Материалдар / Музыка оқу қызметі, "МУЗЫКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДЕГІ ЕРТЕҢГІЛІКТІҢ МАҢЫЗЫ"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Музыка оқу қызметі, "МУЗЫКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДЕГІ ЕРТЕҢГІЛІКТІҢ МАҢЫЗЫ"

Материал туралы қысқаша түсінік
Музыка адамзаттың білім алуына, есте сақтауына, сергектікке, сезімталдыққа, зеректікке баулиды.Әсіресе мектепке дейінгі тәрбие беруде музыканың балғындар үшін маңызы зор. Әуез арқылы кішкентайлар әннің мазмұнын түсіну, қабілетін арттыру, назар аудару, есте сақтау, өзін ортада еркін сезіну және танымын кеңейту сынды қасиеттерді бойына сіңіреді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қараша 2021
378
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

МУЗЫКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДЕГІ ЕРТЕҢГІЛІКТІҢ МАҢЫЗЫ

Айна Бутабаева

«Сыр Қамқор» жеке бөбекжай бақшасының әуез жетекшісі

Қызылорда қаласы

Музыка адамзаттың білім алуына, есте сақтауына, сергектікке, сезімталдыққа, зеректікке баулиды.Әсіресе мектепке дейінгі тәрбие беруде музыканың балғындар үшін маңызы зор. Әуез арқылы кішкентайлар әннің мазмұнын түсіну, қабілетін арттыру, назар аудару, есте сақтау, өзін ортада еркін сезіну және танымын кеңейту сынды қасиеттерді бойына сіңіреді.

Бұл құндылықтарды бүлдіршіндер қалай игереді? Әрине, мектепке дейінгі мекемелердегі музыкалық оқу іс-әрекеттерінен, мерекелік ертеңгіліктерден. Балабақшадағы айтулы даталарға арналған мерекелік ертеңгіліктерден балақайлардың үйренері, түйсінері мол. Олар мерекелік идеяларды тәрбиеші, әуез жетекшісінің көмегімен барынша түсініп, көркем образдар арқылы одан әрі қабылдауға дайындалады, салтанатты жағдай, көркем безендіру, музыка патриоттық сезімдердің дамуына белсенді ықпал етеді. Балалардың ертеңгіліктердегі көркемдік музыкалық рөлдерге енуі, салтанатты жүруі, ән айтуы, ойындар, билер орындауы, мәнерлеп оқу, инсценировка т.б ұжымдық шараларға қатысуы олардың айрықша қабілеттерін ашып, танымын арттырады. Сонымен қатар эстетикалық талғамдық сезімдерін оятып, өздеріне деген сенімділігін нығайтады. Балғындар сахнада өнер көрсетіп, ата-ана, көрермендер алдында өз мүмкіндіктерін паш ету арқылы көпшілік жерде өзін-өзі қалай ұстай білу керектігін ұғынады. Тәлім мекендерінде жыл сайын дәстүрлі түрде «Білім күні», «Алтын күз», «Тәуелсіздік мерекесі», «Жаңа жыл», «Халықаралық әйелдер күні», «Наурыз», «Бірлік күні», «Жеңіс мерекесі» және дайындық тобындағы балаларды мектепке шығарып салу күндері атап өтіледі. Аталмыш ертеңгіліктерде музыка өнері ерекеше рөл атқарады. Музыка балалардың бойында салтанатты, көтеріңкі, жайбарақат, көіңілді көңіл-күйлерді қалыптастырады. Мерекелерге байланысты балабақшаның әуез жетекшісі балалардың бөлмеге салтанатты кіруіне, би әуеніне,ойынға және де ертеңгіліктерге қатысатын кейіпкерлерге музыкамен сүйемелдеуге сан түрлі етіп дайындалады. Балалар өлең айтады, би билейді, музыкалық ойындар ойнайды, шағын ансамбль құрып, музыкалық аспаптарда ойнайды. Ертеңгіліктің сценарийі музыкалық драмалық көріністі жиі қамтиды,балалар билер мен ойындар көрсетеді. Мәселен, «Алтын күз» мерекесі ертеңгілігінде салтанатты марштарда, әндерде, ойындарда, өлеңдерде, диқаншылар мол астық жинағаны, еңбектегі жетістіктері бейнеленеді.

1 мамыр мерекесінде әртүрлі халықтар балаларының достығы тақырыбы басты орын алады. Осының бәрі инсценировкаларда, әртүрлі ұлттардың әндерімен билерінен көрініс табады. 8 наурыз - баланың өміріндегі ерекше күн, ол оның сүйікті бейнелерімен байланысты. Ана, әже туралы лирикалық әндер, жұмсақ, сазды интонациялар арқылы балалардың оларға деген махаббаты мен ақ пейілді ойын жеткізуге көмектеседі.

Жаңа жыл – қыс мерекесі, ол балаларды Аяз Атамен, Ақшақармен, орман аңдарымен әртүрлі кейіпкерлермен қызықтырады. Шырша айналасындағы ойындар менжарыстар көңілді, асқақ музыка әуенімен ойналады, мұның бәрі көтеріңкі көңіл-күй, шаттықтың күйіншертеді, сан қилы бүлдіршіндерге ұмытылмайтындай әсер сыйлап, өнерге құштарлықтарын байытады. Мерекелік бағдарламаға музыкалық материалдар іріктелгенде балалардың мүмкіндіктерін ескерген абзал. Репертуарға іріктелген бағдарлама бірте–бірте ән сабағының жоспарына енгізіледі. Барынша күрделі әндер, билер үйретіледі. Ертеңгіліктің ойдағыдай өтуі ең алдымен жақсы ойластырылған сценарийге тән. Ол мүмкіндігінше тартымды көрсетулер мен орындауларға толы болып, жоғары және дайындық топтарында 35-40 минуттан, ал кіші топта 25-30 минуттан аспауы керек.

Әр мерекені ертегі желісінде көрсетуге болады. Мысалы «Жеті лақ пен қасқыр» ертегісінде лақтары анасына арнап ән, билерін дайындап немесе қасқыр мейірімді қасқырға айналып жатады т.б.

Мерекелік ертеңгіліктегі тәрбиешінің де қызметі сан алуан. Ең жауаптысы – жүргізушінің рөлі. Оның сезімталдығы, балалармен еркін әңгімелесе білуі, өлеңді мәнерлеп оқуы, мерекені қызықты жүргізуіне мән берген жөн. Жүргізуші тек қана бағдарламаны біліп қоймай, сонымен қатар оқыстан болған өзгерістерге детабан астынан шешім тауып отыруы керек. Алдын ала сценарийді талқылаған кезде әрбір тәрбиешінің ролін, оның міндеттерін анықтау қажет. Ертеңгілік өтетін залдың жарқын да көркем безендірілуі оған салтанатты сән береді және залға кірген балалардың көңілдерін бірден көтереді. Ертеңгілік ойдағыдай өткеннен кейін педагог балаларға ұнаған сәттерін естеріне алып, әсерлерін өзара бөлісуді және қалаулары бойынша әндерді, өлеңдерді, ойындарды ұсынады. Осының бәрі мерекенің мазмұнын тереңірек сезінуге, ол жайында жақсы әсерлер алуға көмектеседі.

Мерекелік ертеңгіліктерден бұрын қарапайым оқуіс-әрекетінде әуез жетекшісі жаңашылдыққа жақын болуы шарт. Менің ойымша 1 мен 3 жас аралығындағы балғындарға музыкалық тәрбие беруде Монтессори әдісі өте тиімді. Арнайы жасақталған Монтессори кабинетінде оқу қызметін ойын түрде өткізген абзал. Бұл бүлдіршіндерді ырғақтық қимылдар жасауға, түрлі аң-құстар дыбысын ажыратуға, әуен түрлерін анықтауға машықтандырады.

Монтессори студиясының мақсаты: музыкалық бейімін дамыту, ырғақты сезіну, музыкалық сезімталдық мүмкіндіктерін тану, әр түрлі музыкалық дыбыстарға мән беріп қарау, ойын барысында қимыл, ым-ишара арқылы әуезді сезініп, сөйлеу қабілетін арттыру.

Музыка табиғи ырғақты сөзбен пара-пар. Сөйлеу үшін сөздік орта қажеттілігі сияқты, музыканы жақсы көруі үшін баллада музыкалық шығармаларды қабылдай білу тәжірибесі болуы тиіс. Балалардың музыкалық қабілеттерінің дамуы көбіне музыкалық жетекші мен тәрбиешілер жұмысының түйісуіне байланысты.

Музыкалық тәрбие бойынша жұмыс істейтін педагогтар жұмысының басты жетістігі барлығын бірыңғай шығармашылық командаға біріктіріп, жұмыс жасау бірлігін жүзеге асыру болып табылады. Бұл мақстатта мерекелік ертеңгіліктерді жаңашылдықпен, ұжымдық негізде мазмұнды да, балаларға қызықты етіп өткізу дарынды тәрбиешінің шеберлігін көрсетеді. Сондықтан да ізденіс керек, еңбек арқылы бағындырмайтын белес жоқ.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!