Материалдар / «Нағыз қазақ- домбыра»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Нағыз қазақ- домбыра»

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім беру саласы: Шығармашылық. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Музыка Тақырыбы: «Нағыз қазақ- домбыра» Мақсаты: 1.Музыканы салыстырып,ажырата білуге үйрету. 2. Аспаптарды тембрлік үнінен,сипатынан ажырату.Ұттық саз аспаптарды басқа ұлттардың саз аспаптарымен салыстырып, ажырата білу. 3.Музыкалық аспапқа деген қызығушылығын арттыру.Әнді сергек,жігерлі орындауға талпындыру. Көрнекілік: Қазақтың ұлттық шертпе аспаптары: домбыра,қобыз; түрлі домбыралар суреті,композиторлардың,саз аспаптарының суреті,слайд. Іс-әрекет кезеңі:
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қараша 2018
1063
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білім беру саласы: Шығармашылық.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Музыка

Тақырыбы: «Нағыз қазақ- домбыра»

Мақсаты: 1.Музыканы салыстырып,ажырата білуге үйрету. 2. Аспаптарды тембрлік үнінен,сипатынан ажырату.Ұттық саз аспаптарды басқа ұлттардың саз аспаптарымен салыстырып, ажырата білу. 3.Музыкалық аспапқа деген қызығушылығын арттыру.Әнді сергек,жігерлі орындауға талпындыру.

Көрнекілік: Қазақтың ұлттық шертпе аспаптары: домбыра,қобыз; түрлі домбыралар суреті,композиторлардың,саз аспаптарының суреті,слайд.

Іс-әрекет кезеңі:

Әуен ойналып,балаларды көңілді екпінмен әуен залына кіргізу. Сәлемдесу. До мажорда,жартылай шеңбер құрап тұрады. Музыка жетекшісі музыкалық сәлемдесуін бастайды.Сәлеметсіңдер ме,балалар?

Екпінді жүріп келген балалар минорда сәлемдеседі.

Қайырлы күн,ұстазым.

Қайырлы күн,достарым.

Ойын-ойнап,би-билеп,

Ән саламыз біз бүгін.

Ұйымдастырушылық-ізденістік:

Балалар мен сендерді әуен залынан көргеніме қуаныштымын. Балалар орнына отырады. Үнтаспадан күй тыңдатамын.

1. « Адай».Құрманғазы Сағырбаев

2. «Балбырауын» Құрманғазы Сағырбаев.

- Балалар біз қандай музыка тыңдадық? Күй тыңдадық.

- Қандай аспапта орындалып тұр? Домбырада.

Домбыра- қазақ халқының арасында өте ерте заманнан бері кең тараған,ғасыр лар сырын сақтаған,қос ішекті шертіп ойнайтын музыкалық аспап. Домбыра әртүрлі үлгіде тұтас ағаштан ойылып немесе құрап жасалады.

Мойнына он тоғыздан жиырма екіге дейін пернелер байланады. Арнайы құлақ күйге келтіріледі. Домбыраның екі ішектісінен басқа үш ішекті,қос жақты,кең шанақты,қуыс мойын,шіңкілдек деп аталатын түрлері бар.Дауысы майда,қоңыр,құлаққа жағымды. Домбыраның құрылысы: ішек,перне,тиек.

- Балалар күйді кімдер шығарады? Күйшілер.

-Күйшілерді білеміз бе?

-Құрманғазы Сағырбаев, Дина Нұрпейісова күйші композиторлар,олар көптеген күйлер шығарған.

Балаларға музыкалық аспаптар туралы слайд көрсету.

- Домбыра туралы тақпақ,жұмбақ білеміз бе?

Екі шектің бірін қатты,

Бірін сәл-сәл кем бұра .

Нағыз қазақ- қазақ емес,

Нағыз қазақ – домбыра.

Жұмбақ: Екі құлақты,

Он екі тұяқты,

Шешуін тапшы,

Күмбірлеген күй

Төгілген сияқты. Жауабы: «Домбыра»

- Балалар домбыра туралы «Домбыра сазы» әнін білеміз, ән айтпас бұрын дұрыс ,түзу отырайық. Дем алғанда екі иықты көтермейміз.Дауысымызды жаттықтырып алайық.

Дауыс жаттығуы: «Домбыра үні» («Келіншек» күйінің әуенімен)

Дығы-дығы,дың-дың,

Домбырада ойнаймыз,

Дығы- дығы,дың- дың,

Ішектерді қағамыз.

Пернелерін басамыз.



Ән айту: Ибрагим Нүсіпбаевтың «Домбыра сазы» әнін орындаймыз.

-Балалар музыкалық аспаптардың бірге ойналуын оркестр дейміз.

-Оркестр туралы тақпақтарымызды айтайық.

Өтпейді- ау әр кеш құр,

Ойнаймыз «оркестр»

Дауылпаз бастайды,

Даңғыра қостайды.

Сыбызғы,ысқырық

Қосылар ысқырып.

Домбыра сырнай да

Күй төгер мұндайда.

Музыкалық аспаптар оркестрінің орындауында халық әні «Еркем-ай»

Ойын: «Мен күйшімін» ойынның шартымен түсіндіремін,ойынды талапқа сай белсенді,көңілді ойнайды.

Ойын: «Қай аспаптың үні» ойынды екінші топтың балаларымен ойнату.

Балалар бізге бір қонақ келе жатқан сияқты. Қане қарсы алайық. Ортаға атақты күйші: келіп күй орындап береді.

Ұлдар мен қыздар жұптасып, домбырамен «Бипыл» биін билеп береді. Әннің сөзіне сай би элементтерін жасайды.

Рефлекстік-түзетушілік:

  1. Балалар бүгін біз қандай аспап туралы әңгімелестік?

  2. Қандай күйші композиторларды білесіңдер?

  3. Қандай ән орындадық?

  4. Ән не туралы болды?

  5. Ойынымыздың аты қалай аталады?

Балалар сұрақтарға толық ,түсінікті етіп жауап береді.

-Жарайсыңдар, әрқашан осылай өнерлі болып жүріңдер.Рахмет сендерге. (До мажорда) Қоштасамын.

Балалар да қоштасады. (минорда)

«Көріскенше күн жақсы»

Балалар әуенмен залдан шығып кетеді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Қазақтың ұлттық музыкалық аспабы- домбыраның тарихын.

Игереді: Домбыра аспабын қастерлеу,қадірлеу сезімдері.

Меңгереді: Бірнеше аспаптардың бірігуімен орындалатын оркестрде, мұқият әрі шапшаңдыққа үйрену.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!