Материалдар / Музыкалық бағыттар мен аспаптар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Музыкалық бағыттар мен аспаптар

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға көмегі мол. Музыкалық аспаптар туралы мәліметтер бере отырып, пәнге деген қызығушылығы артады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Қаңтар 2019
2172
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

САБАҚ: Қазақ тілі

«Қ. Шаңғытбаев атындағы ЖОББМ» КММ

Күні: 06.07.2018ж

Мұғалімнің аты-жөні: Жалмұхамбетова Қ.Н.

Сынып: 7

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім тақырыбы

Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы / Музыкалық бағыттар мен аспаптары

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Ж2. Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып жазу.

ӘТН1. Жалғаулар мен шылаулардың ерекшелігін ескере отырып, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазу

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар
Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып жазады;
Үндестік заңын біледі

Көптеген оқушылар
Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай шағын мақала, нұсқаулық, әңгіменің стильдік ерекшеліктерін айырады;
Жалғауларды үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жалғап жазады
Кейбір оқушылар
Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып жазады.
Жалғаулар мен шылаулардың ерекшелігін ескере отырып, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазады

Бағалау критерийлері

Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып жазу.
Жалғаулар мен шылаулардың ерекшелігін ескере отырып, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазады

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология:
Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:
домбыра, асатаяқ, қобыз, жетіген, желбуаз, ұран, даңғыра, уілдек, сылдырмақ т.б
Оқушылар: жаңа сөздерді жазба жұмысында қолдана алады
Пән лексикасы және терминология: стиль, мақала, нұсқаулық, әңгіме, үндестік заңы, орфография т.б

Пәнаралық байланыс:

музыка

Ұлттық құндылықтар

Өз халқының мәдениеті мен тіліне деген құрмет

Мектеп құндылықтары

Өзіңе және қоршаған ортаға деген сыйластық; оқушылардың өз бетімен білім алуына қажетті дағдыларды қалыптастыру.


Осыған дейін меңгерілген білім

Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы





Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы
9 минут


Қызығушылықты ояту, сабаққа болжам жасау.

Оқушылар үстел үстінен өзіне ұнаған ұлттық аспап суретін алады. Содан соң сынып қабырғаларынан сол суреттің анықтамасын іздейді. Сыныпқа таңдаған аспабын түсіндіреді. Балалар сабақ тақырыбын болжайды.

Суреттер:


Shape1



Shape2

Сынып қабырғасындағы анықтамалар:

Домбыра  қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Ол – қазақтар өмірінде маңызды орын алатын, өзіндік музыкалық сипаты бар аспап. Алғаш эпикалық дәстүр шеңберінде жыр, толғау, термелерді сүйемелдеуге қолданылған домбыра кейін аспаптық шығарма – күй жанрының қалыптасуына ықпал еткен.
Асатаяқ - қазақ халқының ежелгі музыкалық аспабы. Асатаяқты абыздар мен бақсылар ұстанған. Әдетте, олар асатаяқты қылқобыз бен даңғыраның үніне қосып қолданатын болған.

Қобыз - таңқаларлық пішінді және ғажайып сазды, бай тембрлі аспап. Кобыз ен коне аспаптардын бірі.
Жетіген – ескі жеті ішекті дыбысты аспап, түрі гуслиді немесе жатқан араны еске салады.

Желбуаз – үрмелі аспаптар тобына жататын, ерте заманнан келе жатқан ел көзіне еленбеген көне музыкалық аспаптың бірі. Аспап иленген мал терісінен жасалады. Сырт көрінісі меске ұқсас.

Ұран – жауынгерлердің қолданған, үрмелі музыкалық аспабы. Ертеде үрмелі аспаптарда ойнауға арналған саңылаулары болмаған, сол себепті ұран тек дабыл дыбыстарын беруге арналған.

Даңғыра — қазақтың көне ұрмалы-сылдырмақты, қатты дыбысты музыкалық аспап. Бұл бір жағы терімен қапталған, ішкі жағынан темір алқалар, сақиналар мен сылдырмалар ілінген дөңгелек шығыршық. 
Уілдек - ауызбен үрлеп ойнайтын қазақтың қыштан жасалған аспабы.
Сылдырмақ – сілкімелі музыкалық аспап. Бұл аспап тұтасымен қола, мыс, жез секілді металдар мен шырша, емен, үйеңкі сияқты ағаштардан жасалады.

Кері байланыс:
* Оқушылар сабақ тақырыбына болжам жасайды:
* Қазақтың ұлттық аспап түрлерімен танысады

https://www.google.kz/search?q=%D0%B0%D1%81%D0%B0%D1%82%D0%B0%D1%8F%D2%9B&espv=2&biw=1366&bih=662&source=lnms&tbm=isch&sa=X&ved=0ahUKEwj9qfbEp57SAhWD_iwKHTquC7gQ_AUIBigB#tbm=isch&q=%D1%83%D1%96%D0%BB%D0%B4%D0%B5%D0%BA&imgrc=hPoG5x-cktIOUM:





https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D1%81%D0%B0%D1%82%D0%B0%D1%8F%D2%9B

Сабақтың ортасы

4 минут













1 минут




4 минут





























15 минут












5 минут

























5 минут

Сұрақтар:
1. Үндестік заңы дегеніміз не?
Жоғарыда келтірілген ұлттық аспап атауларына үндестік заңына сай жалғау жалғап көріңдер (домбыра - ға, домбыра –лар т.б)
2. Мақала деген не, ол қалай жазылады?
3. Нұсқаулық деген не, ол қалай жазылады?
4. Әңгіме туралы не білеміз?
Кері байланыс:
* Үндестік заңын еске түсіру:
* Мақала, нұсқаулық, әңгіме жанрлары туралы ойлары тыңдалады.

Үстелге тапсырмалар қойылады. Оқушылар өз қалауымен тапсырма таңдайды. Сол тапсырмалар түріне орай үш топқа топтасады.
Топтарға тапсырма ұсынбас бұрын 1- топқа мақала туралы, 2-топқа нұсқаулық туралы, 3-топқа ертегі әңгіме туралы нұсқау-ережелер таратылады. Олар топта талқылай отырып, нұсқау-ережені түсінеді. Содан соң тапсырма беріледі:
1-топ:
Мақала - коғамдық-әлеуметтік мәселелер туралы жазылған публицистикалық жанрдағы шығарма.
Публицистикалық мақала қоғамдық-әлеуметтік және саяси маңызы зор оқиғалар мен құбылыстарды, дәуір тынысын көтеріңкі үнмен, көркем тілмен баяндайды.
2-топ:
Нұсқаулық - әлденені орындау, жүзеге асыру тәсілі мен тәртібін бекітетін тәртіптер жинағы, жалпы алғанда нұсқау.
3- топ:

Әңгімеәдебиетте — оқиғаны қара сөзбен баяндайтын шағын көркем шығарма жанры. Әңгіменің жанрлық ерекшеліктері оқиғаны баяндау тәсілі, композициялық, сюжеттік құрылысы, көркемдік жүйесі арқылы айқындалады. Әңгіменің көлемі шағын, кейіпкерлер саны аз, сюжет ұйытқысын құрайтын оқиғаның басталуы, шарықтау шегі мен шешімі болады. 

«Таныстыру» әдісі.
Тапсырма:
1-топ: Шетелдік қонақтарға қазақтың ұлттық саз аспаптары сыбызғы, кепшік, домбыра, асатаяқ, қобыз, жетіген, желбуаз, ұран, даңғыра, уілдек, сылдырмақ т.б аспап атауларын таныстыру мақсатында және күйлерінің шығу тарихы туралы топта шағын мақала жазыңыздар. (Қазақтың халық музыка аспаптар мұражайына саяхатты алуға болады)

2-топ: Белгілі бір аспапта ойнау (қалай отыру, аспапты қалай ұстау т.б) туралы нұсқаулық жазыңыз.

3-топ: Ұлттық аспаптар домбыра, қобыз, сыбызғы, даңғара, үскірік, кепшік, шаңқобыз, жетіген туралы шағын әңгіме ертегі құрастырыңыз.

Үш топ жұмысты орындап болған соң, сағат тілімен карусель әдісімен келесі топ жұмысымен танысып, одан соң үшінші топ жұмысымен танысып, топтарына оралады. Орфографиялық норма бойынша жазылым жұмыстарындағы қолданылған шылаулар мен қосымшаларды ажыратып, үндестік заңдылығына сәйкестігін бір-бірінің жұмысынан тексереді.

Кері байланыс:
* Оқушылар нұсқаулық, мақала, әңгіменің анықтамасымен танысады:
* өздері критерийге сай мақала, әңгіме, нұсқаулық жазып шығады;
* үндестік заңын басшылыққа ала отырып, бір-бірлерінің жұмыстарына баға береді.

Әр топ жазба жұмыстарынан түйгендерін, яғни әр стиль бойынша анықтамалықты салыстыру кестесіне түсіреді.

Салыстыру кестесі



Мақала

Нұсқаулық

Әңгіме

Стильдік ерекшелігі






https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D0%B0%D2%9B%D0%B0%D0%BB%D0%B0

https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9D%D2%B1%D1%81%D2%9B%D0%B0%D1%83%D0%BB%D1%8B%D2%9B

https://kk.wikipedia.org/wiki/%D3%98%D2%A3%D0%B3%D1%96%D0%BC%D0%B5



















Сабақтың соңы Рефлексия
3 минут







Сабақтың соңында оқушылар:

Үйренгендері туралы ойланады

1.Менің түсінгенім...

2.Менің үйренгенім...

3.Менің ұсыныстарым...
Бағалау. Топтар бір-біріне комментарий айтады, бағалау критерийіне сай бағалайды.

Бағалау критерийлеріне сай бағаланады.


Бағалау критерийлері


«+»; «-»

-1

Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып жазу.


2

Жалғаулар мен шылаулардың ерекшелігін ескере отырып, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазады








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!