Материалдар / Н. Төреқұлов - қазақ халқының тұңғыш дипломаты.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Н. Төреқұлов - қазақ халқының тұңғыш дипломаты.

Материал туралы қысқаша түсінік
: Өткен ғасырдың басында ұлт үшін өлшеусіз қызмет жа-саған Алаш қайраткерлерінің бірі, тұңғыш қазақ елшісі Нәзір Төреқұлов ту-ралы жазылған материалдар бойынша оның қоғамдық саяси қызметін зерттеу, зерттей отырып, тарихымызды жете түсіну, Отанымыздың патриот ұлын оқушыларға таныту және үлгі-өнеге ету. Қалың қазақ еліне әлі де болса жақын таныс бола алмай келе жатқан қоғам қайраткері Нәзір Төреқұлов туралы жазылған әдебиетшілер мен журналистер, зерттеушілер еңбектерін зерделей келіп,оны жұмысымда көрсете білсем, оның есімі мектеп оқулықтарына қайта оралған ақтандақтармен қатар енгізілуіне ықпал болар еді
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
609
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ҚАСИЕТТІ ТУҒАН ЖЕР»





Өтініші

Облыс,аудан,қала,село(ауыл) атауы

Ақтөбе облысы,Хромтау ауданы,Хромтау қаласы

Білім беру мекеменің атауы

1Хромтау орта мектебі

Байқау мен номинацияның атауы

«Алаш зиялыларының ұлт мүддесі үшін жасаған ерен еңбектері»

Педагогтар үшін: қатысушының тегі,аты-жөні,лауазымы:

Медетова Ляззат Калжановна,тарих пәнінің мұғалімі

Телефоны,ұялы,е-mail

87058232150 medetova1974@bk.ru

3х4 фотосы





























Хромтау ауданы, Хромтау қаласы

1 Хромтау орта мектебі









Медетова Ляззат Калжановна

Тарих пәні мұғалімі


Бағыты: «Рухани жаңғыру: қасиетті туған жер»


Тақырыбы:


Н. Төреқұлов - қазақ халқының тұңғыш дипломаты



























Желтоқсан , 2017 ж.

Мазмұны

1. Аннотация..................................................................................................... 1

2.Кіріспе ............................................................................................................ 3

3.Негізгі бөлім

3.1. Н. Төреқұлов - қазақ халқының қоғамдық – саяси қайраткері,

тұңғыш дипломаты........................................................................................... 6

3.2. Халықтың қадірлі ұлы, белгілі қоғам қайраткері Н. Төреқұловтың 1920 – 1927 жылдардағы қоғамдық - саяси қызметі..................................... 10

3.3. Нәзір Төреқұлов – қазақтың тұңғыш дипломаты. 1928 – 1936 ж...........15

3.4. 1930-жылдардағы саяси қуғыншылық және Нәзір Төреқұлов ..............18

3.5. Оқушылар арасында «Н. Төреқұлов - қазақ халқының қоғамдық –

саяси қайраткері, тұңғыш дипломаты.» тақырыбы арқылы оқушыларға берілетін отансүйгіштікке тәрбиелеуге бағытталған тәжірибелік

эксперимент ...................................................................................................... 20

4.Қорытынды .................................................................................................... 23

5.Пайдаланылған әдебиеттер .......................................................................... 25

6. Пікірлер ......................................................................................................... 26





























Аннотация


Тақырыбы: Н. Төреқұлов - қазақ халқының тұңғыш дипломаты.

Зерттеу мақсаты: Өткен ғасырдың басында ұлт үшін өлшеусіз қызмет жа-саған Алаш қайраткерлерінің бірі, тұңғыш қазақ елшісі Нәзір Төреқұлов ту-ралы жазылған материалдар бойынша оның қоғамдық саяси қызметін зерттеу, зерттей отырып, тарихымызды жете түсіну,Отанымыздың патриот ұлын оқушыларға таныту және үлгі-өнеге ету.

Болжам: Қалың қазақ еліне әлі де болса жақын таныс бола алмай келе жатқан қоғам қайраткері Нәзір Төреқұлов туралы жазылған әдебиетшілер мен журналистер, зерттеушілер еңбектерін зерделей келіп,оны жұмысымда көрсете білсем, оның есімі мектеп оқулықтарына қайта оралған ақтандақтармен қатар енгізілуіне ықпал болар еді.

Зерттеу өзектілігі:Өмірі мен қызметі, қоғамдық саяси еңбектерінің құнды деректерін жинақтай келіп, уақыт өзгеріп, жаңарып жатса да «саяси тұрғыдан ақталмаған» есіл азаматымыздың - Н.Төреқұлов есімін тарату әр кезде өзекті. 1937 ж саяси қуғын - сүргінге ұшыраған, көп жылдар бойы есімі аталмай кел-ген, қоғам қайраткерінің тағдырын ақиқатты тұрғыдан бүгінгі заман талабына сай зерттеу қажет.

Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесі бойынша тарихи әдебиеттерді салыстыр-малы, жүйелі талдау,жіктеу және алынған дәйектерді қорыту әдістері қолданылды.

Жұмыстың маңыздылығы: XX ғасырдың басында қазақ халқы саяси аре-наға, азаттық пен тәуелсіздіктің күрес жолына, ағартушылыққа шақырған ірі қоғам қайраткерлерін шығарады. Ел арасынан өздерінің табиғи дарынымен, асқан білімділік деңгейімен, рухани парасатымен суырылып шыққан алаш азаматтары ұлт болашағы үшін жан аямай тер төгіп, бостандық пен бақытты өмір жаршыларының тұңғыш қарлығаштары бола білді. Сондай ірі қоғам қайраткері – Нәзір Төреқұлов туралы білу жас ұрпақ үшін маңызды.

Жұмыстың құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Қорытынды: Н.Төреқұловтың жүрген жолымен істеген істері қазіргі жастарды отансүйгіштікке тәрбиелейтіні сөзсіз. Н.Төреқұлов туған халқының мәртебесін тек өз жерінде, қала берді бұрынғы одақ көлемінде ғана көтеріп қоймады, оның атын дүниежүзіне әйгілі екендігін паш етті.











Кіріспе.

Қазақ халқының тарихында еліміздің, ұлтымыздың болашағы үшін күресіп, барынша тер төккен азаматтарымыз аз болмады. Дегенмен, ұлтының көсегесін көгертпек болған арыстардың есімі сол кездегі сұрқия саясаттың ықпалымен ұзақ жылдар бойы тасада қалып келді. Соның бірі – көрнекті қоғам қайраткері, қазақ халқының тұңғыш дипломаты Н.Төреқұлов. Көрнекті мемлекет қайраткері, дипломат, журналист, әдебиетші, ғалым Нәзір Төреқұловтың есімі шындыққа жүгінсек қалың қазақ жұртшылығына әлі де болса жақын таныс бола алмай келе жатқаны анық. Оған себеп: біріншіден, Нәзірдің қазақ топырағынан тыс жерде оқып, сырт жерде қызмет етуі; екіншіден, оның қазақ ұлтынан шыққан көптеген мемлекет,қоғам қайрат-керлерімен, тарихшы, әдебиетшілерімізбен бірге сонау 1937 жылы "халық жауы" деген жалған жалаға ілінеді де, ақ – қарасы тексерілместен атылып, қыршынынан қиылды, өте кеш ақталды, үшіншіден, осы күнге дейін Нәзірдің өмірі, қызметі, шығармашылығы арнайы қолға алынып, түбегейлі зерттелмеуі. [1] .Алпысыншы жылдарға дейінгі деректерде, құжаттардың көпшілігінде – Нәзірді қаралау, оны теріс қырынан көрсету бағытындағы жарияланымдар жарық көрді. Партия тарихының очерктерінде, естелік еңбектерінде де осылай жазылған. Міне , осындай, осы тектес пікірлердің бәрі де Нәзірдің ақтап, туған халқына тезірек оралтуға кедергі болды. Халқымыз оның ардагер ұлдарының бірі – Нәзір Төреқұловты күні кешеге дейін жоқтамапты. Есіл ер заман, уақыт өзгеріп, жаңарып жатса да, "саяси тұрғыдан ақталмаған" болып архивтерде шаң басып жата беріпті. Алайда бір нәрсенің басы ашық, Нәзір Төреқұлов туған халқының мәртебесін тек өз жерінде, қала берді бұрынғы Одақ көлемінде ғана көтеріп қоймайды, оның атын дүниежүзіне әйгіледі. Бұл – даусыз шындық. Тәуелсіздікке қол жеткен қазақ жұртына есімдері тарихта беймәлім болып келген алаш азаматтарының қайта оралуы халқымыздың са-на – сезімін бір сілкіндіріп, рухани өмірімізге өлшеусіз серпін бергені тарихи ақиқат. Бір туар ұлдарымыздың өмірі мен халық үшін атқарған қызметтерін жан – жақты терең зерттеу, олардың әрқайсысын халық арасында насихаттау – бүгінгі күн тәртібіндегі тұрған көкейкесті мәселе. Қандай жағдай болмасын тарихты жасайтын – адамдар, олардың қоғамдық – саяси қызметі. Сондай әділетсіздік аяғынан шалған аяулы азаматтарымыздың бірі- көрнекті мемле-кет қайраткері, алғашқы дипломаты , ғалым, пуплисцист, ақын, баспагер, “үлкен террор” құрбаны, көпқырлы дарындылығымен артына құнды мұра қалдырған Нәзір Төреқұлов. Қауымның санасын әдейі мәңгірттендіруге бағытталған осындай қаскүнем саясаттың салдарынан халқымыздың екі – үш буыны ұлттық дәстүр мен тарихтан мүлде бейхабар болып қалыптасты. Осы екі топтың басын біріктіретін құдірет біреу, ол өз халқына мейлінше адал қызмет етуге ұмтылып, игі һәм асыл мұраттарға жету үшін барын аянбау еді. Сонысымен ел – жұрттың құрметіне, ықыласына бөленген мемлекет қайраткері-Н.Төреқұлов болатын. Оның бай мұрасы бүкіл адамзаттың, Қазақстандағы барлық халықтардың

руханият байлығына қызмет етіп келді, һәм қызмет ете бермекші. Ал бүгінгі


буынның қасиетті борышы – оның баға жетпес мұрасын өз халқына қайтарып беру үшін қызмет ету. Сондықтан да мен өзімнің ғылыми жобамның тақырыбын: «Н. Төреқұлов - қазақ халқының қоғамдық – саяси қайраткері, тұңғыш дипломаты.» деп ала отырып, алдыма төмендегідей мақсат қойдым: «Өткен ғасырдың басында ұлт үшін өлшеусіз қызмет жасаған Алаш қайраткерлерінің бірі, тұңғыш қазақ елшісі Нәзір Төреқұлов туралы жазылған материалдар бойынша оның қоғамдық саяси қызметін зерттеу, зерттей отырып, тарихымызды жете түсіну,Отанымыздың патриот ұлын оқушыларға таныту және үлгі-өнеге ету.»

Зерттеу жұмысымның міндеттері:

  • тақырып бойынша библиографиялық тізім құрастыру және кітапханада жұмыс істеу;

  • таңдап алынған тақырыптың негізгі мәселелері бойынша мәліметтер жинақтау;

  • алынған мәліметтерді талдау, сараптау, қорытынды түйін жазу;

  • жұмыстың эксперименттік бөлігі бойынша жұмысты жүргізу.

Зерттеу жұмысымның негізгі бөлімі төмендегідей бөліктерден тұрады:

- Нәзір Төреқұловтың 1916 – 1920 жылдардағы қоғамдық – саяси қызметі.

- Халықтың қадірлі ұлы, белгілі қоғам қайраткері Н. Төреқұловтың 1920 – 1927 жылдардағы қоғамдық - саяси қызметі.

- Нәзір Төреқұлов – қазақтың тұңғыш дипломаты 1928 – 36 ж

- 30 – шы жылдардағы саяси қуғыншылық және Нәзір Төреқұлов

- Оқушылар арасында «Н. Төреқұлов - қазақ халқының қоғамдық – саяси қайраткері, тұңғыш дипломаты.» тақырыбы арқылы оқушыларға берілетін отансүйгіштікке тәрбиелеуге бағытталған тәжірибелік эксперимент.

Қорытындыда жұмыстың негізгі түйіні жазылды.Жұмысымда Жолтай Әлмашұлы, Ы. Ысмаилов, З. Қыстаубаев, Ж. Арыстанов, Б. Кенжебаев,

Т. Қожекеевтің еңбектерін пайдаландым.


















НЕГІЗГІ БӨЛІМ


3.1. Нәзір Төреқұловтың 1916 – 1920 жылдардағы қоғамдық – саяси қызметі Түркістан түбіндегі Қандөз ауылында заңгер

отбасынан туылып, Ферғананың Қоқан каласында

ержетіп, Мәскеуде жоғары білім алған Нәзірдің

қоғамдық жұмыстарға бет бұруы 1916 жылдан

басталады.Орта Азия мен Қазақстанның

жергілікті жастарын бірінші дүниежүзілік

соғыстың қара жұмысына алу туралы 1916

жылғы 25 маусымдағы патшаның жарлығы

Нәзірдің санасына бүтіндей өзгеріс енгізген

сықылды. 1-сурет. Н.Төреқұлов.1920ж[2]

Осы жылғы 25 маусымдағы патша жарлығымен мыңдаған қазақ жастары

майданның қара жұмысына алынды. Кейбір деректерге қарағанда, 250-300 мыңдай қазақ майданда адам төзгісіз ауыр жұмыстарда еңбек етті.[3]

Мәскеудегі сауда институтының 3-курс студенті Н.Төреқұлов оқуын тастап, Минск түбіндегі қара жұмыстағы қандастарына жетеді. Мұны біреу түсініп, біреу түсінбейді. Кейбір білгіш сымақтар «Е, соғыс даласында оған не бар екен, батыр боламын деп жүр ме» деп кекетіп те қойды. Минск түбінде күн батыс майданындағы «Земсоюзда» нұсқаушы болады да, еріксіз айдалып келіпқор болып жүрген отандастары арасында саяси – үгіт жұмыстарын жүргізген. Осында Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, М. Есболов сияқты ұлтжанды азаматтармен танысып, солармен бірге түрлі насихат ұйымдастыру, көмек көрсету жұмыстарын жүргізеді. Осы кезде парасат-білімімен, ұйымдастыру-шылық қабілетімен көзге түсті; саяси көзқарасы қалыптасты.Әлеуметтік оқиғалардың қалың ортасында жүріп, оның саяси бағыты айқындала түсті: патша өкіметінің өзге ұлттарға жасап отырған озбырлығы оны мазалай берді. [4]


Қазақстан еңбекшілерінің ұлт – азаттық қозғалысына дем беру, көмектесу ниетімен, Минск маңында қорғаныс жерін салып жүрген жас өрендермен бірлесе отырып, «Еркін дала» атты жасырын ұйым құрады. Ұйым негізінен алғанда ұлт-азаттық қозғалыс туралы, оның мақсат мүддесі жөнінде түсінік беру, саяси көзқарасын қалыптастыру бағытында жұмыс істеді. Нәзірдің түсінгені орыс жұмысшыларымен бірікпей жеңіске, теңдікке жету мүмкін емес [5]. Большевиктер партиясының күрес мақсаттарын түсіндіріп, патша үкіметінің саясатын әшкерелейді. Нәзір Қазан революциясын Торғай дала-сында қарсы алды. Қазан күндерінде бай-манап, феодалдармен ешбір келісімге келуге болмайтының ұқты. Бұдан былай большивиктер сапында қимыл жасайды. 1918 жылғы 21-наурыз-3-сәуір аралығында өткен Торғай облыстық кеңестерінің бірінші съезінде мандат комиссиясына еніп, форум барысын бұра тартқысы келген ұсақ буржуазиялық топтарға соққы беруге, делегаттарды большевиктер төңірегіне топтастыруға ат салысады. Қызыл армия жасақтау, жер-су, азық-түлік мәселелері, Кеңес өкіметінің жергілікті органдары жөнінде съездің дұрыс шешім қабылдауына үлкен үлес қосты. Н.Төреқұлов осындай қым-қиғаш талас-тартыстарға араласып, өмірін халық мүддесіне арнауға бел байлайды. Бұл кезде Түркістан аса маңызды саяси ахуалды бастан кешіп жатқан. 1918 жылдың 1-ші мамырында жарияланған Кеңестік автономия, күллі мән-мағынасымен халықтың санасына жету үшін, Түркістан Республикасын нығайта түсу үшін революция күрескерлері әлі талай тер төгуге тиіс еді. Нәзір осы күреске белсене араласты, үгіт-насихат, ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді, басмалшыларға қарсы шайқасты.Нәзір Төреқұлұлы 1918 жылы Қоқон

Кеңес депутаттары революциялық комитетінің хатшысы, өзбек тілінде шығатын «Халық сөзі» газетінің редакторы болды. Ол қай тілде қалам тербесе де тегі қазақ екенің ұмытпайды. Оның өзбекше жазған «Қазақ мәселесі» , «Қазақтар мен келімсектер», «Жат сөздер» кітапшасы және басқа мақалалары мұның жарқын мысалы. Қай тілде жазса да, сөйлесе де Нәзірдің қазақ тұрғысынан ойлап-пішетіні бұлжымас газеті еді. Нәзір жастардың жалынды жетекшісі Ғани Мұратбаевтың үлгі тұтқан, қамқорлығын көрген ұстаздарының бірі болатын. Ғани 1918 жылы желтоқсанда Нәзір туралы ойына түйгендерін күнделігіне былай деп жазып қалдырған болатын: «Тумысынан шешен Нәзір көбірек сөйлейді. Ол сөйлегенде біресе айтыста тұрғандай екі тарап пікірді таластырып,жылтылдап кетсе, біресе сабырмен әнгіме айтып, тәптіштеп түсіндіріп, кейде митингіде сөйлегендей естіп кетеді. Оның сөзін тындағандардың бейтарап қалмайтының ойласаң, көпшілікпен қалай қалай сөйлесуді осы кісіден үйрену қажеттілігін мойындайсын». [6]


















2-сурет қоғам қайраткері Н. Төреқұлов Ғ.Мұратбаев қабірінің қасында сөз сөйлеуде [7]

XX ғасырдың басында қазақ халқы саяси аренаға, азаттық пен тәуелсіздіктің күрес жолына, ағартушылыққа шақырған ірі қоғам қайраткерлерін шығарды. Ел арасынан өзінің табиғи дарынымен, асқан білімділік деңгейімен, рухани парасатымен суырылып шыққан азаматтын бірі-бұл 1916 жылы саяси қоғам-дық қызметі басталған Нәзір Төреқұлов еді.

Шын мәнінде Нәзір Төреқұлов ғұмыр кешкен XX ғасырдың басы алып адамдарды қажет еткен әрі осыған орай өздерінің ойлау, болжау қасиеттері айырықша, энциклопедиялық білімі, талғам – танымдары жан – жақты алыптарды дүниеге келтірген дүбірлі заман еді. Осындай заманда елінің болашағы үшін жан аямай күрескен қазақ азаматы Н.Төреқұловты мен ерекше қадір тұтамын. Оның қоғамдық саяси қызметі мен танысып, оны ой зердеме

түю менің болашағыма көмектесетіні сөзсіз. Әр ұрпақ өзі өмір сүрген заманы үшін жауапты. Ендеше бұл жауапты міндетті XX ғасырдың алғашқы 30 жылдығындағы өмірінде Н.Төреқұлов абыроймен орындап шықты. Нәзір Төреқұловтың дарындылығын, оның ұлт болашағы үшін күрескен жалынды мемлекет қайраткері екендігіне оның еңбектерін оқи отырып көз жеткізуге болады.











3-сурет.




4-сурет. Нәзір Төреқұловтың қолжазбалары [8]

Елбасы Н.Назарбаев былай деген болатын: «Аса көрнекті тарихи қайраткерлердің шын мәніндегі мемлекетшілдердің тұтас бір шоғырының 20-шы ғасырдың бас кезінде-ақ қазақ мемлекеттігінің даму мақсатын тұжырымдап берген тұлғалардын ұлттық мүдделерге қызмет етуінің ұлы тарихи үлгісі көз алдымызда тұр». Міне осындай ұлы тұлға- Нәзір Төреқұлов болатын.

3.2. Халықтың қадірлі ұлы, белгілі қоғам қайраткері Н. Төреқұловтың 1920 – 1927 жылдардағы қоғамдық - саяси қызметі.

Қазақтын белгілі ғалымы Т.Қожакеев

Н.Төреқұлов туралы былай деген еді:

«халық өз атынан сөйлеген, елім деп

еңіреген небір ерлерін бәйгеге қосқан.

С олардын көбі сыннан сүрінбей өтіп,

өз есімдерін халқының тарихына алтын

әріптермен жаздырып қалдырған.

Осындай мақтан тұтар, өмірі-мектеп,

ісі-үлгі жұлдызы-жарық, даңқы-асқақ

ардагерлеріміздің бірі - Н.Төреқұлов»

Шынында да өмірі-мектеп, ісі-үлгі [9]

Н.Төреқұловтың осындай үлгі тұтар

тұлға екендігін оның «Адамдар арасында»

атты шығармасын оқи отырып, көз

Жеткізуге болады. 5-сурет [10]

1920жылы күзде Түркістан коммунистік партиясының бірінші хатшысы болып сайланды. Бұл жауапты жұмыстарда ол державалық шовинизмге, буржуазияшыл ұлтшылдыққа қарсы аяусыз күрес жүргізді. Басмашылар қозғалысының бар сырын ашты. «Ол басмашыларды мұсылман байларының таптық артықшылығын жоқтауға, қорғауға бағытталған контрререволюциялық күш, Кеңеске қарсы қозғалыс» деп әшкереледі. Партия ұйымдарын идеялық жағынан нығайтуға, шыңдауға білікті басшылық етті. Н.Төреқұлұлының 1920 жылдың алғашқы жартысында Жетісу облыстық революциялық комитетке, сондай-ақ Жетісу облыстық халыққа білім беру бөлімінде Түркістан Республикасының Халық ағарту комиссары ретінде жолдаған бірнеше телеграммалар сақталыпты. Мәселен, 1920 жылғы 30 – шы сәуірде Верный қаласындағы Жетісу облысының тыныс – тіршілігін басқарып отырған билік басындағыларға жолдаған жедел хатында: «Детские сады не закрывать. Средства будут. Народный комиссар просвещения Тюракулов», - деп бала – бақшалар жай күйіне алаңдаушылығын білдірсе, сол жылғы 23 – ші мамырда аса маңызды мәселе бойынша шұғыл атқарылуға тиіс жарлығын орталық атқару комитетімен бірлесіп жібереді. Жедел хат орыс тілінде болғандықтан өзгертпей сол күйінде бергенді жөн көрдік. Онда: «Немедленно по получении сего предлагается выяснить,какие находились на территории подведомственного вам уезда прежние русско – туземные школы, особенно киргизкие, сельскохозяйственные, а также какие имеются помещения, выстроенные на средства кочевого населения и чем они в настоящее время заняты. Если здания или помещения заняты другими учереждениями или школами других народностей , то таковые должны немедленно освобож-даться и предоставлятся под помещение школ кочевого населения. Исполнение ностоящего распоряжения возлагается на облревкомы и уревкомы и отделы оброзования под их строгую ответственность. Подлинный подписали за председателя Турцик Железов, комиссар народного просвещения Туракулов». [11] Сол көктемде Туркреспублика халық ағарту комиссариаты жергілікті халықтар арасында жұмыс істеуге тиіс мұғалімдер даярлау ісіне айрықша назар аударып, қазақ, өзбек, түркімен тілдерінде үш айлық және ал-ты айлық дайындау әрі қайталау курстарын Ташкент, Шымкент, Верный, Самарқанд, Красноводск қалаларында ашу мәселелерімен шұғылданған, оқу жоспарын, әдістемелік ұсыныстарын жасап бекіткен. Мұның басы – қасында республиканың халық ағарту комиссары Төреқұлұлының өзі тұрғандығы күмән туғызбаса керек.

Нәзір Төреқұловтың Түркістандағы қызметі аса күрделі қиын кезеңге тұс келді. Орталықтан жіберілген басшылар жергілікті жерде өздерінің саясатын нығайту үшін кейбір мәселелерді шебер бұрып әкетіп отырды. Мұндай жағдайда өз танымы мен берік тоқтамын жүзеге асыру Нәзірге оңайға түсе қоймады. әйтсе де ол принциптеріне адалдық танытып, ешкімге бас ұрмады, ұлтын, жолдастарын жасытып, сатып кетпеді. әділдік орнығар деген үмітпен ғұмыр

кешіп, еңбек етті. 1921 жылы Әулие – атада өткен кедейлер съезінде мазмұнды баяндама жасап, «Қосшы» одағының міндеттері туралы бағдар-ламалық тезистер жасады. Мұны көпшілік зор ықыласпен қабылдады.Осы тұстағы Ңәзірге В.В Куйбышев: «Түркістанда жергілікті халықтар арасынан шыққан тума таланттар бар. Солардың бірі – Нәзір Төреқұлов», - деп оған мінездеме берген. [12] РКП (б) Орталық Комитеті 1922 жылы Н.Төреқұлұлын Мәскеуге алдырып, КСРО халықтарының орталық баспасы басқармасының бастығы етіп таға-йындады. 1922 – 1928 жылдары Нәзір Төреқұлұлы Шығыс елдерінің орталық баспасының төрағасы болды. Орта Азия мен Қазақстанда баспасөз орында-рын ұйымдастыру, газет – журнал шығару, озық көркем әдебиет туындыла-рын ұлт тілдеріне аудару ісіне басшылық жасады. Бұл жұмысқа ол білек сы-бана кірісіп, әсіресе кеңестік Шығыс халықтарының саяси – қоғамдық және мәдени жағынан өсуіне, жазу – сызудан кенже қалған елдерге әліппе, оқу-лықтар, көмекші құралдар жасау ісіне, автономиялық республикалар мен облыстардағы баспа жұмысын жолға қоюға қамқорлық жасады. Түрік халықтарының тілдеріне алуан түрлі кітаптар шығаруға басшылық етеді. Осы жұмыстарға ол қазақтың зиялы қауымын шығармашылық қызметке тартып, қамқорлық көрсетті. Ол осы тұста Әлиханның, Ахметтің, Мағжанның, Міржақыптың, тағы басқа да көптеген зиялылардың еңбегінбаспа арқылы бастырып шығарды. Шығыс халықтары үшін, олардың тарихы, мәдениеті мен әдебиетіннасихаттауда Н.Төреқұлов жетекшілік еткен баспа, сондай-ақ

ол редакторлық еткен «Темірқазық» журналы көп рөл атқарған. Осылар арқылы шығыс шайырлары, жазушылары, ақындары бүкіл дүние жүзіне танылуға мүмкіндік алды десе де болады. [13]

























6-cурет [14] 7-сурет [15]

Сонымен қатар, Нәзір сол кезеңде шет елдердің ең мықты қаламгерлерінің туындыларын аудартып басқызып, халыққа тезірек танытуға ықпал етті. Ұлы Абайдың өлеңдеріне қамқор болып, Ташкентте басылуына тікелей басшылық жасағанда – Нәзір. Ол ұлттық баспамыздың неізін салып, іргетасын қалаушылардың бірі.

Н.Төреқұловтың тіл білімі саласындағы еңбегі де айтарлықтай. Түркология ілімінің дамуына өзіндік үлес қосты. Түркі тілдерін жетік білетін ол қазақ, өзбек диалектілерін, түркі – татар морфологиясын, фонетикасын зерттейді. Түркі халықтарына ортақ латын алфавитін жасау комиссиясында жауапты қызмет атқарды. Қазақ тіліне қатысты күні бүгінге дейін маңызын жоғалтпаған құнды пікірлер айтты. Мысалы, ол аты – жөнді (фамилияны) жазғанда орыстың «овын» қолдануға қарсы; «ұлы» , «қызы» деп жазуды сол кездің өзінде – ақ ұсынды. Сондай – ақ шеттен келген сөздердің шеттік түбірін сақтап емес, қазақ тілінің үндестік (сингармонизм)и заңына, яғни қазақ тілінің заңдылықтарына орай жазылуын, айтылуын жақтады. Қазақтардың басқа ұлтарға орынсыз еліктей беруіне қарсы болды. Қазақтың басқа да ұлттар сияқты да өзіндік ұлттық бет – бейнесін, болмысын сақтап қалуы қажеттігін ескертіп отырды.

Тілдің даму жолдарын анықтау – тіл біліміндегі аса маңызды проблемалардың бірі. әсіресе, шет тілдерден келген сөздерді, терминдерді қалай қабылдауымыз керек дегенде күні бүгінге дейін шешімін таппай келе жатқан мәселені ол сол кезде айтқан. Ал, Н.Төреқұлов болса, «Қазақ тіліне кіретін жат сөз болса, қазақтың тымағын киіп, жалпақ қазақ сөзі болып кірсін» (Н.Төреқұлов. Жат сөздер. Мәскеу. 1962,6 – бет.) – деп жазды. «Басқаны сөзін бұзбай айтам деп тіліңді бұрап жүргенде, өз тіліңнен айырылып қаларсың» (сонда) – деп ескертеді. Нәзір шеттен келген сөздердің қазақ тілінің үндестік заңына толық бағынуын талап етеді. Ол парсының «стан» жұрнағы жалғанып «Қазақстан» деп жазылып жүргенде қарсылық білдірді. [16]

Нәзірдің «Біз термин іздегенде ең әуелі қазақшадан іздейміз. Қазақшада бізге керекті термин табылмаса, бізге жақын тілдес түрік елдерінен (араб- парсы емес) түрікше сөз іздейміз. Онан соң барып еуропасын аламыз» (сонда, 22 – 23 беттер) – деген тұжырымы өзінің өміршеңдігін танытып, қазақ терминжасамында біріне айналды.

Ағартушы – ғалым ретінде Нәзір Төреқұлов одақ көлеміндегі оқу – ағарту ісіне өзіндік үлес қосқан – ды. 1925 жылғы қаңтарда Мәскеу Үлкен театрында I Бүкілодақтық мұғалімдер съезі ашылды. Төреқұлов «Ұлт мәселесі және мектеп» деген тақырыпта баяндама жасады.

Сонда Кеңес өкіметі орнағалы бергі ұлт мектептерінің даму жай –күйін талдай келе, Нәзір: «Мен мынаны атап айтқым келеді: ұлт тілдері жергілікті жерлерде мойындалып, жергілікті мемлекеттік тілдер ретінде декретпен бекітілген қазіргі кезеңде, ұлттық ұстаздарға да, күллі кеңес ұстаздарына да әлемдік тарихи маңызы бар міндеттер жүктеліп отырған кезде, ұлттық мектеп тек қана кеңес мемлекеті мен ұлттық мұғалімдік қауымының күш – жігерін бірлестіру

жолымен ғана жасала алады», - деп, шешімін табуға тиіс мәселелерді жүйелеп

алуға тартты. [17]

Халықтың қадірлі ұлы, белгілі қоғам қайраткері Н. Төреқұловтың 1920 – 1927 жылдардағы қоғамдық - саяси қызметі күллі Түркістан халықтарының тарихын, тағдырын, мәдениетін, дәстүрін дамытуға арналғаның жоғарыда берілген мәліметтерден көреміз. Ол өзіндік өрнегі бар баспагер, педагог, ғалым, аудаармашы болумен қатар үлкен қоғам қайраткеті екендігін танытты.

3.3. Нәзір Төреқұлов – қазақтың тұңғыш дипломаты 1928 – 1936 ж

XX ғасырда, атап айтқанда, I Дүниежүзілік соғысынан кейін дипломатияның жаңа кезеңі басталды. Жаңа дипломатия ескі дипломатияға қарағанда құпиялылығы аз, ашық дипломатия түрінде болды. Жаңа дипломатиямен бірге дипломаттарға деген көзқарас өзгерді. Жаңа дәуірдің дипломат тұлғалары ең баста бейбітшілікті қорғауға бағытталған оң түсінікке ие болуы керек. Сонымен қатар, сабырлы, келісім жасу қабілетіне ие, сыпайы, инабатты, бірнеше шет тілдерін меңгерген тұлға болуы қажет еді. Бұл критерийлерге ие болған дипломат тұлғасы сыртқы саясатта мол жетістіктерге жету мүмкіншілігіне ие болатын. [18]

Осындай жаңа дипломатия дәуірінің бір өкілі, қазақ ұлтының перзенті – Нәзір Төреқұлов болып табылады. Н. Төреқұловтың халықаралық саясат аренасына шығу мерзімі КСРО – ның халықаралық қатынасқа жаңадан адым басқан жылдарына дөп келген. Социолизм бағытына мойынсұнған КСРО мемлекетінің халықаралық аренада басқа мемлекеттер тарапынан танылуы үшін үлес қосқан тұлға – Н.Төреқұлов Сауд Арабиясында өкілетті елшілік қызметін 1928 жылдан 1936 жылдың қаңтар айына дейін атқарды. Аталмыш мерзімде Н.Төреқұловтың екі мемлекет арасындағы «бензин келісімінің» бастаушысы болған. Сонымен қатар, 1932 жылы Сауд Арабиясы делегациясының Мәскеуге келуіне бірден – бір себепкер болған. Өйткені, Н.Төреқұлов Сауд Арабиясына келгеннен кейін қысқа мерзімде жергілікті халықпен жақындасып, араб элитасымен достық қарым – қатынасы жоғары дәрежеде болған. Н.Төреқұловтың тілге деген тамаша қабілетінің арқасында аз уақытта араб тілін жетік үйреніп, тілмашсыз келіссөздер жүргізген, Араб еліндегі елшілердің арасында жоғары беделінің арқасында дуаен атағына ие болған. Сауд Арабиясында ағылшын ықпалының айтарлықтай жоғары болғанына қарамастан Н.Төреқұловтың жеке қабілетінің арқасында ағылшын өкілімен бір сыныпта қабылданғанын тарих парақшалары дәлелдеуде. Н.Төреқұлов араб еліндегі қызметі барысында тек қана араб және КСРО арасындағы байланыстарға ықпал етіп қана қоймай, Жиддадағы түрік елшілерінің қызметкерлерімен де жақсы қарым – қатынаста болып, КСРО және Түркия арасындағы байланыстарға да ықпалын тигізген. Сонымен қатар, шет жақта жүрген өз жерлестеріне көмек көрсеткен. 1936 жылдың қаңтарында КСРО – ның Сауд Арабия өкілетті елшісі. [19]

Н. Төреқұловтың орнына тағайындалған К.Хакимов Жиддада бір жылдан асар – аспас уақыт қана болады да, Мәскеуге кері шақырылып алады. Сол

сәттен бастап екі ел арасындағы қарым – қатынас тек қана факто ретінде жүргізілген. Толыққанды қарым – қатынас тек қана КСРО – ның құлауынан кейін орнатылған. Сауд Арабиясы мен КСРО –ныңалғаш өкілетті елшісі болған тұлға, қазақ ұлтының перзенті Н.Төреқұлов ақылды, жігерлі әрі шешендігімен танылды. Ресей Федерациясындағы бұрынғы елшіміз Тайыр Мансұров Нәзір Төреқұловтың дипломатиялық мұрасынан 2 көлемді кітап бастырды. Онда елшінің қолжазбалары, күнделігі, Орталыққа жіберген талдаулары, ойлары кеңінен қамтылған. Арада 40 жылдан астам уақыт өткеніне қарамастан Н.Төреқұлов жазбалары біздің жас дипломаттарымызға аса қастерлі мұра.

Халқымыздың түп тамырынан бастау алған далалық дипломатия біздің еліміздің мемлекет болып қалыптасу тарихымен тығыз байланыста. Осыдан бес жарым ғасыр бұрын құрылған қазақ хандығының шекарасын, оның әскери-саяси және экономикалық жағдайын қорғау оңай болған емес.
















8-сурет [20] 9-сурет [21]

Бұл жолда мемлекетті аман сақтап қалудың әдісі алыс-жақын елдермен достық, дипломатиялық қарым-қатынастар орнату керек болды. Міне осы істі жүзеге асырудың үлгісін Н.Төреқұлов дәлелдеп берді.

Н.Төреқұловтың қызметі Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейінгі сыртқы байланыстарына өз септігін тигізді. Атап айтар болсақ, тәуелсіз Қазақстан мен Сауд Арабиясының, тұтастай араб мемлекеттерінің байланыстыратының одан әрі нығаюына ықпалын тигізді. [22]

1994 жылы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Сауд Арабиясына ресми іс – сапармен барып, екі ел арасында саяси қатынасты, сауда , экономика және

мәдениет салаларын тереңдетуге арналған көптеген құжаттарға қол қойды. [23]

Бұл кездесуде Н.Төреқұловтың дипломатиялық жұмысымен өмір жолы туралы

әңгіме болды. Нәзірдің жүрген жолы мен істеген істері қазіргі жастарды Отан сүйгіштікке тәрбиелейтіні қақ. Болашақ үшін Нәзірдің өмірі мен шығармашылығы, мемлекет қайраткерлігі мен дипломатиялық жұмыстарының одан әрі зерттелуі қажет. Оның есімін тарихымызда қалатындай жағдай жасаумыз керек.

Қазіргі таңда қазақ халқы көптеген қиындықтардан өтіп, өз тәуелсіздігін орнатқан шақта өзінің жеке сыртқы саясатын ұстанып отыр. Өткен ғасырдың 20-30 жылдарында Нәзір негізін салған Қазақ-Сауд Арабия арасындағы дипломатиялық қатынасқа ерекше көңіл бөлініп, жаңа бағытта, жаңа мазмұнда одан әрі өзінің дамуын жалғастыруда. Қазақтын тұңғыш дипломаты Н.Төреқұлов тұлғасы –Шығыстың алғашқы өкілі ретінде қазақты да танытуы, қазақ халқы үшін үлкен мәртебе.

3.4. 30-жылдардағы саяси қуғыншылық және Нәзір Төреқұлов.

Саяси қуғын-сүргіннің 4-ші кезеңі болған 1937-39 жылдардағы үлкен террорда Н.Төреқұлов «халық жауы аталып, мәңгілікке көз жұмды». Ол кезде Н.Төреқұлов Кеңес Одағында болған жоқ сонда да оған жала жабылды.

Кеңес Совет Республикалар Одағы Жоғары соты Әскери Коллегиясының үкімінде (Москва, 1937 жыл, 3-қараша) былай делінген, «Н.Төреқұлов 1931 жылы Кеңес үкіметін құлатуды мақсат еткен антикеңестік пантүркілік диверсиялық-террорлық ұйымының белсенді мүшесі болды. Өзінің практикалық, контреволюциялық қызметінде сотқа тартылушы Төреқұлов ұйымдық тұрғыда осы ұйымның жетекшісі Рысқұловпен байланысты болды, соның тапсырмасына сай 1936 жылы түрік барлаушысы Мұстафа Джавадпен байланыс орнатты және Түркияның пайдасына шпиондық жұмыс жүргізді. Төреқұлов контреволюциялық пантүркістік үгіт жүргіздіжәне Кеңес өкіметінің басшыларымен күресте террорлық тәсіл қолдануға шақырды. Төреқұловты РСФСР қылмыстық кодексінің 58-1, 58-8 және 58-11 баптарында көзделген қылмыстарды жасауда айыпты деп тани отырып, КСРО Жоғарғы Сотының әскери Коллегиясы үкім етеді: Төреқұлов Н.Т қылмыстық жазаның жоғарғы шарасына, атуға кесілсін, жеке өзіне тиеслі мүлкі түгелдей тәркіленсін. Үкім түбегейлі, арыздануға жатпайды, КСРО Орталық Атқару Комитетінің 1934 жылы 1 желтоқсанда Қаулысына сәйкес кідіріссіз орындалуға тиіс. Төреғалық етуші корвоеноюрист, мүшелері екі адам. «Төреқұловты Н.Т ату туралы үкім Москва қаласында 3-қазан 1937 жылы жүзеге асырылды» деп (XI) КСРО Ішкі Істер Халық Комиссариаты арнаулы бөлімі. 12-бөлімшесінің бастығы Мемлекеттік қауіпсіздік лейтенанты Щевелев деген куәландырады. Үкімді жүзеге асыру туралы акт КСРО, ІСХК 1-ші арнаулы бөлімінің арнаулы архивінде № 2 том № 350 парақ сақталуда. [24]





10-сурет [25] 11-сурет [26]

Жасанды жала салдарынан елім деп еміренген азаматтын өмірі осылай қиылды.

30 жылдардағы қуғын-сүргін тек қана жеке адамдардықұртып жойғандығымен емес, сонымен бірге тарихымызға, қоғамдық санаға жасаған реставрациясымен де жиеркенішті. Нәзірдің атқарған істері мен жазған

еңбектері, оның өмірінің ас мазмұнды әрі саналы болғандығын сипаттайды. Ол әлеуметтік, қауымдық жұмыстарға ерте араласып, кез келгеннің «пешенесіне» жазыла бермейтін қайраткерлік бақытына ие болған.

3.5. Оқушылар арасында «Н. Төреқұлов - қазақ халқының қоғамдық – саяси қайраткері, тұңғыш дипломаты.» тақырыбы арқылы оқушыларға берілетін отансүйгіштікке тәрбиелеуге бағытталған тәжірибелік зерттеу бөлімі.(Сауалнама, сұқбат, тест)

9-11-сыныпта тақырыпқа байланысты сауалнама жүргізілді.

Мақсаты: Оқушылардың Нәзір Төреқұлов туралы білетіндігін анықтау.

Сараптай келіп,9-11сынып оқушыларының біліктілік деңгейі кестесі жасалып, пайыздық көрсеткіш жасалды.



Сынып

Оқушы

Саны

Біледі


Білмейді


1

9

4

1

3

2

10

11

1

10

3

11

6

1

5


9-11кл

21

3

18

1-кесте [27]

Саулнама бойынша диаграмма. [28]

































2. Ауыл және қала мектептерінің мұғалімдерімен сұхбат жүргізілді.

Мақсаты: Қазақ халқының саяси қоғам қайраткері Н.Төреқұлов туралы мектепте оқытылуын Хромтау №5 гимназия мектебінің мұғалімі Сатов Ж., №3 мектеп мұғалімі Кенжеғалиева М., №1 мектеп мұғалімі Калжанова Л., Қызылсу орта мектебі мұғалімі Рсалина Г., және өз мектебімнің тарих пәнінің мұғалімі Сактаганова Л.Г-дан сұраған кезде мектеп бағдарламасында оқылмайтындығы туралы мәлімдеме айтылды.

3. Оқушылар арасында сауалнамамен қатар тест, эссе жүргізілді.

Мақсаты: Өз замандастарымның Н.Төреқұлов және алаш азаматтары туралы біліктілігін анықтау

Тест 15-20 сұрақтардан құралды. Берілген тапсырманы орындау барысында сыныптардың білім деңгейлерінің көрсеткіштері төмендегідей. [29]

















Тест барысында оқушылардың біліктілік деңгейі Н.Төреқұлов туралы 15 пайыздық көрсеткішке ие болды. Эссе жазу барысында замандасым Габбасов Есет былай деп өз пікірін айтты: «2007 жылдан бастап жарық көрген Н.Төреқұловтың еңбектерін оқыдым. Әлихан Бөкейханов, Тұрар Рысқұлов, Сәкен Сейфулин сияқты арыстарымыз туралы материалдарды оқып, өз ішіміздегі 30 жылдардағы саяси оқиғаларды білдім. Н.Төреқұлов дипломатиялық жолда қазақ халқының сыртқы саясатын, экономикасын, мәдениет басқа елмен қарым-қатынас жасауда көп тілді меңгеріп, үлкен саяси қызмет жасаған ер азаматтың бірі екенін жаңа білдім.»


















Қорытынды.

  1. Нәзір Төреқұлов-көрнекті мемлекет қайраткері, алғашқы қазақ дипломаты, ғалым, публицист, ақын, баспагер.

  2. Халыққа қызмет етудің өзі тарихта із қалдырған қайраткерге еліктеуден басталады, ал жастардың өзінің идеалы деп есептеп, еліктейтін тұлға бұл-Нәзір Төреқұлов.

  3. Ташкентте тұңғыш қазақ жоғары оқу орнын ашуға ұйытқы болды.

  4. Автономия алған халықтардың тілін мемлекеттік тілге айналдыру мәселесін көтерді.

  5. Нәзір Төреқұлов туралы жүргізілген сауалнама Хромтау ауданының оқушыларынан Н.Төреқұлов туралы аз, тіпті білмейтіндіктерін көрсетті. Тарих пәні бойынша мектеп оқулықтарында Н.Төреқұлов оқытылмайды.

  6. Төреқұлов қазақ, өзбек, тәжік тілдерін білген. Қазақ тілі «ана тілім» деп, білген татар, башқұрт, қырғыз, әзірбайжан тілдерін оқыған, ағылшын, француз, неміс тілдерін игерген, аз уақытта араб тілін меңгерген полиглот.

  7. Н.Төреқұлов қызметі Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейін сыртқы байланыстарына өз септігін тигізіп, тәуелсіз Қазақстан мен Сауд Арабиясының тұтастай араб мемлекеттерінің байланыстарының одан әрі нығаюына көмектесті.

  8. Н.Төреқұлов Қазақстанның ғылыми және қоғамдық-саяси өміріндегі ірі тұлға.

  9. Н.Төреқұловтың есімі мен ғылыми-әдеби мұрасы кештеу болса да зерттеле бастады.

  10. Белгілі қоғам қайраткерінің мемлекет істерімен айналыса жүріп, қат-қабат тартысты кезеңде уақыт тауып, шығармашылық жұмыспен де айналысқан.

  11. Ол ауыз әдебиетінің жаңашыры болған.

  12. Н.Төреқұловтың жүрген жолымен істеген істері қазіргі жастарды отан сүйгіштікке тәрбиелейтіні сөзсіз.

  13. Н.Төреқұлов туған халқының мәртебесін тек өз жерінде, қала берді бұрынғы одақ көлемінде ғана көтеріп қоймады, оның атын дүниежүзіне әйгіледі.

Ұсыныс.

  1. Н.Төреқұловтың өмірі мен мұрасын оқып үйренуді мектептің бағдарламасына еңгізу қажет.

  2. Тарих пәні бойыша Нәзіртану оқулары масштабта өткізілсін.







Пайдаланған әдебиеттер.

  1. Кеңес Нүрпейіс Тарихи тұлғалар. «Қазақ энциклопедиясы» , Алматы 2007ж, 37-39 бет.

  2. 1-сурет. 112-бет Нәзір Төреқұлов-2 том

  3. Н.Төреқұлов көп томдық шығармалар жинағы. 3-том. Алматы “Ел-шежіре” 2007 жыл. 253-бет.

  4. Оралмах Ж.О. “Тұғыры биік тұлғалар”. Ақтөбе. 2008. 317-бет.

  5. Нәубет құрбандары З.Қыстаубаев. “Алматы жалын” 1990 жыл. 172-173 бет.

  6. Арыстанов.Ж.

  7. 4-сурет. Ғани 4-том. 130-бет.

  8. 1-2 сурет Н.Төреқұлов қолжазбалары 3-том.

  9. 6-сурет. “Темірқазық” газеті. Қожакеев.

  10. Нәзір Төреқұлов шығармашылығы “Адамдар арасында” 1919 жыл.

  11. Әлмашұлы Ж. Нәзір. //Ана тілі, 1992, 5 наурыз.

  12. Әлмашұлы Ж. Бір адамның бес қыры. //Ақиқат, 1992, №4.

  13. Н.Төреқұлов 3 - том. //Алматы «Ел шежіре 2007».

  14. Суреттер. Н.Төреқұлов 4- том 128 бет.

  15. Суреттер. Н.Төреқұлов 4- том 128 бет.

  16. Н.Төреқұлов. Жат сөздер. Мәскеу. 1962,6 – бет.

  17. Н. Төреқұлов Ғылыми зерттеу еңбектері 3 –том.

  18. Оралмах Ж.О. Тұғыры биік тұлғалар Ақтөбе 2008 304-бет.

  19. Тоқаев Қ. Дипломатия Республики Казахстан. Астана, 2001.

20,21,22. Н.Төреқұлов 4- том 129 бет. Арабия суреттері.

23. Амреев Б. Казахстан и Саудовская Аравия. Астана, 2003.

24. Архив деректері. № 2 том № 350

25,26. Н.Төреқұлов 4- том 129 бет. Түрме суреттері.

27. Сауалнама кестесі.

28. Сауалнама диаграммасы.

29. Тест қорытындысы .















15









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!