында билеп те кететін жандар шығармашыл, басқалармен тез тіл табысады.

Рок - музыкасын өзіне онша сенімді емес, шығармашыл, көпшіліктен гөрі жалғыздықты таңдайтын, жұмсақ, сабырлы адамдар тыңдайды.

Поп - музыкасын еңбекқор, көңілді, жұмсақ, сенімді адам таңдайды.



Музыка мен жұмыс үйлесімділігі бар ма?

Бұл сұрақ қойылғанда әр адам өзіндік тәжірибе негізінде жауап бере алады. Егер де сіз меломан болсаңыз, онда әрдайым музыка сізді қоршап жүреді. Тіптен жұмыс өнімділігін арттырып, таңертен оянғанда кофенің орнын баса алады. Ал егер де сіз жұмыста тек жұмыспен айналысу керек деп ойласаңыз, онда күні бойы музыка тыңдамай өтесіз. Керісінше, басқа адамдар ән тыңдап отырғанын ұнатпайтын боласыз.

Музыка — бір қалыпты жұмыс кезінде құтқарады

Егер де жұмысыңыздын басым бөлігі бір қалыпты, зеріктіретін болса. Уақыт өткізудің тамаша құралы. Сонымен қатар дененің қуаттылығын арттыруға мүмкіншілік береді.

Шығармашылық адамдары музыка тыңдауы міндетті ме?

Байқасаңыз шығармашылық саласындаға мамандар кафе немесе бос кеңістіктерде жұмыс істегенді жақсы көреді. Олар осылай және музыкадан шабыт алып отырады. Бейсаналы түрде музыкалық жерлерді таңдауға тырысады.

Музыка тыңдаңыз. Ол энергия мен бақыттың көзі. Сонымен қатар жұмысыңызды жан-жақты ете алады. 

Музыканың адамның мінезі және ақылына әсері

Өзімнің өмірімді Linkin Park, Nsync, Backstreet Boys, Андрей Губин, Жігіттер квартеті, МузАрт секілді топтар және әншілерсіз елестете алмаймын. Рок, альтернативті рок, джаз, классика, блюз және домбыраның қоңыр дауысын естісем толғанып аспанға ұшып кеткендей боламын.
Бір байқағаным, музыкадағы таңдауы ұқсас адамдардың мінезі және өмірдегі қызығушылықтары ұқсас болып келеді. Киетін киімі мен сөйлеу мәнері де жақын келеді десем қателеспеспін.
 
Алғашында бұл терминді зерттеу тышқандардан басталған екен
Тышқандарға екі ай бойы, күніне 12 сағат Моцарттың соната до-мажорын тыңдатқан. Сосын тышқандардан "ұнады ма?" — деп сұраған. Сөйтсе олар "Ұнады" — деген xD Жәй қалжыңдаймын, күнде тыңдата бергеннен тышқандарға ақыл-ес кіргендей лабиринтті 27%-ға тезірек өтіп, және өту кезінде 37%-ға кем қателіктер жасаған.
Бұл терминге ең жарқын мысал, ол әлемге аты әйгілі француз актері Жерар Депардьеның жағдайы. Ол сойлегенде тұтығып және еске сақтау қабілеті өте нашар болатын. Құдайға шүкір ол өмірінде жақсы дәрігерге тап болған. Дәрігер оған күніне кемінде 2 сағат Моцарт шығармаларын тыңдауды шипа ретінде жазып береді. Ол шипаның әсері оның өмірін өте қатты өзгертті, оның киноларын көрген болсаңдар көрген шығарсыздар.

Логикалық ойалауға музыканың әсері бар?

Балалық шақтан бастап музыкалық аспаптармен ойнату баланың дамуына үлкен әсер етеді. Американ университетінің мұғалімдері Мэри Уиннер және Андреа Нортон балалардың Американ университетінің мұғалімдері Мэри Уиннер және Андреа Нортон балалардың 3 жыл бойы музыкамен айналысса , олардың зейін, ойлау, қабылдау қабілеттері және логикалық ойлаулары, сөздік қоры құрастарынан жоғары екені анықталды. Сол себепті ғалымдар көпжылдық зерттеулерге сүйеніп мынадай шешімге келді: Музыка тек қана есту және қозғалыс функцияларына ғана емес, ол бастың оң және сол жақ мидың психикалық функцияларының процесіне әсер етеді.

Музыканың инсульт алған адамдарға әсері.

Классикалық музыка реабилитациялық ерекшеліктері бар, өйткені аздаған зерттеу бойынша ол Американ сайтында еңбектерапиясы ассоцияциясында жарияланып айтылған болатын. Зерттеуге он алты адамды, яғни инсульт алған адамдармен жүргізілген. Бір жұма бойы бақылауда болып, классикалық музыканы тыңдап олардың зейіндеріне әсер еткен. Бұл арнайы аппаратпен бақыланған.

Дене тәрбиесіндегі жаттығуларды жасағанда музыканың әсері.

Ғалымдар көп жылдар бойы музыканың жаттығу жасау барысында өз әсерін беретінің зерттеп келеді. Мысалы, 1911 жылы американ ғалымы Леонард Айрес зерттеуі бойынша велосипедшілер велосипед тепкенде ритмикалық музыканы тыңдағанда тез жүретіні анықталды. Музыка шаршауды басады, дене физикалық күшті сезінгенде тез шаршайды, ал музыка адамға белгілі бір сигнал беріп ұзақ уақытқа дейін жалғастыруына мүмкіндік береді. Сол себепті музыкалық әуен адамға артығымен энергиясын береді. Ақырғы зерттеу бойынша ол 2012 жылы велосипедшілер музыка тыңдағанда 7 % кем оттегі үнемдейді екен.



Көлік жүргізуде музыканың әсері.

Ғалымдардың зерттеуі бойынша көлік жүргізушілердің музыка тыңдау барысында әртүрлі зерттеу жүргізген. Нәтижесінде жүргізушілер өзері таңдаған музыкадан көлік жүргізу барысында бірқатар жол ережелерін бұзып, ал музыкасыз көлік жүргізгенде аздаған жол ережерін бұзған. Ғалымдардың «Қауіпсіз» әуендерді ұсынып жүргізген зерттеулерде музыка жүргізушілерге жағымды әсер қалдырған.


Қорытынды: Баяндамамды қорыта келе, музыканың адам өмірімен тығыз байланыста екені дәлелденді. Адамды музыка арқылы емдеп, әртүрлі қиын жағдайлардан шығу жолдарын шешуге болады. Музыканың адам мінезін анықтап дұрыс тануға көмектеседі. Ал біздің өсіп, дамып келе жатқан ұрпаққа музыканың маңызы өте зор. Баланың балалық кезінен немесе ананың құрсағында жатқанда музыкны тыңдап, байланыстырса үлкен жетістіктерге жетуіне көп мүмкіндік бар, өйткені әуен адамға қуат береді.

Музыка тыңдаңыздар! Ол энергия мен бақыттың көзі. Сонымен қатар жұмысыңызды жан-жақты ете алады, өміріңізді ұзартады. 















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!