Н дыбысы мен әріпі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Н дыбысы мен әріпі

Материал туралы қысқаша түсінік
Н дыбысы мен әріпі түсіндірме жұмыстар жүргізу Н дыбысы мен әріпі түсіндірме жұмыстар жүргізу Н дыбысы мен әріпі түсіндірме жұмыстар жүргізу Н дыбысы мен әріпі түсіндірме жұмыстар жүргізу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқу  іс –әрекетін  ұйымдастырудың  технологиялық  картасы.

 

МАД

Тәрбиеші:

Уақыты:

Кабинет:

Тақырыбы

Н дыбысы және әрпі

Сабақтың мақсаты

Н дыбысын сөз ішінде дұрыс оқуға жаттықтыру, мақал-мәтел айтуға, оның мазмұнын ашып түсінуге, сонымен қатар қандай? сұрағына дұрыс жауап беруіне үйрету, адамгершілік тәрбие беру, сауатты жазу және оқуға дағдыландыру

Көрнекіліктер

Үлестірмелі суреттер, плакат кеспе әріптер, нан және нан өнімдері, нар, анар, науа суреттері, слайдтар мен флипчарттар, «Наубайхана» туралы видео.

Іс-әрекет  кезендері

Тәрбиеші  әрекеті

Балалардың   іс — әрекеті

       

 Психологиялық ахуалды қалыптастыру

 

 

 

Мен сендерді шаттық шеңберіне шақырамын. Кәнеки, былай деп айтайық:

Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Қабақ түйген не керек?

Көңілді боп жүрейік.

Балалар алдағы өтетін сабаққа дайындық жасайды.

Ұйымдастыру  іздестіру       

 Жаңа сабақ

 

 

 

 


«Ас атасы - нан» деген әңгімемен бастау
«Бірде Науан әжесіне еріп, егіс даласына келді. Ол шашақты басы иіліп тұрған бидай сабақтарын көріп, әжесінен:
—Мынау өсіп тұрған не? — деп сұрады.
—Наужан, бұл пісіп тұрған - нан, - деп, жауап берді әжесі.
—Нан болса, таба наны қайда?
—Таба нан да осы дәннің ішінде.
—Ал тоқаш ше?
—Ол да осы дәннің ішінде.
—Бауырсақ ше?
—Бауырсақ та дәнге сыйып тұр.
—Әже, кіп-кішкентай қауызды дәнге осынша көп нан қалай сыйып
тұр? — деп Науан таңғалды.
«Ас атасы — нан, нан атасы — дән» деген. Осынша мол дүние, тоқшылық әрбір дәннің ішінде, — деді әжесі.
Бұл жерде мұғалім оқушылардың назарын нан, дән деген сөздерге аудара отырып, дыбысының әрпімен таныстырады.
Баған түріндегі буындарды, сөздерді оқушыларға дауыстап оқытады.
Мұғалім оқушылардың суретке қарап, белгілі бір жүйемен әңгіме құрауларына басшылық жасайды. Мұнда да нанның қайдан келетіні жөнінде әңгіме болады.
«Наубайхана» туралы видео көрсету.
─ Наубайханада не дайындалады?
─ Наубайханада жұмыс жасайтын адамды қалай атайды?
─ Нан дастарханға қалай келеді?

Балалар  барлық  қимылдарды  тәрбиешіге  қарап, қайталайды. Берілген тапсырмаларды орындайды.

Сергіту сәті

«Күн мен түн».

Мақсаты: сөйлеу тілін дамыту, қажет ұғымды іздеуде зейінді ұмтылдыра білу.

Мазмұны: педагог сөз айтады, балалар оған мағынасы қарама-қармсы сөз айтады: «Күн-түн, тәтті – ащы және т.б.».

Оқушылар ойын ойнайды

 Рефлексивті — түзетушілік 

Мәтінмен жұмыс мынадай жұмыс түрлері жүргізіледі:
─ Хормен оқу
─ Тізбектеп оқу
─ Сөйлемдегі сөздердің санын анықтату.
Тапқышбектің тапсырмасын орындау.
Шарлардың топтамасындағы буындардан сөздер құрау.

Тапсырмаларды әр  бала  өз алдына ерекше орындады.

Күтілетін   нәтиже:

Білу

Тапсырма  мазмұнын  толық  есте  сақтады.

Өзіне үйренгені

Н дыбысын оқып,жаза алады

Үйрену 

 Сұрақтарға толық жауап беруге  үйрену.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.11.2021
348
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі