Материалдар / Музыкалық дидактикалық ойындар

Музыкалық дидактикалық ойындар

Материал туралы қысқаша түсінік
Музыканы эмоционалды көңіл-күймен қабылдау арқылы, музыкалық дидактикалық ойындармен балалардың ой-өрісін дамытып, түрлі сипаттағы әуендерді ажыратуға үйрету.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Менің педагогикалық ұстанымым:

«Үнемі жаналыққа ұмтылып, өз әдістемелік

шеберлігімді, тәжірбиемді жетілдіру»

Армысыздар, құрметті әріптестер! Мен Абуева Гульжахан Амиркешқызы «Жұлдыз» бөбекжай-балабақшасында музыка жетекшісімін.

«Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды», деп дана халқымыз бекер айтпаса керек. Еліміздің білім саласында жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты ой-өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, дүниетанымы жоғары, жан-жақты қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу. Жаңа заман баласы – ертеңгі еліміздің болашағы. Бүгінгі заманның талабына сай зерделі, ой- өрісі жоғары, дамыған азаматты қалыптастыру жөніндегі мемлекетіміздің стратегиясын жүзеге асыру- біздің ең басты міндетіміз болып саналады.

Педагогикалық идея

Тақырыбы: «Музыкалық дидактикалық ойындар»

Балалардың өзіндік музыкалық қызметін дамытудың маңызды құралдарының бірі - музыкалық дидактикалық ойындар болып табылады.

«Баланың ынтасын тарту үшін оқылатын нәрседе бір жаңалық болу керек!»-деп жазады Ж.Аймауытов. Музыкалық дидактикалық ойындар музыка жетекшілерінің ұйымдастырылған іс-әрекетін түрлендіріп, мазмұнын байыта, көркемдей түседі. Ойындар балалардың бойындағы музыкаға деген қызығушылығы мен құмарлығын оятады, балалық қиялдарын қозғап, түсініктерін кеңейте түседі. Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, оларды әдемілікке, музыкалық үндестікке баулиды.

Мақсаты: Музыканы эмоционалды көңіл-күймен қабылдау арқылы, музыкалық дидактикалық ойындармен балалардың ой-өрісін дамытып, түрлі сипаттағы әуендерді ажыратуға үйрету.

Міндеттері:

Балаларға музыканың күшін, биіктігін, тембірін ұзақтығын, сипатын сезіндіре отырып ұғындыру. Музыкалық дыбыстарды тыңдату арқылы музыканы дұрыс қабылдау және сезіну қабілеттерін дамыту. Балаларды музыкалык аспаптарға құрмет көрсетуге тәрбиелеу.


Өзектілігі:

Бала өмірінің алғашқы мектепке дейінгі кезеңі оның өсіп жетілуіндегі ең жауапты кезең, бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Бұл кезде баланың ақыл-ой қабілеті, қасиеттері және эстетикалық сезімдері қызықты, мазмұнды, ойын процесінде жан-жақты қалыптасады.

Музыкалық дидактикалық ойындарды қолдану: мектеп жасына дейінгі балалармен жұмысқа музыкалық ойындарды қосу әдістері мен тәсілдері.  Баланың негізгі қызметі – ойын. Музыкалық дидактикалық ойындарды қолдану кезінде әндерді жаттап, музыкалық шығармаларды тыңдап, музыканың сүйемелдеуімен белсенді ойын ойнап, қуыршақ театрын және тағы басқаларын өткізу керек. Музыкалық ойындардың мазмұнын жан-жақты ету үшін жұмыс барысында жарқын суреттерді, ойыншықтарды, көңілді әуендерді қолданып, бұлар баланы қозғалысқа ынталандырады.

Аннотация

Балалардың бойындағы ашылмай жатқын асыл қасиеттерін ояту, менің басты міндетім болып саналады. Осы маңызды міндеті орындау үшін баланың музыкалық қабілеттірін түрлі тәсілдермен дамытудамын. Бала музыканы ойын арқылы қабылдайды. Сондай-ақ балада музыка өнеріне деген қызығушылық пайда бола бастайды. Осы арқылы бүлдіршіндерде шығармашылық қасиеттер оянады. Ең ұтымды да тиімді тәсілмен музыкалық дидактикалық ойындарды жеткізу арқылы жас баланы өнер әлеміне сапар шеккіземін. Баланы эстетикалық және ақыл-ой тұрғысынан жетілдіре отырып, ой-қиялын ояту. Кішкентай да болса шығармашылық көріністермен барынша болса да ой-сезімдерін тәрбиелеу менің үлкен міндетім.

Музыкалық-дидактикалық ойындарды өткізу барысында балаларды өзбетімен әрекет етуге мүмкіндік беру керек. Балаға неғұрлым сенім артсаң, олар жұмысты еркін, дәл орындауға талпынады.



Аннотация

Моя главная задача как музыканта развить в детях те благородные качества, которые не раскрываются. Для выполнения этой важной задачи я развиваю музыкальные способности ребенка различными способами. Ребенок воспринимает музыку через игру. Также у ребенка начинает проявляться интерес к музыкальному искусству. Благодаря этому у малышей пробуждаются творческие качества. Направляю ребенка в мир искусства, через музыкальные дидактические игры самым интересным и доступным способом. Пробуждать воображение, совершенствуя ребенка с эстетической и умственной точки зрения.

В процессе проведения музыкально-дидактических игр необходимо дать возможность детям самостоятельно действовать. Чем больше Вы доверяете ребенку, тем больше они стремятся выполнять работу свободно, точно.


«Сазды отау» ойыны

Ойынның мақсаты: қазақтың ұлттық аспаптарының (домбыра, қобыз, асатаяқ, дауылпаз, қоңырау) тембрлік үн ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету.

Дидактикалық материал: қалталы киіз үйдің суреттері мен қазақтың ұлттық аспаптары бейнеленген карточкалар, сол аспаптардың үні жазылған үнтаспалар.

Ойынның барысы: музыка жетекшісі балаларға «сазды отауды» көрсетеді. Ол бұл киіз үйдің жәй үй емес, музыкалық сазды аспаптар тұратын отау екенін, егер жақсылап тыңдаса үйден қандай аспап үні естілетінін анықтауға болатынын түсіндіреді. Музыка жетекшісі ұлттық аспаптар әуенін алма-кезек тыңдатады. Бала аспапты атап, суретін киіз үйдің қалташасына салады. Келесі бала өз кезегінде өз түсінігін байқатады, ойын киіз үйдің қалташасы толып, нақты жауап берілгенше жалғаса береді.


«Әуенді сағат!» ойыны

Мақсаты: Үйренген ән, әуендерді есте сақтап, бекіту үшін қолданылады. Әртүрлі көңіл күйдегі әуендерді кіріспесінен немесе үзіндісінен табуға машықтандырады.

Шарты:Әртүрлі шығармадағы кейіпкерлер суреті салынған сағат бейнелі карточкалар беріледі. Жетекші таныс ән немесе әуенді тыңдатып, балалар «Әуенді сағаттан» сол әннің мазмұнын сай суреті сағат тілін қозғау арқылы тауып береді.



«Күн мен жаңбыр»



Қорытынды

Музыкалық-дидактикалық ойындарды ойнау, балалардың музыкаға қызығушылығын арттырады және музыкалық іс-әрекет түрлерін тез, әрі дұрыс үйренуге көмектеседі. Көрініс табады.

Ұйымдастырылған іс-әрекетінде музыкалық-дидактикалық ойындарды жүйелі түрде пайдалану-музыканы сипатына, көңіл-күйіне, динамикалық реңкіне қарай ажыратуды үйретеді. Бұл баланың өзіне-өзінің сенімін ұштап, шығармашылығын шыңдайды.


Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.Қазақстан Республикасы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы, 2020 жыл;

2. «Ойын арқылы оқыту технологиясын пайдалану жолдары» 2011 жыл;

3. «Музыкалық-дидактикалық ойындар» Г.Г.Корчевская, Т.Л.Гончарева, 2013 жыл;











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ