Материалдар / Музыка сабағында мәнерлеп орындау әдісін қолданудың жолдары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Музыка сабағында мәнерлеп орындау әдісін қолданудың жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Музыкалық білім мен тәрбие беру дегеніміз; жеке тұлғаның дамып, қалыптасуында аса маңызды роль атқарады. , қоғам мәдениеттің дамуы процесінде қалыптасқан әлеуметтік, музыкалық – педагогикалық тәжірибені ой елегінен өткізіп, даму кезеңдерін қалыптастыруға тікелей байланысты . Жан-жақты дамыған азамат тәрбиелеуде эстетикалық тәрбиенің басты саласының бірі – музыка мен ән. Музыка адамның жан дүниесін тебіренте отырып, оның өмірге деген көзқарасын, әдет, мінез-құлқын қоғам мүддесіне сәйкес қалыптастыруға, әдемілік заңымен өмір сүруге тәрбиелейді. Мектепке дейінгі жастағы балаларға музыкалық тәрбие – талғамдық, эстетикалық тәрбие беру ісінің негізгі саласы болып табылады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қаңтар 2023
514
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Тақырыбы "Музыка сабағында мәнерлеп орындау әдісін

қолданудың жолдары "























Орындаған: Кенжебаева Алмагуль .Тайтолеуовна.


Семей қаласы.Қайнар ауылы №" 1 балалар музыка мектебінің флейта аспабының оқытушысы









Музыка сабағында мәнерлеп орындау әдісін қолданудың жолдары



Музыкалық тәрбие ұғымы қоғамдық құбылыс ретінде кең және тар мағынасында қолданылады. Кең мағынасы дегеніміз ол музыкалық іс-әрекетте жинақталған тәжірибені педагогикалық ықпал ету негізінде кейінгі ұрпаққа меңгерту, жалпы музыкалық мәдениетін қалыптастыру болып табылады. Ал түрлі деңгейде музыкалық тәрбие беру мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған арнайы ұйымдастырылатын іс-әрекетті білдіретін ол тар мағына болып саналады. Музыка өнері жеке тұлғаның дамып, қалыптасуында аса маңызды роль атқарады. Музыкалық білім мен тәрбие беру адамзат өркениетінің ең терең тамырларынан бастау алады. Адамзаттың сан ғасырлық серігі болып келген музыка өнерінің тәлім-тәрбиеде алатын орын, әсер - ықпалын, қоғам мәдениеттің дамуы процесінде қалыптасқан әлеуметтік, музыкалық – педагогикалық тәжірибені ой елегінен өткізіп, даму кезеңдерін қалыптастыруға тікелей байланысты . Жан-жақты дамыған азамат тәрбиелеуде эстетикалық тәрбиенің басты саласының бірі – музыка мен ән. Музыка адамның жан дүниесін тебіренте отырып, оның өмірге деген көзқарасын, әдет, мінез-құлқын қоғам мүддесіне сәйкес қалыптастыруға, әдемілік заңымен өмір сүруге тәрбиелейді. Мектепке дейінгі жастағы балаларға музыкалық тәрбие – талғамдық, эстетикалық тәрбие беру ісінің негізгі саласы болып табылады. Эстетикалық тәрбиелеу мәселелерін мектепке дейінгі жастағы балаларға Құлжанова Н., Меңжанова К., Меңдаяқова Қ.М., Левченко Т.А., Жұмабекова Ф.Н. және т.б. зерттеген. Мектепке дейінгі балалар білім берудің барлық деңгейлерінде жалпы өмірде табысты болып келетіндіктен, білімді тез қабылдап, мектепке дейінгі ұйымдағы оқыту мен тәрбиелеу үдерісі оларды алғашқы біліммен қаруландырып, қоғам талабына сай тұлғаны қалыптастырудағы алғашқы негіз болады. Сонымен басты мақсат – біртіндеп түрлі музыкалық іс-шараларды меңгерту арқылы баланың бойындағы түрлі табиғи талабын дамыту. Өнер түрлерінің әрқайсысы адамға әсер етудің спецификалық құралдарына ие. Бала өмірінің ең басында әсер ету мүмкіндігіне ие музыка болып саналады. Ең бір бай әрі әсерлі эстетикалық тәрбие құралы, оның аса үлкен эмоциялық әсері бар, адамның сезімін тәрбиелейді, талғамын қалыптастыратын ол музыка Қазіргі заманғы ғылыми зерттеулер музыкалық қабілеттерінің дамуы, музыка мәдениеті негізінің қалыптасуы екенін айтады - содықтан, музыкалық тәрбиені мектепке дейінгі жастан бастау керек. Балалық шақта музыкалық әсердің тақыртаза болуының кейін орнын толтыру өте киын . Музыка табиғи ырғақты сөзбен пара-пар. Сондықтан сөйлеу үшін сөздік орта қажеттілігі сияқты, музыканы жақсы көруі үшін балада түрлі дәуірлер мен стильдердегі музыкалық шығармаларды қабылдай білу тәжірибесі болуы тиіс, оның ырғағына үйренуі, яғни көңіл күйін тани білуі тиіс. Әлеуметтік оқшауланушылыққа ұшырған баланың ақыл-ой дамуында кедергі болады, ол өзін тәрбиелегендердің тілі мен дағдыларын меңгереді, солармен ғана қарым-қатынас жасайды. Және ол балалық кезінде қандай дыбыстық ақпаратты бойына сіңірсе, оның болашақ саналы сөйлеу және музыкалық ырғақтылығында тірек етер музыкалық тілі және ақындық та осы болады. Сондықтан да жасынан бесік жырын тындап өскен, ертегі тыңдап, ойын-күлкі арасында өскен бала көпшілік бақылауға қарағанда, санамақ айтып, неғұрылым шығармашылықты, музыкалық дамыған болатындығы осыдан кейін түсінікті болады. Музыкалық даму жалпы дамуға ештеңемен алмастыра алмайтындай әсерін тигізеді: адамның эмоциялық аймағы қалыптасады, ойлауы жетіледі, өнердегі және өмірдегі сұлулыққа сергектігі тәрбиеленеді. Музыка мектепалды баласының өмірінде педагог әрекетінің белсенді ұйымдастырушылығы арқасында қолданыс табуы тиіс. Көбіне музыкалық жетекші мен тәрбиешілер балалардың музыкалық қабілеттерінің дамуы жұмысының түйісуіне байланысты болады. Музыкалық жетекші тәрбиешілер мен бірігіп әрекеттестігінде балалардың музыкалық дамуы бойынша жұмысты бірлескен жоспарлау олардың ұғымдары мен әрекеттерінің жалпы мағынасын қалыптастыруларын салыстыруға бағытталған инициатива алмасу қажет. Егер ата-аналар музыкалық тәрбиенің маңыздылығын түсінетін болса, олар балаларын отбасында, музыка үйірмелерінде, балалармен бірге концерттерге, музыкалық спектакілдерге барады, жан- жақты музыкалық әсерлермен байиды, олардың музыкалық тәжірибесі кеңейді. Музыкалық тәрбие бойынша жұмыс істейтін педагогтер жұмысының басты жетістігі барлығын бірыңғай шығармашылық командаға біріктірігіп, жұмыс жасау білігін жүзеге асыру болып табылады. Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың музыкаға қызығушылығын арттыру үшін тәрбиеші өзінің алдына белгілі мақсат қоюы тиіс. Ал осы музыка сабағындағы қойылған нақты мақсат белгілібір музыкалық тәрбиенің міндеттерін жүзеге асыруды көздейдіМектеп жасына дейінгі ересек топ балаларының музыкаға қызығушылығын дамытудағы ең бірінші міндет ол музыкалық іс-әрекеттер арқылы баланың сезімін (эмоциясын) ояту. Өйткені балалардың сабақ үстіндегі іс-әрекетінде эмоция өзіндік бағыттаушы және реттеуші рөл атқарады. Ол: а) музыкалық шығармалардың мазмұнын балалармен бірге талдау; ә) музыкалық-дидактикалық ойындар ұйымдастыру; б) тиімді әдіс-тәсілдерді таңдай білу; в) балалардың жас ерекшеліктері мен музыкалық даму ерекшелігін ескеру. Екінші міндет – белгілі бір шығарманы саналы түсініп қабылдауға баулу. Ол үшін мынадай жұмыстар атқарылуы тиіс: а) музыканың көркемдік құралдарының (екпін, ырғақ, әуен, дыбыс бояуы, дыбыс биіктігі т.б.) музыкалық шығарма мазмұнын жасаудағы ерекшеліктерін түсіндіру; ә) әр - түрлі көрнекі құралдарды пайдалану; Мектепке дейінгі балаларға музыкалық тәрбие беру. б) ырғақтық қимылдар жасау (нота биіктігін көрсету, ырғақты колмен шапалақтап көрсету, ойнауға жеңіл қарапайым ұлттық аспаптарды қолдану арқылы меңгертіледі). Үшінші міндет — музыкалық шығарманы өз шама - шарқынша орындауға үйрету барысында орындаушылық дағдыларды меңгерту. Бұл: а) шығарманы тыңдай отырып оны талдай білу дағдысын қалыптастыру; ә) күйлерден шағын үзінділерге ұлттық аспаптарды қосып ойнауға үйрету; б) домбыра үйретуді нотасыз және сандық жүйе бойынша меңгерту. Мектепке дейінгі балаларының жас ерекшелігі - олардың дамуымен, жаңа әлеуметтік жағдайлардың, құрдастарымен жасайтын арнайы өзара қарым– қатынасының пайда болуымен, «балалар қоғамының» құрылуымен, басқа адамдарға қатысты өзіндік ішкі позициясы, өз «менін» және өз қылықтарының маңызын аңғарудың арта түсуімен, үлкендердің ішкі дүниесіне, олардың іс– әрекеттері мен өзара қарым–қатынастарына ерекше қызығуымен сипатталады. Қазіргі музыка сабағы – мектепке дейінгі ұйымдағы музыкалық тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы, музыка сабағында балалар педагогика ғылымының оған қойылатын соңғы талаптары бойынша мынадай ісәрекеттермен айналысады: хормен ән айту, музыка тыңдау, музыкалық ырғақтық қимылдар, балалар аспабында ойнау, музыка сауаты, балалар шығармашылығы т.б. Музыка – эстетикалық тәрбие беру құралдарының бірі болып саналады. Өнердің басқа түрлері сияқты ол да өмірдегі әсемдікті, табиғат сұлулығын бағалауға және адамдар арасындағы қарым-қатынастарды түсініп, білуге үйретеді. Баланы жастайынан өнерге баулып, музыка әлемімен таныстыру, оны сезіндіріп ән айтқызып, күй тартқызудың мақсаты –халқымыздың асыл қазынасын, дәстүрлі ән-күйлерін бойларына сіңіре білу, олардың эстетикалық талғамын жан-жақты байытып, дамыту – бүгінгі таңда өте маңызды мәселеге айналып отыр. Қазіргі оқу - тәрбие жұмысын жан - жақты дамыту мақсатындағы басты міндеттердің бірі бала тәрбиесіне қазақ халқының ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа мұра болып келе жатқан әдет - ғұрпына, ұлттық дәстүріне байланысты әдебиет пен мәдениетке, тұрмыс - салтына, өнерге үйрете отырып, баулу. Белгілі бір өнер иесіне арналған әсерлі әдеби - музыкалық кештер өткізу де бала санасында із қалдырады. Әдемілікке, жақсыға, үлкеннің маңызды да пайдалы ісін қайталауға, ұқсап бағуға талпындырады. Әр сазгердің немесе әншінің шығармашылығындағы, репертуарындағы әндерді, шығармаларды тереңірек талдау арқылы бала тағы да музыканың эмоциялық әсерін, бейнелеу күшін түсініп, жақсы мен жаманды ажырата алуға үйренеді. Сол сияқты баламен жеке жұмыс жасауда әр баланың бойындағы қабілетін тауып, дамытуға жол ашады. Ал, музыканы түсіне шығарма кейіпкерімен бірге жетіле, әсемдік пен әдемілікті сезіне өскен бала қоғамға тек пайдасын тигізетін, ұлттық қазынаны бағалай білетін, саналы да білімді, отансүйгіш, тәрбиелі, адал азамат болып өсері сөзсіз. Балабақшадағы сәбилік шағынан тәрбиеленіп келе жатқан балада музыканы тыңдау, оны есте сақтау, түсіну, ажырата білу, ән салу, би билеу, сазгерлерді, аспаптарды тану қабілеттері бірте - бірте қалыптасады. Ал, балабақшаға қамтылған баланың бойына қысқа мерзім ішінде аталған білім дағдыларын қалыптастыру музыка жетекшісінің алдына қойылған аумақты да, жауапты ісі. Музыка өнері жеке тұлғаның дамып, қалыптасуында аса маңызды роль атқарады. Музыкалық тәрбие жұмысын ұйымдастырудың түрлері ол ән сабағы, музыкалық шулы аспаптарда ойнау, баланың жеке музыкамен шұғылдануы, баланың күнделікті өмірдегі музыканың орны, мерекелік ертеңгілікте. Сондықтан музыкаға қалыпты қызығушылығын, әр түрлі музыкаға эмоциялық сезгіштігін дамыту керек. Би билеу және ән салу дағдыларына үйрету, музыкалық қабылдауын, таныс шығармаларды әуенінен тану және есте сақтауын дамыту, балалардың музыкалық танымын кеңейту, Сол себепті, музыканың құдіретті күшін бала бойына дарыту, сіңіру мақсатында музыка, сазды әуен баланың күнделікті өмірінде орын алуы қажет. Музыкалық оқу іс - әрекетінің музыка тыңдау бөлімі бойынша ән, күй, халық әуендерін, басқа ұлттық шығармаларды қолдана отырып, музыканы тыңдау, қабылдау, есте сақтау, ажырата білумен қатар, оның мазмұнын, көркемдік қасиетін түсіндіру қажет. Әнді музыкамен, музыкасыз жеке, көппен қосылып, орындау кезінде дауысын дамытуға, өлең сөзін дұрыс, анық айтуға, ырғақты қимылмен музыка үндестігін сезіне, денесін дұрыс ұстап, әдемі қозғала білуіне ерекше мән беріледі. Музыканы басқа пәндермен байланыстыруда (тіл дамыту, сахналау, дене шынықтыру, бейнелеу т. б) баланың көңіл хошы, өз күші мен ептілігіне қызығушылығы арта түседі. Яғни, ән баламен ойын - сауықтарда, ертеңгіліктерде, ойындарда, билерде бірге жүреді. Бала ойнай жүріп, әнге деген құштарлығы арта түседі. Музыкалық – дидактикалық ойындарды ойнау, балалардың музыкаға қызығушылығын арттырады және музыкалық іс - әрекет түрлерін тез, әрі дұрыс үйренуге көмектеседі. Музыкалық оқу іс - әрекеттерінде музыкалық - дидактикалық ойындарды жүйелі түрде пайдалану – музыканы сипатына, көңіл - күйіне, динамикалық реңкіне қарай ажыратуды үйретеді. Балаларды әр түрлі музыкалық шараларға тек жеке өзін қатыстырмай, үлкендермен, ата - аналармен бірге қатыстырудың мәні зор. Бұл баланың өзіне - өзінің сенімін ұштап, шығармашылығын шыңдайды. Музыкалық - ырғақты қимылдарды орындауда, би билеуде музыкалық аспаптарды қолдану музыканың ырғағын, динамикалық үнін, екпінін ажыратуға үйретіп, орындаушылық шеберліктерін шыңдайды. Мерекелік ертеңгіліктердің, ойын - сауықтардың, сахналық қойылымдардың кезінде бала образдық бейнелерді дәл бере білуге, сахна мәдениетіне жауапкершілікке, көпшілікпен жұмыс істеуге үйренеді. Сонымен музыка – адамның жан дүниесін тебіренте отырып, оның өмірге деген көзқарасын, әдет, мінез – құлқын қоғам мүддесіне сәйкес қалыптатсыруға тәрбиелейді. «Дені саудың – жаны сау» дегендей, тәні де, жаны да сау, рухани бай эстетикалық жағынан сезімтал азаматты тәрбиеленіп өсіру – ата-ана парызы, қоғамдық мекемелердің міндеті. Осы міндетті іске асыру балабақша мен мектепалды даярлық тобынан басталмақ. Музыка ең бір бай әрі әсерлі эстетикалық тәрбие құрылы, оның аса үлкен эмоциялық әсері бар, адамның сезімін тәрбиелейді, талғамын қалыптастырады. Болашақ музыка мұғалімінің жалпы білім беретін мектеп оқушыларымен кәсіби - педагогикалық жұмыс жасауға дайындау, болашақ музыка мұғалімінің мектептегі музыкалық педагогикалық жұмыстарға қызығушылығын қалыптастыру, өз бетімен музыкалық білім алуға қажеттілікті, алған білімдерін практикада қолдану, жалпы білім беретін мектептің әр сыныптарында музыкадан бағдарламаларды жүзеге асыруда оқушылардың жас ерекшеліктерін,  қызығушылықтарын бейімділіктерін ескере отырып, музыкалық жұмыстардың әдістемелерін меңгеруге көмектесу. Өз тәжірбиелерін жинақтау үшін шығармашылық ізденуіне жағдай жасау. Қазіргі әлеуметтік-педагогикалык жағдайда "Музыка" пәні мұғалімдерінің алдына қойылып отырған талаптардың ішінде төмендегілерді атасақ:

- музыкалық-педагогикалық тәжірибелік ғылыми теориямен қарулануы;

- тұгас педагогикалық процестің заңдылықтары мен принциптерін меңгеру;

- педагогикалық жаңаша ойлау қабілетін дамыту;

- педагогикалық ынтымақтастық идеясын білу;

- өздігінен білім алуды жетілдіру;

- өзін-өзі тәрбиелеу дағдысын қалыптастыру;

заман талабына сай білімі терең, өнершіл, нағыз кәсіби маман болуға тиісті.

Өзіндік бақылау сұрақтары:

- Қазіргі музыка сабағы туралы.

- Музыка пәнінен жаңартылған білім беру мазмұны туралы ақпаратты өз бетінше талдау, мағлұматтарды кеңейту.

- Сабақ беру үрдісімен танысу.

Реферат тақырыптары

1. Мектептегі музыкалық білім берудің негізгі формасы – музыка сабағы.

2. Музыка сабағын ұйымдастыруда мұғалімнің жаңаша ойлау қабілетін дамыту жолдары.

3. Музыка сабағының құрылымы мен мазмұны.

4. Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша музыка сабағын жүргізудің бағыттары.

5. «Мектеп пәні», «өнер сабағы» музыка сабақтарының спецификалық қиындықтары.

6. Музыка сабақтарының түрлері (дәстүрлі сабақ)

7. Музыка сабақтарының түрлері (дәстүрлі емес сабақ) Музыка сабағы өнер сабағы болғандықтан, оның әр компонентінің көркем болуы талап етіледі. Бұл тек орындалатын ән мен тыңдалатын музыка ғана емес, орындалатын жаттығуларға да тән нәрсе. Әрбір дыбысты өте әдемі мәнерлеп айтылуы тиіс. Өйткені, ол музыкалық дыбыс. Музыка сабағындағы қолданылатын әдіс –тәсілдерге тоқтала кетейік. “Алды шолу өткенге оралу” әдісі. Аталған әдістің мәнін-ол жаңа тақырыптарды бұрынғы өтілген сабақтардағы материалдарға сүйене отырып жүргізу мұғалім үшін бұл әдістің өте үлкен маңызы бар, егер де сабақта мұғалім “алды шолу өткенге оралу ” әдісіне жүгінер болса, онда ол сабақтың тиімділігін арттырып мына жағдайларды шеше алады:

а) Жаңа тақырып бұрынғы өтілген материал негізінде жеңілірек игеріледі.

б) өткен сабақ пысықталады.

в) мұғалім балалардың музыкалық білімін тереңдете, нығыздай байланыстыра түседі.

Эмоциялық драматургия әдісі” сабақтың қызықты және нәтижелі өтуін қамтамасыз етеді. Музыка сабағының басқа пәндік сабақтармен ұқсастығына, айырмашылығына тоқтала отырып, әр сабақтың өзінің бір–бірін қайталамайтын өрнектермен ерекшеленетінін айта кеткен жөн. Бұл әрине, музыка сабағы мұғалімнің шеберлігіне икемділігіне шығармашылық қасиетіне байланыстыПәнді оқытудағы педагогикалық тәсілдер:

  • музыкалық-шулы аспаптарда ойнау, әндету, музыканы тыңдау және қабылдау, шығарма жазу, суырып-салмалық орындау, эксперимент жүргізу, музыка жазу үдерістеріне оқушыларды белсенді қатыстыру;

  • оқу үдерісін белсендіру тәсілі ретінде музыкалық шығармалар мен оқушының музыкалық жұмысына мән беріп, талдау және бағалау;

  • жаңадан бастап жүрген музыкант ретінде өзінің жеке тәжірибесін жинақтау арқылы пәндік білім мен дағдыларын дамыту;

  • оқушылардың сын тұрғысынан ойлау мүмкіндігін дамыту мақсатында және ерекше шешімдер қабылдау тиімділігі үшін оқу үдерісінде проблемалық жағдайларды пайдалану;

  • оқушылардың білімін қолдайтын, ынталандыратын және мадақтайтын түрлі іс-әрекеттерді қолдану;

  • білімді дербестікпен табу үшін оқушылардың мотивациясын қалыптастыру;

  • жаңа идеяларды іздестіру және пайдалану, әртүрлі көзқарастарды қарастыру;

  • оқушыларға оқу кезеңінде қай сатыда екенін және одан әрі даму үшін қандай қадамдар қабылдау қажет екенін түсінуге көмектесетін әртүрлі бағалау тәсілдерін пайдалану;

  • оқушылардың шығармашылық қабілеттерні ашу үшін және сенімді шешім қабылдауын қолдау мақсатында түрлі жағдайларды модельдеу;;

  • шабыт пен ынта беретін оқыту ортасын құру мақсатында оқытуды жіктеп, саралау;

  • пәнаралық кіріктіру;

  • музыкалық-шығармашылық іс-әрекеттерді әрі қарай ынталандыру мақсатында оқушылардың өз ойларын жеткізуіне және жұмыстарын көрсетіп, ұсынуына жағдай жасау.

  1. . «Елім - ай» бағдарламасына сүйене отырып, сабақ тұтастығына іс - әрекет түрлерінің өзара байланыс жолдарымен жету.

  2. «Мұрагер» бағдарламасының жалпы принциптері. Бағдарламаның әр тоқсан тақырыптарын өздері таныстыру.

Бағдарламаның басты темірқазығы – балаларға домбыра үйрету арқылы олардың жалпы халық өнеріне деген ынтасын арттыру. Домбыра тарту барысында біз халықтың музыка педагогикасына арқа сүйеді. Ол домбыраның басты буындарын мен қағыс түрлерін көзбен көріп күйдің алуан саз иірімдері құлақпен түйсіну сияқты домбыраны нотасыз үйрету әдістемесін негізделген. Сондықтанда тек қана дәстүрлі әдістемеге арқа сүйеу халхымыздың импровизация қана дәстүрлі әдістеме қайта тірілтіп, ұлттық музыкалық психологияның жаңғыртуына әкеліп соғары сөзсіз.

Домбыра үйретудің дәстүрлі халық әдістемесіне зер салыл қарасақ, әрбір шәкірт ұстазымен жекеше түрде дайындалып соңына еріп бастаса алған. Ал бала саны жиырмадан астам сыныпта бұл методикамен жұмыс істеу өте қиын. Сондықтан «Мұрагер» бағдарламасы балалардың санына қарамай кез келген санына қолдана беруге болатын домбыра тартып үйретудің коллективті түрде жаңа нотасыз әдістемесін ұсынады , Бұл арада біздің бағдарламыз қазақтың дәстүрлі педагогикамен европалық үрдістерге құраған, асал жерлері біліне бастаған кәзіргі музыкалық педогогкасының арасына жол тауып отыр Өзіндік бақылау сұрақтары: Бағдарламалардың әр тоқсан тақырыптарын ашуМузыка сабағында мұғалімнің көркемдік коммуникативті іс-әрекеті.

2. Музыка мұғалімінің оқушылармен эмоционалды рухани байланысына жетудегі қатынас тәсілдері.

3. Музыка сабақтарында, сыныптан тыс және мектептен тыс музыкалық тәрбиені жүзеге асыруда педагогтың көркемдік- ұйымдастырушылық іс-әрекеті.

"... Мектептің жаны - мұғалім. Мұғалім қандай болса, һәм мектебі сондай болмақшы. Яғни білімді болса, білген білімін басқаға үйрете білетін болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы" - деп ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсынов айтқандай, мұғалім еңбегіне болашақ ұрпақтың білім алу сапасы тәуелді.

Білім берудің мазмұны өте күрделі және көп жақты ұғым. Білім берудің мазмұны қоғамның экономикалық және ғылыми - техникалық даму қажеттіліктеріне байланысты қарастырылады. Білім берудің, оқытудың мазмұны оқушылардың ақыл - ойының, дене күш - қуаттарының жан - жақты дамытуымен, дүниеге ғылыми көзқарастарының қалыптасуымен және олардың өмірге, еңбекке деген дайындығының қажетті негіз болатын білімдері, іскерліктері көлемімен анықталадыҚай сынып, қай сабақта болмасын музыкалық материалды оқытқан кезде музыканың мазмұнын (мазмұндық образдарды) негізге алып, түсінуді, ынта -ықыласты, сезімдік құбылыстарын да соған бағыттау керек. Өлең, сурет, қимыл (би) және т.б. құралдар көмекші қызмет атқармақ.

Музыкалық білімді кең мағынада қарастырсақ, ол музыкалық шығарманың мазмұны мен талдауына қатысты мәселелердің барлығын қамтиды. Бұл жұмыстар, әрине, музыкалық шығарманы талдаумен тығыз байланыста қарастырылып, үйрену барысында бірден - бір мақсатқа айналып қана қоймай, музыканың мазмұнына неғұрлым терең бойлауға игі ықпал етуге тиіс. Бұл үшін мұғалім ертеңгі мектепке дайын болуы тиіс және күні бұрын нақтылы білім қорын жинауы керек.

Өзіндік бақылау сұрақтары:

1. Музыка мұғалімі қандай орындаушылық іс-әрекеттермен айналысады?

2. Әнді үйретудің қандай әдіс-тәсілдері бар?

3. Музыкамен қимылдау, балалар аспаптарында ойнауда қандай іс-әрекеттер жүзеге асады?

4. Музыка сабағында мұғалімнің көркемдік коммуникативті іс-әрекеті.

5. Музыка мұғалімінің оқушылармен эмоционалды рухани байланысына жетудегі қатынас тәсілдері.

6. Музыка сабақтарында, сыныптан тыс және мектептен тыс музыкалық тәрбиені жүзеге асыруда педагогтың көркемдік- ұйымдастырушылық іс-әрекеті.

.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!