Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Музыкалық дидактикалық ойын арқылы балалардың музыкалық қабілеттерін дамыту
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Түйіндеме
Мектепке дейінгі балалардың музыкалық қабілеттерін қалыптастырудағы дидактикалық ойындардың маңыздылығын айқындау негізінде әдістемелік нұсқаулар ұсынылған.
Значимость дидактических игр в формировании музыкальных способностей учащихся дошкольного обучение и методических рекомендации.
Аты-жөні,әкесінің аты: |
Мекен-жайы: |
Жұмыс орны, қызметі: |
Электронды пошта, телефон номері: |
Палманова Жадыра Сламбековна |
Қызылорда қаласы, Белкөл кенті, М.Есмаханов 27 |
№2«Нұршұғыла жеке мектепке дейінгі мекеме» |
zhadira.91kz@mail.ru 8 775 181 16 75 |
Мектепке дейінгі балалардың музыкалық қабілеттерін дамытудағы
дидактикалық ойындар маңызы
Ойын дегеніміз ұшқын, білімге құштарлық пен еліктеудің маздап жанған оты.
В. М. Сухомлинский
Мектепке дейінгі балалардың жан-жақты дамуы үшін ойынның рөлі өте зор және маңызды. Ойын – жалпы адамзат мәдениетінің бірегей феномені және оның қайнар көзі мен шыңы десек те болды. Мәдениет феномені ретінде ойын оқытады, дамытады, тәрбиелейді, әлеуметтендіреді, көңіл көтертеді, дем алдырады, тынығады, сонымен қатар, ол сықақтап, күлдіріп, кез-келген әлеуметтік мәртебенің шартты екендігін көрсетеді. Ұлы педагог В.Сухомлинский ойынша «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз, қиялсыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды» дейді, демек балалармен әр түрлі ойындар ұйымдастыра отырып, бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерді тәрбиелеуге болады. Ал балаларды өзің қоршап тұрған ортамен таныстыру, тіл дамыту, табиғатпен таныстыру, бейнелеу өнері сабақтарында жанды-жансыз табиғатқа деген сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты адамгершілік сапалары қалыптастырылады. Ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті болып саналады. Сұлтанмахмұт Торайғыров «Балалықтың қанына ойын азық» деп бекер айтпаса керек. Ойын үстіндегі баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығушылығы анық байқалады. Баланың өмірге қадам басудағы алғашқы қимыл-әрекеті – ойын, сондықтан да оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы философы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас баланың өмірді танып білуі, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады.
Ойын әрекеті бұл балалардың ойын үрдісінің өңдірілуіне, белсенді ат салысуы, ойынды неғұрлым қызықты өтуіне тікелей байланысты.
Дидактикалық ойындардың жүйелі қолданылуы жақсы нәтиже береді. Дидактикалық ойын – баланың қызығушылығын арттыруға негізделген оқыту тәсілдерінің бірі. Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын баласы екенін ескере келе, дидактикалық ойындардың жүйелі қолдана отырып жақсы нәтиже береді. Дидактикалық ойындарды пайдалану мәселесі туралы педагогикалық теорияда кеңінен қарастырылған. Атап айтсақ, Ахметов С., Алдабергенов А., Ахметов Н.К., Хайдаров Ж.С., Кларин М.В., Қайырбекова А., Төлтаева Г., Әбселемова А., Әбішова А. т.б. ғалымдар дидактикалық ойындардың маңызын, түрлерін қолдану жолын көрсеткен. Педагогикалық процесте ойын балалар іс- әрекетінің басқа да түрлерімен, бәрінен бұрын еңбекпен, оқу үстіндегі оқытумен өзара тығыз байланыста
болады. Ойын құрылымы ойын міндеттерінен, балалардың ойын әрекеттерінен тұрады. Дидактикалық ойындар оқытудың ойын әдісі ретінде екі түрде қарастырылады: ойын –сабақтар және дидактикалық және автодидактикалық ойындар. Бірінші жағдайда жүргізуші рөлі тәрбиешіге тиесілі, өиткені балалардың сабаққа қызығушылығын көтеру үшін әртүрлі ойын тәсілдерін қолданады, ойын жағдайын жасайды, жарыс элементтерін енгізеді және т.б. Ойын әрекетінің әртүрлі компоненттерін сұрақтармен, нұсқаулармен, түсіндірулермен, көрсетулермен сәйкес қолдану. Ойын екі міндетте жүреді: дидактикалық және ойындық қарым - қатынас көрсету арқылы оқыту мен ойын бір - бірімен ажырамай байланысты екенің көреміз. Дидактикалық ойын кезінде баланың тілегін, ықыласың арттырып, ойын белсенділігін арттыру. Ойынның мазмұны, ойын ниеті, ойын іс-әрекеті мен қағидалары бір-бірімен тығыз байланысты. Дидактикалық ойын практикалық қызметіне құрылады, яғни балалар алған білімдерін сабақтарда, өмірлік жағдайлар алуан түрлі қолдану өздерінің музыкалық қабілеттерін, оларды жандандыру жұмсайды. Бұл ретте қандай да бір кемшіліктер мен қиындықтарды, сыналатын балалар. Ойын балаларды байқағыштыққа, белсенді тыңдауға, зейін шоғырлануына әсер етеді.
Барлық дидактикалық ойындарды үш негізгі топқа бөлуге болады:
1. Заттық дидактикалық ойындар (ойыншықтармен, табиғи заттармен);
2. Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар;
3. Сөздік дидактикалық ойындар.
Заттық дидактикалық ойындарда ойыншықтар мен нақты заттар қолданылады. Олармен ойнап, балалар салыстыруды үйренеді, заттардың ұқсастығы мен айырмашылығын белгілейді. Бұл ойындардың құндылығы сонда, балалар олардың көмегімен заттардың қасиеттерімен, олардың белгілерімен: түсі, көлемі, пішіні, сапасымен танысады. Ойындарда салыстыруға, классификациялауға тапсырмаларды шешеді, тапсырмаларды шешуде реттілікті белгілейді. Балалармен заттық орта туралы жаңа білімді меңгеру шамасы бойынша ойындарда тапсырмалар күрделенеді: балалар қандай да бір қасиетімен затты анықтауға жаттығады, дерексіз, логикалық ойлауды дамыту үшін маңызды, заттарды осы қасиеті бойынша (түсі, пішіні, сапасы, міндеті және т. б.) біріктіреді.
Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар – балаларға арналған қызық сабақ. Түрлері бойынша олар әртүрлі: сыңар суреттер, лото, домино. Ойындарды ойнаған кезде шешілетін тапсырмалар да әртүрлі. Суреттер сыңарын табу ойындары. Мұндай ойындағы ең қарапайым тапсырма – алуан түрлі суреттерден бірдей сыңарларын: түстері, үлгілері және т. б. бірдейлерін табу. Содан соң тапсырма күрделенеді: бала суреттерді тек қана сыртқы белгілерімен ғана емес, сонымен бірге мағынасы бойынша да біріктіреді, мысалы: барлық суреттердің ішінен екі ұшақты табу. Суретте бейнеленген ұшақтар, түсі, пішіні бойынша әртүрлі болуы мүмкін, бірақ оларды ұқсатып заттардың бір түріне жатқызып, біріктіреді.
Сөздік ойындар ойнаушылардың сөздері мен әрекетінен тұрады. Мұндай ойындарда балалар заттар туралы түсініктеріне сүйеніп, олар туралы білімдерін тереңдетіп үйренеді.
Балалар өздігінен түрлі ойлау тапсырмаларын шешеді: олардың сипаттамалық қасиеттерін бөліп, заттарды суреттейді; суреттеу бойынша табады; ұқсастық және айырмашылық белгілерін табады; әртүрлі қасиеттері, белгілері бойынша заттарды топтайды. Бұл дидактикалық ойындар барлық жастағы топтарда өткізіледі, әсіресе балаларды мектепке дайындауға мүмкіндік беретін, мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытуда ерекше маңызды: педагогты мұқият тыңдай білуді дамытады, қойылған сұраққа жылдам жауап табады, өз ойын дәл және анық тұжырымдайды, қойылған тапсырмаға сәйкес білімді қолданады. Сөздік
Дидактикалық ойын түрлі
қиындықтарды, музыкалық қабілеттерін дамытудағы таптырмайтын құрал
болып табылады. Дидактикалық ойынды ұйымдастыра келе, педагог
оқушыларға қолайлы жағдай, жеке қарым - қатынас реттеп, балаларға
даму деңгейін көтеріп, музыкалық қабілетін арттыру қажет.
музыкалық-дидактикалық ойындардың түрлерін анықтай отырып , яғни әр
түрлі позицияларға жіктеледі. К. Тарасова музыкалық-дидактикалық
ойындар мына позицияларға жіктеген:
1.Сюжеттік-рөлдік;
2.Үстел;
3.Жылжымалы
Әр ойын өз міндетіне
бағытталған. Мысалы, қабылдау, әр түрлі қасиеттерінің дыбыс
биіктігін, тембр қарқыны мен ырғағы қызықты, көркем безендірілген
музыкалық-дидактикалық ойындарды тудырады. Балаларда эмоциялық әсер
қалдырады. Сюжеттік-рөлдік ойындар – бұл музыкалық-дидактикалық
ойындарда белгілі бір сюжеті мен рөлін сомдайтын ойындарды айтамыз.
Мысалы, "Күн және бұлт", "Көңілді поезд".
Үстелдік ойындар – бұл ойындар шектеулі кеңістікте пайдалана
отырып, көрнекі құралдар арқылы өтетін ойындарды айтсақ болады.
Л.Н.Комиссарова П. Костина үстел музыкалық-дидактикалық ойындар
төрт түрге бөлді
1.Балалардың дыбыс естуін
дамыту ("Әткеншек", "Құбыр");
2. Ырғақтық сезімді дамыту ("Қораз", Тауық пен балапан", ;.
3. Дамыта оқыту тембрлік естуді оқыта отырып дамыту ("Тауып көр?",
"Музыкалық аспаптар");
4. Динамикалық естуді дамытатын ойындар "Қатты – ақырын", "ең
зейінді").
Қозғалмалы ойындар – хор мен айтылатын әндер, элементтерімен жарыс
". музыкалық-дидактикалық ойындардың міндеті балалардың ойын
өрістету.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Ветлугина Н.А. Музыкальное
развитие ребенка. – М.,1968
2. Кононова И.Г. Музыкально-дидактические игры для
дошкольников. – М.,1982
3.Теплов Б.М. Психология музыкальных
способностей. – М.,1961