Мектеп
жасына дейінгі балалардың музыкалық – ырғақтық қабілетін дамытуда
дәстүрден тыс әдіс – тәсілдерді
қолдану
Музыка - ерекше қарым - қатынас мәдениеті, ерекше тіл.
Музыкалық қабілет - адам мен музыканың
психологиялық байланысы. Дарынды адамдардан “музыкаға әуесқой”
адамдар басым және оны дамытуға болады. Оған музыкалық есту сезімі,
музыканың сұранысы, музыкалық белсенділігі және мәнерлеп
орындаушылығы жатады.Музыкалық есту қабілеті ән - күйдің мазмұнын,
көркем ойын түсінуге, оны сезіммен қабылдауға, ырғақтық, формалық
стилін анықтауға негіз болды. “Туғанда дүние есігін ашады өлең”, -
деп данышпан Абай атамыз жазып кеткендей, бала шыр етіп дүние
есігін ашқын сәтінен бастап, өмір бойы ән ырғағына
бөленіп жүреді. Ең алғашқы анасының әлдиі, бесікке таянып айтқан ананың бесік жыры бөбектің жанын тыныштандырып тәтті ұйқыға кетуіне әсер етеді.
Әннің ырғағын дәл сезіне білу үшін балалармен музыкалық - ырғақтық
ойындар, шығармашылық үрдістерді көрсетіп, тұрақты еткізіп тұру
сөзсіз нәтиже береді. Оқу қызметі кезінде музыка тыңдау, ырғақтық
қимылдар жасау, шығармашылық тапсырмалар орындау, баланың ой -
қиялын шыңдайды.
Балабақшада тәрбиеленетін бүлдіршіндерге
музыканың алатын орны ерекше. Әр оқу іс - әрекетте түрліше
тәжірибелерді қолдана білуі қажет. Дәстүрден тыс әдістерді
пайдалану оқу іс - әрекетті одан әрі жандандыра түседі. Менің алған
шығармашылық бағытым: “Мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық -
ырғақтық қабілетін дамытуда дәстүрден тыс әдіс - тәсілдерді
қолдану”.
Мақсаты: Музыкалық өнердің ықпалы арқылы баланың музыкалық
ынтасын, қабілетін, музыкаға эстетикалық көз қарасын дамыту. Сахна
мәдениеті қалыптасуын дамыту.
Міндеті: Есте сақтау, ән айту қабілеттерін жетілдіру. Әртүрлі ырғақтық - музыкалық ойындар арқылы музыкаға деген қызығушылықтарын
ояту.
Шығармашылық
бағытымның
өзектілігі.
Мектеп жасына дейінгі балалардың ырғақ сезімін
дамыту бойынша жұмыстың дәстүрлі емес әдістері мен тәсілдері арқылы
балалардың қызығушылықтары мен музыкалық қабілеттерін оятуға
болады. Музыкалық ырғақтарды тез әрі жылдам меңгере алады, сахна
мәдениеттері қалыптасады.
Музыка оқу қызметіне менің қолданатын әдіс - тәсілдерім:
-
музыкаграмма
-
заманауи үлгіде АКТ мультимедиялық құралдар пайдалану.
-
музыкалық - ырғақтық, қимылды - қозғалыс ойындары
-
дәстүрлі емес әдіс бойынша әртүрлі заттар (қасық, пластмасса, қағаз, т.б.) оркестр
Музыкаграмма - музыканы тыңдаудың, түсінудің ерекше түрі (ауада ырғақтың суретін салу) және де балалардың музыкалық қызығушылығын арттырып,
есте сақтау қабілетіне орасан зор әсер етеді. Сонымен қатар қол
моторикасын дамытады.
Оркестр - жалпы музыкалық шығарманы түрлі
аспаптарда қосылып орындайтын музыканттар ұжымы. Дәстүрлі емес әдіс
бойынша оркестрде ойнау балаларға тіптен қызығырақ. Себебі,
күнделікті өмірде қолданып жүрген заттармен әнге қосылып әдемі дыбыс шығару балалардың назарын аударады. Мысалы: қасықпен, стақанмен тіпті
қарапайым қағазбенде оркестр құруға болады.
Музыкалық - ырғақтық қимылды ойындарды балалар
тіптен жақсы көреді. Оларға күнделікті оқу қызметі кезіндегі
ойындар жеткіліксіз, өтіп жатырған оқу қызметі емес ойнаған
ойындары, тыңдаған әндері естеріндегі қалады. Сонымен қатар,
музыкалық - ырғақтық қимылдар баланың жеке басының еріктік,
әсерлік, танымдық қабілеттерін де дамытады. Сол себепті баланы
музыкаға баулу үшін әр минутын қызықты қылып өткізу менің педагог
алдындағы міндетім. Әр оқу қызметі кезінде барынша балаларға
жаңадан музыкалық - ырғақтық қимылды ойындар ойнатуға тырысамын.
Музыкалық - ырғақтық қимылды ойындар: “Көңілді орындық”, “Көңілді
танысу”, “Аяқ іздері”, “Сиқырлы дыбыс”, т.б.
Қорыта келе, балаларды дәстүрден тыс оқыту, оқытудың жаңаша тұрғысынан ойластырылған система, көзбе - көз оқуға деген қызығушылықтың
дамуы, тәрбиеленуі және ойнай отырып жетілуі. Баланы тәрбиелеуде
музыка үлкен рөл ойнайды, музыканы тыңдап өскен баланың жаны сұлу
болып өседі.