Материалдар / Музыка оқу қызметінде қолданылатын инновациялық технологиялар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Музыка оқу қызметінде қолданылатын инновациялық технологиялар

Материал туралы қысқаша түсінік
Музыка оқу қызметі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Мамыр 2021
1077
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Музыка оқу қызметінде қолданылатын инновациялық технологиялар

Елімізде білім беру, жас ұрпақты тәрбиелеу мәселелері саласында түбегейлі, шұғыл бетбұрыстар жасалып жатқаны белгілі. Жас мемлекетіміздің болашағына тұтқа болар білімді де білгір, білікті азаматтар даярлау-бүгінгі күннің келелі мақсаттарының бірі. Осы мақсатты орындау барысында көптеген технологиялар, оның ішінде инновациялық технологиялар пайда болуда. Сол себепті педагогтардың негізгі міндеті: әдіс-тәсілдерді дұрыс таңдау, жаңаша педагогикалық технологияларды дұрыс қолдана білу, жеке тұлғаның дұрыс дамып қалыптасуы үшін ыңғайлы жағдай жасау.

Музыка оқу қызметінде инновациялық технлогияларды жүйелі түрде қолдану баланың музыкалық қабілетінің дамуы және денсаулығының нығайуын жақсартады.

Музыка оқу қызметінде қолданылатын инновациялық технологиялар:
•    Дауыс жаттығулары;
•    Дем алу жаттығулары;
•    Артикуляциялық жаттығулар;
•    Саусақ жаттығулары;
•    Әуентерапиясы;


Музыкалық тәрбие ұғымы қоғамдық құбылыс ретінде кең және тар мағынасында қолданылады. Кең мағынасы дегеніміз ол музыкалық іс-әрекетте жинақталған тәжірибені педагогикалық ықпал ету негізінде кейінгі ұрпаққа меңгерту, жалпы музыкалық мәдениетін қалыптастыру болып табылады. Ал түрлі деңгейде музыкалық тәрбие беру мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған арнайы ұйымдастырылатын іс-әрекетті білдіретін ол тар мағына болып саналады. Музыка өнері жеке тұлғаның дамып, қалыптасуында аса маңызды роль атқарады Музыка оқу қызметінде инновациялық технологияны қолдану баланың жас ерекшелігіне және қызығушылығына қарай нәтижелі болады. Инновациялық технологияларда сауықтыру бағытының  болуы және педагогтың денсаулық сақтау әрекетін кешенді пайдалануы, баланы салауатты өмір салтына толық ұйымдастырады. Инновациялық технологияларды музыкалық оқу қызметінде мынандай әдіс -тәсілдермен қолдануға болады:

Ойын тәсілі: (оқу қызметі саусақ жаттығуларын, саусақты-сөзді ойындарды, әуенді ойындарды, өзін-өзі уқалау жаттығуларын, дидактикалық ойындарды қолдану арқылы өтеді).

Көрнекілік: (суреттер, ойын құралдары, ойыншықтар, музыкалық - дидактикалық ойын құралдары, балаларға арналған музыкалық аспаптар).

Сөздік: (әңгіме құру, көркем сөздер, әндер, дауыс  және атрикуляциялық жаттығулар).

Тәжірибелік: (музыкалық әрекеттің барлық түрі). Музыка жетекшісінің алдындағы міндеті:

  • әр түрлі әуенді-әрекетті, инновациялық және денсаулық сақтау технологиясын пайдалана отырып, әр баланың жас ерекшелігіне және жеке мүмкіншілігіне қарай әуенді және шығармашылық қабілетін дамыту.

  • психикасы мен денсаулығын нығайту және сақтау.

  • әр баланың әсершеңді жағдайын қамтамассыз етуді нығайту.

  • қоршаған ортаға, отбасына, достарына, өзіне деген жағымды қарым-қатынасын қалыптастыру.

  • Балалардың денсаулығын сақтауда, аурудың алдын алуда, ата-аналармен байланысты нығайту.

Әуенді-сауықтыру жұмысының жүйесі әрбір оқу қызметінде келесі инновациялық технологияны қолдануды ұсынады:

Дауыс жаттығуларыы. Дауыс жаттығуының мақсаты : ән айту алдында дауыс желбезегін оятып әзірлеу, дауыс ырғағын келтіру. Баланың дауысын ән айтар алдында дауыс жаттығуымен оятып аламыз, осы кезде дем алу жаттығуын да қолдануға болады, дұрыс дем алуды, интонацияны, дыбыс құруды  ұзақ, созыңқы ауа шығаруды, ерін бұлшық етін шынықтыруды дамытады.

Дем алу жаттығулары. Дем алу жаттығуы балаларды мұрынмен дем алуға дағдыландырады, бұлшық етті жаттықтырады, өкпе желдетілуін жақсартады, қанның оттекпен қанығуын, ішкі ағзаларды уқалап емдеуді жүзеге асырады, жүрек, қан  тамырлар жүйесін машықтандырады, дұрыс дем алу, интонацияны, дыбыс құруды, артикуляцияны, ұзақ, созыңқы ауа шығаруды, ерін бұлшық етін, бір уақытта дауысты дыбыстарды айтуды жаттықтырады,.

Артикуляциялық жаттығулар. Артикуляциялық жаттығулар артикуляциялық мүше-лердің сапалы қимылын шынықтырады, тіл аппаратын жаттықтырады, әуенді еске сақтауды, ырғақ сезімін дамытады. Осының нәтижесінде баланың тіл байлығы, ән салу дағдысы, әуенді есте сақтау қабілеті, назары  жақсарады.  Баланың тілі жаттықпаған, олар әннің сөзін толық айтпайды, әріптерге тілдері келмейді, сондықтан баланың тілін дамыту үшін, жаңа әнді үйренер алдында, дауыс жаттығуымен қатар артикуляциялық жаттығуды қолданамыз. Жаттығу баланың тілін, ернін жаттықтырады.

Саусақ жаттығулары, саусақты - сөзді ойындар. Қолдың ұсақ бұлшық еті баланың тілінің дамуына, сурет салуына, жазуына әсер етеді. Саусақ жаттығулары мен ертегілер музыкалық оқу қызметінде маңызды орын алады. Ал саусақ жаттығуларын ырғақты билерде, қимылды қозғалыс ойындарында, қуыршақ ертегілерін көрсеткенде, драматизация кезінде қолданамыз. Саусақ жаттығулары баланың саусағының ұсақ бұлшық етін дамытады. Баланың алақаны мен саусақ ұштарын уқалау жаттығуларын қолданған кезде, баланың сөзі, қимыл- қозғалысы,  қол саусақтарының координациялық қабілеті (сурет салу, жазу) дамиды.

Әуентерапия. Бұл - психотерапия әдісі, әуенді әсершіл қабылдауға негізделген. Балаларға классикалық және бесік жырын тыңдау пайдалы, себебі бұл әуендер балаларды дамытып, оларды сауықтырады. Дұрыс таңдап алынған әуенді тыңдау баланың иммунитетін көтереді, қозу, тырысуын төмендетеді, демді қалыпқа келтіреді. Әуентерапиясы баланың денсаулығын сақтау үшін қолданылады. Әуентерапиясы арқылы көптеген мәселені шешуге болады, әуен баланың психикасын қорғайды, баламен баланың, баламен ата - ананың арасындағы байланысты жақсартады. Әуентерапиясын педагогтар балабақшада күні бойы қолданулары керек. Ертемен баланы қабылдаған кезде мажорлы әуенді, баланы ұйықтатар алдына «Әлди» әуенін, ал ұйқыдан тұрған кезде баланы оятатын жәй, нәзік әуенді қосып қоюға болады, оқу қызметі кезінде де пайдалануға болады. Әуентерапиясын өткізген кезде тыңдалатын әуеннің сапасы жақсы болуы керек, ол әуенді баланы зорлап тыңдатпай, оны ойын түрінде қолданып баланы қызықтырып білу керек. Әуентерапиясына классикалық әуендерді алған дұрыс, себебі классикалық әуендер күрделі болғанымен баланың миына, резонансқа әсер етеді. Музыканың психологиялық маңызын зерттеушілерінің бірі Н.Н.Поддъяковтың паймдауынша: «Музыка ойлаудың әрекеттік, бейнелілік, логикалық түрлерін қалыптастыра алады және ол қалыптасулар өзара тығыз байланыста біртұтас жүзеге асады» дейді.

өрнекті педагог-композитор Д.Б Кабалевский: «Музыка- адамға эмоционалды әсер ету күші бар өнер... Сондықтан да ол балалар мен жасөспірімдердің рухани әлемін тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады» - деген[3]. Демек, музыка адамға әсер етіп қобалжытуға, қуантуға, өзіне деген қызығушылық тудыруға қабілетті.

Б.Яворский музыканы қабылдау ісіне негіз болатын нәрсе – ойлау, бәрімізге анық естілетін сөйлеген сөз сияқты түсіне білу деп есептесе [4], Б.Асафьев ұстаздар арасында кеңінен қолдау тапқан тәсілдерге мән беруді ұсынады: белгілі бір шығарманы «жанды орындау» арқылы таныстыру, сол арқылы музыкалық терминдерді жеткізу, оларды пайдаланудың анық та, айқын түсінікті түрін қарау. Ең негізгісі – оларды қызықтыра білу[5].

Педагог сабақ барысында музыканы тереңірек қабылдауға қызығушылығын оята отырып, әртүрлі оқыту-тәрбиелеу әдістері арқылы оқушыларды өз беттерінше эстетикалық жаңалықтар ашу деңгейіне жетелеуі қажет.

Осы тұрғыда Д. Кабалевский былай деп жазады: «Музыкаға деген қызығушылық, музыкамен әуестену, ұнату – оның ғажайып сұлулығын түсіну үшін қажетті шарт. Сонда ғана ол өзінің тәрбиелік және танымдық ролін атқара алатын болады».

Белгілі Ресей ғалымы, көрнекті ұстаз О. Апраксина: «Музыканы қабылдауға тәрбиелеу, басқа қабілеттерді дамыту секілді белгілі бір кезеңдерден өтуі керек»,- дейді [6]. Балалар әртүрлі музыканы тыңдай отырып, олардың тек жанрлық ерекшелігін ғана анықтап қоймай, белгілі бір шығарманың мазмұнын жеткізу үшін композитордың қандай құралдарға жүгінгендігін әңгімелей білуі тиіс. Мысалы, әуеннің желісі, ырғақ өрнегі, екпіннің ауысуы, саздың өзгеруі, динамикалық белгілер және т.б. Тыңдалатын музыканың сипатына орай түрлі ырғақтық қимылдар жасатуға, аспапта қосып орындауға, оның негізгі әуенін үйренуге болады. Музыканы қабылдау тек оны тыңдау барысында ғана емес, сабақтың барлық кезеңінде де жүзеге асырылады. Мысалы, ән үйрену үшін алдымен тыңдау керек, сонан соң орындау барысында интонация тазалығына, мәнерлігіне назар аудару керек. Балаларға арналған соқпалы аспаптармен ырғақ өрнегін орындағанда болсын, музыканың әуеніне би қимылдарын жасағанда болсын, музыканың қалай өзгеретінін байқап, сол көңіл-күйді бала өзінің қимылы арқылы жеткізе білуі тиіс. Міне, мұның барлығы да музыканы қабылдау кезеңіне жатады.



. Н.Н. Поддъяков, Творчество и саморазвитие детей дошкольного возраста. Концептуальный аспект.- Волгоград, 1994.

2. В.А.Сухомлинский. О воспитании. Москва,1982.

3. Д.Б. Кабалевский, Музыка туралы әңгіме. Алматы, Өнер, 1989.

4. Апраксина О.А. О праве учителя – музыканта на эксперимент. Музыкальное воспитание в школе. – Вып. 13. – М., 1978. – С. 66-76.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!