Материалдар / Музыка оқыту әдістемесі туралы баяндама
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Музыка оқыту әдістемесі туралы баяндама

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас ұрпақты музыка өнеріне баулып, олардың жан-жақты мәдениетті, білімді, ақылды да сымбатты тұлға етіп тәрбиелеу. Музыка мұғалімі өз бойына өнердің сан қырын сіңірген сөйлеу мәдениеті, кәсіби-педагогикалық, музыкалық орындаушылық дайындығы жоғары, қабілетті, іскер, ізденімпаз маман болуы тиіс.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қаңтар 2024
247
0 рет жүктелген
1300 ₸
Бүгін алсаңыз
+65 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +65 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласындағы ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ





ПӘННІҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ



"Музыка оқыту әдістемесі"







Тақырыбы: 1.Музыка мұғалімінің педагогикалық кәсіби шеберлігі

2.Құрманғазы орындаушылық мектебінің өкілдері

3.Жетісу, Сыр өңірлері орындаушылық мектептерінің өкілдері


4. Аспаптар туралы



Орындаған: Кенжебаева А.Т.

МОЗ-821С

3-курс




1) Музыка мұғалімінің педагогикалық кәсіби шеберлігі

Жас  ұрпақты музыка өнеріне баулып, олардың жан-жақты мәдениетті,  білімді, ақылды да сымбатты   тұлға  етіп тәрбиелеуде мектептің, оның ішінде шебер ұстаз - жетекшінің  атқарар жүгі мол.  Бүгінде білім саласында көптеген өзгерістер, жаңалықтар енгізіліп, авторлық бағдарламалар, әдістемелік жинақтар шығармашылық ізденіспен дамып келеді. Бәрінен де, жас ұрпаққа рухани дүниені дұрыс танытатын, адамдықтың, әлемдік мәдениеттің шырқау  шыңына бағдарлайтын  музыка пәні  мұғалімінің орны бөлек. Музыка мұғалімі өз бойына өнердің сан қырын сіңірген сөйлеу мәдениеті, кәсіби-педагогикалық, музыкалық орындаушылық дайындығы жоғары, қабілетті, іскер, ізденімпаз маман болуы тиіс. Бәрімізге аян, музыка балалардың қиялын, талғамын, мәдениетін, өнерге деген сүйіспеншілігін дамытады. Музыка пәнімен байланыста берілетін тәрбие шаралары  мазмұны мен көркемдігі арқылы  оқушылардың  идеялық көзқарасын, қоғамға,о Отанға деген сезімдерін қалыптастырады, өмір құбылыстарын дұрыс түсініп, қабылдауға  жәрдемдеседі. Жалпы музыкалық білім беру жүйесі жас ұрпақты музыка өнеріне баулып, олардың жан-жақты мәдениетті, білімді, ақылды да сымбатты болып өсу үшін, ең жоғары мүмкіндіктерді қолдануды мақсат тұтады.

 Бұл мәселелерді зерттеуші педагогтарымыз А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский, А.Г.Арчажникова, Д.Б.Кабалевский, Р.Р.Жәрдемалиева, Қ.М.Меңдаяқова, З.Абиевалардың және т.б. өз еңбектерінде кеңінен қарастырған.

 Тәрбиенің аса маңызды құралы - өнер. Оның ішінде өте кең, сан қырлы ұғым – музыка өнері. Ол – мәдени тағлым, асқақтаған күймен дамыған, ғасырлар үнінің жемісі. Музыка  жалпы  өмірдің, бүкіл дүниенің қимыл іс- әрекетін бейнелейтін, диалектикалық құбылыс. Музыка - әлем тіршілік ететін адамзат және әр түрлі құбылыстардың өз ара қарым-қатынасын, сырласа үндесуін сезіммен жеткізіп отыратын құрал. Қандай музыкалық шығарма болмасын, оның адам жанына әсері мол, эстетикалық, музыкалық талғамын дамытады.

Мұғалімнің негізгі міндеті - оқушының ешкімге ұқсамайтын даралығын, шеберлігін көрсету, оны дамыту, жарыққа шығару. «Баланы жан-жақты етіп тəрбиелеу үшін жан-жақты білу қажет» деген белгілі педагог К.Ушинский. Сол айтпақшы оқушыны жан-жақты білу үшін мұғалімнің өзі жан-жақты дамуы керек. Болашақ маманның кəсіби қалыптасуындағы қоғамдық факторлардың түрлері əр алуан. Болашақ маманның кəсіби қалыптасуы үшін, алдымен оның болмысында құндылықтарды қалыптасуы шарт, яғни гумандық, адамгершілік, рух, тəрбие. Қазіргі кездегі жаңа білім саласына қойылатын талап, жас маманның кəсіби білімділігін, біліктілігі мен дағдысын қойып отыр.

"Қоғамның ең басты талаптарының бірі - əр азаматтың өмірде өз орнында толық күш-жігерін жұмсап, қоғамдық байлықты еселей түсуге еңбек үлесін қосуы, еңбекке адал, саналы қатынасу-қоғамның өмір салтының алғы шарты болып табылады " [1].   

Мектептегі музыкалық тәрбиенің негізгі мақсаты мен міндеттерін іске асыруда орасан зор роль атқаратын – мұғалім.

Жас ұрпаққа тәрбие берудің бүкіл ісінің табысты болуы едәуір дәрежеде мұғалімнің іскерлігіне, шеберлігіне, сенімділігіне байланысты. Мұғалімнің еңбегі өте жауапты әрі күрделі. Ата- аналар  мұғалімге өздерінің балаларын, яғни өзінің үміті мен болашағын сеніп тапсырады. Мұғалімге балаларды оларға ықпал жасау бәрінен де жеңіл болатын кезінен бастап тәрбиелеуді, дүниеге көзқарасын дамытып, қалыптастыруды сеніп тапсырады. Бұл орасан зор сенім мұғалімдерге ұлы жауапкершілік жүктейді.

Музыка мұғалім мамандығы – біздің еліміздегі ең ардақты әрі қадірлі мамандықтардың бірі деуге болады. Қазіргі кезеңде – музыкалық тәрбие беру және жаңа адамды қалыптастыру ісіне аса маңыз беріліп отырғанда мұғалімнің рөлі  мен жауапкершілігі ерекше арта түседі.

Балаларды сүйетін, балалардан, біздің жастарымыздан ұлы еліміздің лайықты азаматтарын тәрбиелеп шығару үшін барлық күшін жұмсағысы келетін адам ғана нағыз мұғалім бола алады.

 Бүгінгі музыка мұғалімі – жан-жақты білім алған, оқушылардың бойында әсемдікке деген нәзік сезім қылдарын қозғай алатын шығармашылық тұлға болуы шарт.

Мұғалімнің  еркінің күшті болуының, жақсы мінезінің, әсіресе табанды болуының тәрбиелік мәнін өте жоғары бағалады. Мұғалім қатаң талапкер болуымен қатар, әділ болуы тиісті, сонда ғана ол  балалар алдында беделді бола алады.

Мұғалімнің ісі мектеп жұмысымен ғана шектеліп қоймай халық арасында саяси – ағарту жұмысын жүргізуін талап етті. Оқытушы өз пәнін  жете білуімен қатар , білімін жаңа еңбектермен үнемі толықтырып отыруы тиіс деді[3].         

Ы.Алтынсарин балаларды оқыту және тәрбиелеу ісінде мұғалімдер рөлінің айырықша зор екендігін ескертті. Ол өзінің бір хатында: «Халық ағарту жұмысы бұл   арада тек қана жаңа басталып келеді. Сондықтан   жаңа   салынып жатқан үйдің жақсы болуы оның іргесінің берік және мықты  қалануына   байланысты болатын сияқты, біздің  қолға алып отырған ісіміздің де , қазақ мектептерінің бар келешектері көбінесе, істің қазіргі басталуына байланысты. Сондықтанда мен қазір жақсы оқытушыны дүниедегі заттың бәріненде қымбат көремін...».

 Ыбырай Алтынсарин екі сөзінің   бірінде жастардың білімі   мен тәрбиесін  аузынан тастамады. Жастар – біздің келешегіміз, үмітіміз екенін жақсы білді.  Қазақ жастарын оқытып, тәрбиелеу, қоғам үшін қызмет ететін маман адамдар даярлап шығару мәселесін көтерді.

  Бұл күнде  өз халқының болашағы үшін күрескен, саналы да білімді азаматтарымыз, қазақ жастарын тұңғыш өнер мен білімге үндеген таңдаулы ұлдарының бірі – Ыбырай Алтынсаринді әр уақытта да есте ұстайды.

  Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық мұралары ұлттық педагогика ғылымының алтын қорына қосылған елеулі үлес болып табылады[4].         

     Мектептің жалпы білім және тәрбие берудегі маңызын ескере отырып, Абай жас буынға мектепке жүйелі білім беру қажеттігін мойындайды. Абай оқыту ісіндегі схоластикалық әдіске , құрғақ жаттауға қарсы болды. Ол сапалы білім беруді қуаттады. Таяқ тәртібінің орнына, саналы тәртіптің болуын жақтады.

  Ғылымға шын құмартып аңсау білім алуға ең қажетті шарттың бірі деп санады. «Білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен» деген – мұның бәрі жан құмары.

Абай Құнанбаев өзінің ең басты міндеті – халыққа қызмет ету деп түсінді, ол жастардан өзінің еліне және халқына зор махаббатпен қарауды талап етті. Абайдың айтуынша, адамгершілігі мол адам, батыл, ер жүрек болуға, қорқыныш дегенді білмеуге тиіс, қайткен күнде алдына  қойған мақсатқа жете білуге тиіс[5].

Жақсы музыка мұғалімі ең алдымен, өз жұмысының ерекшеліктерін, қиыншылықтарын терең білу жөн. Оның музыкалық-педагогикалық қызметінің негізінде ән айту, аспапта ойнау , дирижерлік іскерліктері жатыр. Сонымен бірге, оқушылардың ішкі жан-дүниесін ұға білетін психолог, еңбек процесін шебер ұйымдастыра алатын қабілеті болуы тиіс. Музыка мұғалімі әр уақытта өзіне де, өзгеге де қатаң талап қойып, оқушыларға үлгілі болуы керек.

 Кез-келген мамандықтың өзіндік ерекшеліктері болатын музыка мұғалімінің  де өзіне тән “құпиясы”  бар. Музыка мұғалімі әрдайым шығармашылық ізденісте жүреді. Өйткені, ол оқу-тәрбиелік жұмыстарын жүргізе отырып, балалардың көзқарастарын, сенім-нанымдарын, талғамдарын қалыптастырады. Ол тек жан-жақты дамыған білімді, өз пәнін жақсы меңгерген маман иесі болып қана қоймай, жеке тұлға болуы тиіс. Музыка өнері арқылы балаларды тәрбиелеуде, оның дүниетанымының, көзқарасының, түсінігінің мәнділігі қажет. Бұл мамандықты қалаған мұғалім әрдайым өзінің музыкалық қызығушылығы мен шығармашылық қабілеттерін жетілдіре түсуі тиіс. Мұғалімнің музыкалық аспапта орындауы, даусымен еркін ән салуы сабақтың қызықты, әрі  әсерлі, мазмұнды өтуіне себебін тигізеді. Әсіресе, қажет болған жағдайда кез-келген тактіні, музыкалық сөйлемді қайта қайталауға ыңғайлы болады. Сонымен қатар балалардың өздерінің орындауға қызығушылығын арттырады. Музыка мұғалімі кез-келген сауатты музыкант ретінде музыкалық әдебиетті, музыканың тарихын, музыка тілінің ерекшеліктері мен заңдылықтарын талдай білуі тиіс.       

Сонымен қатар, музыка мұғалімі “Музыка” пәніне арналған бағдарламалардың барлық түрлерімен танысып, оларға талдау жасап, оның ішіндегі қажеттілігін іс-жүзінде қолданып, өмір талабына сай шығармашылық тұрғыда түрлендіріп отыруы тиіс.

  1. Мұғалім үнемі бақылау жұмысын жүргізудің  арқасында педагогикалық сезімталдығын жетілдіріп, әр түрлі ситуацияларда тез шешім қабылдап, өздігінен педагогикалық ықпал жасауды үйренеді.

  2. Жеке тәжірибесін байыта отырып музыкалық сабақтарға жоспарлар жасап өзінің шығармашылығын дамытып, жобалау, конструкциялау тәжірибесін жинақтайды. Оның ішінде оқу – тәрбиелеудің озық шешімдері және мақсатты анықтау, әрбір сабақтың міндет, ой біліктілігі мен мүмкіндігінше  қойылған міндетті ұтымды шешуді пайдалану және әдістемелердің бірігуімен зейінді нақтылау, сонымен бірге өз пәнін ішкі дүниені кеңейтуге пайдалану мен музыкалық мәдениетті тәрбиелеу бар.

  3. Мұғалім музыканттың өзіндік ерекшелігі  оқушылармен қарым-қатынас өнерінде, яғни сабақта толық ашылады. Ол шығармаларды орындап қана қоймай музыка жайында ауызша түсіндірмелер жасап композиторды таныстырып, эмоцияға ықпал жасайды. Өзінің сезімталдығы, тыңғылықты ісі, талап қойғыштығы және оқушының жаңашыры болуының арқасында абырой, сенім, құрметке бөленеді. Оқушыға барлық уақытта мұғалімнің көмегі, жылы көңілі қажет.

  4. Жұмыста мұғалімнің ұйымдастырушылық қабілеті үлкен орын алады. Ол музыкалық жұмысында күш – жігерін жұмсап аспапта шебер ойнауы арқылы оқушыны баурап алады.  Бұл ерік пен мақсатқа,   талпынысқа жетуге  өте  қажетті.

 Мұғалім шығармашылығы, оның ұстаздық шеберлігі, тапқырлығы мектеп табалдырығынан алғаш аттаған күннен бастап қалыптаса бастайды. Өз ісінің білгірі, шебер педагог болу үшін мұғалім өзінің бойындағы жетістіктері мен кемшіліктерді дұрыс бағалап, өзін-өзі тәрбиелеуге міндетті.

         Өскелең ұрпақты туған халқының төл тумалық асыл қазыналарының бірегейі болып табылатын, ұлттық педагогиканың  озық үлгісі саналатын музыкалық мұраларынан сусындатып, соның негізінде мәдениетті, білімді шығармашыл бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру, бүгінгі тәрбие жұмысының ең өзекті мәселесі болып отыр. Оқушыларды елжандылық, адамгершілік құндылықтарын меңгерген тұлғаға лайықты етіп тәрбиелеуде әрбір пәннің алатын орны ерекше.

       Музыка мұғалімі тек музыка пәнінен сабақ беретін маман емес, ол оқушыларды жан-жақты тәрбиелейтін өнегелі ұстаз болып саналады. Ол өзінің күнделікті жұмысында педагогикалық, психологиялық, дидактикалық принцип негіздерінен қолдана отырып, оқушыларды жалаң ән музыкаға үйрету міндетін іске асырумен шектелмей, оларды өнегелік негізге бағыттайтын тәрбиемен айналысады.

Сол себептенде, музыка сабағын беретін мұғалімнің бүгінгі ғылыми-әдістемелік жетістіктермен қаруланып, сабақты жан-жақты етіп жоспарлап өтуінің мәні зор. Осы айтылған мақсаттарды біртіндеп іске асыру үшін, мектеп мұғалімінің қолындағы бағдарламаға сәйкес музыка сабағын өткізуде әдістемелік кеңестерді еске ала отырып, сабақты ұйымдастырудың, жаңа формаларымен әдістерін пайдалану қажеттілікке айналады. 


2)Құрманғазы орындаушылық мектебінің өкілдері

  

Қай дәуірде болмасын, белгілі бір музыкалық ағымның негізін қалап, соның басында тұратын орындаушылығы дара тұлғалар болады. Қазақтың аспаптық музыка мәдениетінің деңгейін көтерген дарынды бабаларымыз әр кезеңде өздеріне тиісті міндеттерін атқарып отырды. Олар күйдің композициялық құрылымының өзінше өсіп-өнуіне үлгі болды, тартыс мәнерінің мектебін қалыптастырып, оны арттағыға атамұра ретінде аманаттап отырды. Күй тарихында мұндай жандарды «Күй атасы» деп мәртебелеп атап отырған. Біздің тоғыз ғасырлық күй шежіремізде аттарын кие тұтып ардақтайтын осындай төбелі өнер иелері аса көп емес: Қорқыт, Кетбұғы, Асан Қайғы (Қайқы болуы да мүмкін), Қазтуған, Байжігіт. Ал, Тәттімбет, Құрманғазы, Бейсенбі, Дәулеткерей, Тоқа, Ықылас, Қожеке, Абыл, Қазанғап, Дина сияқты күйшілер солардың дәстүрін жалғастырушылар. Бұрынғылардың  күй шығару үрдісі бүгінгі композиторлық кәсіптен мүлде бөлек үрдіс болатын. Даланың салты бойынша ертедегі домбырашылар өзіне дейінгілердің күйлерін түгел тартып, ұстазының батасын алғаннан кейін ғана күйші боп саналатын. Белгілі бір күйдің тақырыбына өз иірімін қалдыруға осыдан кейін ғана ерік беріледі, соның нәтижесінде әр күйші табиғи қабілетінің парқына қарай көне күйлерді жаңғыртып отырады, кейіннен бұл күйлер орындаушылардың төл шығармаларына айналып та кете береді, мұның ешқандай сөкеттігі болмайтын. Қазақтың кісі атымен аталып тартылатын «Қосбасар», «Ақжелең», «Байжұмалары» осындай күйлердің қатарына жатады. Бұл жағдай күй мәдениетін байытып қана қоймай, көне сарындардың мүлтіксіз сақталуын да қамтамасыз етіп отыратын жағымды құбылыс әрі күйшілерге деген елдің естелік құрметі болды. (Күй авторларын анықтаудан туатын дау — дамайды туғызушылар қазақ күйшілігінде ғасырлар бойы жарғыланып қалған методологияның осы заңдылықтарын ескермейді. Біреудің күйін біреуге қасақана телу басқа әңгіме). Күйлердің мектептерге бөлінуінің де негізгі себебі осы, белгілі бір аймақта өмір сүрген сазгерлік дарыны зор тұлға қалыптасып қалған күйшілік салтқа өз қолтаңбасын енгізеді, соның салдарынан домбыра тартудың белгілі өлкеге тән жаңа арнасы пайда болады, оның үйренушілері осы шеберліктің қағидаларын ұстанып, біртұтас зайырлы мектеп қалыптастырады. Енді осындай мектептердің қадауланған басты өкілдеріне тоқталып, орындаушылық ерекшеліктеріне түсініктеме берелік.

Шығыс Қазақстандық күйшілік мектептің атасы – Байжігіт  (ХҮ1-ХҮ11ғ.). Байжігіт күйлерінің құрылымы мен орындалуы техникасы аса күрделі, шертістің барлық әдістері қамтылады, сол қол саусақтарының аспапқа жатысы табиғи, сондықтан дыбысты тербеу (вибрация), созу (легато) әдістері мейлінше жетілген. Шертпенің классикалық үлгісі ретінде Байжігіт күйлері басқа мектептердегі (Арқа, Жетісу) тәсілдерді де сіңірген. Меңгерілуінің қиындығына байланысты Байжігіт күйлеріне бойлаған адам аз.  Бұл мектептің қазіргі кездегі жалғыз шебері – Таласбек Әсемқұлов. Тәттімбет — Арқа мектебінің көшін бастаған күйші. Тәттімбет күйлерінің қалыптасқан ізін Әбікен мен Мағауия орындауларынан бажайлауға болады. Тәттімбет күйлері тақырыбы жағынан жаңашыл, күй құрылымы белгілі тәртіпті сақтайтындай қалыпта. Негізгі сарыны үш қайырылып түйінделеді. Қағысы да бірыңғай көсем шертісте орындалады. Тәттімбет артындағы Тоқа, Қыздарбек, Сембек, Әбди, Сүгірлердің орындаушылық мектептеріне өнеге болған тұлға. Тәттімбет күйлерінің мақамы жалпы қазаққа сіңімді, сондықтан оның мектебін ұстанатын домбырашылар да көп. Қожеке мектебі — Жетісулық орындаушылыққа үлгі. Әсерлі шертіс пен желдірме аралас виртуоздық тартыс Қожекеден қалған. Қожеке күйлері құрылымы жағынан классикалық шертіске ән формасын жарасымды кіріктіруімен ерекшеленеді. Яғни, фольклорымызда «Жыр күйлері» деп  айшықталатын үрдіс осында сақталған. Бұл жағдай Қожеке мектебінің динамикасы жағынан орындалуы мейлінше күрделенген шығармалардың қалыптасуына алып келді, оған мысал – Нұрғиса мен Темірбектің дауылды күйлері. Қожеке күйлерінің түпнұсқасын бірден-бір дәл орындайтын  домбырашы  — Базаралы Мүптекеев.

Кейінгі кезеңде туғандықтан жаңа сарындарға біршама жақын мектеп –Сүгір мектебі. Сүгір мектебінің басты маңыздық ерекшелігі — қобыз иірімдерін домбыраға сәтті қотаруында, сонымен бірге Шығыс пен Батыс  күйлерінің ортасына алтын көпір бола білуінде. Тартылуына қарай Сүгір күйлерін бірыңғай шертпе немесе төкпе деп айдарлауға болмайды, өйткені мұнда жалпы Қазаққа ортақ көне домбырашылықтың барлық нышаны бар. Сүгір мектебіне тән тағы бір ерекшелік композициялық құрылымының жасампаздығы. Ол домбырадағы қалыптасқан буындық-сағалық  заңдылықтарды сақтай отырып, қобыз күйлеріндегі оқиғалық – баяндау тәсілдерін батыл енгізген, соның нәтижесінде күйдің эпикалық әсері мейлінше күшейтілген. Домбыраның штрихтық мүмкіншілігін жетілдіруінің арқасында «Аққу», «Бозінген» сияқты орындалуы күрделі шығармалар туғызды. Сүгір мектебін игергендердің ішінде бізге үлгі боларлық орындау  -Төлеген мен Генералдың тартысы.

Күйшілік мектептердің ара-жігін ажырата білу – олардың ғасырлар бойы жинақталған шексіз байлығын сақтау деген сөз. Домбыра методикасы ғылыми сергектікпен жетекшілік көрсетіп бұл мәселені  қолына

шеберліктің шыңы болып саналған. Арқа әншілерінде бұл аспап болмады деудің реті жоқ, әйткенмен екі шекті домбыраның қолданысы басым болды. Қазіргі кезде үш шекті домбырамен ән айту ешкімге әуезе болмай тұр, Бекболат Тілеуханның орындауындағы жалғыз ғана «Жорға тай» әні халықтың құлағында жаңғырық сияқты жарқ еткені болмаса… Бұл аспаппен оқыту мәселесі де болашақтың еншісінде.

Дәстүрлі әншілер отырып та тұрып та ән айтуды салтқа айналдырған алуға тиісті. Жалған айтқыш адамның сөзіндей жалаң «постоновкалық» шертіс бүгінгі орындаушылықты қанағаттандыра алмайды. Әр мектептің өз бояуы сақталуы үшін зерек көзқарас болуы керек, сонда ғана биік мәртебелі домбырашылық өнер қанат жаймақ. Бұл маңызы зор іске жас ұрпақтың қажыр-қайраты молынан жетеді деп сенеміз

3)Жетісу, Сыр өңірлері орындаушылық мектептерінің өкілдері Кез келген ұлттың өзіндік кескін-келбеті мен болмыс-бітімін айқындай­тын ұғымды оның өзіне тән ұлттық мә­дениеті дейтін болсақ, қазақ мәде­ниетіндегі ән өнерінің алар орны ерекше. Данышпан Абайдың “Туғанда дүние есігін ашады өлең, Өлеңмен жер қойнына кірер денең” деген сөздері қазақ өмірінің бүкіл тыныс-тіршілігі өлеңмен өрнектелетінін айқын көрсетеді. Шындығында сәби дүниеге келгенде “бесік жырымен” әлди­леп қарсы алып, адам дүниеден өткенде “жоқтау” айтып шығарып саламыз. Қа­дым ғасырлар қойнауынан басталатын осы тамаша дәстүр әлі күнге дейін жал­ғасын тауып келеді. Бүгінгі күн жас­тарының тойы да “жар-жар”, “бет­ашар­мен” өтетіні ата-баба салтына адалдықтың айқын көрінісі іспеттес. Орыстың тамаша ғалымы Г.Потаниннің “Маған бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай көрінеді” деген сөзі қазақ тұрмысының осындай даралығынан туған керек.Ұлтымыздың аса бай ән өнерін да­мытуға Абай бастаған, Біржан сал, Ақан сері, Мұхит, Балуан Шолақ, Жаяу Мұса, Үкілі Ыбырай, Әсет, Естай, Нар­­тай, Кенен сияқты халық тұжырым болса композитор­лары өл­шеусіз үлес қосып, оны сапалық жаңа биікке көтерді. Олардың мол шығармашылық мұрасы қазақ операсы мен балетінде және классикалық музы­калық туын­дыларда кеңінен пайдала­нылып, әлемнің ең әйгілі му­зы­катану­шы­лары тарапынан жоғары бағаға ие болды. “Ел іші – өнер кеніші” дейді дана халқымыз. Әрине, қазақтың дәстүрлі әндері мың әнмен шектелмесі анық. Ендеше, жаңа жоба алдағы уақытта тың туындылармен толысып, бүгінгі ұрпақты халқымыздың баға жеткісіз мол музыкалық мұрасымен сусындата береді. Осы орайда ән жанрларын мынадай топтарға бөле қараудың ыңғайы бар сияқты: 1.Романс тектес әндер–«Ақбақай», «Жиырма бес», «Япурай», «Ғайни» т. 2. Сатиралық-юморлық әндер–«Он алты қыз», «Ағашаяқ», «Құлбай бай» т.б 3.Қара өлеңге құрылған әндер–«Сәулем-ай», «Еркем-ай», «Қамажай», «Жеті арал жерім-ай» т.б. 4. Қыз-келіншектер әндері–«Майра», «Дудар-ай», «Әупілдек» т.б 5.Желдірме әндер–термелер, арнау, насихат әндер т.б. 6.Эпостық мазмұндағы әндер–жырлардың кейіпкерлерінің атынан айтылатын әндер –«Жігіттің падишасы — Әмір Темір», «Қос мүйізді Ескендір» т.б. 7.Авторлық-арнау әндер. Молдабайдың әні, Ғазиздің әні, «Бүркітбай», «Шашубай», «Теміртас» т.б.Әндерді бұлай бөлу арқылы олардың формасын анықтауға болады, романс тектес әндердің диопозоны кең, вокалдық қайырымы мол болады. Ал, сатиралық-юморлық әндерде керісінше, мұндағы ән ырғағы шапшаңырақ, мәтіні мен мелодиясы үнемі қайталанып отырады, вокалдық дамуы шектеулі.

Қара өлеңдерді көбінесе халық әндері деп атайды, бұлардың да қалыптасқан қайырымы бар, көбінесе он бір буындық өлеңге құрылады. Мелодиясы пентатоникалық сарынға бейім, сондықтан әннің өте көне түрі деп айтуға негіз бар. Қыз-келіншектер әндерінде вокал иірімдері мол кездеседі, мұны бөле атаудағы себеп –диопозоны мен ән мәтіні әйел дауысының табиғатына лайықталған. Желдірме әндердің ырғағы ширақ, аты айтып тұрғандай салтанатты әрі жүрдек шырқалады.

Эпостық мазмұндағы әндер кәдімгі қара өлеңге ұқсас, бірақ әннің аты немесе мазмұны эпостық кейіпкердің атына құрылады.Авторлық-арнау әндердің сарыны айтыс мақамдарын еске түсіреді, мұнда әуелі «Ал», «Ахау», «Оу» деген сияқты қаратпа айқай айтылады, қайырмасы қара өлеңге құралады, кейде өзге әндердегі мәтіндер қолданыла береді, ал, шумақта міндетті түрде автордың өзін немесе ата-бабасын мадақтаған өлеңі болады.

Халық әндері аймақтық мектептерге бөлінгенмен негізгі сарыны жалпы қазақы әнге ортақ сазға құрылады, сондықтан бір өлкенің әнін басқа өлкенің әншісі қиналмай айта береді, яғни қазақ әнінің біртұтастығы аймақтық әншілік мектептеріне қанша жіктегенмен бұзылмайды. Ғарифолланың Арқа әндерін тамылжыта шырқағаны, Жүсіпбектің Мұхит әндерін тебірене айтқаны соған дәлел бола алады.

Халықтық ән дәстүрінде орындаушылық ерекшеліктеріне қарай аймақтық мектептерге бөле оқыту тәжірибесі қалыптасқан. Жалпылай айтқанда, шартты түрде Арқа мектебі, Жетісу мектебі, Батыс Қазақстан (Мұхит Мералиев) мектебі деп бөлінеді.                                                                     1. Арқа мектебі –қазақы әншіліктің мейлінше дамыған саласы болып табылады. Арқа мектебінің өкілдері деп –Біржан, Ақан, Балуан Шолақ, Майра Уәлиқызы, Шашубай, Тайжан т.б. саңлақтарды атауға болады. Арқа әндері біркелкі еркін ырғақпен айтылады, диапозоны мейлінше кең болады. Арқа әндерінің кәсіби мектебін жасағандар – Ж.Елебекеов, Ж.Кәрменов, Қ.Байбосыновтар, бұлардан өзге, ән өнерінде ерекше із қалдырған Қ.Байжанов, Ә.Қашаубаев, Қ.Бабақов, Қ.Лекеров, Б.Жылқыбаев, М.Ержанов,  Ж.Омарова, Р.Есімжанова, Р. Қойшыбаева, М.Көшкінбаев, И.Әлібаев,    Ж.Қартабаева, Л.Сүйіндікова, М.Ешекеевтердің  атын атай аламыз. 2.Жетісу мектебі– қазақтың көне әндерінің, әсіресе халықтық әуендердің мол сақталған әншілік өнер шоғыры саналады, орындалуы мен домбырада сүйемелденуі Арқа әндеріне өте ұқсас, сондықтан бұл мектептің өкілдерінің репертуарында Арқа сазгерлерінің әндері де кең орын алады. Жетісу әншілігінің көрнекті өкілдері ретінде Жамбыл, Кенен, Қапез, Пішан, Дәнеш Рақышевтарды атай аламыз. Жетісу ән мектебінің кәсіби тұғырын қалаған –Ж.Кәрменов, оның ізін жалғастырушы шәкірті – Е.Қосбармақов. 3.Батыс Қазақстандық әншілік мектеп– еліміздің батыс өлкесінде дамыған әншілік өнер. Бұрынғы Бөкей Ордасының жерінде шырқалған төкпелі жыр негізінде синтезделген желдірмелі ән Мұхит арқылы жаңа белеске көтерілді.

Мұхит әндері Атырау, Ақтау, Орал, Ақтөбе жерінен бастау алып Сыр мен Арқаға дейін қанатын жайған. Бұл мектептің басында Ғарифолла Құрманғалиев тұр, Ғарифолла Құрманғалиевпен үзеңгілес өнерпаз ретінде Әли Құрмановтын есімін құрметпен атай аламыз. Ғ.Құрманғалиев осы мектептің жеке арнаға айналып үлкен өнер саласы болуына көп тер төкті. Ғарифолла мектебінен шыққан оның шәкірттері –  Қ.Бекбосынов,Қ.Орашева, Қ.Рахимова, А.Дәрібаева,  Ж.Сәрсенғалиев. Қ Ақтаев. М.Төрешов, Қ.Бердіғалиев, Ә.Еңкебаев, Қ.Құлышева, С.Таутаева, С.Рахметжанов,  С.Әбдірахманов, С.Жанпейісова, С.Мырзабаева, А.Қосанова, Қ.Кәкімовтар.

Бұл әдістемелік құралда Арқа әншілік мектебі зерттеу көзі болғанмен, жалпы қазаққа ортақ әншілік өнерге қатысты оқыту жұмыстарының методикасын келтіруді мақсат етіп отырмыз. Себебі, әншінің алғашқы дауыс қою дайындығы, домбырамен сүйемелдеуі, репертуар таңдауы, сахналық шеберлігі, дәстүрлі иірімдерді меңгеруі – барлық ән мектептеріне ортақ мәселе.

АСПАППЕН ӘН АЙТУ 

Халық әндерін аспаппен сүйемелдеу ежелден келе жатқан өнер, ертеде серілері әнді барабан, сыбызғы, домбыра, қобыз,  жетіген, шаңқобыз  аспаптарының көмегімен шырқағаны тарихтан белгілі. Кейіннен қобыз бен домбыра аспабындағы үрдіс кең тарады, қалғандары қолданыстан шыға бастады, яғни, осы аспаптармен айту дағдысы мейлінше дамып, қалғандарын ығыстыра бастады.

1300 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!