Материалдар / Нан -дастархан байлығы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Нан -дастархан байлығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Нанның дастарханға келетін жолы мен оған дейінгі еңбегі туралы түсіндіру. Еңбек адамдарын сыйлай білуге, қасиетті тағамымызды, яғни нанды қастерлеуге үйрету. Күтілетін нәтиже: Білім алушылар үлкен астың дайындалу жолын түсінеді. Нанды қастерлейді. Еңбек адамдарын құрметтейді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Наурыз 2021
387
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мерекенің атауы «Нан - дастархан байлығы»



Мақсаты:

Нанның дастарханға келетін жолы мен оған дейінгі еңбегі туралы түсіндіру.

Еңбек адамдарын сыйлай білуге, қасиетті тағамымызды, яғни нанды қастерлеуге үйрету.

Күтілетін нәтиже: Білім алушылар үлкен астың дайындалу жолын түсінеді. Нанды қастерлейді. Еңбек адамдарын құрметтейді.


1 жүргізуші: Бүгінгі іс шара Тәуелсіздік күніне арналған. Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз.  Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.
Қазақта «Ас – адамның арқауы», «Ас жүрген жер – береке», «Тату үйдің тамағы тәтті» , «Ас атасы -нан» деген мақал - мәтелдер бар. Асты, нанды құрметтеу мен бағалаудың жолын да, оны дәмді етіп дайындауды да жақсы білген.   Ендеше, бүгінгі іс-шараның тақырыбы дастарқан сәні, тіршіліктің нәрі туралы «Нан- дастархан байлығы» деп аталады.


2 жүргізуші: Астық — жер бетіне өзі шығатын гүл емес. Әр түйір нанды біздің қолымызға жеткізгенге дейін адам күніне сан миллион рет еңкейіп нанға тәжім етеді екен. Нанды қадірлемеген адамды адамгершілікті қастерлейді деп күту қиын. Ол ата-ананың еңбегін, Отаныңды қадірлемеу. Сондықтан да біздер еңбек адамдарын, олардың еңбегін құрметтеуге тиіспіз. Дүниеге келгеннен қартайғанға дейінгі асыраушымыз — ол нан. Қазақстанда нанның 200-ден астам түрі бар. Енді осы нан туралы сіздермен бірге әңгімелейміз.

Нанның түрлері

1 жүргізуші: Көшпелі өмір салтында өте бір қуатты адамдарда болмаса, жұрттың көбінің қолына қап-қап ұн түсе бермеген ғой. Сондықтан ұннан жасалатын тағам түрлері сирек ұшырасқан. Ал қазір заман талабына сай ұннан неше түрлі тағамдар әзірленеді. Нанның негізгі түрлерін атап айтар болсақ, бауырсақ, ши бауырсақ, шелпек, күлше, тандыр нан, тоқаш, самса, бөлке,қаттама нан, таба нан т.б. түрлері де бар.

2 жүргізуші: Бауырсақ-кәделі   тағам. Кез-келген жиын тойда, сауық кештерде пісіріледі. Бауырсақ ашытылған және ашытылмаған қамырдан пісіріледі.

Ашыған қамырдан пісірілген бауырсақ ыстық майға түскен кезде күмпиіп, домалақ пішінге енеді. Бауырсақтың бұл түрін жер-жерде «тілме», «жалпақ бауырсақ», «қиық бауырсақ» деп әр түрлі атайды. Ал ашытпай пісірген бауырсаққа көбіне  май (сорпаның майы, шыжғырылған іш май, сары май), немесе қаймақ қосады.

1.Студент- Ши бауырсақ- есіп алып кесіп пісіріледі, өте кішкентай болады. Осы қасиеті үшін алысқа жүретін жолаушыға  және  сәлемдеме үшін пісіреді. Ши бауырсақ деп аталу себебі, бауырсақты кесіп алған соң, шиден шағындап тоқылған шыптаның үстіне қойып, бас бармақпен баса сырғытқан кезде шидің сызықтары түсіп, ширатылып қалады. Ол кепкенмен қасиет, дәмін жоғалтпай, жегенде үгітіліп тұрады.Сондай-ақ, сапалы, жоғары сұрыпты ақ ұннан сүт пен май қосып, ашытпай иленген ақ бауырсақ, иленген қамыр жіңішкелей ширатылып, жіп сияқты есіледі де,  қалаш сияқты дөңгелетіліп немесе 10  см-дей ұзынша күйінде пісіріп, үстіне бал жағып, аздап құмшекекр сеуіп пісіретін ширатпақ немесе бұрма бауырсақ дейтін де түрлері болады.

2.Студент - Шелпек- ашыған немесе ашымаған қамырдан жұқалап жайып майға пісіреді. Шелпек те бауырсақ сияқты көнеден келе жатқан нан тағамдарының бірі. Қайтыс болған ксіге ас бергенде дастарқанға ыстық шелпек қойылып , алдымен содан ауыз тию дәстүрі бар. Сондай-ақ қасиетті жұма күндері ертеңгілік «жеті шелпек» пісіріп, құран оқылады.  Ал енді кейбір жерлерде жаңа туған бала қырқынан шыққан күні сәбидің «қырық шелпек» шайы деп атап, әжелер мен аналар жиналады, баланың қарын шашын алып, ішіне күміс салынған қырық қасық суға түсіру рәсімдерін жасайды.

3.Студент - Тандыр нан- ашыған қамырды жұқалап жазып, түбі жалпақ, ауыз жағы кішірек, кірпіштен күмбездеп жасалған тандыр пешінің қызған қабырғасына жабыстырып пісіреді. Тандыр нанның құрамында обырдан (рак) қорғайтын селен бар. Селеннің пайдасын арттыру үшін ашытқыны тым көп салмау керек. Ең дұрысы қолдан жасалған ашытқы. Біле білсеңіз, ашытқыны апа-әжелеріміз ежелде қолдан жасаушы еді. Ашыған қамырдан бір үзім алып, арнайы ыдыста сақтайтын. Келесі нан ашытқанға дейін тұратын бұл қамырдың құрамы пайдалы бактериялармен толығып, нанға ерекше дәм береді. Е дәруменінің көзі болып саналады. Қатты иленген қамырдан жасалып, жабылатын нан өте тойымды. Қызған тандырға тұз суды сеуіп, ашыған қамырдан нан жасап, бетіне су немесе сүт жағып жабыстырады. Ерекше дәм беру үшін қамырдың бетіне күнжіт, зере себуге болады. 5-6 минутта пісетін тандыр нан кімнің болса да тәбетін арттырары сөзсіз.

4.студент- Тоқаш- ерітілген сарымай, тортасы айырылған май, маргарин немесе өсімдік майын, сүт, ашытқы  қосып илейді. Біраз бұқтырылған қамыр көтерілген сайын  2-3 дүркін илейді. Оны шетіне кесіп алып, қол басындай ғып домалақтап, май жағылған жалпақ табаға бір-біріне тигізбей тізеді. Бетіне жұмыртқа жағып  пешке қояды.

5.студент- Бөлке – қазіргі кезде көпшіліктің  тұтынатыны нанның осы түрі. Бөлке ашыған қамырдан әртүрлі көлемде, қалыбына , табасына қарай кірпіш, дөңгелек пішінде, жоғары, бірінші сұрыпты ақ және қара бидай ұнынан пісіріледі.

6 студент- Таба нан — дәл осындай әдіспен ашытылады. Бірақ қамыр қатты емес, сұйық болып иленеді. Ашыған соң, тезекпен қызған табаға сұйық ашыған нан салынады. Табаның беті екінші табамен жабылып, үстіне тағы да от жағылады. Шоқ қызуымен піскен бұл нанның сағызша шайналатыны бар. Бұл қамырдың сұйық иленуінен. Қалың болып піскен таба нанды ыстықтай жеген жақсы. Мұндайда тостаққа сары май салып, бетіне таба нанды турап араластырса маймыжық деген ас шығады. Ауылда өскен талай бала әжесінің алдында отырып маймыжықтан соғып алғаны анық. Ерекше дәмі бар, тойымды. Тандыр наннан ерекшелігі де осы.


7 студент Ас біткеннің ардақты анасы — нан.

Қандай дәмнің таласы бар осыған.

Нанның иісі аңқиды күллі әлемге

Қазақтың кең Сарыарқа даласынан.


8 студент. Нансыз тыныштық та болмайды,

Көкіректі мұң, жерді бұлт торлайды.

Елімнің құдіретін асырып тұрған,

Менің де, сенің де, оның да

Мерейі үстем ғып тұрған,

Ол-НАН!


9 студент.   Нан болмаса бағыңның кетері бар,

Нанмен ғана өмірдің өтері бар.

Жолда жатса егерде бір үзім нан

Арланбай-ақ  сен оны көтеріп ал – деп талай ақын-жазушыларымыз жырлаған. Нан- бұл біздің жеріміздегі нағыз күн, дастарханда мәңгі жылу шашып тұратын ыстық от, нанға деген ұқыптылық болуы тиіс. Нанды бәріміз құрметтейік!



1 жүргізуші: Нан – дастархан құты. Нан – тоқтық, нан- байлық.
Дастархан басында әрбір түйір нан қаншама адамның ерен еңбегі, маңдай тері, аялы алақаны арқылы ғана алдымызға келетінін еш уақытта ұмытпауымыз керек.

Бір дән ексең, одан көптеген дән өседі. Дән болса, ұн да болады, ал ұн болса нан да болады. Нан бізге күш-қуат береді. Дастарханымызда нан болса, өміріміз көңілді және бақытты болады! Ендеше, өмір нәрі, тіршілік арқауы, адам өмірінің өзегі – нанды қадірлейік достар!

2 жүргізуші: «Сонымен, дүниеде байлықтың түрі көп. Солардың ішіндегі ең негізгісі–осы нан байлығы»,-деп айтқан Ғабиден Мұстафин ағамыздың сөзімен «Нан - дастархан байлығы» атты кәсіби іс шарамызды аяқтаймыз.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!