Материалдар / Н. Айтұлы Бәйтерек поэмасы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Н. Айтұлы Бәйтерек поэмасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қысқа мерзімді сабақ жоспары. Несіпбек Айтұлы "Бәйтерек" поэмасы . 9-сынып. Поэма - қазақ әдебиетінің сүбелі туындысы.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Шілде 2021
1777
3 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары: Ғ.Беласаров _________________


Пәні: қазақ әдебиеті

Мектебі: «Суындық » жалпы орта мектебі

Бөлім:

Мәңгілік Ел – мәңгілік мұрат»

Педагогтің аты-жөні:

Сайлауова Ақнұр

Күні:

15.0.2021ж

Сыныбы: 9 «А»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Н.Айтұлы «Бәйтерек» поэмасы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

9.1.3.1.Көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтау

Сабақтың мақсаты:

-шығарма идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтау


Құндылықтарға баулу:

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

7 мин.

Ұйымдастыру кезеңі:

(Ұ) Оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.

Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.

Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.

Сабаққа кіріспе


«Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын жалпы талқылау..Оқушылар пікірін толықтырады.

Өз ойымен бөліседі.



Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

«Бәйтерек» поэмасында автор қадірлейтін қандай қасиетті ұғымдар сөз болады? Ақынның қадірлейтін қасиетті ұғымдар

«Тіл», «Тәуелсіздік» «Бәйтерек» бойынша топқа бөлінеді.

Топтар «Тіл», «Тәуелсіздік» «Бәйтерек»туралы жазылған үзінділерді помадан табады.

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

26 мин.

1-тапсырма.

Кубизм

Оқушылар «Кубизм» стратегиясы бойынша шығармадағы кейіпкерлер жүйесін анықтау үшін мәтінмен жұмыс істейді. Кубиктің әр қырына Н.Айтұлының «Бәйтерек» поэмасындағы образдарды ашуға бағытталған тапсырмалар жазылады.

Жаттығуды орындау барысы: . Әр топ оқушыларына Н.Айтұлының «Бәйтерек» поэмасы бойынша тапсырмалар жазылған кубикті лақтырып, тапсырманы орындатқызады. Талқылауға ұсынылатын тапсырмалар:

Суреттеңіз. Елбасы бейнесі

Зерттеңіз. Бәйтеректі тақырып етіп алудағы ақынның мақсаты. Қазақ халқының өткен өмірі поэмада қалай көрініс тапқан?

Байланыстыр. Поэмадағы қазақ халқының өткен тарихы мен бүгінгі заманын салыстыр.

Қолданыңыз. Кейіпкер іс-әрекетіне байланысты қандай нақыл сөз, мақал-мәтел айтар едіңіз? Шығармадағы сөз кестелерін, ой айшықтарын тап.

Талқылаңыз. Азаттық, тәуелсіздік жайында

Салыстырыңыз. Н.Айтұлының «Бәйтерек» поэмасы мен Темірхан Медетбектің «Тәуелсіздік туралы жыр» өлеңіндегі ортақ идеяны салыстыр

1-тапсырма.



«Бәйтерек» поэмасы бойынша тапсырмалар жазылған кубиктегі тапсырманы орындайды.

Дескриптор: Жалпы -6 балл.

-Елбасы бейнесі суреттейді;1

-Бәйтеректі тақырып етіп алудағы ақынның мақсаты зерттейді1

- поэмадағы қазақ халқының өткен тарихы мен бүгінгі заманын салыстырады;1

- кейіпкер іс-әрекетіне байланысты нақыл сөз, мақал-мәтелді қолданады;1

- -азаттық және тәуелсіздік жайында талқылайды;1 -«Бәйтерек» поэмасы мен «Тәуелсіздік туралы жыр» өлеңіндегі ортақ идеяны салыстырады.1

Оқулық

Жұмыс дәптерлері,


2-тапсырма.Топтық жұмыс «Үш түрлі күнделік» әдісі


Шығармадан ерекше әсер еткен немесе ой салған үзінді

Жеке түсінік беру: бұл үзіндіні таңдауға қандай себеп болды? Осыған байланысты қандай сұрақтар туды?

«Мұғалімге хат»

(сұрақтар)






1-қадам. Мәтінмен танысады, өздеріне ерекше әсер еткен үзінділерді таңдаңдар.

2-қадам. Әсер еткен жолдарды жеке күнделікке толтырыңдар

3-қадам. Үзінділердің таңдалу себебін толтырып, түсінік беріңдер.

4-қадам. Сол үзінділерге байланысты туындаған сұрақтарды мұғалімге жолдап жазыңдар



2-тапсырма. «Үш түрлі күнделік» әдісі

Кестені қадамдар бойынша толтырады.

1-қадам. Мәтінмен танысады, өздеріне ерекше әсер еткен үзінділерді таңдайды.

2-қадам. Әсер еткен жолдарды жеке күнделікке толтырады.

3-қадам. Үзінділердің таңдалу себебін толтырады, түсінік береді.

4-қадам. Сол үзінділерге байланысты туындаған сұрақтарды мұғалімге жолдап жазады.



Дескриптор: Жалпы -4 балл



-ерекше әсер еткен үзінділерді таңдайды; 1

-таңдалу себебін толтырады, түсінік береді; 2

-туындаған сұрақтарды мұғалімге жолдайды.1







































Оқулық

Жұмыс дәптерлері

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.





«Аяқталмаған сөйлем» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Жеке жұмыс: - бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім.

- бүгін сабақта қуантқаны.....

- мен өзімді.....үшін мақтар едім.

- маған ерекше ұнағаны.....

- сабақтан соң маған........келді

- бүгін маған..........сәті түсті.

- қызықты болғаны.....

- ......қиындық тудырды.

- менің түсінгенім.....

- енді мен......аламын.

Мұғалім оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың!

Жақсы!

Талпын!

Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.



Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау



«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».



Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.

«Мадақтау сөз» әдісі. 1-10 баллдық жүйе бойынша бағаланады.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

1:

2:

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!